Қызылорда облысы Мазмұны


Қорқыт Ата мемориалдық кешені



бет2/4
Дата21.11.2022
өлшемі4.46 Mb.
#465318
түріҚұрамы
1   2   3   4
139415.pptx

Қорқыт Ата мемориалдық кешені
Қорқыт Ата ескерткіш кешені Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 шақырым жерде, Қорқыт станциясына жақын табиғи төбе үстінде орналасқан. Қорқыт Ата ескерткіші – сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Кешеннің құрылысы 1980 жылы басталды. Авторлары – Б.Ә. Ибраев, С.И. Исатаев.
1997 жылы ескерткішті қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Амфитеатр, қылует, қошқар мүсінінен тұратын тұтас сәулеттік ансамбль жасалып, мемориалдық кешенге айналды.
2000 жылы кешен жанынан музей және әкімшілік ғимараты ашылып, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы ретінде қызмет көрсетіп келеді.
Жанкент – оғыздардың астанасы, ХІХ ғасыр
Жанкент қорғаны - республикалық сипаттағы археологиялық ескерткіш. Қазалы ауданы территориясындағы Өркендеу ауылдық округінің орталығына іргелес жатқан биік төбе сияқты топырақ басқан қорғанның орнында VІІ - ХІV ғасырларда Жанкент, Янгикент қаласы өмір сүрген. Түрікмен тарихшысы Абұлғазы Баһадүрдің айтуынша, оғыз еліне жүздеген жыл астана болып келген, Сыр өзенінің аяғында тұратын ұлы мұра - Жанкент қаласы еді. Оғыздар осы жерді ерте заманнан мекендеп, патшалары астана қала - Жанкентте отырған. Жанкент шаһары Сыр өзенінің сол жақ бетінде, Қазалы қаласынан 15 шақырым жерде жатыр.
Айқожа кесенесі, XVI - XVII ғасыр
Бұл құрылыстың фундаменті ретінде күйген кірпіш тұр, оның жалпақтығы 20см. Фундамент астына 20см тереңдікте тас бетон қойылған фундаменттің жан жағынан 50см қиыршық тас салынған қалаудың материалдық жағдайы қанағаттандырарлық, ешқандай қайта жасау қажетсіз, барлығы жөндеу барысында қалпына келтірілді. Қабырғалар күйдірілген саз кірпіштен қаланды. Қабырғаларының қалыңдығы 1,4 м, жөндеу жұмыстары атқарылып пайдаланылуға берілді.
Мақұл Там, XIX ғасыр

Мақұл-Там кесенесі Қызылорда облысында орналасқан, 19 ғасырдың соңында салынған. Діни мағына беретін ғимараттардың сәулет өнері болып табылады. Кесене, жалпы қарағанда екі күмбезді ғимарат болып, ішкі қуыс бөлмелері екі қабатты болып жасалған. Ұзындығы мен ені 11,46х7,0 м, алдынғы бөлмесінің биіктігі 4,3 м, ал жалпы биіктігі 8, 775 м. Қабырғалары 320х150х65 мм пішініндегі күйдірілген кірпіштен қаланған. Қабырғалардың жер дейінгі жалпы биіктігі 4,3 м. Сырткы қабырғаларының қалындығы 2,5 кірпіш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет