Сығанақ, Шірік, Рабат және Жанкент қалашықтарының орнында археологиялық зерттеу және Сығанақ, Жанкент қалалары мен Сауысқандық жартас бейнелерінЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұрасының тізіміне енгізу жұмыстары жалғастырылды.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында жергілікті атқарушы органдардағы құжат айналымында мемлекеттік тілді қолдануды 100 пайызға жеткізужұмыстары жүргізілуде. Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Ана тілім – қасиетім, ардағым» облыстық фестивалі ұйымдастырылды.
Еліміз2015 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының20 жылдығын атап өтті.Ұлтаралық бірлік пен қоғамдық келісімді одан әрі нығайту мақсатында «ҚХА-20 қайырымды іс», «Тайқазан», «Асар», «Қайырымдылық керуені», «Менің Қазақстаным» пойызы, «Ұлы Дала Елі» республикалық экспедициясы, «Мың бала» республикалық жобасы, «Сыр елі-достық мекені», «Бірлігіміз жарасқан» облыстық достық керуендерішеңберінде көптеген қайырымдылық шаралары өткізілді. Түрлі әлеуметтік топтар арасында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын насихаттау, қоғамдық келісім және аналар кеңестерінің, толеранттық клубтарының қызметін жетілдіру жалғасты.
Қазақстан халқы ассамблеясы жылы шеңберінде өткізілген шараларға облыс тұрғындары, зиялы қауым, ұлттық мәдени бірлестіктер, үкіметтік емес және жастар ұйымдары, мемлекеттік мекемелер, еңбек ұжымдары мен білім беру ұйымдарының өкілдері белсенді түрде қатысты. Жыл бойы 2604іс-шара өткізілді. Тек «Қазақстан халқы Ассамблеясы-20 қайырымдылық іс» акциясы шеңберінде353шара өткізіліп, оған 43 694 адам қатысты. Шара аясында 36 489 мұқтаж жандарға 103,7 млн.теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 24 жылдығы қарсаңында Қызылорда қаласында облыстық «Достық үйі» ашылды. Онда барлық 11 этномәдени орталық, сондай-ақ Ассамблеяның ардагерлер кеңесі мен аналар кеңесі орналасты. Жаңа Достық үйінде 230 орындық концерт залы, мәжіліс залы бар,Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін насихаттауға арналған түрлі іс-шараларөткізуге барлық жағдайжасалған.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылында қызылордалықтар 12 республикалық конкурстарда жүлделі орындар иемденіп, Гран-при және басқа датүрлі номинациялар жеңіп алды.
Денсаулық сақтау.
2015 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға 30,2 млрд. теңгеқаржы бөлінді. Бұл облыс бюджетінің 17%.
2015 жылы денсаулық сақтау саласындағы негізгі басылымдықтар ретінде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасы мен қолжетімділігін көтеру, онкологиялық, қанайналым жүйесі дерттері, туберкулезге шалдыққан науқастарды азайту, сондай-ақ жоғары мамандандырылған медициналық көмекті дамыту анықталды.
Осыған байланысты, өткен жылы Жалағаш кентінде ауысымына 250 келушіге арналған аудандық емхана және Арал ауданының Сексеуіл кентінде ауысымына 100 келушіге арналған ауылдық емхана пайдалануға берілді.Бұл ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің сапасын және қолжетімділігін арттырды.
Жаңақорған ауданының Түгіскен ауылында дәрігерлік амбулаторияның және Жаңақорған кентіндегі ауысымына 250 келушіге арналған аудандық емхананың құрылысы басталды.
Қызылорда қаласында 200 төсекке шақталған облыстықкөпсалалы балалар ауруханасының құрылысы жалғасты.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы наркологиялық диспансердің «А» блогында қайта құру жұмыстары, Тасбөгет кентіндегі қалалық туберкулезге қарсы диспансерде күрделі жөндеу жүргізілді.
Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 150 төсектік аудандық орталық аурухананың, Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі ауысымына 250 келушіге арналған емхананың, Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі, Жаңақорған ауданы Төменарық және Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал елді мекендеріндегі ауылдық ауруханалардың, сондай-ақ 21 дәрігерлік амбулаторияның жобалау-сметалық құжатарын дайындауаяқталды. Осы жобаларды ілгерілетуге арналған жұмыстар басталды.
Арал ауданы Арал қаласындағы 150 орындақ аудандық орталық аурухана құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын дайындаужұмыстары басталды.
Аурулардың алдын алу және ерте анықтау мақсатында қант диабетін, қан айналымы жүйесі ауруларын, глаукоманы, сүт безін, жатыр мойнында, қуықасты безінде, асқазанда, бауырда жаңадан пайда болған ісіктерді анықтауға арналған скрингтік тексерулер жүргізу жалғасты. Бұл мақсатқа бюджеттен шамамен 195 млн. теңге бөлінді. Жыл бойы скринингтік тексерулерден 247 мыңнанастам адам өтті.
Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлімді және мүгедектікті азайту үшін жоғары мамандандырылған медициналық көмектіңқолжетімділігіне жағдай жасалуда. Облыстық кардиохирургиялық орталық ашылғаннан бері (2009 жылы) 4 мыңнан астам ота, оның ішінде 599-ы ашық жүрек отасыжасалды, 5299 рет коронография жүргізіліп, 1483 науқасқа стент (арнайы каркас, патологиялық процестер нәтижесінде кішірейген жүрек тамырларын кеңейтеді) қойылды. 2015 жылы ашық жүрекке 92 ота жасалып, 35 емделушіге электрокардиостимулятор қойылды.
2015 жылы облыстық медициналық орталықтағы инсульт орталығында жоғары мамандандырылған оталар енгізілді: ми тамырларына аневризм эмболизациясы, ұйқы артериясына оталары жасалды. Мұндай оталар бұған дейін тек Астанадағы республикалық нейрохирургиялық орталықта ғана жасалып келді.
Облыстық медициналық орталықта ми тамырларына кіші инвазив тәсілімен 27, омыртқаға 72, ми ісігін алудың 34 және жұлынға 4 ота жасалды.
Сондай-ақ, емделушілерге онкологиялық көмекті жетілдіру мақсатында асқазанға, ішек пен өкпеге күрделі оталар жасалуда. Жарақаты бар емделушілерге блоктаушы остеосинтезоталары сәтті жасалуда.
Жүргізілген жұмыстар облыс тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және облыстан тысқары жерлерден хирургиялық көмекалушылар санын 10 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді.
Өңірде экстракорпоралды ұрықтандыру тәсілін енгізу үшін облыстық перинатальдық орталықтың 3 маманы Алматы қаласындағы «Акушерлік, гинекология және перинатология институтында»оқудан өтті.
Байқоңыр қаласы аумағында тұратын Қазақстан азаматтарын мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында Ресей тарапымен Байқоңыр қаласында облыстық медициналық орталықтың 120 төсектік филиалын ашу туралы келісімге қол жеткізілді. Филиал тұрғындардың нейроинсульттік, офтальмологиялық, отоларингологиялық көмекке деген сұранысын ескере отырып құрылады.
Туберкулездің мультитұрақты түрімен ауыратын науқастарды сауықтыруға әлеуметтік көмекберу тәжірибесі жалғасуда. 2015 жылы 1088 науқас 122 млн.теңге көлемінде көмек алды.
Облыстық медициналық орталық базасында медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында 2015 жылдың қазан айында жергілікті бюджет есебінен біртұтас медициналық ақпараттық СаІІ (хабар алу)орталығыашылды. Оны ашудағы негізгі мақсат– азаматтарғасапалы медициналық көмек алумен құқықтары туралы ақпарат беру, емделушілер құқықтарының бұзылуындер кезінде алдын алу және оларға жол бермеу. СаІІ-орталықтың үш ай жұмысы нәтижесінде Аумақтық медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне арызданушылар санын 46,8 пайызға азайды.
Қазақстан Республикасы бойынша жалпы өлім-жітімнің 52% құрайтын жағдайлардағы (ана мен бала, онкология, жарақаттану, жіті инфаркт миокарді, инсульт) медициналық көмекті жақсарту мақсатында, сондай-ақ жедел-жәрдем және санитарлы авиация қызметтерін дамытудың жол қарталары әзірленді.
Қолданылған шаралар нәтижесінде:
2015 жалпы өлім көрсеткіші14,7 пайызға төмендеді;
нәресте өлімі көрсеткіші5 пайызғакеміді;
туберкулезден қайтыс болғандар көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 4,1 пайызды құраса, 2014 жылы ол 5,2 пайызды құраған, яғни 21 пайызға пайызға төмендеді;
туберкулезбен науқастану көрсеткіші 5,6 пайызға төмендеді, 100 мың тұрғынға шаққанда 76,8 пайыздан 72,5 пайызға азайды.
Ана өлімі мәселесі әлі де ерекше назар талап етеді.
2015 жылы ана өлімі көрсеткіші 100 мың тірі туылғанға шаққанға 46,8 пайызды құрады (2014 жылы 5 пайыз). Ана өліміне әкелетін негізгі себептер қатарында жүктілік және босануды асқындыратын экстрагенитальді аурулар тұр.
Ана және сәби өлімін азайту мақсатында қалалық перинаталдық орталықта 2016 жылдың қаңтарындасәбидің құрсақтағы жағдайына мониторинг жасайтын станция енігізілді. Ол қауіпке уақытылы диагностика жасау және жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Телемедицина кеңінен қолданылуда. Облыстық медициналық орталық жанындағы санитарлық авиация бригадалары 2015 жылы қосымшаакушер-гинекологтармен, анестезиологтармен,неонатологтарментолықтырылды. Аудандық босану бөлімшелерінде акушер-гинекологтардың, анестезиолог-реаниматологтардың тәулік бойы кезекшіліктері ұйымдастырылды.
Босанғаннан кейін оңалту бөлімшесін ашу қарастырылды. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті бюджет есебінен облыстық перинатальдық орталықта 30 орындық босанудан кейінгі оңалту бөлімшесі ашылды.
Медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру мақсатында 459 дәрігер мен 1091 орта-медициналық қызметкер біліктілігін көтерді. Сонымен бірге, медициналық мекемелер базасында 14 мастер-класс өткізілді.
Білікті медициналық кадрлар дайындау және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін 2015 жылдың маусымында облыстық медициналық орталықтың оқу орталығы негізіндеС.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің филиалы ашылды. Интернатуралық дайындықтан 44 маман өтті.
ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ
2015 жылы өнідіріс өнімінің көлемі 605,6 млрд. теңгені құрады, ол өткен жыл көрсеткішінен 9,8%-ға кем. Бұл жұмыс істейтін мұнай кеніштері қорының сарқылуымен, мұнай өндіру көлемінің және оның әлемдік бағасының төмендеуімен байланысты. 2015 жылы 9 млн. тонна мұнай өндіріліп, 2014 жылмен салыстырғанда 9,5%-ға кеміді. Мұнайдың бір баррелінің бағасы 3 еседен аса төмендеп кетті.
Сонымен қатар, азық-түлік, химия және металлургиялық өндірістің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінің өсуі қамтамасыз етілді. Оның физикалық индекс көлемі 100,2 пайызды құрады (84,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді).
Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы аясында (2010-2014 жылдар) жалпы құны 82 млрд. теңге болатын 17 жоба іске асырылып, 1000-нан астам жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 2015 жылы 14 жоба өнім шығаруды қамтамасыз етті.
Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында (2015-2019 жылдар) жалпы құны 466,9 млрд. теңге болатын, 6 мыңдай жұмыс орнынқұратын41 жобаны іске асырылуда. Оның ішінде өңірлік индустрияландыру картасы шеңберінде 39 жоба іске асырылуда.
2015 жылы олардың арасынан жалпы құны 2,3 млрд теңге болатын 5 жоба іске асты. Бұл жобалар 250-ден аса адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Атап айтқанда:
1) 2015 жылы Қызылорда қаласындамемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе отырып, агроөнеркәсіп саласындағы жоба–«Жан Арай Жем» ЖШСагрокешенііске қосылды. Жалпы көлемі жобаға 6 млрд. теңгедей инвестицияланды.
Агрокешен аумағында индустрияландыру картасы шеңберінде«Құрама жем зауыты құрылысы» жобасы іске асырылды. Жоба құны 375,9 млн. теңге, қуаттылығы – тәулігіне 80 тонна құрама жем. Өндірісте 60-тай адам тұрақты негізде жұмыс істейді.
Бұл мал атаулының қай түріне де қажетті жем түрімен қамтамасыз ететін Қызылорда облысындағы алғашқы құрама жем зауыты.
Өңірде мал шаруашылығының дамуына байланысты және осы уақытқа дейін барлық дерлік жем түрлері сырттан тасымалданып келгендіктен жоба ерекше маңызға ие. Себебі көптеген шаруашылықтарда сауын малдың қыстағы рационының70-75% құнары аз қамыс шөп болып келді.
«Жан Арай Жем» ЖШС құрама жем зауытының өнімі сырттан тасымалданатын жемге қарағанда арзан болғандықтанфермерлер жем сатып алуда үнемдейді. Сондай-ақ, бұл жоба мал өнімділігінің артуына оң әсерін тигізеді. Сонымен бірге, жобаның іске асуы текмал шаруашылығына ғана емес, оған қоса балық және құс шаруашылығына да үлкен көмек болары сөзсіз.
Зауыттағы барлық құрал-жабдықтары Германиядан, PETKUS Technologie GmbH. компаниясымен ынтымақтастықтың шеңберінде алынған. Аталмыш компания дәндерді механикалық тазалау техникасын шығарушы және дәндерді даярлау, астықты өңдеу мен сақтау құрал-жабдықтарын жеткізуші жетекші компания саналады.
Сонымен бірге, осы агрокешеннің аумағында қуаттылығы 150 тонналық заманауи, халықаралық талаптарға сай күріш өңдеу зауыты, шикізат және дайын өнім сақтайтын қоймалар,автотаразы іске қосылған. Өзінің жеке темір жол тұйығы салынып, зертхана және өнімді қаптайтын цехы бар. Алдағы уақытта ұн тартатын диірмен және макарон, консерві өндірісін іске қосу жоспарланған.
2)«РМЗ Шапағат» ЖШС-ның«Үй құрылысы комбинаты» жобасы. Комбинат 2015 жылғы желтоқсан айында Мемлекет Басшысының қатысуымен «Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы. 2015-жылдың қорытындылары» жалпыұлттық телекөпірі барысында іске қосылды. Жоба құны 1454 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 80 мың текшеметр темір-бетон бұймдары немесе 35 мың шаршы метр қаңқалы-панельді тұрғын үй. Өндіріс 68 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
«БРК-Лизинг» АҚ-ы, «WELLER» неміс компаниясы және «РМЗ-Шапағат» ЖШС арасында жасалған келісімге сәйкес кәсіпорынға еуропалық стандартпен салынатын қаңқалы-панельді, ірі панельді үйлер құрылысына пайдаланылатын құрастырылмалы темірбетон және бетон бұйымдар шығаратын технологиялық желі жеткізілді.
Жаңа кәсіпорын заманауи сапа талаптарына жауап береді және өнімдерінің кең көлемдегі ассортиментімен ерекшеленеді: тауарлы бетон, қуыс тақта, қабырғалық панель, қаңқа элементтері (бағана, арқалық, ригель) баспалдақтар, вентиляция шахтасы және т.б темір-бетон бұйымдары.
Үй құрылысы комбинатының ерекшелігі – тез салынатын үйлер құрылысын жүргізе алуында. Үлкен көп қабатты үйді комбинат бар болғаны 3-4 айда салып бітіре алады. Құрылыстың қысқа мерзімде жүруі есебінен құрылыстың өзіндік құны төмендейді, сәйкесінше пәтер бағасы да төмен болады. Келешекте облыс орталығында Сырдария өзенінің сол жақ жағалауының дамуын есепке алсақ, бұл өте маңызды жоба.
3)«Казэнергосбережение» ЖШС-ның«LED жарықтандыру құралдарын шығару» жобасы. Жоба құны 98,3 млн. теңге, қуаттылығы жылына 31,2 мың дана өнім. Өндіріс 30 адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Жасыл экономика» қағидаларына сәйкес келетін жаңа өндіріс қазіргі нарықтық жағдайда жоғары сұранысқа ие, себебі ол электрэнергияны 3 есе үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, диодты жарық шамдарының қызмет ету мерзімі қарапайым аналогтарынан әлдеқайда ұзақ.
Осы өндірісте шығарылатын жарық шамдарын тұрғын үйлерде, қоғамдық орындарда, кеңселік ғимараттарда, жол бойында және т.б. орындарда пайдалануға болады.
4)«Максима логистикс Қазақстан» ЖШС-ның«Керамикалық кірпіш шығару зауыты құрылысы»жобасы. Жоба құны 300 млн теңге, қуаттылығы жылына 15 млн. дана кірпіш. Кәсіпорын 50 адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорын кірпішті автоматты түрде жинайтын технологиялық желімен жабдықталған. Процестің көп сатылы болуына қарамастан, пульт арқылы бұл процесті бір-ақ адам басқарады. Бұл желі құю және күйдіру кезеңдерінде ақаулы өнім шығуына жол бермейді.
5)«Тоғыз Аралотын» ЖШС-ның«Күйдірілген кірпіш өндірісі» жобасы. Жоба құны 30,8 млн. теңге, қуаттылығы жылына 4 млн. дана кірпіш. Кәсіпорын 45 адамға дейін жұмыспен қамтуда.
Бүгінгі күні Арал ауданына кірпіш Ақтөбе облысынан және Қазалы ауданынан жеткізіледі. Жаңа зауыт тұрғындар мен кәсіпорындарды өз өнімімен қамтамасыз ететін болады.
Сонымен қатар, 2016 жылдың қаңтарында Қызылорда қаласында «Газ Трейд» ЖШС-нің «Газ құю бекетінің құрылысы» жобасын іске асыру аяқталды. Жоба құны 380 млн. теңге, қуаттылығы жылына 3,4 текшеметр, өнімділігі - сағатына 100 автокөлікке дейін. Жобаны іске асыру 27 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
Газ құю стансасында көптеген мемлекеттерде қолданылатын, әлемдік бренд – аргентиналық «Aspro» фирмаcының қондырғылары орнатылған. Оның артықшылықтары – ауа райына төзімділігі, жоғары технологиялығы және қауіпсіздігі.
Бұл автокөлікке сығылған табиғи газ құятын Қызылорда облысындағы бірінші және Қазақстандағы екінші газ құю стансасы.
Жанармайдың бұл түрі - бензиннен анағұрлым арзан және қоршаған ортаға канцерогенді заттардың шығуын үш есеге дейін азайтады.
Республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде «Бәйтерек»ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ы, «Қазақстанның Инвестициялық қоры» және американдық «StewartEngineers» компаниясы бірлесіп, «Қызылорда қаласындағы шыны зауыты құрылысы» жобасын іске асыру жұмыстары жалғасты.
Болашақ зауыттың ең ірі нысаны - дайын өнімдер қоймасының құрылысы жоғары қарқынмен жүруде. Қойма іргетасын құю толығымен аяқталып қалды, сонымен қатар қойманың металлконструкциясын құрастыру жүріп жатыр.
Сумен жабдықтау және телефон желісін (талшықты-оптикалық кабель) жүргізу толығымен аяқталып, теміржол желісі астынан газ құбыры өткізіліп болды.
2016 жылдың алғашқы жартысында технологиялық қондырғыларды жеткізуді бастау, ал 2017 жылы өндірісті іске қосу жоспарланған.
Зауыт жыл сайын 197 мың тонна шыны табақшаларын немесе тәулігіне 600 тонна дайын өнім шығаратын болады. Қажетті шикізаттың 95 пайызы - кварц құмы, доломит, әк тасы облыста өндірілетін болады. Өнімнің 70 пайыздайы ішкі нарыққа, қалғаны экспортқа шығарылады деп жоспарлануда.
Арал қаласында кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт құрылысы жобасының техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу аяқталды. Бұл шыны өндірісінде пайдаланылатын тағы бір компонент. Өңірді дамытудың стратегиялық басымдықтарына сәйкес тау-кен металлургиялық кешенін құру жөніндегі жұмыстар жалғастырылды.
2014 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірге құқық белгілеу құжаттарын ресімдеу аяқталып, «Шалқия» қорғасын-мырыш кенін қалпына келтіру процесі басталды. 2015 жылы кеніштегі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 2016 жылдың көктемінде кен байыту комбинаты құрылысын бастау жоспарлануда.
Металлургия өндірісінде кеңінен қолданылатын кен байыту комбинатының өнімдерін гидрометаллургиялық әдіспен өңдеп, құрамында қорғасын, мыс, күміс және басқа да сирек кездесетін металдары бар металды мырыш пен қорғасын кегін алу жоспарлануда. Ол үшін кен байыту комбинатының жанынан гидрометаллургиялық зауыт салынатын болады, жобаның техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу басталды.
Аталған жоба 2015 жылы индустрияландырудың республикалық картасына енгізілді.
Немістің «ICMD» компаниясымен Қызылорда қаласында арнайы және кешенді қорытпа шығаратынферроқорытпа зауытын салу туралы келісімге қол жеткізілді. Кәсіпорын жылына 160 мың тоннаға дейін аз аллюминилі ферросицилий шығаратын болады. Бұл компонент металлургиялық өндірісте қоспа түрінде (сапасын арттыратын қоспа) жоғары сұранысқа ие.
Зауыт академик А.А.Жәрменовтің басшылығымен «Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының» ғалымдары шығарған инновациялық технология негізінде жұмыс істейтін болады.
Жобаның техника-экономикалық негіздемесі әзірленді. Болашақ кәсіпорын үшін Қызылорда қаласындағы индустриялық аймақтан жер телімі бөлініп, қажетті инфрақұрылымдар жүргізілді.
Бала-Сауысқандық ванадий кен орнын игеру жұмыстары жалғастырылды. Жобаның тәжірибелік-өндірістік әзірлеу кезеңі аяқталып қалды, кәсіпорын құрылысын бастаудың дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Шиелі кентінде тампонаждық цемент өндіретін зауыт құрылысы жобасын іске асыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, осы жылдың көктемінде қытайлық әріптестермен бірге бұл ірі жобаны іске асыру да басталады.
Тампонажды цемент мұнайгаз және уран өндірісінде бұрғылау кезінде ұңғыманы жер асты суларынан оқшаулау үшін қолданылады. Цементтің бұл түрін жалпы құрылыс жұмыстары үшін де пайдалануға болады. Бұл қамыр іспеттес сұйық цемент. Цемент ұңғымаға жіберіліп, майда тесіктерді толтырады және бірден қата бастайды. Ол өз кезегінде ұңғыманы цементпен бекітудің сапасын арттырады және оның пайдалану мерзімін ұзартады.
Жоғары экологиялық сипаттағы К4, К5 классты мотор майларын өндіретін зауыт құрылысы жөніндегі жобаны іске асыру мәселелері қаралды. Нәтижесінде, жоба өңірлік индустрияландыру картасына енгізілді. Зауыт құрылысын 2016 жылдың жазында бастау межеленіп отыр.
«Қазақстан темір жолы» АҚ-ң жылжымалы құрамы үшін қосалқы бөлшектер мен жинақтаушылардың, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ы, агроөнеркәсіп секторы кәсіпорындары мен мұнай саласы үшінқалыптан тыс қондырғылар мен агрегаттар шығару мақсатында Қызылорда қаласындамашина жасау зауыт құрылысы жобасыныңтехника-экономикалық негіздемесі дайындалды. «Байқоңыр» ӘКК» АҚ және «Дорстрой» ЖШС жобаны іске асыру үшін қосымша инвесторлар тарту мүмкіндіктерін қарастыруда.
Инвесторлар тарту және өңірде жаңа өндірістер ашу мақсатында 2015 жылдың сәуірімен желтоқсан айларындаV жәнеVI «Байқоңыр-Инвест» инвестициялық форумдары өткізілді. Соңғы үш жылда өткізілген алты инвестициялық форум шеңберінде барлығы 70-тей әріптестік туралы шарттармен меморандумдарға қол қойылды. Облыс экономикасына 100 млрд. теңгеден астам тікелейинвестиция тартылды.
Кәсіпкерлікті дамыту.
«Бизнестің жол картасы-2020»шеңберінде өндірістік инфрақұрылымды дамытуға және кәсіпкерлікті қолдауға 2015 жылы 2,6 млрд теңге бағытталды, ол 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 77 %-ға артық.
Атап айтқанда, 2015 жылы жалпы құны 4,1 млрд теңге болатын 73жоба бойынша пайыздық көтермелерді субсидиялау үшін 826,2 млн теңге бөлінді. Жалпы құны 735 млн. теңгелік 49 жобаны ішінара кепілдендіруге 146,9 млн. теңге жұмсалды. Ауылдық жерлерде 7 жоба бойынша грантты қаржыландыруға 12 млн. теңге бөлінді.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының 4-бағыты бойынша2014 жылы облыстың 4 ауданында (Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі) және Қызылорда қаласында индустриялық аймақтар құрылды. 2015 жылы индустриялық аймақтарда инвестициялық жобаларды орналастыру және іске асыру жөнінде жұмыстар жүргізілді. Олардың қатарында келесі жобалар бар:
Арал ауданында жалпы құны 400 млн. теңгелік 2 жобаныңіске асырылуы басталды. Оның бірі «Берекет» ШҚ-ның «Ет және ет өнімдерін өндіру» жобасы осы жылдың бірінші тоқсанында жұмысын бастайды;
Қазалы ауданында жалпы құны 317 млн. теңгелік 8 жоба. Оның екеуі: темірбетон және пеноблок зауыты («Р.Мәмбетжанов» ЖК) және астық сақтау қоймасы («Б.Бөлебаев» ЖК) пайдалануға берілді.
Жалағаш ауданында жалпы құны 243 млн. теңгелік 5 жоба: мал сою цехы («Д.Жарасбаев»ЖК), жылыжай («ШНС» ЖШС), мал бордақылау алаңы («Қ.Қанатбаев»ЖК), құмблоктарын шығаратын цех («KT-Servis» ЖШС), диодты жарықшамдар жинау цехын («Казэнергосбережение» ЖШС) іске қосу жұмыстары жүргізілді.Бұдан басқа, аудан аумағында мия тамырын өңдеу зауыты пайдалануға берілді;
Шиелі ауданында құны 1,6 млрд. теңге құрайтын 3 жоба, оның біреуі – мия тамырын өңдейтін зауыт («Мия Шиелі» ЖШС) пайдалануға берілді;
Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағында өндірістік инфрақұрылымды дамыту жұмысы жалғасты. Индустриялық аймақта салынып жатқан шыны зауытын, болашақта салынатын ферроқорытпа зауытын теміржол тұйығымен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалары жасалды. 2016 жылы оның құрылысы басталады.
«Мағжан и К» ЖШС-нің астық сақтау қоймасы өндірісті нысанының астық сақтау қоймасына баратын автожолды қайта жаңғырту аяқталды.
Қармақшы ауданындағы индустриялық аймаққа қажетті инженерлік инфрақұрылымды жеткізу жұмыстары жалғасуда.
Сырдария және Жаңақорған аудандарында индустриялық аймақты құру мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, тиісті жер телімдері бөлінді.
Туристік инфрақұрылымды, оның ішінде Қармақшы ауданы Төретам кентінде индустриалды-туристік аймақты дайындау жұмыстары басталды.
2014 жылдың қыркүйек айында бастауыш кәсіпкерлерді қолдаудың қосымша тетігі ретінде облыста Өңірлік инвестициялық орталық құрылды. Ол микробизнесті несиелік қолдауға, әсіресе ауылдағыкәсіпкерлікті дамытуға жұмыс істейді.
2015 жылы «Қызылорда»Өңірлік инвестициялық орталығыжалпы құны 342,1 млн. теңгені құрайтын 56 жобаны қаржыландырды, жаңадан 223 жұмыс орны ашылды.
Арал ауданында құны 47,4 млн. теңге құрайтын 7 жоба несиелендірілді, 48 жұмыс орны ашылды.
Қазалы ауданында10 жобаныіске асыруға 55,4 млн. теңге бөлінді, 47 жұмыс орны құрылды.
Қармақшы ауданында99,6 млн. теңгеге13 жобанесиелендірілді, 41 жұмыс орны ашылды.
Жалағаш ауданында құны 700 мың теңгені құрайтын бір жоба іске асырылуда.
Сырдария ауданында9 жобаға36,6 млн. теңге бөлінді, 19 жұмыс орны ашылды.
Шиелі ауданында4 жобаны іске асыруға 23,8 млн. теңгебағытталды, 23 жұмыс орны ашылды.
Жаңақорған ауданында құны 33,2 млн. теңге құрайтын 6 жобаіскеасырылуда, 17 жұмыс орны ашылды.
Қызылорда қаласының ауылдық округтерінде 45,3 млн. теңге болатын6 жобаіскеасырылуда, 27 жұмыс орны ашылды.
Шамамен 50 млн. теңгені құрайтын несие 8 шағын наубайхана мен кондитерлік цехтың ашылуына бағытталды. 41 млн. теңге 6 техникалық қызмет көрсету бекетін ашуға, 33 млн. астам теңге мал шаруашылық саласының 4 жобасына бөлінді.
2015 жылы «Атамекен»ұлттық кәсіпкерлер палатасымен 2016 жылдан бастап «Микробизнес-Қызылорда» пилоттық жобасын бірлесіп іскеасыру жөнінде келісімге қол жеткізілді. «Қызылорда»өңірлік инвестициялық орталық жобаның бірыңғай операторы болып белгіленді. 2016 жылы пилоттық жобаны іскеасыруға 660 млн. теңге бөлу жоспарлануда, соның ішінде 300 млн. теңгені «Атамекен»ұлттық кәсіпкерлер палатасы бөліп отыр.
2015 жылы мемлекеттік қолдаудың арқасында шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны 7,8%-ғаартты.
Экономикалық өсімнің басты қозғаушы күшінің бірі болып табылатынорта класты қалыптастыру – Қызылорда облысындағы кәсіпкерлік пен іскерлік бастамалардың қолдауыменжүзеге асатынбасым міндеттерінің бірі болып саналады. Осыған орай, 2015 жылы қазан айында белгілі қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен Қызылорда облысында бірінші рет «Қазақстанда орта класты қалыптастыру: бүгіні мен келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шағын және орта бизнесті тиімді дамыту мақсатында 2015 жылғы 27 қарашадағы Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысымен«Жаңа экономикалық жағдайда Қызылорда облысында шағын және орта бизнесті бейімдеу және трансформациялаудың жол картасы» қабылданды.Аталмыш жол картасы өңірдегі кәсіпкерлік ортаны жақсартуға бағытталған.
Туризм
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізі бойында сервисті дамыту шеңберінде 7 нысан салынды. Оның ішінде құны 1,2 млн. теңге құрайтын 4 нысан 2015 жылы салынды. Бұдан бөлек, 14 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.
«Байқоңыр» спорттық-туристік жобасын іске асыру шеңберінде«Каспиан сервис» компаниясымен бірге «Байқоңыр» брендін ілгерілету жұмысы жүргізілді. Қызылорда облысы әкімдігі мен «Каспиан Сервис» компаниясы арасында жобаны іскеасыру жөніндегі өзара әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды.
Ауыл шаруашылығы.
2015 жылы ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 62,8 млрд. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғандағы жеке көлем индексі 104,2%-ға жетті.
Ауыл шаруашылығын қолдауға 2015 жылы 8,2 млрд. теңге бөлінді, бұл 2014 жылға қарағанда 2,2% артық.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында жанар-жағармай материалдарының бағасын арзандату субсидиясына, ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу бойынша қызметке, мал шаруашылығы өнімінің сапасы мен өнімділігін көтеруге, тыңайтқыштардың бағасын арзандатуға және т.б. бағытталған5,2 млрд. теңге бөлінді.
Өсімдік шаруашылығы.
2015 жылы 163,8 мың гектарға (оның ішінде 86,8 мың гектары дәнді дақыл, 56 мың гектары жемшөптік дақыл, 15,3мың гектары картоп, көкөністер мен бақша дақылдары, 5,6 мың гектары майлы дақылдар, 83,9 мың гектары - күріш) ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
Негізгі дақыл – күріштің әр гектарынанорташа есеппен50,5 центнерден астық алынды (2014 жылы – 50,1 ц/га). Күріштің423,6 мың тонналық рекордтық көлемі жиналды.
«Ы.Жақаев атындағы Қазақ күрішшаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» күріштің бәсекеге қабілетті жаңа түрлеріншығару, заманауи агротехнологияларды енгізу, ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары өнімді түрлерін шығаруға арналған ғылыми жұмыстар жүргізіп келеді.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жоғары репродукциялық дәнмен қамтамасыз ету 98,5%-ға дейін жеткізілді. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткіш.
2015 жылы 93,8 мың гектар жер (308 учаске) ауыл шаруашылығы айналымына тартылды.
Халықаралық қайта құру және даму банкімен бірлесіп, Жалағаш ауданының 15 мың гектар жерін суландыру және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының екінші кезеңі іске асырылып жатыр.
Бұл жобаны жүзеге асыру суландыру және дренаж жүйелерін қайта құру және жаңғырту жолымен суармалы жердің мелиорациялық жағдайын жақсартуға және сумен қамтамасыз етілуін арттыруға мүмкіндік береді.
Мал шаруашылығы
Облыс бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарына 256,1 мың бас мүйізді ірі қара, оның ішінде 118,9 мыңы сиыр, 570,4 мың қой мен ешкі, 88,6 мың жылқы, 36,1 мың түйе, 2,5 мың шошқа өсірілуде. Сиыр саны – 7,2 %, қой – 5,9%, жылқы – 2,7%, түйе – 4,2%өскен.
Ет өндіру 1,8%-ға, сүт өндірісі2 %-ға өскен.
«Сыбаға» бағдарламасы аясында64 шаруа қожалығы442,0 млн.теңге жеңілдікпен несие алып, 2720 сиыр және 148 бұқа сатып алынды, жоспар 108,8 %-ға орындалды.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 19 шаруашылық жеңілдікпен 125,3 млн.теңгекөлемінде несие алып, 5058 қой,174 қошқар сатып алды, жоспар 126,5%-ға орындалды.
«Құлан» бағдарламасы бойынша 56 шаруашылық 486,2 млн.теңге несие алып 1589 бие, 197 айғыр сатып алды, жоспар 158,9 %-ға артығымен орындалды.
«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы шеңберінде 2015 жылдың желтоқсанында«Сыр маржаны» ЖШС-і Қазалы ауданында 500 ірі қараға малға арналған мал бордақылауалаңын іске қосты. Келешекте оның қуаттылығын 2000 басқа арттыру жоспарлануда. Бүгінгі күні 200 бастай ірі қара мал бордақылануда.
Сырдария ауданындағы «Шаған-жер» ЖШС-нің 3000 ірі қара малға арналған бордақылау алаңының құрылысы аяқталды. 2016 жылғы ақпанда малды бордақылау бойынша жұмыс басталады.
Өңдеу саласында Қызылорда қаласында тәулігіне қуаттылығы 0,5 тонна шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорыніске қосылды. Жалағаш ауданында «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС тәулігіне қуаттылығы 150 күріш өңдейтін зауыты іске қосты.
Шиелі ауданында тәулігіне қуаттылығы 1 тонна сүт өнімдерін өңдейтін цех пайдалануға берілді.
Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттігін және облыстың экспорттық әлеуетін арттыру үшін ірі жобаларды іске асыруда инвестициялар тартужұмысы жүргізілді. Оның ішінде агроөнеркәсіптік кешендерге де шетелдікинвесторлартартылды.
Нәтижесінде 2016 жылы:
Жаңақорған және Қармақшы аудандарында 50 мың қой бордақылау алаңдарын салу жобасын бастау;
Жаңақорған ауданында қуаттылығы 7 мың тонна қозы етін өңдейтін комбинатқұрылысы жоспарлануда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан және Қытай арасындағы үкіметаралық келісімнің негізінде Жаңақорған ауданына Қытайдантомат пастасын өндіретін зауыт көшіру және салу мәселесі шешімін тапты. Сонымен қатар, осы үкіметаралық келісімнің негізінде тамшылатып суару арқылы4 мың гектар жерде томат өсіружобасын жүзегеасырылатын болды.
Қытайлық инвесторлармен Қызылорда қаласында түйе сүтін өңдейтін зауыт салу мәселесі талқылануда.
Шиелі ауданында 13 мың гектар аумақта мақсары және басқа да ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру жобасын бастау мен өсімдік майын өндіретін зауыттысалу бойынша ирандық Джахад-Э-Сабз компаниясымен келісімге қол жеткізілді.
Сонымен бірге, отандық инвесторлармен келісімнің нәтижесінде 2016 жылы бірқатар басқа да жобалар іске асады: өндірістік жылыжайларқұру, тамшылатып суары арқылы картоп өндіру,көкөніс және жеміс-жидек сақтау қоймасы құрылысы, күріш өңдеу зауыты, құсфермалары және фабрикаларын салу.
Балық шаруашылығы.
Соңғы 3 жылда балық аулау2 мың тоннадан астам немесе 30%-ға көбейді. 2015 жылы жалпы ауланған көлем 8,4 мың тоннаны құрады (Кіші Арал теңізінен – 7,2 мың тонна ауланды).
Облыста жылдық қуаттылығы 11 мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл 300-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беруде.
Барлық балық аулау кәсіпорындары халықаралық стандарттарға сай келетін қажетті құралдармен жабдықталған.
2 кәсіпорын өнімдерін Евродақ елдеріне экспорттауға мүмкіндік беретін «Еврокод»эскпорттаушының тіркеу нөмірін алған.
Балық өнімі (балық филесі, ысталған, қақталған, мұздатылған) алыс-жақын шетелдерге – Ресей, Украина,Грузия, Дания, Польша,Австрия мен Германияға экспортталды. 2015 жылы барлығы 1768 тоннабалық өнімдері экспортқа шығарылды, соның ішінде құны 4,6 млн АҚШ долларын құрайтын 867 тонна өнім (2013 жылмен салыстырғанда 2 есе көп) Еуроодақ мемлекеттеріне және құны 202 мың АҚШ долларын құрайтын 920 тонна өнім Ресей Федерациясына жөнелтілген.
Соңғы екі жыл ішінде балық өнімдерінің экспорты 45% өсті.
Мемлекеттік-жекешілік әріптестік негізінде балық кластерін дамыту мақсатында «Байқоңыр»әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»ұлттық компаниясы»акционерлік қоғамының қатысуымен балық өнімдерін өндіру, өңдеу және сатутөңірегінде3 инвестициялық жобаіске асырылды. Осы ретте, «Байқоңыр» ӘКК-нің бірлескен кәсіпорындардағы үлесі («СПК Қызылорда Балық» ЖШС, «Қаратерең Балық» ЖШС, «Бөген» СДО» ЖШС) 38,8%, 44,5% және 9,5%. (тиісінше) екінші қатысушыға басымқұқығы бойынша сатылды.
Сонымен бірге, Арал қаласындағы қуаттылығы жылына 6 мың тонналық балық өңдейтін Арал балық өңдеу зауыты қызметін кеңейтіжұмыстарын жүргізуде.
Зауытты шикізатпен тұрақты қамтамасыз ету үшін Арал ауданында Қарашалаң балық сервистік-дайындау орталығының құрылысы аяқталды.
Тоған шаруашылығын дамыту мақсатында Иіркөл тоған шаруашылығын қалпына келтіру жобасыіске асырылуда. Бүгінде «Болат» ШҚ-на жалпы көлемі 166 гектар құрайтын тоған2 жыл мерзімге жалға берілді. Бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімшартқа қол қойылды.
2015 жылы шілдедесоңғы 50 жылда тұңғыш ретАрал өңірі балықшыларының бірінші слеті өткізілді. Онда облыстағы балық шаруашылығының даму мәселелері жан-жақты сөз болды.
Облыс балық шаруашылығын дамытуда айтарлықтай әлеуетке ие. Осы іске жарату үшін заманауи технологиялар енгізу, суды аз тұтыну жағдайында балық өнімдерін алу тәсілдерін игеру, ұзақ мерзімді негізде балық шаруашылығына қажетсу айдындарының санын көбейтужұмыстарыжүргізілуде.
Азық-түлік қауіпсіздігі
Облыстан тысқары жерлерден әкелінетін азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ірі сауда субъектілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көтерме бағасынан 5-10 %-данаспайтын үстемемен сату жөнінде 60 меморандумға қол қойылды.
Бұдан бөлек, әріптестік келісім негізінде «Мирас» сауда орталығының 4 сауда орындарында облыс орталығында 18,8 мыңтоннаауылшаруашылықөнімдері нарық бағасынан 15-20 %-ға төмен сатылды.
Халықты сапалы әрі арзан картоппен, көкөністермен және басқа да ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 105 ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, оның 10-ы Байқоңыр қаласында өтті. Жәрмеңкелерде 11,5 мың тонна ауылшаруашылық өнімдері нарық бағасынан 15-20 %-ға төмен сатылды.
Сонымен бірге, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының өсуін болдырмау мақсатында Тұрақтандыру қорының 13 әлеуметтік дүкені арқылы өнімдерді сату жұмысы жалғасын тапты. 2015 жылы осы мақсатта136 тонна қант, 50 тонна макарон, 30 тоннақарақұмық жармасы, 60 тонна құс еті, 103,6 тонна өсімдік майы, 3,6 тонна шай өнімдері сатып алынды.
Сондай-ақ, 1-сұрыпты бидай ұнынан жасалған нан бағасын тұрақтандыру мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Азық-түлік корпорациясы»ұлттық компаниясы»акционерлік қоғамы және Қызылорда облысы әкімдігі арасында арнайы меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес, облысқа 18 мың тонна әлеуметтік ұн әкелінді. Бұл әлеуметтік нанның орташа бағасын 45 теңге деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік берді.
Нәтижесінде, 2015 жылғы желтоқсанда азық-түлік тауарларының индексі2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда облыс бойынша 109,9 пайыздықұрады. Ол республикалық орташа көрсеткіштен төмен(республика бойынша 110,9 %).
Экология және мелиорация.
Мемлекет басшысының тікекей қолдауымен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС-2) жобасының екінші кезеңі «2014-2020 жылдары Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасына» енгізілді. Жобаның құны - 23,2 млрд.теңге.
«САРАТС-2» жобасын Дүниежүзілік банк (85%) пен республикалық бюджет (15%) есебінен қаржыландыру туралы республикалық бюджеттік комиссияның оң шешімі алынды.
Облыстағы елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсарту және суармалы сумен қамтамасыз ету үшін 8 каналды тазалау жұмыстары жүргізілді (Қазалы ауданы Аранды ауылдық округындағы «Қарлан» каналы; Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі «Сарыөзек» көлінің жағасын бекіту; Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылдық округындағы «Р-7» каналы, Таң ауылдық округындағы «Бастау» каналы, Мырзабай ахун ауылдық округындағы «Майжарма» каналының жағалай дренаж орнату; Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылдық округындағы «Жанарық» және Жетікөл ауылдық округындағы «Хозцентр» каналы; Жаңақорған ауданы Сунақ ата ауылдық округындағы «Ескі екпінді» каналы).Сорғыштың 2 комплектісі алынды (Қазалы ауданындағы Құмжиек ауылы және Қызылорда қаласындағы «Жібек жолы» каналы). Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 8 елді мекенді суармалы сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.
Жаңақорған ауданындағы «Қыраш» және «Көлтуған» су қоймасын жөндеу жұмысы жүргізілді. Су тасқынына қарсы (Шиелі және Қазалы аудандарында 11,9 шақырым бөгет қалпына келтірілді, Сырдария ауданында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы ұзындығы 0,4 км бөгет шой тастармен нығайтылды). Сондай-ақ, облыс орталығы Қызылорда қаласының айналасындағы (Қызылорда-Әуежай (4гектар), Қызылорда-Шымкент (23 гектар) бағыттары бойынша) жасыл белдеуді күту жұмыстары атқарылды.
Қызылорда облысындағы суармалы жерлер үшін су тапшылығын болдырмау мақсатында 2015 жылы Сырдария өзенінде Жаңа-Шиелі магистралдық каналының су бөгетінде жалпы құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын үрлемелі су тежеуішісалынды.
Жобаны жүзеге асыру Жаңақорған-Шиелі алабындағы 30 мың гектаржердіылғал азайған кездің өзінде сумен тұрақты қамтуға мүмкіндік береді.
Өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында жалпы көлемі 10 707 гектар жерге сексеуіл мен декоративті ағаштардың көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар, Арал теңізінің кеуіп кеткен жерінде құмды бекіту мақсатында және егістік алқаптарды зиянды заттар мен тұздан қорғау үшін 5 мың гектар аумаққа орман екпеағаштары отырғызылды.
Бұдан басқа, көшет материалдарын өсіру үшін 17,8 гектар жерге орман питомниктері ұйымдастырылды.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ
Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту.
2016 жылдың 1 қаңтарына Қызылорда облысының облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2246,353 км, оның ішінде қара қиыршық тасты жол – 1314,863 км немесе 58,5%,қиыршық тасты жол – 381,15 км немесе 17%, топырақты жол – 550,34 км немесе 24,5% құрайды.
2015 жылы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізінің қызылордалық учаскесі (812 км) құрылысы аяқталды. Жол бойындағы 33 нысанда сервистік инфрақұрылым кешендерін құру жұмысы басталды.
Облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарынқайта құру, күрделі, орта және ағымдағы жөндеу, елді мекендердің көшелерін салу, көпірлерді қайта құру, күрделі жөндеу, сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге6,3 млрд теңге бөлінді. Жалпы алғанда елді мекендердің 122 шақырым көшелері мен жолдары жөнделді.
Облыстық маңызы бар «Самара-Шымкент-Тереңөзек» автокөлік жолының 17 шақырымындағы темірбетон көпіріне күрделі жөндеу жүргізілді, облыстық маңызы бар «Самара– Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Бөген» автокөлік жолындағы көпірге және аудандық маңызы бар Қазалы ауданындағы «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» жолының 73-ші және 20-шы шақырымындағы 2 көпірге қайта құруаяқталды.
Қазалы ауданы Жанқожа батыр және Жалағаш ауданы Ақжарма тіректі елдімекендерінің көшелеріне күрделі жөндеу жүргізілді.
Қызылорда қаласында Қорқыт ата көшесінен бастап Хон Бен До көшесіне дейінгі аралықтағы С.Торайғыров көшесі қайта құрылды. Жобаны іске асыруға облыстық бюджеттен 1 143,3 млн. теңге бөлінді.
Сырдария ауданы Тереңөзек кенті Тоқтыбаев көшесі бойындағы Әйтек каналы арқылы көпір құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл елді мекендер менаудан орталығы арасында жыл бойы үздіксіз қатынауға жол ашты.
Қызылорда қаласындағыСырдария өзеніндегі көпір құрылысы жұмыстарының 80%-ы аяқталды.
Қайта құру бойынша төмендегідей жұмыстаржалғасты:
-
11 шақырымдық «Бозкөл-Тасарық» аудандық маңызы бар автокөлік жолының құрылысы 2016 жылы аяқталуы қажет.
-
Қазалы ауданындағы 7 шақырымдық «Қожабақы-Аранды» аудандық маңызы бар автөлік жолы. Аталған жоба бойынша жұмыстың 2016 жылы аяқталуы күтілуде.
Жолаушылар тасымалы дадамуда.
Қызылорда облысында212 елді мекенді, кенттерді, ауылдарды аудан және облыс орталықтарымен жалғайтын 215 тұрақты автобус қатынасы жұмыс істейді. Оның ішінде ауданаралық 71, ауданішілік (кентішілік) 106, қалаішілік 25, қаламаңы және саябақтарға қатынайтын 9 жұмыс істейді. Сонымен қатар облыс орталығынан Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан қалаларына 4 облысаралық автобус бағытыұйымдастырылған.
Ауданаралық қатынастарда тасымалдаушылардың өз есебінен өткен жылы 80 автокөлік құралдары жаңартылды, бұл олардың жалпы санының 25%-н құрайды (321 бірлік).
2015 жылы 298 млн. жолаушы тасымалданып, 2014 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш5,7%-ғаартты. Ал жолаушылар айналымының көлемі 8,5 %-ға өскен.
Тәжірибе ретінде 2 тұрақты облысаралық және ауданаралық қатынастардың 13 автобусына GPS/ГЛОНАССдиспетчерлік навигациялық сүйемелдеу қондырғысыорнатылды. Бұл құрылғы тасымалдаушылар мен автобекеттерге көлік құралдарының қозғалыс барысын көріп отыруға және оқыс жағдайларда жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта осы тәжірибені өзге де тұрақты қатынастарға енгізу жоспарланған.
2015 жылы ауданаралық автобустардағыжолақы тарифтерін көтеру болған жоқ.
Облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан, жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен 11 қалааралық (ауданаралық) қатынасоблыстық бюджеттенсубсидиаланып келеді. Бұл мақсатқа 2015 жылы 17,7 млн. теңге бөлініп, қаржы толық игерілді.
Шиелі, Жосалы және Тереңөзек кенттерінде аудандық автобекеттер құрылысы басталды.Сырдария ауданы Айдарлы және Ақжарма елді мекендерінде жолаушыларға қызмет көрсету пунктері салынып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, облыс орталығында 14 такси тұрағы салынды.
Әуе транспортында қызмет көрсету ауқымын кеңейту және сапасын арттыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде облыс орталығындағы халықаралық әуежай арқылы аптасына 35 әуе рейсі орындалуда, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 14 рейске артық. Әуежай арқылы 112,2 мың жолаушы ұшып, 2014 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 36%-ға артқан.
2014 жылғы 24 қазандағы ҚР Үкіметінің №1134 қаулысымен Қызылорда қаласы әуежайына халықаралық әуе кемелерін қабылдауға рұқсат берілді.
Қызылорда қаласындағы жаңа жолаушылар әуежайы терминалы құрылысының концессиялық жобасы аясында жұмыстар басталды. Осы мақсатта ҚР Үкіметінің шешімімен әуежай коммуналдық меншікке берілді.
Теміржол тасымалының мүмкіндіктері кеңеюде.
2014 жылы «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолының құрылысы аяқталып, 2015 жылдың соңынданысан Мемлекеттік комиссиямен қабылданып, тұрақты пайдалануға берілді. Бұл Еуропа бағытына тауарларды экспорттауға, сондай-ақ, Арал ауданы мен Сексеуіл кентінің дамуына кең жол ашады.
Қызылорда облысы бойынша темір жол желісінің ұзындығы – 786 км құрайды. Бүгінгі таңда, облыс аумағымен 15 жұп жолаушы пойызы, оның 9-ы мемлекетаралық (Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясы) бағыттарға жатады.
Облыс орталығынан «Қызылорда-Көкшетау»бағыты бойынша 4 жұп, «Қызылорда-Астана» және «Қызылорда-Алматы-Семей»бағыты бойынша 2 қатынас пойыздары ұйымдастырылған. 2014 жылдың 30 желтоқсанынан «Қызылорда-Астана» бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы жүре бастады.
Қызылорда қаласында «Автобус паркі» ЖШС-і жолаушыларға қызмет көрсетуді жалғастыруда. Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиелік желісі бойынша заманауи қалалық кластағы автобустарды сатып алу және жаңа коммуналдық автобус паркін салу жобасы басталды.
Тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту.
2015 жылы облыста 465,7 мың шаршы метртұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2014 жылғы көрсеткіштен 158,8%-ға артық.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы мемлекет қаражаты есебінен138,8 мың шаршы метр тұрғын үй (1740 пәтерлі 42 үй) пайдалануға берілді. Оның ішінде:
– мемлекеттік бюджет есебінен кезектегілер үшін 190 пәтерлі 13 үй (13,3 мың шаршы метр), соның ішінде Сырдария ауданында бір бөлмелік 10 үй және Қызылорда қаласында алпыс пәтерлік 3 тұрғын үй бар;
– «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы желісі бойынша кезекте тұрғандар үшін Қызылорда қаласында 950 пәтерлік 17 үй (71,6 мың шаршы метр);
– облыстық бюджет есебінен Қызылорда қаласында апаттық тұрғын үйдің орнына 60 пәтерлік 1 үй (4,2 мың шаршы метр) пайдалануға берілді.
Жалпы аумағы 357 шаршы метр2345 жеке тұрғын үй секторы салынды.
«Қазақстандық Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық Ұйымы» АҚ-ы желісі бойынша «СПМК-70» мөлтек ауданында 270 пәтерлік 5 тұрғын үйдің, «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қорының бағдарламасы шеңберінде Шүкіров көшесі бойында 210 пәтерлік 6 тұрғын үй және Қызылорда қаласы Титов кентінде жас отбасыларға 180 пәтерлік 3 тұрғын құрылысы басталды. Осы 14 үй құрылысын 2016 жылы аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, тұрғын үйлерге арналған 158,4 шақырым инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым пайдалануға берілді.
2011-2014 жылдары «Қазақстан Республикасының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын»іске асыру шеңберінде 113 көпқабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізілді.
2015 жылы Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тағы 38 көпқабатты тұрғын үйкүрделі жөндеуден өткізілді. Нәтижесінде, күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминимум нысаналарының үлесі 2011 жылы 73%-дан 2015 жылы59,5%-ға дейін немесе 13,5%-ға төмендеді.
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру аяқталды, оның ішінде өткен жылы Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарында да бұл бағыттағы жұмыстар атқарылды.
2015 жылы Байқоңыр қаласы мен Төретам кенті аумағының Бас даму жоспары дайындалды. Аталған аумақтардың стратегиялық дамуы алдағы 25-30 жылға белгіленген.
Қазіргі таңда Байқоңыр қаласыныңБас жоспары тиісті министрліктер мен ведомстволарға келісуге жолданып, одан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекітуге енгізіледі.
Қызылорда облысын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға қажетті «Байқоңыр» кешенінің жалға алынған аумағынан көлемі11,6 мың гектар жер телімін жалға алудан шығару туралы Ресей тарапымен алдын-ала келісімге қол жеткізілді.
Қызылорда қаласын дамыту шеңберінде, Бас даму жоспарына сәйкес Қызылорда қаласының сол жақ жағалауын дамыту мәселесі пысықталуда. 2013-2014 жылдары облыс орталығының сол жақ жағалауы аумағында инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер жүргізілді. Сол жақ жағалаудың тыңғылықты жоспарлау жұмысы жүргізілді.
Сол жағалауды игеру жоспарын ескере отырып, Қызылорда қаласының шекарасын нақтылау жұмыстары жүргізілді.Нәтижесінде, қаланың аумағы 2 есеге, 6644 гектардан 13599 гектарға артты.
2015 жылы сол жақ жағалаудыэлектр, жылу, газ, сумен жабдықтау, кәріз жүйесін бұру және жағалауды нығайту жұмыстарының техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау аяқталды. Мемлекеттік сараптама жүргізіліп, ҚР Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесе Азия даму банкінің 107 млрд. теңге көлеміндегі несиесін тарту жұмысы жүруде.
Электрмен жабдықтау.
Экономика мен облыс халқының электр энергиясымен қажеттілігін қамтамасыз етуде ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Қызылорда қаласының индустриялық аймағындағы шыны зауыты құрылысын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 35/10 кВ шағын станция құрылысы мен кернеуі 35 кВ электр желісін тарту жұмыстары басталды.
Арал қаласы мен Әйтеке би кентінің бас шағын станцияларын қайта құру жұмыстары жүргізілді. Жобаны 2016 жылы аяқтау көзделуде. Аталған жобаэлектр энергиясын жеткізудің тұрақтылығын арттырады.
«Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округіндегі Ж.Махамбетов елді мекенін электрмен жабдықтау» жобасын іске асыру аяқталды. Нәтижесінде Ж.Махамбетов елді мекенінің 4,7 мыңнан астам тұрғыны сапалы және үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етілді.
Электр энергиясымен қамту сапасын арттыру мақсатында өздігінен жүргізілген электр желілерінжою жұмыстары жүрді. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 119 млн. теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде 35,6 шақырым электр желісі тартылып, 7 шағын станция орнатылды.
Қызылорда қаласында 2016 жылы қуаттылығы 450 мегаватт бу-газдық электростансасын салу туралы шешім қабылданды.
Жылумен қамтамасыз ету.
2014-2015 жылғы жылу маусымы қалыпты жағдайда өтті.
«Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасышеңберіндеҚызылорда қаласының жылу жүйелерін қайта жаңғырту аясында14 жобаныіске асыруға Ұлттық қордан 3 млрд. теңге бөлінді. Бұл жұмыстардың шеңберінде11,2 шақырым магистралдық және кварталаралық жылу жүйелері мен 2 сорғы станциясы қайта құрылды. Нәтижесінде, жылу трассасының тозуы 2014 жылғы 55%-дан 2015 жылы 48%-ға төмендеді.
Жергілікті бюджет есебінен Тасбөгет кентіндегі 700 метр жылу жүйесін қайта құру жобасы іскеасты.
Қызылорда қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінің жылу жүйесі қайта жаңғыртудан өткізілді. Интернат үйіне газбен жұмыс істейтін жаңа қазандық орнатылды.
«ҚызылордаЖылуЭлектрОрталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның «Оңтүстік қазандық» филиалының үш қазандығына қайта құру жүргізілді. Бұл «Южный», «Шұғыла» шағын аудандары мен Тасбөгет кентіндегі көп қабатты тұрғын үй секторын жылумен қамтамасыз етуді тұрақтандырды.
«Қызылорда қаласындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының қазандығын қайта құру» жобасының жобалық-сметалық құжаттары дайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |