4. Қазақстан Республикасының қазіргі қөұқық жүйесіндегі эколгиялық құқықтың орны.
Лекция №3 Тақырып: Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері.
Жоспар:
-
Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркенуі және болашағы.
-
Табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы республикалық заңдылықтардың негізгі даму кезендері.
Лекцияның мақсаты: Қазақ халқында табиғат қорғау мәселелері шаруашылыққа ыңғайластырылып жүргізілген.
Лекцияның мәтіні:
1. Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркенуі және болашағы.
Қазақстан Республикасы аумағында табиғатты қорғау мәселелері көп заманнан бері жалғасып келе жатқан іс. Ғасырдан ғасырға мирас болған, қазақ халқы жайнап қоныс тепкен кең байтақ өлкенің табиғатын құқықтық қорғау туралы көне жазба деректер болмаса да, табиғат қорғаусыз қалған деуге болмайды.
Шынтуайтына келгенде, қазақ жерінде табиғатты құқықтық қорғау тарихы өзінің ғылыми зерттелуін қажет етеді.
Қазақ халқында табиғат қорғау мәселелері шаруашылыққа ыңғайластырылып жүргізілген. Мысалы: малды жазда жайлауға айдаса, қыста қыстауда ұстады. Ал осы екі аралықта басқа жерлерді қажет кезінде пайдаланды. Сөйтіп, жайылымдар мен қыстаулардың шөбін қалпында сақтап, аң мен құстың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасап келген. Аң мен құсты,орманды қырып жоюға,су қорларын ластауға жол бермеген. Бұлақтардың көзін ашып, оны табиғи күйінде пайдаланып отырған.
Қазақстан Республикасының қазіргі экология құқығы Қ.Р-ң егемендік алып, дербес мемлекет болғанына дейінгі жасалған бұрынғы СССР одағында қалыптасқан экология құқығының жалғасы.
Бұрынғы кеңес өкіметі 1917 жылғы 20 қазанда жер туралы декрет, 1918 жылы орман жөнінде декрет қабылдады, онда жер және қорларын пайдалану және қорғау қатынастарын реттеуді көздеді. Табиғи ескерткіштерді қорғау жан - жақты қарастырылды. 1919 ж. Суды қорғау комитеті құрылып, сөйтіп оған судың санитарлық жағдайын қадағалу, табиғатты өндірістік сарқынды сулар мен ластардан қорғау жайы тиісті органдарға жүктелді.
1921ж балықтар мен хайуанаттар жөнінде декрет қабылданды. Көп жылдар бойы табиғат қорларын пайдалану мен қорғаудың құқықтық мәселелері тек бір орталықтан – Москва арқылы жүргізіліп отырды.
1960-1970 жылдар арасында экология саласындағы заңдарды кодификациялау барысында орталықтың жер, су, орман, жер қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдардың негіздері қабылданып, одақтас республикаларда табиғат жөнінде салалық заңдар, кодекстер қабылданды.
2. Табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы республикалық заңдылықтардың негізгі даму кезендері.
Табиғи ресурстарға тек қана мемлекеттік меншік ССРО конституциясында және ҚазақССР Конституциясында тұжырымдалды.
Жерді және басқа табиғи ресурстарды пайдалану мен билік ету негізінен орталықтан шешіліп отырды. Сондай саясаттың салдарынан миллиондаған гектар жер әскери қажеттіліктер үшін алынып, олардың атом қаруларын сынау үшін пайдаланылғандығы жасырылды. Сондай сынақтардың салдарынан адамдардың денсаулығына зиян келетіні және келгені де құпия болып сақталды.
Республика аумағындағы кен байлықтары орталық үшін жқмсалып,жергілікті халықтың мұқтаждарын өтей алмады. Жарлығы шықты.
ҚР экология құқығының нарықтық экономика жағдайында дамуы одан әрі жалғаса бермек.
Бақылау сұрақтары:
1. Табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы жалпы және арнайы заңдар.
2. „Қоршаған ортаны қорғау туралы” Қазақстан Республикасының заңы – жалпы сипаттамасы және экологиялық қатынастарды құқықтық реттеудегі оның маңызы.
3. Үкіметтің экологиялық – құқықтық актілері.
Лекция № 4 Тақырып: Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері.
Жоспар:
1. Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, ерекшіліктері және классификациясы.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы және экологиялық құқықтық ережелер мен талаптар.
Лекцияның мақсаты: Жоғарыда аталған заңдардың сапасын арттыру, өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмысы да жүргізіле береді.
Лекцияның мәтіні:
1. Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, ерекшіліктері және классификациясы.
ҚР өзінің егемендігіне ие болғаннан кейінгі экология құқығы жаңа әлеуметтік - экономикалық өзгерістер жағдайында дами бастады. Республиканың материалдық негізін құрайтын табиғи ресурстарға жер, оның қойнауы, су, орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі. ҚР-ң меншік құқығы мәртебесі 1991 жылғы 20 қаңтарда қабылданған ҚР-ң Конституциясы ережелерімен бекітілді.
ҚР құқықтық мемлекет құру жолында табиғат қорларын пайдалану мен қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды толық қамтитын құқықтық актілер қабылдау мақсаты мен көптеген жұмыстар жүргізуде.
1993 жылдың аяғына дейін Қазақстан Республикасындағы “Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы”, Жер, Жер қойнауы және минералдық шикізатты ұқсату туралы, су, орман кодекстері, Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы ҚР-ң заңдары және осы заңдарды іске асыру барысында көзделген қатынастарды реттейтін басқа да заң актілері қабылданды.
Келесі жылдары ҚР - сы аймағында өсімдіктер дүниесін қорғау, молайту және пайдалану туралы, айрықша қорғауға алынатын жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, қорықтар, заказниктер туралы заңдар қабылданды.
Жоғарыда аталған заңдардың сапасын арттыру, өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмысы да жүргізіле береді.
ҚР-ң экология саласындағы заңдары айналадағы табиғи ортаның сапасын арттыру, оны сауықтыруды қамтамасыз ету жолындағы нысаналы да тиімді қызметті ұйымдастыруға, экологиялық қатынастарды толық реттеуге өзінің үлесін қосады.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы және экологиялық құқықтық ережелер мен талаптар.
Қазақстан Республикасы экология құқығының негіздері-айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін актілердің жиынтығы.
Экология туралы заңдарды мазмұны жағынан, заң қабылдайтын органдардың түрлері немесе олардың заң шығару өкілеттігі жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.
Экология құқығының негіздері ішінде ҚР-ң Конституциясы ерекше орын алады.
ҚР-ң Конституциясы Табиғи ресурстар мен қорлардың құқықтық жағдайын және оның аумағының бөлінбейтінін, оған қол сұғуға болмайтынын, табиғи қорларды мемлекет атынын иелену құқығын жүзеге асыру жолдарын, заңдарын, соның ішінде экологиялық заңдардың өзге де құжаттардың Конституция ережелеріне қайшы келмеуін, азаматтардың өмір сүруі мен денсаулыққа қолайлы айналадағы табиғи ортада тұру құқығын, Конституция мен заңдарды сақтау, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеу міндеттерін белгілейді.
Экологиялық қатынастарды реттейтін заңдар мен заң актілері заңдарға, жарлықтарға, жарғыларға, қаулыларға, ережелерге, нұсқауларға бөлінеді. Бұл заңдар мен жеке табиғи объектілер жөніндегі экологиялық қатынастарды кешенді немесе жеке реттеу сипатында болуы мүмкін. Бұған мысал ретінде Жер кодексі, Су кодексі, ҚР Министрлер кабинетінің 1991 жылғы 18 желтоқсандағы қаулысы мен бекітімен “ҚР-да айналадағы табиғи ортаның пайдалануы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау туралы ереже” және осы сияқты заң актілерін атауға болады.
Кодекстерде экологиялық қатынастар кешенді түрде қаралады. Ережелерде, нұсқауларда экологиялық қатынастардың жеке мәселелері жан-жақты талданады.
Экологиялық заңдар мен заң актілерін шығарудың жүйелері Конституция мен жергілікті атқарушы органдар туралы заңдармен белгіленеді.
ҚР Конституциясына сәйкес (78-бап) Президент ҚР-ң заңдарына қол қояды. Республика Президенті Конституциясымен заңдар негізінде республикалық бүкіл аумағында олардың орындалуын міндеттейтін жарлықтар, қаулылар мен үкімдер шығарады.
Заңдарды және өзге де шешімдерді Қазақстандың Жоғарғы Кеңесі қабылдайды, олардың орындалуын бақылайды, оларға Жоғарғы Кеңестің Төрағасы қол қояды.
ҚР Министрлер кабинеті және басқа министрліктер мен ведомстволар, жергілікті өкіметті және атқарушы органдар өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша экологиялық қатынастарды реттейтін қаулылар, шешімдер, жарлықтар, нұсқаулар немесе ережелер қабылдайды.
Тағы бір ескеретін жағдай бар. Ол КСРО-ң заңдары мен өзге де қалыпты құжаттары ҚР аумағында республиканың тиісті заңдары мен өзге де заңды құжаттары қабылданғанға дейін және ҚР Конституциясымен заңдарына қайшы келмейтін бөлігінде ғана қолданылады, барлық экологиялық заңдар мен заң актілерін түлері мен мазмұнына қарай 8 топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа табиғат объектілерін пайдалану, иемдену, оның сапасын арттыру, қорғау туралы кешенді заңдар жатады. Ол заңдардың өзі мазмұны жағынан екіге бөлінеді. Біріншісі ҚР-да “Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы” заң (1991ж, 16 қараша). Жер қойнауы және минералдық шикізатты ұқсату туралы кодекс (1992ж. 30 тамыз), Су кодексі (1993ж, 31 наурыз) т.б. Бұл заңдарға қажет болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды.
Екінші топ. ҚР Жоғарғы кеңесінің экология саласындағы қаулылары. Олардың қатарына Жер кодексі, Жер қойнауы және минералдық шикізатты ұқсату туралы кодексі, Су кодексі, Орман кодексі, жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін арттыру және пайдалану туралы заңы, жер салығы, жер реформасы, тағы басқа заңдарды күшіне енгізу туралы қаулылар жатады.
Үшінші топ. ҚР Президентінің жарлықтары.
Төртінші топ. ҚР Министрлер Кабинетінің табиғат объектілерін қорғауды және пайдалануды басқару жүйесіндегі қаулылары. Бұл қаулылар көбінесе ережелер мен нұсқаулар, шарттар, тәртіптерді бекіту мақсатында қабылданды.
Бесінші топ. Жергілікті өкілетті органдардың табиғи ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы қаулылары. Поселкелік, салалық, ауылдық маслихаттарда азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылық жүгізуі, тұрғын ұй салу және қызметі, халықтың дәстүрлі кәсіпкершіліктері үшін жер учаскелерінің шекті мөлшерін, су қорларын қорғау жөніндегі ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту секілді міндетті ережелерді және т.б.
Алтыншы топ. ҚР министрліктері мен мемлекеттік комитеттердің өз құзыретінде қабылданған қаулылары мен шешімдері.М,ҚР Жоғарғы Кеңесінің “Жер салығы туралы” ҚР заңын күшіне енгізу тәртібі туралы қаулысына сәйкес.
Жетінші топ. Экологиялық қатыныстарды ішінара реттейтін ҚР басқа да заңдары.
Сегізінші топ. Қоғамдық ұйымдардың экологиялық ережелері мен шешімдері.
Экологиялық құқықтың ережелері қылмыс құқығы, әкімшілік құқығы, азаматтық құқық және басқа құқықтармен орайлас келеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы жалпы және арнайы заңдар.
2. „Қоршаған ортаны қорғау туралы” Қазақстан Республикасының заңы – жалпы сипаттамасы және экологиялық қатынастарды құқықтық реттеудегі оның маңызы.
3. Үкіметтің экологиялық – құқықтық актілері.
Достарыңызбен бөлісу: |