ISSN 2305-9397. Ғылым және білім. 2022. № 3-3 (68)____ _
15
жоғары кеңістіктік және жоғары спектрлік рҧқсаттылықтың ҥйлесімі, айтарлықтай тҥсіру
жолағы Sentinel-2 тҥсірілім жҥйесінің ерекше артықшылығы болып табылады.
Жайылымдық алқаптардың жағдайын талдау ҥшін EOS компаниясының Land Viewer
(1-сурет) (
https://eos.com/landviewer
) платформасы мен және
АҚШ Геологиялық қызметінің
(United States Geological Survey) Earth Explorer (
https://earthexplorer.usgs.gov
) платформасынан
ЖҚЗ деректері пайдаланылды.
Сурет 1 – Land Viewer платформасынан ғарыштық тҥсірілімдерді жҥктеу процесі
Land Viewer – бҧл AI (artificial intelligence) негізіндегі
спутниктік деректер мен
аналитиканың заманауи кӛзі. Бҧл платформа жоғары рҧқсаттылықтағы спутниктік
тҥсірілімдердің негізгі ресми дистрибьюторларының бірі EOS компаниясы арқылы ҧсынылған.
Бҧл CBERS-4, Sentinel-1, 2, MODIS/NAIP, Landsat-7, 8, сондай-ақ тарихи Landsat-4,
5 спутниктерінің тҥсірілімдері. Тҥсірілімдер жиынтығы арасында SPOT-5-7, Pleiades-1,
Kompsat-2, 3, 3A, SuperView-1тҥсірілімдері де бар. Максималды кеңістіктік рҧқсаттылық бір
пиксельге 40 см-ге жетеді[20].
KazEOSat-2 (Kazakhstan Earth Observation Satellite) –
қазақстандық екінші Жерді
қашықтықтан зондтау спутнигі, «SSTL» британдық компаниясының «SSTL-150+»спутниктік
платформасы негізінде Қазақстан Республикасы Ҥкіметінің тапсырысы бойынша қҧрылған.
KazEOSat-2 орташа рҧқсаттылықтағы ЖҚЗ ғарыш аппаратын ҧшыру 2014 жылғы 20 маусымда
Ресейдің «Ясный» іске қосу базасынан жҥзеге асырылды. KazEOSat-2 тҥсірілімдері 3-5 кҥнде
1 рет тҥсіру қайталануымен және 77x77 км сахна ӛлшемімен
орташа кеңістіктік
рҧқсаттылықтағы (6,5 метр) мультиспектралды (5 канал) деректер болып табылады. KazEOSat-
2 деректерінде радиометриялық және геометриялық тҥзетуді ҧсынатын Level 1G (L1G) ӛңдеу
деңгейі бар[21].
Достарыңызбен бөлісу: