Исмаил Раджи әл-Фаруки ислам өркениетінің Өнері мерзімді басылымдардың 24-топтамасы


Эстетикалық түрде білдірілетін хабарлама: Таухид



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата17.09.2024
өлшемі4.76 Mb.
#503705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
RED-full-Kazakh-The-Arts-of-Islamic-Civilization

Эстетикалық түрде білдірілетін хабарлама: Таухид
Құран – адамзатқа бірқұдайшылық (монотеизм) ілімін қай-
та үйретуге арналған кітап. Ол бұрынғы өткен дәуірлерде семит 
пайғамбарларына – мысалы, Ыбырайымға, Нұхқа, Мұсаға және 
Исаға жеткізілген аяндардағы монотеизим доктринасын адам-
затты қайта үйрету үшін жіберілген. Құран өзгермейтін және 
мәңгілік Жаратушы, сондай-ақ ғаламның және ондағы барлық 
нәрселердің нұсқаушысы болып табылатын жалғыз Құдай ту-
ралы таухид ілімінің жаңа мәлімдемесін қамтыды. Құранда 
Алла Тағала ешкім көре алмайтын немесе сезе алмайтын тран-
сценденттік (шеті-шегі жоқ) Жаратушы ретінде сипатталған. 
«Көздер Оған жете алмайды. Ол, көздерді көреді. Және Ол, өте 
жұмсақ, толық білуші». (Құран, 6:103) «Еш нәрсе Ол сияқты 
емес». (Құран, 42:11) Оны толық сипаттау мүмкін емес және 
кез келген антропоморфтық немесе зооморфтық бейнемен бей-
нелеу мүмкін емес. Расында, кім, қалай, қайда және қашан де-
ген сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік бермейтін – Алла Таға-
ла. Дәл осы Аллаһтың толық бірлігі мен трансценденциясы 
туралы идея таухид (сөзбе-сөз «жалғыз деп білу») деп аталады.


Құранның Құдайдың болмысына қатысты мәлімдемелері, 
әрине, Құдайдың адам немесе жануар түрінде немесе табиғат-
тан алынған белгілер арқылы бейнеленуін жоққа шығарады
бірақ бұл Құранның ислам өнеріне қосқан барлық үлесі емес. 
Біз Ислам өнерінің бүкіл иконографиясына Құранның таухид 
ілімі немесе исламдық монотеизм айтарлықтай әсер еткенін 
байқаймыз. Егер Құдай соншалықты табиғи емес болса, сайып 
келгенде, жаратылысы Өз жаратқан тіршілік иелерінен өзге-
ше болса, бұл оның натуралистік бейнесіне жай тыйым салу 
емес, бұл қажеттілік болды, өйткені ислам өзінің жаңа қарқын-
ды ілгерілеуін енді бастаған еді. Бұл иудаизмді ұстанушылар 
ерте кезеңде жасаған семит рухының эстетикалық жетістігі 
еді. Ехве (Иегованың балама оқылуы) бейнесін барлық еврей 
пайғамбарлары, сондай-ақ Мұса кодексінің Екінші өсиетін-
де қатты айыпталды. Тіпті Құдай атының жазбаша көрінісі де 
өзі олардың тарапынан қолдау таппады. Оның орнына «Яхве» 
есімінің төрт дауыссыз дыбысы немесе басқа қысқартулар көбі-
несе еврейлердің Құдайын білдіретін жазбаша символ ретінде 
қызмет етті. Жат дәстүрдің (грек-римдіктер мен олардың эл-
линдік ұрпақтарының) ғасырлар бойы семиттік Шығыстың 
көптеген аймақтарында әрекет еткен эстетикалық әсерінен 
кейін пайда болған ислам эстетикалық көріністің жаңа түрі-
не сұраныс туғызды. Жаңа мұсылмандарға қоғамның негізгі 
идеологиясы мен құрылымын нығайтып, оның принциптерін 
үнемі еске түсіріп тұратын эстетикалық толғаныс пен ләззат 
беретін эстетикалық өрнек қажет болды. Мұндай өнер туын-
дылары адамдардың осы трансцендентті болмыс туралы хабар-
дар болуын күшейтті, Алланың ерік-жігерін орындау барлық 
нәрсенің мақсаты, адам өмірінің, болмыс себебінің мәні бол-
ды. Ислам эстетикасының бұл бағыты мен мақсатына адам мен 
табиғатты бейнелеу арқылы қол жеткізу мүмкін болмады. Бұл 
көзбен көріп, құлақпен есту мүмкін емес саналатын Алланың 
өзі жаратқан пенделерінен соншалықты ерекшеленетіні тура-
лы шындықты түйсікпен қабылдауға әкелетін көркем туынды-
ларды тамашалау арқылы мүмкін болды. Эстетикалық шығар-


машылыққа қатысты бұл сынақты алғашқы мұсылмандар қолға 
алған. Олар семит, византия және сасанид ізашарларына бел-
гілі мотивтермен және әдістермен ғана жұмыс істеді; және қа-
жеттілік пен шабыт пайда болған кезде ғана жаңа мотивтерді, 
материалдар мен әдістерді дамытты. Әлемнің әр түкпірінде 
игеріліп, бейімделуі керек болатын көркемдік көріністің жаңа 
формаларын құру одан да маңызды іс болды, өйткені мұсыл-
мандар мен олардың саяси билігі дін арқылы батыстағы Испа-
ниядан шығыстағы Филиппинге дейін созылып жатты.


25-карта. 
Әш- Шариф әл-Идриси бойынша жер картасы,562/1177


Бұл жаңа формалар аймақтық әртүрлілікті жоққа шығар-
май немесе оларға тыйым салмай мұсылман әлеміндегі негізгі 
эстетикалық бірлікті қамтамасыз етті. 
Ислам өнерінің мақсаты «Лә иләһә иллаллаһ»«Алладан 
басқа тәңір жоқ» және «Ол адамнан және табиғаттан мүл-
де басқа» деп жариялаудың сыртындағы астарлы мәнді жүзе-
ге асыру болды. Бірақ бұл сонымен бірге Құдайдың кім екенін 
емес, оның кім болып табылатынын көрсететін таухидтің 
дұрыс түсінігін білдіру болды. Ислам ілімі үйреткен транс-
ценденттің ең көрнекті аспектісі Құдайдың барлық аспектіде – 
әділдікте, мейірімділікте, білімде, сүйіспеншілікте шексіз екен-
дігінде болса керек. Егер де оның көптеген қасиетін санамалап 
шығуға немесе осы сипаттардың кез келгенін Оған қатысты 
сипаттауға қанша тырыссақ та, бұл әрекет сәтсіз аяқталады.
2
Оның қасиеттері адамзат түсінігінен тыс, оны ешкім сипат-
тай алмайды. Бұл басы да, соңы да жоқ шексіздікті елестететін 
өрнек, сондықтан өнерде таухид ілімін көрсетудің ең жақсы 
тәсілі болып табылады. Ал осы мақсатта жасалған құрылымдар 
мұсылман халықтарының барлық өнерін сипаттайды. Дәл осы 
шексіз өрнектер өзінің керемет әртүрлілігімен мұсылмандар 
үшін көркемсөз тарихындағы жағымды эстетикалық серпіліс 
береді. Дәл осы шексіз үлгілер арқылы исламдық хабардың 
нәзік мазмұнын сезінуге болады.
Мұсылмандардың өнері көбінесе шексіз өрнек өнері немесе 
«шексіздік өнері» ретінде белгіленед.
3
Бұл эстетикалық өрне-
ктер «арабеск» деп те аталды.

Арабеск, сақталғандай мұсыл-
ман халықтары жетілдірген жапырақты өрнектердің қандай да 
бір ерекше үлгісімен шектелмеуі керек.
5
Бұл каллиграфияны, 
геометриялық фигураларды және стильдендірілген өсімдік 
формаларын пайдаланатын кез-келген дерексіз екі өлшемді 
үлгі емес.

Керісінше, бұл ислам идеологиясының эстетикалық 
қағидаларына сәйкес келетін құрылым. Арабеск адамдардың 
жүрегіне кеңістіктен-уақыттан тыс шексіздік қасиетті ұяла-
тады; бірақ бұл өрнектің өзі одан тыс нәрсені білдіреді деген 
абсурдтық мәлімдемені мұсылмандікі етпейді. Осы шексіз өр-


нектерге ой жүгірту арқылы қабылдаушының санасы Құдайға 
бұрылады, ал өнер діни сенімнің нығаюына және еске салушы-
сына айналады.
Ислам өнері болмысының мағынасын түсіндіру бейнелеу 
өнерінен бас тартуға және оның орнына дерексіз мотивтер-
ге шоғырлануға қатысты көптеген жалпы түсініктерді жояды. 
Мысалы, ол мұсылман табиғатты елес ретінде қарастырады 
деген пікірді жоққа шығарады. Мұсылман үшін табиғат Құдай-
дың заттық жаратылысының бір бөлігі, адамзат пен жануарлар 
әлемі сияқты шынайы және ғажайып әлем.
Шын мәнінде, табиғат Жаратушының құдіреті мен 
мейірімділігінің дәлелі ретінде қарастырылады. (Құран, 2:164, 
6:95-99, 10:4-6 және т.б.) Сондай-ақ, табиғатты зұлымдық 
ретінде қарастыру ислам идеясы деп айтуға болмайды. Мұсыл-
ман Құдайдың жаратылысы туралы неге жаман ойлауы тиіс?
Құранда табиғат адамзаттың пайдасы мен игілігі үшін ұсы-
нылған керемет және әдемі ғажайыптар өрісі ретінде сипат-
талған (Құран, 2:29,78:6-16, 25:47-50, және т.б.) Мұсылман 
үшін табиғат өзінің алуан түрлілігімен және кемелдігімен кере-
мет болғанымен, шын мәнінде ол – жоғары бір күштің немесе 
себептің еріктерін орындау үшін адамдар әрекет ететін театр 
ғана. Мұсылман үшін Құдай – бұл ең жоғары себеп, «Жалғыз 
ұлылық». Аллаһ Акбар – бұл иманды білдіретін ризашылық, 
таңдану, сенім және шабыт беретін мұсылмандық леп. Басқа 
мәдениеттер мен халықтар адамды «барлық нәрсенің өлшемі» 
немесе табиғаттың түпкілікті анықтаушы ретінде қарастырса, 
мұсылман өзінің ымырасыз сенімінде Құдайға назар аударады.
7
Осылайша, ислам өнері Құранға ұқсас мақсатты – адам-
затқа Құдайдың трансценденттілігін қабылдауды үйрету және 
нығайтуды көздейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет