Тақырып: Жердің құқықтық режимі.
Жоспар:
-
Жер ресурстарының жалпы сипаттамасы.
-
Қазақстан Республикасының Жер кодексі және жер туралы басқа да заңдылықтар.
-
Жер заңдарының міңдеттері мен қағидалары
Лекцияның мақсаты: Жер ауыл және орман шаруашылығында тек жалпы еңбек жағдацы ретінде ғана емес, сонымен қатар, өндірістің басты, енгізгі құралы ретінде де қызмет етеді.
Лекцияның мәтіні:
1. Жер ресурстарының жалпы сипаттамасы.
Жерде туылған адам оның байлықтарын пайдаланбай өмір сүре алмайды. Ол жерден, оның табиғи ресурстарынан өзінің әлеуметтік және эканомикалық қажеттіктерін қанағаттандыруға қажеттінің бәрін алады. Сонымен қатар, жер адам өмірінің орны мен жағдайы болып табылады. Сондықтан да, адамға оның барлық құрамдас бөліктері – атмосфералық ауа, өсімдіктер және жануарлар әлемі, су көздері, жер қойнауы, жердің үстіңгі қабаты, ауа кеңістігі қажет. Оған қоса, жер еңбек және өндіріс құралы, сонымен қатар, мемлекет аумағы, оның шектері болып табылады. Бұл қасиеттердің барлығы адамдардың, қоғамның және мемлекеттің арасында туындайтын жер қатынастарының сипатын анықтайды. Бұл қатынастар, өз кезегінде, жердің және оның табиғи ресурстарының жағдайына әсерін тигізеді. Бұл процеске назар аудару жер ресурстарын ұтымды, тиімді және мақсатты пайдалануына және оларды қроғау мақсаттарында жзер қатынастарын құқықтық құралдармен реттеу қажеттігін түсінуге алып келеді. Жер құқығы КСРО-да пайда болды, кейін Қазақстан Республикасының жер құқығы осы құқықтың негізінде пайда болды. Мемлекетіміз тәуелсіздік алған бірінші күннен бастап жарді Қазақстан республикасының меншігі ретінде жариялады, ол халықтың өмірі мен қызметінің негізі ретінде пайдалануға тиіс болды. Жаңа жер кодексі жер заңнамасының және барлық жер қатынастарының негізін анықтайтын жаңа құқықтық акт болып табылды.
Жер ауыл және орман шаруашылығында тек жалпы еңбек жағдацы ретінде ғана емес, сонымен қатар, өндірістің басты, енгізгі құралы ретінде де қызмет етеді. Жердің мұндай қызмет етуінің басты шарты болып оның құнарлығы табылады. Әдетте құнарлыққа жердің үстіңгі қабаты - топырақ ие болады, мұнда өсімдіктер үшін қажетті дымқылдық пен қоректі заттар болады, және де олар өсімдіктердің өзіне сіңіру үшін жарамды болуы тиіс. Осылардың барлығы жер қатынастарын құқықтық реттеудің мазмұнына әсер етеді.
Ресей әдебиеттеріндегі көзқарасқа сәйкес жер құқығы дегеніміз - бұл кешенді құқық саласы, себебі, жер қатынастары бірнеше құқық салаларының нормаларымен реттеледі, ал “Экологиялық құқық” оқулығында жер құқығы экологиялық қатынастардың саласы деп көрсетілген, бұл көзқарасқа сәйкес экологиялық құқықтың пәні болып шартты түрде үш бөлікке бөлуге болатын қоғамдық қатынастар табылады олар: табиғат қорғаушы құқық, табиғи ресурстық құқық және әкімшілік, азаматтық, қылмыстақ құқықтың нормалары.
2. Қазақстан Республикасының Жер кодексі және жер туралы басқа да заңдылықтар.
Қазақстан Республикасындағы жер заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Жер туралы кодекс пен Қазақстан Республикасының осыған сәйкес қабылданатын нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
Жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, орман-тоғайды және өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құндылығы бар қоршаған орта объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау жөнiндегi қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi.
Жер қатынастары субъектiлерiнiң өздерiне тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруы табиғи pecуpc ретiндегi жерге және қоршаған ортаның өзге де объектiлерiне, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрмеуге тиiс.
Егер Қазақстан Республикасының жер, орман, су заңдарында жер қойнауы, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарында өзгеше көзделмесе, жер учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету, сондай-ақ олармен мәмiле жасасу бойынша мүлiктiк қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.
Жеке және заңды тұлғалардың заңдарда белгiленген құқықтарын мемлекеттiк органдардың актiлерiмен шектеуге болмайды.
Егер Жер туралы кодексте немесе Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар жер құқығы қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттер атқарады.
Басқа мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының аумағында жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес туындайды.
Жер құқығы қайнар көздерінің ерекше сипаты болып оларда субъект пен объект бойынша жекелеген құқықтық реттеумен қатар жүйеленген кешенді және жеке құқықтық нормалар бар. Оларды жер құқығының негізгі және қосымша қайнар көздері деп бөлуге болады. Жер құқығының негізгі қайнар көзіне Жер турал кодекс жатады.
ҚР Президентінің 1995 ж. 23 желтоқсандағы “Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы” жарлығы. Бұл жарлықтың нормалары жеке меншік пен жер пайдаланудағы жер учаскесіне қатысты, құқықтың міндеттемелер бойынша және борышқордың банкроттығы бойынша тоқтатылуы туралы нормалармен байланысты.
Қазақстан Республикасы 2001 ж. 17 маусымдағы “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” кодексі – жер құқығының негізгі қайнар көзі, жерге орналастыру, жердің құнарлығын арттыру, оларды қорғау және аумақты әлеуметтік-мәдени дамыту үшін бюджеттің өзгерістерін қалыптастыру және жерлерді ұтымды пайдалануды экономикалық әдістермен қамтамасыз етуге бағытталған.
Жер құқығының қосымша қайнар көздеріне, мысалы, ҚР Президентінің 1995 ж. 26 желтоқсандағы 1730 “Мемлекеттік қызмет” туралы жарлығын атауға болады. Бұл жарлық тұрмыс жағдайын жақсартуды қажет ететін мемлекеттік қызметшілер үшін жеке тұрғын үй құрылысы мақсатында жер учаскесін тегін беруді көздейді.
Азаматтық заңнаманың кейбір нормаларын жер туралы заңнаманың нормаларынан ажырату мақсатында қарастрып өткен жөн.
Қазақстан Республикасының 1997 ж. 16 сәуірдегі “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңы жерге меншік құқығын, жер пайдалану құқығын, мемлекеттік меншік құқығын, жерге меншіктің тұрғын үйді пайдалану және орналастыру объектісі ретіндегі ерекше нысанын (кондоминиум) қарастырады.
Қазақстан Республикасының 2003 ж. 8 шілдедегі “Орман кодексі” бойынша барлық ормандар, сонымен қатар, ауыл шаруашылығына берілген ормансыз жерлер де Қазақстан Республикасының орман қорын құрайды. Бұл нормалардың мазмұнынан туындайтын қорытынды, орман пайдалану объектілерінің беру мен оларды пайдалану орман қорының жерін берумен қатар жүзеге асырылады.
ҚР Президентінің 1996 ж. 27 қаңтардағы “ҚР жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” жарлығы ғылыми – техникалық дамуды ескере отырып жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін жер қойнауын – жер қабығының топырақ қабатынан кейін орналасқан бөлігін, ал ол болмаған жағдайда жер қабығынан кейінгі бөлікті пайдалану мен қорғауды көздейді. Жер қойнауын пайдалану үшін шарт жасалады, бұл шартта лицензия бойынша жер қойнауын пайдалануға бөлінген аумақ көзделеді. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушыларға жер қойнауы объектісін орналастыру үшін жер учаскелері беріледі.
3. Жер заңдарының міңдеттері мен қағидалары,
Жер заңдарының принциптерi:
Қазақстан Республикасының жер заңдары:
1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлiнбейтiндiгi;
2) жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау;
3) жердi қорғау және ұтымды пайдалану;
4) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
5) жердi нысаналы пайдалану;
6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң басымдығы;
7) жердiң жай-күйi және оған қолжетiмдiлiк туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
8) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қолдау;
9) жерге залал келуiн болдырмау немесе оның зардаптарын жою;
10) жердi ақылы пайдалану принциптерiне негiзделедi.
Жер заңдарының мiндеттерi.
Қазақстан Республикасы жер заңдарының мiндеттерi:
- жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн; жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
- жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
- шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау;
- жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау;
- жылжымайтын мүлiк рыногын жасау мен дамыту;
- жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Жер қорының түсінігі және оның жекелеген санаттарының құқықтық режимі.
2. Жер учаскелерін нормалау.
3. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |