Оқшы-ата кесенесі, XVIII ғасыр
Алтынасар – көне қала орны. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қуаңдария өзенінің ескі арнасының бойында орналасқан. Ежелгі аты белгісіз. Алтынасар қала жұрты б.з. I-IV ғасырларында өмір сүрген, көлемі 17 га жерді алып жатқан, төрт бас ғимараттары бар өте ірі қала. Қала бірнеше қабаттардан тұратын күрделі құрылыстардан салынған.
Жота басында екі төбенің сұлбасы айқын байқалады. Біріншісі «Үлкен үй» аталады, аумағы 150х150 м, биіктігі 12–15 м. Мұнда негізінен тұрғын үйлер болған. Екінші төбе «Кіші үй». Жүргізілген қазба жұмыстары қаланың төмендігі қабаты 1–8 ғасырлларда салынғанын анықтады. Бөлмелерде суфалар мен еден үстіне орнатылған ошақтар сақталған. Олардың бөренелермен, қамыстармен жабылған төбесі жайпақ болғандығы анықталды.
Алтынасар көне қаласы
Жетіасар көне қаласы
Жетіасар — б.з.б. 3-1 ғасырлардағы қаңлы тайпалары қоныстарының орны. Жосалы темір жол стансаның (Қызылорда облысы)маңындағы бір-біріне жақын бірнеше қоныстардан тұрады. Осы қоныстардың бірі көлемі жағынан үлкен, орташа қоныс болып, онда тайпа ақсүйектері тұрғанға ұқсайды. Соңғы жылдары оның орнын қазғанда, сол кезде салынған үйлердің қабырғаларынан әдемі ою-өрнекті әшекейлер табылды. Осы аймақты мекендеген қаңлылар Қаратау мен Сырдарияның орта саласында да тұрған. Ертедегі қытай деректеріне қарағанда, олардың тайпалық бірлестігі бес “кіші иеліктен” құрылған. Қоныстарда 120 мыңдай түтін немесе 600 мыңдай адам болған.
Сығанақ қаласы
Сығанақ, Сунақ – ортағасырлық қала орны. Қызылорда облысы Төменарық тау жыныстары стансасының солтүстік-батыс жағында 10 км жерде орналасқан.
Қаланың қазіргі орны 10 га жерді алып жатқан үлкен бес бұрышты төбе. Жан-жағында көптеген үйінділер, ертеде су жүргізілген құрылыс іздері сақталған. Археологиялық қазба барысында табылған заттарға қарағанда Сығанақ VI – XVIII ғасырларда өмір сүрген.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |