“Құқықтану” кафедрасы


Жер қойнауын пайдалану және қорғауға байланысты дауаларды шешу тәртібі



бет12/22
Дата13.06.2016
өлшемі0.95 Mb.
#133729
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

1. Жер қойнауын пайдалану және қорғауға байланысты дауаларды шешу тәртібі.


2. Жер қойнауы туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық

3. Жер учаскелерін нормалау.

4. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау.

Лекция № 15


Тақырып: Судың құқықтық режимі.

Жоспар:

1. Судың құқықтық режимінің түсінігі мен жалпы сипаттамасы.

2. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары мен міңдеттері.

Лекцияның мақсаты: Су айдындары мұздықтар, батпақтар, мемлекетаралық және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан су қорының жері, сондай-ақ осы құрылыстардың су қорғау белдеулеріне және ауыз сумен қамтамасыз етудің бас саға жүйелерін санитарлық жерді қорғауды үйрету.

Лекцияның мәтіні:

1. Судың құқықтық режимінің түсінігі мен жалпы сипаттамасы.

Су айдындары (өзендер және олармен теңдестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, су көздерінде орналасқан, ағысты реттейтін су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, сондай-ақ осы құрылыстардың су күзет аймақтары мен белдеулеріне және ауыз сумен қамтамасыз етудің бас саға жүйелерін санитарлық күзет аймақтарына бөлінген жер су қорының жері деп танылады.

Су айдындары (өзендер және олармен теңдестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, ішкі су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, мемлекетаралық және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан су қорының жері, сондай-ақ осы құрылыстардың су қорғау белдеулеріне және ауыз сумен қамтамасыз етудің бас саға жүйелерін санитарлық жер мемлекет меншігінде болады.

Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызыбар су шаруашылығы құрылыстары (суару және кәріз жүйелері) алып жатқан су қоры жерінің құрамындағы жер учаскелері, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші бір субъектінің жер учаскесіне қызмет ететін ирригациялық құрылыстары, аталған құрылыстар жекешелендірілген жағдайда, Қазақстан Республика азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде болуы мүмкін.

Жер учаскелерінің екі немесе одан көп меншік иелері мен жер пайдаланушыларға қызмет көрсететін су шаруашылығы құрылыстарының жер учаскелері оларға ортақ меншік немесе ортақ жер пайдалану құқығымен беріледі.

Жергілікті атқарушы органдар су ресурстарын басқарудың уәкілетті органымен келісім бойынша жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығының, орман, балық, аңшылық шаруашылықтарының қажеттері үшін және жер учаскесінің негізгі нысаналы мақсатына қайшы келмейтін басқа да мақсаттар үшін уақытша жер пайдалануға су қоры жерінің құрамынан жер учаскелерін беруі мүмкін.

Су қорының жерін пайдалану Қазақстан Республикасы су заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.

Су ресурстарына – жер беті және жер асты суларының жиынтығы жатады. Суды қорғау заңдарының мақсаты:



  1. суға мемлекеттік меншік құқығын сақтау;

  2. халықтың, экономика саралары мен айналадағы табиғи ортаның мұқтаждары үшін суды ұтымды пайдаланудың қамтамасыз ету;

  3. су қорларын ластанудан, сарқылудан қорғау;

  4. судың зиянды ықпалын болдырмау және оны жою мақсатында су қатынастарын реттеу;

  5. су қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту.

Қазақстан Республикасының су ресурстарына өзендер, көлдер, батпақтар, тоғандар, су қоймалары және басқа да жер бетіндегі су қорлары, сондай-ақ каналдар мен магистральды су құбырларының сулары, жер астындағы сулар, мұздықтар, сонымен қатар мемлекеттік шекара шегіндегі Каспий және Арал теңіздері Қазақстан Республикасы су ресурстары болып саналады. Су кодексі 1993 жылы 31 наурызда қабылданған. Ол 6 бөлімнен, 26 тараудан, 123 баптан тұрады.

Суды пайдаланудың түрлері:



  1. жалпы және арнайы;

  2. жеке және бірлесіп пайдалану;

Су қоймалары пайдалануға тұрақты немесе уақытша беріледі.

Қысқа мерзімді – 3 жылға дейін;

Ұзақ мерзімді – 25 жылға дейін.

Су қорын пайдалануды мемлекеттік маңызына қарай 2 топқа бөлуге болады:

Бірінші топқа – су қоймаларын халықтың ауызсуы, тұрмыстық және өзге де мұқтаждарын өтеу үшін берілген сулар жатады;

Екінші топқа – су қоймаларын сауықтыру және демалыс мақсаттары үшін пайдалану.



  • ауыл мақсаттары үшін;

  • аң шаруашылығы үшін;

  • қорықтар мен заказник тер үшін;

  • суды өрт сөндіру мұқтаждары үшін пайдалану.

Барлық су ластанудан, былғанудан, сарқылудан қорғалуы тиіс, егер осындай жағдайға жол берілсе, бұл табиғат жүйеісінің экологиялық тұрақтылығын бұзады, халықтың денсаулығына зиян тигізеді, сондай-ақ сумен қамтамасыз етудің нашарлауына әкеліп соғады.

Су қорғау аймақтары мен белдеулері аумағында жер жыртуға, мал тоғытуға және санитарлық өңдеуден өткізуге, құрылыстар салуға және су қоймалары режимін нашарлататын, шаруашылық қызметінің басқа да түрлерін жүргізуге тыйым салынады.

Суға меншік даулары болуы мүмкін емес, су даулары сотта шешіледі.

Жалпы су пайдалануға су қорлары жекелеген азаматтарына бекітіп бермей-ақ және судың жай-күйіне әсер ететін құрылғылар немесе техникалық құрылғыларды қолданбай, халықтың ауыз суға және өзге де мұқтажын қанағаттандыру үшін.

Арнайы су пайдалану халықтың ауыз су және тұрмыстық мұқтажын, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптік қажеттіктер үшін жер бетіндегі және жер астындағы суларды пайдалану.

Жалпы су пайдалану мерзімімен шектелмеген. Су пайдаланудың негізгі құқықтары:



  • берілген судың мөлшері мен сапасын тексеру;

  • лимит бойынша алынбаған судың өтемін талап ету;

  • кейіннен пайдалану үшін су шығарып алу.

Қазақстан Республикасында жалпы су пайдалану тегін, ал арнайы су пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады.

Су қорларын пайдаланғаны үшін төленетін ақы судың сапасына, суаттың орналасқан жері мен суды пайдалану шарттары бойынша жүзеге асырылады.

Су пайдалануға көрсетілген қызмет үшін ақы алудың тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.


  • суды өз бетімен пайдалану;

  • лимиттерді бұза отырып су алған;

  • суды ластаған және былғаған;

  • су үшін ақыны уақтылы төлемеген;

  • есепке алу мен есеп беру, су кадастры деректерін бұрмалаған;

  • су ресурстарын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның жазбаша нұсқауларын орындамаған.

2. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары мен міңдеттері.

Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары халықтың және қоршаған ортаның тiршiлiк жағдайларын сақтау мен жақсарту үшiн су пайдалану мен су қорын қорғаудың экологиялық қауiпсiз және экономикалық оңтайлы деңгейiне қол жеткiзу және қолдау болып табылады.

Қазақстан Республикасы су заңдарының мiндеттерi:

1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргізу;


2) су қатынастарын реттеу;

3) тұрақты су пайдалануды және су қорын қорғауды қолдау мен дамытудың құқықтық негiздерiн қамтамасыз ету;

4) су қорын пайдаланудың және қорғаудың негiзгi принциптерi мен бағыттарын айқындау;

5) су ресурстарын зерттеу, барлау және осы ресурстар мен су шаруашылығы құрылыстарын ұтымды және кешендi пайдалану саласындағы қатынастарды басқару.


Бақылау сұрақтары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет