Қызылорда облысы Мазмұны


Сырлытам кесенесі, ХІІ ғасыр



бет3/4
Дата21.11.2022
өлшемі4.46 Mb.
#465318
түріҚұрамы
1   2   3   4
139415.pptx

Сырлытам кесенесі, ХІІ ғасыр
Қызылорда облысы Қарамақшы ауданында Тағай ауылынынан солтүстік-шығысқа қарай 16 шақырым жерде VII-VIII ғасырларының бірегей сәулет ескерткіші Сырлытам кесенесі орналасқан.
Кесененің нақты салыну мерзімі жайында тікелей дәлел жоқ, дегенмен ғалымдардың айтуынша, оны сәулет ерекшеліктері көрсетіп тұр. Бұл кәдімгі біркамералы бетше босағалық-күмбезді шатыр жабыны бар кесене бар. Ішкі күмбезі сфероконустық болып келеді, ал сыртқысы аласа сегіз қырлы барабанның үстінде орналасқан сегіз қырлы мұнараның формасына ие. Бетше босағасы тым үлкен емес, түрі мен құрылысы жағынан ол сүйір доғалы кіретін текшесі бар бас қасбетінің қабырғаларына ұқсас. Осы кесене солтүстік түркістандық құрылысшыларының сәулет өнеріндегі қиын ізденістерін дәлелдейтін, барабан үстінде көтерілген шатыр күмбезінің бар болуымен сипатталатын ортағасырлық кесененің ерекше тобынан шыққан.
Шырық-Рабат ескі қаласы, б.з.б. IV-II ғғ.
Қызылорда қаласынан 300 шақырым жерде, Жаңадария өзенінің ескі арнасының сол жағасында аты аңызға айналған Шырық-Рабат қаласы орналасқан. Шырық-Рабат археологиялық ескерткіші бірнеше тарихи дәуірлердің нысаны ретінде зор ғылыми маңызға ие болып табылады. Бірегей қала сақ кезеңіне жатады, ол қаланы тегіс жазықта көтеріп, жаулардан қорғап тұрған сияқты биік төбешіктің үстінде салынған.
Шырық-Рабат солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған, ауданы 850х600 м. құрған табиғи төбешіктің алаңын алып жатады. Ескі қала мықты фортификациялық жүйесімен бекітілген. Төбешіктің іргетасы жанында ені 40 м., тереңдігі 4,5 м. құрайтын ор қазылған. Ордан мықты сыртық дуал салынған, оның биіктігі 3 м дейін, негізіндегі ені 8-10 м құрайды. Ордың ішкі периметрі бойымен де дуал орналасқан, осыдан басқа төбешіктің жоғарғы нүктесі дуалдың үшінші қатарымен қоршалған.
Оқшы-ата кесенесі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жөлек ауылынан 7 шақырым жерде орналасқан.
Адамдар Оқша-атаның зиратына, әулиенің аруағына құрмет көрсетуге, киелі құдықтан су ішуге барады. Құдықтың суы киелі. Кейде шелек құдықтан сусыз немесе топыраққа толып шығады. Тіпті, шелек құдықтың түбінде қалып қоятын кездері де болады. Бұл – сол шелекті салған адамның күнәлары көп екендігін білдіреді. Сондықтан, күнәсінан арылу үшін ол адам көп жақсылық жасауы тиіс. Әулие Оқша-ата құдығының киелігіне күмән жоқ. Кесене сазды лайдан, күйдірілген кірпіштен қаланды. Кесене қабырғаларының қалыңдығы – 1,1-1,2 м. Іргетасы – жерге 0,8 м тереңдікке енгізіліп, күйдірілген кірпіштен қаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет