“Құқықтану” кафедрасы



бет11/22
Дата13.06.2016
өлшемі0.95 Mb.
#133729
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

Лекция № 14


Тақырып: Жер қойынауының құқықтық режимі.

Жоспар:

  1. Жер қойынауының, пайдалы қазбалардың құқытық жағдайының түсінігі және олардың қорғаудың жалпы сипаттамасы.

  2. Қазақстан Республикасы жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарының мақсаттары мен қағидалары.

Лекцияның мақсаты: ҚР-сы «Жер туралы» заңына сәйкес жер дегеніміз ҚР-ның егемендігі белгінетін шектен аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға бірдей өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі.

Лекцияның мәтіні:

1. Жер қойынауының, пайдалы қазбалардың құқытық жағдайының түсінігі және олардың қорғаудың жалпы сипаттамасы.

Жер деген түсінікті әртүрлі мағынада қарау керек, ол біріншіден планета ретінде, үшіншіден планетаның жер қыртысы ретінде қарауға болады, Жердің табиғи компонент ретінде ерекше маңыздылығын ескере отырып, жерді құқық қорғау оның мемілект меншігіндей ме, әлде азаматтардың жеке меншігінде ме (әлде азаматтардың жеке мен) оған қарамастан жүзеге асырылады, Жер бір тұтас жалпы халықтық байлық ретінде Қазақстан Республикасының Контитуциясында көрсетілгендей, құқық қорғау обьектісі болып табылады, Қаз Республикасының “Жер туралы” заңының 107-бабында жердің қорғаудың мақсаты мен міндеттері көрсетімен яғни, жерді ұтымды пайдалануға, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымнан жердің негісіз алуын болдырмауға, сондай-ақ топырақ құнарлығының қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, эканомикалық және басқа шаралар жүйелік қамтиды.



2. Қазақстан Республикасы жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарының мақсаттары мен қағидалары.

Жерді қорғаудың мақсаттары:

- Өндірістік эканомикалық қауіпсіз технологияларын көтермелеу және орманмелиоративтік шараларын жүргүзу жолымен жердің тозуы мен бөлінуін, шаруашылық қызыметінің басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;

- Тозған немесе бөлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіру қамтамассыз ету;

- Жерді ұтымды паидаланудың эканомикалық нормативтерін практикаға енгізу болып табылады.

Жерді құқықтық қорғау ауыл шаруашылығы жерлері қорын сақтауға, топырақ құнарлығын арттыру мен сақтауға бағыталған.Көп жағдайда жерді ұтымды пайдалану жерді қорғаудың ең тйімді әдісі болып табылады. Кең мағынада жерді қорғау, бұл-жерді ұтымды пайдалану, ландшафтың әдемілігі мен реклациялық бағалықтарды сақтау, жерді ауыл шаруашылық емес мақсаттар үшін негісіз алып қолдан қорғау; жерге мекемелік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғаудың біртұтастығы, Қазақстан Респубдикалық жер қоры дегеніміз - мемілекет меншігінден, оның аумағы түгел қамтитын жер шарының құрылықтығы бір бөлігі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтарда қабылданған “жер туралы” Заңында, жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынандай санаттарға бөлінеді:



  • ауыл шаруашылық мақсатындағы жер;

  • елді мекендердің (қалалардың, поселкілердің, ауылдық, елді мекендердің, жері;

  • өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, жері және өзге де шаруашылық ауыл мақсатына арналған жер;

  • ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы жер;

  • орман қорының жері;

  • басалқы жер;

Ал табиғи жағдайлары бойынша ерекшеленетін аймақтарға:

- орманды дала;



  • дала;

  • құрғақ дала;

  • шөлейтті;

  • шөлді;

  • тау етегі –шөлді дала;

  • субтропикалық шөлді;

  • субтропикалық тау-етегі-шөлді;

  • ортазиялық-сібірлік таулы;

  • оңтүстүк – сібірлік таулы;

Табиғат ортасының біртұтас жүйелік де жер қойнауы жермен тығыз байланысты элемент болып табылады. Жер қойнауы дегеніміз - топырақ қабатынан, ол жоқ болса - су бетінен және су қоймаларының түбінен төмен орналасқан, ғылыми – техникалық праристі ескере отырып жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке созылған жер қыртысының бөлігі. Қазақстан Республикасы Президентінің “Жер қойнауы және қойнауын пайдалану туралы” жарлығында осындай анықтама берілген. Осы жарлықта қоршаған ортаның бөлігі ретінде жер қойнауын қорғау міндетері көрсетімен, Жер қойнауын және табиғи ортаны қорғау:

  • халықтың денсаулығы мен өмірін қорғау;

  • пайдалы қазбаларды тиімді және кешенді пайдалану;

  • табиғи ландшафтарды сақтау және бөлінген жерлерді, өзге де номорфологиялық құрылымдарды қалпына келтіру;

  • Жер сілкінуді, көшкінді, су басуды, топырақтың отыруын болдырмау мақсатында жер қойнауының үстінгі бөліктерінің энергетикалақ жай-күйік сақтау бағыттарына негізделген құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық жүйелерді және басқа шараларды қамтиды.

Жер қойнауын экономикалық және халық шаруашылық мәні, оны қорғаудың көптеген бағыттарын белгілейді:

- Жер қойнауын қорғаудың бірінші бағыты, жер қойнауына немқұрайлы қараудың алдын алу, барлау және өндіру кезінде, оны тиімді пайдалану негізінде пайдалы қазбалардың қорларының азатын ескерту табылады;



  • жер қойнауын қорғаудың екінші бағыты, оның ластануына ескерту жасау, сонымен қатар, зиянды қалдықтар мен және кір сулармен ластанбаған жер асты сулары, минералды қайнар көздері мен пайдалы қазбалары бар жерлерді ластанудан сақтау;

  • жер қойнауын қорғаудың үшінші бағыты, табиғат ортасына және қоршаған ортаның кейбір бөлшектеріне зиянды әсерлерден көрінеді, ал пайдалы қазбаларды пайдалануда топырақтың жоғары қабатының ластануы мен бұзылуынан, жер асты сулары айналымының бұзылуынан көрініс табады;

  • жер қойнауының қорғаудың (үшінші) төртінші бағыты, ерекше жер қойнауының обьектілерін, табиғи ескерткіштер және мәдени ескеріштер, емдеуге және демалуға арналған жерлерді қорғаудан көрініс табады. Жер қойнауын құқықтық қорғау жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалану, минералды ресурстарды азотының алдын алу, жер қойнауын қалдықтарымен және басқа да заттар мен ластануға құқықтың реттейтін құқық нормаларын шығару мен қолдану негізінде жүзеге асырылады.

Бақылау сұрақтары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет