АЗАПТАУ ЖӘНЕ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ
Ешқандай бала зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, жазаға, заңсыз тұтқындалуға
және бас бостандығынан айырылу жағдайына ұшырамауы тиіс. 18 жасқа толмаған жеткіншекке үкім кесу барысында өлім жазасы мен еркіндікке шығу құқығынан толық айырған өмірлік бас бостандығынан айыру жазасын қолдануға тыйым салынған. Бас бостандығынан айырылған кез келген бала ересектерден айыру оның мүддесіне қарама-қайшы келмеген жағдайда ғана олардан бөлек ұсталуы тиіс. Қамауға алынған бала құқықтық және басқалай көмек алуға және өзінің жан ұясымен байланыс жасап тұруға құқылы.
38-бап
1. Қатысушы мемлекеттер қарулы қақтығыс кезінде қолданылатын балаларға қатысты халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын құрметтеп, олардың сақталуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
2. Қатысушы мемлекеттер жасы 15-ке толмаған балалардың соғыс қимылдарына тікелей қатыспауын қамтамасыз ету үшін қолдан келген шаралардың бәрін қабылдайды.
3. Қатысушы мемлекеттер жасы 15-ке толмаған кез келген баланы өзінің қарулы күштер құрамына шақырмау негіздерін ұстанады. Жасы 15-ке толған, бірақ әлі 18-ге толмаған балаларды әскерге тарту кезінде, қатысушы мемлекеттер
олардын ішінен көбіне ересектеулерін алуға тырысады.
4. Қатысушы мемлекеттер қарулы қақтығыс кезінде бұқара халыққа қорғау көрсетуге байланысты халықаралық гуманитарлық құқық бойынша өз міндеттемелеріне орай, қарулы қақтығысқа ұшыраған балаларды қорғау мақсатында оларға қамқорлық пен күтім көрсетудін барлық қажетті шараларын қабылдайды.
39-бап
Қатысушы мемлекеттер кез келген кемсітудің, қиянат көрсету мен қанаудың, азаптаудың немесе қадір-қасиетті қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірлеудің немесе жазалаудың, сондай-ақ қарулы қақтығыстың құрбаны болған баланың жан-тәні мен психологиясын сауықтыруға, оның әлеуметтік реинтеграциялануына септігін тигізетін қажетті шаралардың бәрін қолданады. Мұндай сауықтыру мен реинтеграция баланың денсаулығын, өзіне деген құрметті, қадір- қасиетін қамтамасыз ететін жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.
40-бап
1. Қатысушы мемлекеттер қылмыстық заңды бұзды деп саналған, заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталған немесе танылған әрбір баланың жас шамасы, оның реинтеграциялануға және қоғамда пайдалы рөл атқаруға ниеті ескеріліп, жеке басының қадір-қасиеттілігі мен маңыздылығына сенім тудыратын, басқа адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарына деген құрметті арттыратын қатынасқа құқығы бар екендігін мойындайды.
2. Осы мақсатта және тиісті халықаралық құжаттардың ережелерін назарға ала отырып, қатысушы мемлекеттер, ішінара:
а) жасаған іс-әрекет немесе әрекетсіздіктің негізінде, егер оларға қылмыс жасалған кезде ұлттық немесе халықаралық құқық бойынша тыйым салынбаған болса, онда ешбір баланың қылмыстық заңды бұзды деп саналмауын, заңды
бұзғанына кінәлі деп айыпталмауын немесе танылмауын қамтамасыз етеді;
ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫСТАР
Қатысушы мемлекеттер 15 жасқа дейінгі кез келген баланың әскери әрекеттерге қатыспауы үшін мүмкін болған шаралардың барлығын қолдануы тиіс. 15 жасқа
толмаған кез келген бала қарулы күштер қатарына қызметке шақырылмауы керек. Мемлекет, халықаралық құқықтың тиісті қағидаларына сәйкес, балаларды қамқорлыққа алуды және әскери қақтығыстардан зардап шеккен
балаларды қорғауға алуды қамтамасыз етуі тиіс.
АЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮТІМ
Мемлекет әскери қақтығыстардың, қинаудың, елемеудің, ұрып соғудың, немесе қанаудың құрбаны болған баланың денсаулығын қайта қалпына келтіру және оның әлеуметтік реинтеграциялануы үшін оны қажетті емдік шаралармен қамтамасыз етуі керек.
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЗАҢБҰЗУШЫЛАРҒА ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІН ҚОЛДАНУ
Заң бұзған бала өзінің ар-намысын, тұлғалығын оятатын және оны дамытатын лайықты ілтипат алуға құқылы. Ол, баланың жасын ескере отырып, оның әлеуметтік қайта қалыптасуына бағытталуы тиіс. Бала соттағы қорғау процесі барысында негізгі кепілдіктерге қол жеткізуге, құқықтық және басқалай көмек алуға құқылы. Мүмкіндігінше сот әрекеті мен түрмеден бойды аулақ ұстаған жөн.
ғ) қылмыстық заңды бұзды деп саналған немесе заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталған әрбір балаға кем дегенде төмендегідей кепілдіктер берілуін қамтамасыз етеді:
i) кінәсі заң бойынша дәлелденгенге дейін кінәсіздік презумпциясы;
ІІ) оған қарсы тағылған айып жөнінде жедел түрде және тікелей өзі немесе қажет болған жағдайда ата-аналары не болмаса заңды қамқоршылары арқылы хабардар болуына және өзін қорғау жұмыстарына дайындық жүргізіп, оларды жүзеге асыру үшін құқықтық және басқа да қажет көмекке ие болуы;
ІІІ) қаралып жатқан мәселе бойынша құзыретті, тәуелсіз және әділ орган немесе сот органы, заңға сәйкес қорғаушының немесе басқа тиісті адамның, егер бұл
баланың жағдайы мен жас мөлшері ескеріліп, баланың қажетті мүддесімен қарама-қайшы келмейтін болса, ата-анасы немесе заңды қамқоршыларының қатысуымен өткен тыңдау кезінде кідіртпей шешім қабылдауы;
Іv) куәгерлік жауаптар беруге немесе өзін-өзі кінәлі деп мойындауға мәжбүр етілмеу бостандығын; айыптаушы куәгердің берген жауаптарымен жеке өзі немесе басқа адамдардын көмегімен зерделеуі, қорғау куәгерлерінің тең дәрежеде қатысуы қамтамасыз етіліп, олар Берген жауаптарды зерделеуі;
v) егер бала қылмыстық заңды бұзды деп саналған болса, осыған орай қабылданған тиісті шешім мен қолданған кез келген шараларды, заң бойынша бір саты жоғары тұрған құзыретті, тәуелсіз және әділ сот органының қайта қарауы;
vi) егер бала, сот жұмысын атқаруда пайдаланылатын тілді түсінбесе немесе сол тілде сөйлей алмаса тілмаштың көмегін ақысыз пайдалануы;
vii) сотта істі қараудың қай сатысында болса да оның жеке басының өміріне құрметпен қарау.
3. Қатысушы мемлекеттер қылмыстық заңды бұзды деп саналған немесе қылмыстық заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталған немесе танылған балаларға тікелей қатысы бар заңдар мен рәсімдердің белгіленуіне, органдар мен мекемелердің құрылуына жәрдем көрсетуге тырысады, соның ішінде:
а) балалардың ең төменгі, қылмыстық заңды бұзуға қабілетсіз деп саналатын жас мөлшері белгіленуі;
ғ) қажет болған және қалаған жағдайда, мұндай балалар жөнінде істі соттың қарауына жібермей, адам құқықтары мен құқықтық кепілдіктерді шартты түрде толық сақтай отырып, осындай балалардың өтініштері бойынша шаралар қолданылуы.
4. Балаға белгілі мекемелерде көрсетілетін күтімді ауыстыратын, әл-ауқатына жағдайы мен жасаған қылмысына сәйкес қарауды қамтамасыз ету – әр түрлі жұмыс жүргізіліп, шаралар қолданылуын, мысалы, күтім мен қамқорлық көрсету, қадағалау жүргізу жөнінде ережелердің, кеңес беру қызметінің болуын, сынау мерзімі тағайындалуын, тәрбиелеу жұмыстарының оқыту және кәсіби дайындық беру бағдарламаларының болуын қажет етеді.
41-бап
Осы Конвенциядағы ешнәрсе бала құқықтарының жүзеге асырылуына зор үлес қосатын кез келген ережелерді қозғамайды және олар:
а) қатысушы мемлекеттердің заңының; немесе
ғ) осы мемлекетке қатысты атқарылып жатқан халықаралық
құқық нормаларының құрамында бола алады.
ЕҢ ЖОҒАРҒЫ НОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Егер бала құқығына қатысты нормалар, тиісті ұлттық және халықаралық заңдардағы Конвенция бекіткен нормалардан жоғары болса, онда бұл жағдайда ең жоғарғы нормалар қолданылады.
ІІ БӨЛІМ
42-бап
Қатысушы мемлекеттер тиісті және пәрменді құралдарды пайдалана отырып, Конвенцияның қағидаттары мен ережелері жөнінде ересектерді, сондай-ақ балаларды да, кеңінен таныстырып, хабардар етіп отыруға міндеттенеді.
43-бап
1. Осы қабылданған Конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттердің міндеттемелерін орындаудағы қол жеткен жетістіктерін қарау мақсатында Бала құқықтары жөніндегі комитет құрылып, ол төмендегі көзделетін функцияларды
орындайды.
2. Комитет жоғары адамгершілік қасиеттерімен және осы Конвенция қамтитын саладағы біліктілігімен жұртқа танылған он сарапшыдан тұрады. Комитет мүшелерін қатысушы мемлекеттер өз азаматтары қатарынан сайлайды және жекелей түрде қатысады, сонымен қатар географиялық әділ бөлінуіне, сондай-ақ басты құқықтық жүйелерге көңіл бөлінеді.
3. Комитет мүшелері қатысушы мемлекеттер ұсынған адамдар тізіміне енгізілгендер қатарынан жасырын дауыспен сайланады. Әрбір қатысушы мемлекет өз азаматтары қатарынан бір адамды ұсына алады.
4. Комитеттің алғашқы сайлауы осы Конвенция күшіне ену күнінен алты айдан кешіктірмей өткізіледі, бұдан сон-екі жылда бір рет өтеді. Тіпті болмағанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы әрбір сайлау күнінен төрт ай бұрын
қатысушы мемлекеттерге екі ай ішінде өз кандидатураларын ұсыну жөнінде хат жолдайды. Бұдан соң Бас хатшы қатысушы мемлекеттерді көрсете отырып, олардың ұсынған адамдарын алфавиттік тәртіппен тізімдей отырып, бұл тізімді осы Конвенцияның қатысушы мемлекеттеріне тапсырады.
5. Сайлау Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде Бас Хатшының шақыруымен болатын қатысушы мемлекеттердің отырыстарында жүргізіледі. Қатысушы мемлекеттердің үштен екісінің қатысуы кворум болып саналатын осындай отырыстарда, ең көп дауыс алған және қатысып отырғандар санының абсолюттік көпшілік дауысын және дауыс беруге қатыстырылған қатысушы мемлекеттер өкілдері санының басым көпшілік дауысын алған кандидат,
Комитет құрамына сайланған болып табылады.
6. Комитет мүшелері төртжылдық мерзімге сайланады. Кандидатуралары екінші рет қайта ұсынылған жағдайда, олардың қайта сайлануға құқығы бар. Бірінші сайлауда сайланған бес мүшенің өкілеттік мерзімі екі жылдық кезеңнің аяғында аяқталады; осы бес мүшенің аты-жөнін бірінші сайлаудан кейін, дереу жеребе арқылы отырыстың Төрағасы анықтайды.
БҰЛЖЫТПАЙ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ КҮШІНЕ ЕНУ
54-баптардың негізгі мазмұны мынадай:
(І) Мемлекет осы Конвенцияда қамтылған құқықтармен ересектерді де балаларды да кеңінен таныстыруға міндетті.
(ІІ) Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің баяндамаларын талқылау мақсатында құрамында он эксперт бар бала құқығы жөніндегі Комитет құру. Мемлекеттер өз баяндамасын осы Комитетке Конвенцияны қабылдағаннан кейін, яғни ратификациялағаннан кейін екі жылдан соң, кейін, әр бес жыл сайын тапсырып тұруы керек. Ал жалпы Конвенция, оны жиырма мемлекет ратификациялағаннан кейін күшіне енеді, демек Комитет өз кезегінде осы жиырма мемлекет Конвенцияны ратификациялағаннан кейін құрылады деген сөз.
(ІІІ) Қатысушы мемлекеттер өз баяндамаларымен қоғамды кеңінен таныстыруы керек.
(Іv) Комитет, бала құқығына қатысты нақты мәселелер бойынша арнайы зерттерлер жүргізуді ұсынуы және оның нәтижелерін оған қызығушылық білдірген әрбір қатысушы мемлекеттер мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясына жеткізуі мүмкін.
(v) Конвенцияның ойдағыдай жүзеге асырылуына септігін тигізу және халықаралық ынтымақтастықты қолдау мақсатында БҰҰ-ның мына сияқты арнайы мекемелері
- Халықаралық еңбек ұжымы
(МОТ), Халықаралық
денсаулық сақтау ұйымы
(ВОЗ), Білім, ғылым және
7. Комитеттің қайсыбір мүшесі қайтыс болған немесе жұмысты
тастап демалысқа шыққан жағдайда, я болмаса ер немсе
әйел адам қандай да бір өзге себеппен Комитет мүшесінің
міндеттерін одан әрі орындай алмайтын болса, оны ұсынған
қатысушы мемлекет қалған мерзімге Комитет құптаған
жағдайында, өз азаматтарының ішінен, басқа сарапшыны
тағайындайды.
8. Комитет өзінің меншікті рәсім ережелерін белгілейді.
9. Комитет өзінің лауазымды тұлғаларын екі жылдық мерзімге
сайлайды.
10. Комитет сессиялары, әдетінше, Біріккен Ұлттар Ұйымының
Орталық мекемелерінде, немесе Комитет белгілеген басқа
ыңғайлы жерде өтеді. Әдетінше Комитет сессияларын жыл
сайын өткізеді. Комитет сессиясының ұзақтығы анықталады
және ол қажет деп табылған жағдайда Конвенцияға қатысушы
мемлекеттердің кеңесінде Бас Ассамблея құп көрсе қайта
қаралады.
11. Комитет өз жұмысын осы Конвенцияға сәйкес тиімді түрде
жүзеге асыруы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы
қажетті персонал бөліп, материалдық қаражат беріп отырады.
12. Осы Конвенцияға сай тағайындалған Комитет мүшелері,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы белгілеген
ретпен және шарт бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымының
қорынын берілетін, Бас Ассамблея бекіткен сыйақы алады.
44 44-бап
1. Қатысушы мемлекеттер Конвенцияда танылған құқықтардың
бекітілуін қалыптастыру бойынша қадағаланған шаралары және осы құқықтарды жүзеге асыру барысында қол жеткізген прогресс туралы баяндамаларын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы арқылы Комитетке:
а) тиісті қатысушы мемлекет үшін осы Конвенция күшіне енгеннен кейін екі жыл бойы;
ғ) бұдан кейінгі уақытта, әр бес жыл сайын тапсырып отыруға міндеттенеді.
2. Осы бапқа сәйкес тапсырылатын баяндамаларда осы Конвенция бойынша міндеттерін орындау дәрежесіне ықпал ететін, әрине егер де олар бар болса, факторлар мен қиындықтар сөз етіледі. Сондай-ақ баяндамаларда Комитет сол елде Конвенцияның іске асып жатқандығын толығымен түсіндіруді қамтамасыз ететін жеткілікті ақпарат болуы тиіс.
3. Жан-жақты ең алғашқы баяндамасын Комитетке тапсырған қатысушы мемлекетке осы баптың 1“ғ” тармағы бойынша кейін тапсыратын баяндамаларында, ертерек сөз болған негізгі ақпаратты қайталаудың қажеті жоқ.
4. Комитет қатысушы мемлекеттерден осы Конвенцияның жүзеге асуына қатысты қосымша ақпаратты сұрата алады.
Мәдениет мәселесі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) және ЮНИСЕФ, Комитет мәжілісіне қатысуға мүмкіндіктері бар. Олар «құзырлы» деп танылған кез келген басқа ұйымдармен, сондай-ақ БҰҰ жанында өзінің ақыл-кеңестік мәртебесі бар үкіметтік емес ұйымдармен (НПО) және олардың БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Бас комиссары Басқармасы сияқты органдарымен қосыла отырып Комитетке қажетті мәліметтерді ұсынуы және өз кезегінде Комитеттен Конвенцияның тиімді орындалуына қатысты арнайы сұрау алуы мүмкін.
5. Комитеттің қызметі туралы баяндамалар екі жылда бір Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес арқылы Бас Ассамблеяға тапсырылады.
6. Қатысушы мемлекеттер өз елдерінде баяндамаларының кеңінен жариялы болуын қамтамасыз етеді.
45-бап
Конвенцияның тиімді түрде жүзеге асуына жәрдем етіп және осы
Конвенция қамтитын саладағы халықаралық ынтымақтастықты
көтермелеу мақсатында:
а) мамандандырылған мекемелер, Біріккен Ұлттар Ұйымының
Балалар қоры мен Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа ұйымдары
- өз өкілеттілігінің аясына кіретін, осы Конвенцияның ережелерін жүзеге асыру мәселесі қаралғанда оған қатысып отыруға хақысы бар. Комитет өзінің тиісті өкілеттілігі аясындағы салаларда ғана Конвенцияның жүзеге асуына қатысты сарапшылардың қорытындысын өзі дұрыс деп тапқан
жағдайда, мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да құзыретті ұйымдарға бере алады. Комитет, мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да БҰҰ ұйымдарын өзінің қызмет аясына кіретін салаларда Конвенцияның жүзеге асуы жайлы баяндамаларды бере алады;
ғ) Комитет, өзі дұрыс деп тапқан жағдайда, техникалық кеңес немесе көмек немесе осындай көмекке мұқтаждық бары көрсетілген, сондай-ақ осы сияқты өтініштер мен нұсқауларға қатысты Комитеттің ескертпелері мен ұсыныстары бар болса сол ескертпелері мен ұсыныстары енген қатысушы мемлекеттердің баяндамаларын мамандандырылған мекемелерге, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен басқа да құзыретті ұйымдарға жібереді.
б) Комитет, Бас Ассамблеяға, бала құқықтарына қатысты жеке мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын өзінің атынан Бас Хатшының жүргізуін сұрап ұсыныс жасай алады.
в) Комитет, осы Конвенцияның 44 және 45-баптарына сай алынатын ақпараттарға негізделген жалпы түрдегі ұсыныстар мен сипаттамалар бере алады. Осы сияқты жалпы түрдегі ұсыныстар мен сипаттамалар кез келген мүдделі қатысушы мемлекетке жіберіліп, егер бар бола қалған жағдайда қатысушы мемлекеттердің ескертпелерін оған қоса Бас Ассамблеяға хабарлайды.
23
ІІІ БӨЛІМ
46-бап
Осы Конвенция барлық мемлекеттердің қол қою үшін ашық.
47-бап
Осы Конвенция ратификациялауға жатады. Ратификациялық грамоталар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады.
48-бап
Осы Конвенция кез келген мемлекеттің оған қосылуы үшін ашық. Қосылу туралы құжаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады.
49-бап
1. Осы Конвенция, жиырмасыншы ратификациялық грамота немесе қосылу туралы құжат Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылғаннан кейінгі отызыншы күні күшіне енеді.
2. Жиырмасыншы ратификациялық грамота немесе осы Конвенцияға
қосылу туралы құжат сақталуға тапсырылғаннан кейін оны ратификациялайтын немесе оған қосылатын әрбір мемлекет үшін осы Конвенция олардың өздерінің ратификациялық грамотасы немесе қосылу туралы құжаты сақталуға тапсырылғаннан кейінгі отызыншы күні күшіне енеді.
50-бап
1. Кез келген қатысушы мемлекет өзгерту ұсынып, оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына тапсыра алады. Одан кейін Бас хатшы осы ұсыныстарды қарау және оларды дауысқа салу мақсатымен қатысушы мемлекеттердің конференциясын шақыру қажеттігі жөнінде көзқарастарын білдіруді өтіне отырып, ұсынылған түзетуді қатысушы
мемлекеттерге жолдайды. Осы хабар тараған күннен бастап, төрт ай аралығында осындай конференцияның шақырылуын қатысушы мемлекеттердің ең кем дегенде үштен бірі қолдаса, Бас хатшы конференцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында өткізеді. Конференцияға қатысып, дауыс берген қатысушы мемлекеттердің көпшілігі қабылдаған кез келген түзету Бас Ассамблеяға бекітуге тапсырылады.
2. Осы баптың 1-тармағына сай қабылданған түзету, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекітуі бойынша қатысушы мемлекеттердің ең кем дегенде үштен екісінің көпшілігі қабылдағаннан кейін күшіне енеді.
24
3. Түзету, күшіне енгеннен кейін, оны қабылдаған мемлекеттер үшін міндетті болады, ал басқа қатысушы мемлекеттер үшін өздері бұрын қабылдаған кез келген түзетулер мен осы Конвенцияның ережелері міндетті болып қала береді.
51-бап
1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы ратификациялау немесе қосылу кезінде мемлекеттер жіберген ескертпелер мәтінін жинап, басқа барлық мемлекеттерге жібереді.
2. Осы Конвенцияның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмейтін ескертпеге жол берілмейді.
3. Ескертпелер кез келген уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының атына жіберілген тиісті хабарлама арқылы алынып тасталына алады. Бас хатшы бұл жөнінде кейін барлық мемлекеттерді хабардар етеді. Мұндай хабарлама, оны Бас хатшы алған күннен бастап күшіне енеді.
52-бап
Кез келген қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының атына жіберген жазбаша хабарламасы арқылы осы
Конвенцияның күшін жоя алады. Күшін жою Бас хатшының хабарламаны алғанынан кейін бір жыл өткен соң күшіне енеді.
53-бап
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның
депозитарийі болып тағайындалады.
54-бап
Ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріндегі мәтінінің мағынасы бірдей осы Конвенцияның түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады. Осыны куәландыру үшін, төменде қолдарын қойған өкілетті өкілдер өздерінің тиісті үкіметтері атынан қажетті түрде алған уәкілеттіктеріне сай осы Конвенцияға қолдарын қойды.
1 217 А (ІІІ) қарар
2 2200 А (ХХІ) қарарға қараңыз, қосымша
3 League of Hations Official Journal, Special Supplement №21, October 1924, 43 б.
4 1386 (Х) қарар, кіріспенің үшінші тармағы
5 41/85 қарар, қосымша
6 40/33 қарар, қосымша
7 3318 (ХХІХ) қарар
Құқық
Құқық деген не?
Құқық — заңда көрсетілген заңдардың жиынтығы және басқа нормативтік актілерде адам құқығы — нақты құқығы – бұл мемлекет қамтамасыз ететін, қорғайтын, не жасауға болатындығы көрсетіледі. Бұл құқықтарға адам туғаннан бастап ие болады.
Адам құқығын негізгі норма бойынша анықтауға болды, олсыз адамдар лайықты өмір сүре алмайды. Адам құқығы бостандықта, әділдік пен бейбітшілікте жатыр. Адам құқығының даму тарихы бостандық үшін күреспен және барлық әлемдегі теңдікпен байланысты.
Адам құқықтары тең барлық адамдардың нәсіліне, жынысына, діни сеніміне, саяси немесе басқа көзқарасына, ұлтына немесе шығу тегіне қарамастан. Біз барлығымыз еркін және тең дәрежеде өмір сүруге құқылымыз. Бірақ барлық уақытта олай болған емес: тек қана ұл балалар оқыды, ал қыздардың білім алуға құқығы болған жоқ, олар қоғам өміріне араласа алмады. Сонымен қатар, қоғам өміріне барлық адамдар араласа алмады, себебі олардың шыққан тегі қарады, жай қарапайым шаруаның сөзіне құлақ асқан, оның дауысы болған емес.
Адам құқығын сатып алуға, еңбек сіңіріп алуға немесе мұрагерлікке алуға болмайды, оған адам өмірге келген бастап ие болады. Әр адамды адам құқығынан бөліп қарай алмаймыз, ол оның бір бөлігі тәрізді.
Адам құқығын тартып алуға болмайды, ешкімде басқа адамның құқығын қандай себеп болса да айыра алмайды. Адамдарды елі оны құқығыннан айырса да, оның құқығын ешкім тартып ала алмайды. Адам құқығы оның бір бөлігі болып табылады.
Лайықты өмір сүру үшін барлық адамдар еркін өмір сүруге құқылы. Егер бір құқығынан айырсан, онда басқа құқығын да жоқ. Егер мемлекет адам өмір сүру құқығын сақтай алмаса, онда басқа құқықтардың маңызы болмайды.
Қандай тарихи жағдайлар, оқиғалар адамдардың бостандық пен теңдік үшін күресімен байланысты?
Адам құқығына байланысты, адам өмірін құрметтеу және оның адамгершілігін. Ол туралы көптеген әлемнің діндерін де және философиядан кездестіруге болды. Мысалға, христиандық 10 інжіл өсиет бар. Өсиет «өлтірме» адам өмірін құрметте дейді, «ұрлық жасама» басқаның жеке меншігін сыйла дейді.
Адам құқығы заңды түрде францияда 1978 жылы азамат және адам құқығы Декларациясында бекітілді, бірақта ХХ ғасырға дейін көптеген елдерде адамның құқығы оның шыққан тегі мен адамның қоғамдағы алатын орнына байланысты болды.
Тек қана ХХ ғасырда, екі дүниежүзілік соғыстың шығындарынан кейін, геноцид, ызғарлы соғыс ағымынан соң, терроризм мен адамзатты құруға әкеп соққан соң адам құқығы құны бағаланды, адам құқығы институтынан басқа қорлық пен рақымсыздыққа қарсы тұру мүмкін еместігін көрсетті.
Қандай тарихи қиын жолдан адамзатқа өтуге тура келді, осы институтта балалар ерекше орын алатындығы дәлелдеу үшін, ерекше құқықтық қорғау нысаны болып, қолдау мен қорғауды қажет ететіндігін дәлелдеу үшін?
Достарыңызбен бөлісу: |