Исмаил Раджи әл-Фаруки ислам өркениетінің Өнері мерзімді басылымдардың 24-топтамасы



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата17.09.2024
өлшемі4.76 Mb.
#503705
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
RED-full-Kazakh-The-Arts-of-Islamic-Civilization

29-карта. 
Ас Сафақсидың тұжырымына сәйкес Жер картасы
(IV/X ғасыр)


Кейінгі мақалаларда ислам өнерінің символизміне 
қатысты пайымдаулардың басым болуының екінші себебі – 
эстетика мен өнер тарихы саласында батыстық ғалымдардың, 
батыста білім алғандардың басым болуы. Мұсылман әлемінде 
бұл саланың аса бағаланбауына байланысты іштегі білімділер
бұл саламен айналысуға ниетті болмады, нәтижесінде онымен
дін мен мәдениеттен тыс адамдар айналыса бастады. Сонымен 
қатар, мұсылман әлеміндегі колледждер мен университеттер 
эстетика және өнер тарихы жөніндегі зерттеулерге немқұрай-
лық танытқандықтан, бұл пәндерге қызығушылық танытқан 
мұсылмандардың барлығы дерлік батыстық оқытушылардың 
әсерімен өнерді бағалаудың батыстық қағидаларын үйреніп, 
батыстағы оқу орындарында білім алды. Мұсылман ғалымда-
ры, мейлі дінге кейіннен келушілер болсын, мейлі тумысынан 
мұсылман болсын, көбіне мұсылман емес әріптестері сияқты 
ислам өнерінің экзогендік қате түсіндірмелерінен зардап шекті. 


30-карта. 
Ибан Юнис аль Мисри (339/951) тұжырымына сәйкес
Жер картасы 


Қайт Бей сұлтан кесенесінің күмбезіндегі
каллиграфиялық ою, (Құраннан алынған)
Каир (1472-1474 жж.)
Соңғы кездері ислам өнерінің абстрактілі сапасына қайшы 
келетін дәлме-дәл символдық мазмұнды ислам өнеріне жатқы-
зудың тағы бір үшінші себебі бар. Бұл исламдағы мистика-
лық ағымның, суфизмнің әсері. Мистицизм діннің жеке, ішкі 
тәжірибесіне баса назар аударумен қатар, діннің жұмбақ, эзоте-
рикалық және сиқырлы қасиеттеріне баса назар аударатын ілім 
немесе сенім болып табылады. Мұндай идеялар исламдағы ми-
стикалық ойларға, сондай-ақ христиандық, индуизм, жайнизм, 
иудаизм және басқа да діни дәстүрлерге қатысты. Мистиктер 
әдетте әріптерге, сөздерге және сөз тіркестеріне, сондай-ақ көр-
некі мотивтер мен фигуралардың барлық түрлеріне жасырын 
мағыналар берді. Әртүрлі жолмен құдаймен бірігуге ұмтылған-
дықтан, олар ислам мен таухидтің белгісі болып табылатын 
трансценденттілікті және табиғи сфералар арасындағы айқын 
айырмашылықты сақтауға тырыспады. (16-тарауды қараңыз) 
Ислам тарихында мұндай идеялардың бар екенін немесе олар-
дан кейін пайда болған кейбір окульттік тәжірибелер мен түсін-


дірмелердің таралуын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ 
бұл фактілерді исламдық өнер деп аталатын бүкіл құбылысты 
түсіндіру үшін шамадан тыс әсірелеуге де болмайды.
Мистиктер суфизмнің бастаушысы Мұхаммедтің (с.ғ.с) 
өзі екенін дәлелдеуге тырысқанымен, бұл қозғалыс Пайғам-
бар қайтыс болғаннан кейін ғана бірнеше ғасыр өткен соң бел-
гі берді. Ислам тарихының белгілі бір кезеңдерінде көбірек 
мойындалғанын алға тартып, ислам өнерінің генезисі мен 
бүкіл тарихын онымен түсіндіруге болмайды. Бірегей ислам 
өнері хижраның бірінші ғасырында – сопылықтың ықпалы кең
тарала бастаған кезеңнің алдында байқалды. Абд әл-Малик-
тің бұйрығымен Иерусалимде тұрғызылған «Жартас күмбез-
інде» (Куббат ас-Сахра) (71/691) сопылық таралып, дәлме-дәл 
символизм пайымдаулары ислам өнерінде қолдана бастағанға 
дейінгі ислам өнерінің барлық компоненттері мен сипаттама-
лары бар. «Жартас күмбезі» мистикалық ислам идеологиясы-
ның туындысы болған жоқ. Сондықтан оған жалпы исламға 
сәйкес келетін эстетикалық түсінік берілуі керек болды.
Кейбір мистикалық топтардың асыра сілтеуі (діни де, 
әлеуметтік те) мұсылман әлемінің көптеген жерлерінде су-
физмге жаман ат берді. Исламдық модернистер оның ішкі және 
жеке тұлғашылдық тенденцияларын пәрменімен мұсылман ха-
лықтарын ішкі және сыртқы күштердің бағындырудың және 
олардың азғындауының басты себептерінің бірі деп санайды. 
Жеке және ұжымдық жетістіктерге, даму мен прогреске дәстүр-
лі исламдық пәрмен беру арқылы жеке тақуалыққа шамадан 
тыс назар аударылды деген пікір бар. Бұл құнсыздану дін мен 
дүниенің (адамды өлгенге дейін қоршап тұрған бүкіл ма-
териалдық әлем) бірлігіне деген ұмтылысты азайтып, оның ор-
нына ақырет өміріне қатысты шектен тыс алаңдаушылық туғы-
зды. Сондықтан соңғы исламдық реформалар мен жаңғыру 
қозғалыстары әдетте мистицизмге қарсы және қазіргі мұсыл-
ман үмбетінің басшылығы негізінен мистикалық емес немесе 
тіпті антимистикалық болып табылады.


Көне медресенің ауласы
Марракеш, Марокко
Мұсылман әлемінде тұратын 
мұсылмандардың көпшілігі мисти-
калық бауырластықтың жақтаушы-
лары болмаса да, мұсылман 
әлеміндегі көптеген адамдар олар-
дың қызметіне күдікпен қараса да, 
исламның мистикалық қозғалысы 
өлді деп айту қате болар еді.
Алайда, моңғол шапқын-
шылығы мен крест жорықтарынан 
кейін халыққа билік еткен және 
одан кейінгі биліктің құлдырауы 
мен саяси бытыраңқылықтың кү-
шеюіне себеп болған суфизм мен оның ықпалы бүгінде қатты 
байқалмайды. Шындығына келер болсақ, суфизм ең алдымен 
Еуропа мен Америкада нақты бір қауымдастықтарда немесе 
ғылыми зерттеулер мен жарияланымдарда өріс алған. Мұсыл-
ман сопылар сол жерлерде тыңдаушы құлақ тауып, билік пен 
беделге ие болады. Дәл осы жерде батыстықтар – бұрынғы діни 
дәстүрлерінен ажырап, діни ағымдарсыз адасып кеткен – ислам 
мистицизмінің экстатикалық және экзотикалық тәжірибелеріне 
қызығушылық танытып, оның ішкі рухына баса назар аудара-
ды. Христиандық немесе еврей мистицизміндегі жасырын фон 
көбінесе Батыстағыларға исламдағы мистикалық элементтер-
ге көпір ашады. Шын мәнінде, соңғы онжылдықтарда ислам 
дінін қабылдаған англо-саксондықтардың едәуір бөлігі дінге 
сопылық қозғалыстарының ықпалымен кірді. Ислам өнерінің 
символизмін түсіндіретін жазбалардың авторлары – негізі-
нен осы ақ нәсілділердің, жоғары тап өкілдерінің қатарынан, 
білімді батыста алып дінге бет бұрғандардың немесе олардың 
мұсылман емес батыстық әріптестерінен қатарынан шыққан-
дар.


Соңғы еңбектердегі мистикалық, дәлме-дәл символдық 
пайымдаулар мұсылман халықтарының эстетикалық санасына 
соншалықты терең енген абстракцияға қарама-қайшы келеді. 
Бұл пайымдаулар сондай-ақ Құдайдың имманенттілігін көрсе-
тетін немесе Құдайдың трансценденттілігіне нұқсан келтіретін 
кез келген тәжірибені исламдық қабылдамаушылыққа қара-
ма-қарсы. Олар Батыста білім алған ғұлама мен мистикті қы-
зықтырса да, ислам өнерін жан-жақты және ішкі дәйекті түсін-
діру қажеттілігін қанағаттандырмайды.
Ислам өнерінің қолайлы теориясы – бұл жат дәстүрден гөрі 
дін мен мәдениеттің ішкі факторларына негізделетін теория. 
Ол теория сондай-ақ сол мәдениетке әсер ететін шамалы не-
месе кездейсоқ элементтерге емес, ең маңызды факторларға 
негізделеді. 
Осындай талаптарды ескере отырып, Қасиетті Құран эсте-
тикалық жаратылыс үшін дайын әрі қисынды шабыт көзін бе-
реді. Құран ислам мәдениетінің басқа аспектілері сияқты өнер-
ге де ықпал етті. Құран эстетикалық тұрғыдан баяндалатын 
хабарды, сондай-ақ оның көркемдік формасы мен мазмұнының 
алты сипатымен дәлелденетін оны білдіру тәсілін қамтамасыз 
етті. Ол тіпті өнердің иконографиясы үшін ең маңызды тақы-
рып ретінде өзінің өрнектері мен үзінділерін берді. Сондықтан 
ислам өнерін «Құран өнері» деп атауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет