2020 жылға қарай
|
Қоғамда салауатты өмір салтын сүру идеологиясы қалыптасады.
|
2015 жылға қарай
|
тұрғындар арасындағы шылым шегу, нашақорлық және ішімдік ішу 20 пайызға төмендейді.
|
2.8.4 Білім
Адам капиталы сапасын арттыру үшін оларға сапалы білім берудің барлық деңгейінде сапалы білім алуына, сондай-ақ, кәсіби біліктілігін арттыруға, өмір бойы үздіксіз білім алуына мүмкіндік туғызуына жағдай жасалады.
Облыстың білім беру саласын дамыту мақсаты сапалы білім беру, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиені, кәсіби - техникалық және жалпы білім берудің материалдық-техникалық және педагогикалық базаларын күшейту.
Қазіргі уақыттағы проблемалар
- 1-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбие және біліммен төмен қамтылуы;
-кәсіби-техникалық және жалпы білім беру мекелемерінің материалдық – техникалық базаларының аз қамтамасыз етілуі.
Дамудың басымдықтары:
-«Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша балаларды мектеп алды тәрбиемен 100 пайыз қамту;
- 1 мен 2 жас арасындағы (бөбектер) балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту бойынша жұмыстарды жалғастыру;
- өмірге және мамандыққа қажетті, құзыретті дамытуға, 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу дайындығы;
- облыс мектептерінің дарынды балаларына тереңдетілген оқыту жүргізу мақсатында ғылым және техника бағыттары бойынша жыл бойы қызмет ететін үш ресурстық орталық құру;
- орта және техникалық кәсіби білім беруде жан басына қаржыландыру механизмі енгізілетін болады;
- ірі жұмыс беруші компаниялармен бірлесе қызмет жасау арқылы кәсіби-техникалық білім беруді дамыту: «Казатомпром ҰК» АҚ-ның тау-кен өндіру саласы бойынша мамандар даярлайтын колледж құрылысы, металлургиялық сала мамандарын дайындайтын колледж құрылысы, ірі мұнай компанияларының қатысумен мұнай-газ саласы бойынша кадрларды дайындайтын және қайта даярлайтын заманауи тренингтік оқу орталығын құру;
- өңірлік университеттің дамуы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетімен, ҰЗТУ «МИСиС», Байқоңыр қаласындағы МАИ филиалымен бірлесіп жаңа техникалық мамандықтар ашылады және халықаралық стандарттар бойынша инженерлік-техникалық бағытта мамандар даярлайтын бірлескен кафедралар құрылады;
- мұғалімдердің біліктілігін бұқаралық арттыру және облыстық, республикалық, халықаралық орталық базаларында техникалық және кәсіби білім алуда инженерлік-педагогикалық кадрларды тәжірбиеден өткізу.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы стратегиялық мақсаттары
2020 жылға қарай
|
Бөбекжай топтарын ашу арқылы 1-2 жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымға қамту
|
2015 жылға қарай
|
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында балаларды толық қамтуға барлық мүмкіндіктер қалада және ауылдық елді мекендерде қамтамасыз етіледі;
аймақтың әрбір елді мекенінде кемі бір мектепке дейінгі мекеме немесе мектепке дейінгі тәрбиенің басқа түрінің болуына жағдай жасалады;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметін көрсететін жеке серіктестіктердің дамуына ынталандыру жағдайы жасалады;
3-6 жастағы балаларды мектеп алды оқыту және тәрбиемен 100 пайыз қамтамасыз ететін мемлекеттік және жеке балабақшалар желісі құрылады
|
Орта білім саласы бойынша стратегиялық мақсаттары
2020 жылға қарай
|
облыстың жалпы білім беретін мектептері білімді, жоғары адамгершілікті, сыни ойлай білетін, физикалық және рухани дамыған, өзіндік даму мен шығармашылыққа ұмтылатын азаматты қалыптастыруға жағдай жасалады;
облыстың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары PISA, TIMSS, PIRLS сияқты халықаралық салыстырмалы зерттеулерде жоғары нәтижелерге қол жеткізіледі.
|
2015 жылға қарай
|
облыстағы жалпы білім беретін мектептердің оқытудың 12 жылдық түріне көшуіне дайындық.
|
Техникалық және кәсіби білім саласы бойынша стратегиялық мақсаттары
2020 жылға қарай
|
техникалық және кәсіби білім беруші инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және облыс кәсіпорындары базасында тәжірибеден өткізу.
|
2015 жылға қарай
|
Қажетті мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау арқылы еңбек ресурстарының теңгеріміне қол жеткізу.
|
2.8.5 Мәдениет және өнер
Мәдениет және өнерді дамытудың мақсаты шығармашылықты іске асыру және мәдени құндылықтарға қол жеткізуге жағдай жасау арқылы тұрғындар өмірінің сапасын арттыру, өңірдің экономикалық дамуына және әлеуметтік өзгеру процестеріне мәдениеттің ықпалын күшейту болып табылады.
Қазіргі уақыттағы проблемалар:
- ауыл клубтарының және кітапхана ғимараттарының тозуы;
- облыстың өнер және мәдениет ұйымдарының материалдық- техникалық базасының тозуы.
Дамудың басымдықтары:
- облыс тұрғындарының барлық санаттары үшін мәдени қызметтердің әртүрлігін және қол жетімділігін қамтамасыз ету және сапасын жоғарылату, облыс тұрғындары үшін өнерге және өзін–өзі жетілдіруге жақсы жағдай жасау;
- өңірдің тарихи-мәдени мұрасын өзектендіру;
- мәдени қызметке заманауи ақпараттық технологияларды ендіру;
- ауылдық елді мекендерде бос уақытта өткізілетін мәдени іс-шаралармен қамтылу үлесін 70 пайызға дейін арттыру;
- ТМД және шетелдердің мәдени ұйымдарымен және республика өңірлері арасында өнер және мәдениет саласында тәжірибе алмасу.
Мәдениет және өнер саласындағы стратегиялық мақсаттары
2020 жылға қарай
|
мәдениет саласында облыс тұрғындарын сапалы қызметпен қанағаттандыру деңгейі 78 пайызды құрайды
|
2015 жылға қарай
|
мәдениет саласында облыс тұрғындарын сапалы қызметпен қанағаттандыру деңгейі 65 пайызды құрайды;
облыстың ауылдық кітапханалары компьютерлік техникамен және интернетпен қамтамасыз етілу деңгейі 100 пайызды құрайды.
|
2.8.6 Дене шынықтыру және спорт
Дене шынықтыру мен спортты дамытудың мақсаты халықты дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысуға, облыста жоғары мамандандырылған спортшыларды және спорттық резервтерді дайындау болып табылады.
Қазіргі уақыттағы проблемалар:
-спорттық инфрақұрылымның және материалдық-техникалық база деңгейінің төмендігі;
Жаңақорған кенті, Төретам және Әйтеке би, Ақай, Сексеуіл сияқты халық көп шоғырланған станцияларда спорттық кешендердің болмауы;
халықаралық санаттағы спортшыларды және спорттық резервтерді дайындау үшін сапалы спорттық құрал жабдықтардың жоқтығы;
балалар-жасөспірімдер клубтары жүйесінің, бұқаралық демалу орталықтарында және тұрғылықты жерлер бойынша спорттық алаңдар мен құралдардың жеткіліксіз деңгейде дамуы.
Дамудың басымдықтары:
- спорттың инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын дамыту;
- бұқаралық дене шынықтырумен және спортпен айналысу және жоғарғы санаттағы спортшыларды, спорттық резервтерді сапалы дайындау үшін жағдай жасау;
- дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың қамтылуын жоғарлату;
Ауылдық елді мекендерде дене шынықтыру мен спортты дамыту.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы стратегиялық мақсаттары
2020 жылға қарай
|
жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын әртүрлі жастағы халықтың қамтылуын 30 пайызға дейін жоғарылату;
балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді 11 пайызға дейін қамту.
|
2015 жылға қарай
|
жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын әртүрлі жастағы халықтың қамтылуын 25 пайызға дейін жоғарылату;
балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді 10,5 пайызға дейін қамту.
|
2.8.7 Халықты әлеуметтік қорғау
Әлеуметтік саясаттың мақсаты тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамту жолдары арқылы тұрғындардың ахуалын көтеруге ықпал ету, жұмыссыздық деңгейін төмендету, әлеуметтік көмек көрсетудегі жүйенің тиімділігін көтеру, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасын жақсарту болып табылады.
Проблемалар:
-жұмыссыздық деңгейінің сақталуы, әсіресе әйелдер жұмыссыздығы (6,8%) және жастар жұмыссыздығы (6,8%) жоғары,
- еңбек нарығындағы жұмыс күшінің теңгерімсіздігі, білікті жұмысшылардың жетіспеуі, толтырылмаған бос орындардың сақталуы,
- еңбекпен қамтылған халықтың 33 пайызы өзін-өзі еңбекпен қамтығандар болып табылады, оның ішінде 55 мыңға тарта адам табысы аз әрі тұрақты емес жеке қожалығында жұмыс жасауда, оған қоса олар мемлекет және әртүрлі институттардан берілетін қызметтер мен кепілдемелермен жеткіліксіз қамтылған,
- мүгедектердің қоғамға тиімсіз бірігуі (медициналық көмек алудағы, еңбекпен қамтудағы қиындықтар, білім, мәдени өмір, спорт, әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына деген мүгедектердің қолжетімділігі).
Дамудың басымдықтары:
- жыл сайын 5600 адамды қамти отырып «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды нақты экономикаға қосуды қамтитын шараларды жүзеге асыру, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпы еңбек қоғамына 20 қадам» шеңберінде әлеуметтік- еңбек қатынасының тиімді үлгісін құру;
- әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығын күшейту;
- атаулы әлеуметтік көмек жүйесінің одан әрі дамуы, әлеуметтік қауіптерді төмендету жолымен халықтың аз қамтамасыз етілген санатын қолдау, кедейшілікті белсенді жоюдың және мемлекетпен азаматтардың өзара жауапкершілігі мүмкіндіктерін кеңейту.
- әлеуметтік қызмет көрсету саласын кеңейту, мемлекеттік стандарттарды ендіру және арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру,
- 2012-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту және құқығын қорғау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының екінші кезеңін (2014-2015 жылдар) жүзеге асыру,
-еңбекпен қамтудың өсуіне, жастардың бейімделуіне ықпал ету.
Жұмыспен қамтуға ықпал ету бойынша стратегиялық мақсаттары
2020 жылға қарай
|
ең төменгі күнкөріс шегінің көтерілуі, кірістері ең төменгі күнкөріс шегіндегі тұрғындардың үлесі 5,9 пайызды құрайды;
жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайыздан көтерілмейді;
әйелдер жұмыссыздығының деңгейі 6,0 пайыздан көтерілмейді;
жыл сайын 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылады;
еңбекпен қамтылғандардың ішінен өзін-өзі еңбекпен қамтығандардың үлесі 2012 жылғы 33,3 пайыздан 2020 жылға 29 пайызға төмендейді;
еңбекпен қамтылғандардың құрамындағы жоғары білікті жұмысшылар күшінің бөлінген үлесі 2012 жылғы 60,2 пайыздан 84,9 пайызға өседі;
ірі және орта кәсіпорынның 90-95 пайыздық үлесі ұжымдық-еңбек қатынасы жүйесімен қамтамасыз етіледі.
|
2015 жылға қарай
|
ең төменгі күнкөріс шегінің артуы, кірістері ең төменгі күнкөріс шегіндегі тұрғындардың үлесі 4,8 пайызды құрайды;
жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыздан көтерілмейді;
әйелдер жұмыссыздығының деңгейі 6,5 пайыздан көтерілмейді;
жыл сайын 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылады;
еңбекпен қамтылғандардың ішінен өзін-өзі еңбекпен қамтығандардың үлесі 2012 жылғы 33,3 пайыздан 2015 жылға 31,6 пайызға төмендейді;
еңбекпен қамтылғандардың құрамындағы жоғары білікті жұмысшылар күшінің бөлінген үлесі 2012 жылғы 60,2 пайыздан 64,9 пайызға өседі.
|
Әлеуметтік қамтамасыз ету саласының стратегиялық мақсаттары
2020 жылға қарай
|
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өзін-өзі қамтыған тұрғындардың 40 пайызы, жалдамалы жұмысшылардың 100 пайызы қамтылатын болады.
|
Әлеуметтік көмек жүйесін жетілдірудің стратегиялық мақсаттары
2020 жылға қарай
|
әлеуметтік қызмет көрсетудің арнайы мемлекеттік стандарттары енгізіледі;
мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірінің барлық жағдайында кедергісіз орта қалыптасады.
|
2015 жылға қарай
|
бағытты әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы еңбекке жарамды тұрғындардың үлесі 2012 жылғы 33,9 пайыздан 30 пайызға дейін төмендейді;
мемлекетпен кепілденген арнайы әлеуметтік қызметтер заңмен қаралған көлемде берілетін болады.
|
2.8.8 Жастар саясаты
Облыста жастар саясатын дамыту мақсаты: Қызылорда облысының инновациялық даму мүддесіне қарай жастар әлеуетін пайдалану мақсатында әлеуметтік статусына қарамастан жастарды сапалы өзін-өзі жетілдіру және жетістікті социализация үшін қолайлы мүмкіндіктер мен жағдай туғызу.
Қазіргі уақыттағы проблемалар:
- жастар жұмыссыздығының жоғары деңгейі;
- жастар арасында қылмыстың және құқық бұзушылық факторының бар болуы.
Дамудың басымдықтары:
- ішкі саяси үдерістерді мемлекеттік реттеуге қатысуға жастарды белсенді тарту;
- жастардың жоғары көшбасшылық және адамгершілік қасиетін, патриоттық сезімін, азаматтық айқындамасын белсенді күшейту;
- жастар ұйымдарының қызметіне жастарды белсенді тарту;
- өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қоғамдық өкілдермен, қоғамдық ұйымдармен жастардың әрекеттестігі;
- «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту, «Жасыл ел» құрылысшы, еңбекші, оқытушы жасағы қызметтерін ұйымдастыру;
- жоғарғы оқу орындарына түспеген жастарды кәсіби оқуға тарту бойынша жұмыстарды жүргізу;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастар денсаулығын нығайту;
- тұрғылықты жері бойынша аулалық клубтар желісін дамыту;
- қоғамдық көліктерде жүру жолақысы үшін аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға әлеуметтік көмек көрсету, аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге жоғарғы оқу орнына оқу үшін гранттар бөлу;
Жастар саясаты саласындағы стратегиялық мақсаттары
2020 жылға қарай
|
жастардың жұмыссыздық деңгейі 5,9 пайыздан жоғарыламайды,
-«Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жастарды жұмыспен қамту жыл сайын 1400 адамнан кем емес болады;
аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге жоғарғы оқу орнында оқу үшін гранттар бөлу (300 адам);
қоғамдық көліктерде жүру жолақысы үшін аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға әлеуметтік көмек көрсету (4000 адам);
жастардың патриоттық деңгейі 90 пайызға жетеді.
|
2015 жылға қарай
|
жастардың жұмыссыздық деңгейі 6,4 пайыздан жоғарыламайды,
-«Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жастарды жұмыспен қамту жыл сайын 1300 адамнан кем емес болады;
аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге жоғарғы оқу орнында оқу үшін гранттар бөлу (123 адам);
қоғамдық көліктерде жүру жолақысы үшін аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға әлеуметтік көмек көрсету (4000 адам);
жастардың патриоттық деңгейі 86 пайызға жетеді.
|
2.8.9 Құқықтық тәртіп
Құқық қорғау органдарының қызметі саласында мемлекеттік саясаттың мақсаты конституциялық құқықтарды, денсаулықты, өмірді және жеке меншік, азаматтардың бостандықтарын, қоғамның пікірін, мемлекетті қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау.
Дамудың басымдықтары:
- құқықтық тәртіп, заңдылық және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заң бұзушылық алдын алу шараларын жетілдіру;
- қылмыс жөнінде ақпараттарды, арыздарды тіркеу және есепке алудың толықтығы, өңірдегі қылмыстылықтың статистикалық ақпараттарының ақиқаттылығына қол жеткізу;
- қылмыстылық деңгейін төмендету, оның ішінде жасөспірімдік, жол-көлік оқиғаларының санын, қылмысты ашу деңгейін жоғарылату;
-материалдық-техникалық базаны күшейту, оның ішінде замануи жасақпен жабдықтау, ішкі істер органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қоғаммен өзара байланысын жақсарту;
- қылмыстық мәселелер бойынша, төтенше жағдайларда халықтың іс-әрекеті бойынша халықтың құқықтық оқытылуын қамтамасыз ету, оның ішінде жастар мен кәмелет жасқа толмағандар арасында, таксикомания, наркомания саласында, жол-көлік оқиғасында бала жарақаты.
2.9. Басым бағыт 8: Туризмді дамыту
Өңірде туризмді дамытудың мақсаты Қызылорда облысының экономикасына және аймақ дамуына үлес қосатын, туристік қызметтің өсіміне ықпал ететін, адамзат денсаулығын сақтап, қалпына келтіруге бағытталған және оның еңбекке қабілеттілігін арттыратын, халықаралық стандартқа сәйкес келетін тиімді бәсекеге қабілетті туристік кешенді қалыптастыру болып табылады.
Сала дамуының басымдықтары:
-жоғары тиімді бәсекелестікке қабілетті туризмді дамыту үшін «Байқоңыр» брендісіне кіру және ішкі туризмді дамыту бағдарламаларын іске асыру мәселелерін шешу қарастырылған.
- саланы дамыту үшін басты бағыттар: Байқоңыр кешені, Қорқыт ата мемориалдық кешені (Кармақшы ауданы), Қамыстыбас көлі және Арал теңізі, «Қамыстыбас» демалыс аймағын» құру (Арал ауданы), Теликөл, Қанқожа көлі (Шиелі ауданы), Қаратау тау жотасындағы және «Жаңақорған» санаториясындағы балшықпен және сумен емдеу (Жаңақорған ауданы);
Қызылорда учаскесіндегі археологиялық, архитектуралық, қала құрылысы мен монументтік өнердің тарихи ескерткіштер кешенін көрсететін Ұлы Жібек жолы, сонымен қатар, астана болған төрт тарихи ескі қаланың қираған үйінділері: Шірік-Рабат (кемінде мыңжылдық көлемінде сақ көсемдерінің бұрынғы резиденциясы), Жанкент (оғыздардың астанасы), Сығанақ (ұлы қыпшақ империясының астанасы), 1817 жылы негізі қаланған Қызылорда қаласы (Қазақ ССР-нің тұңғыш астанасы).
Түркі әлемінің діни және интеллектуалдық орталығын құру және осы жерде «Қорқыт және Ұлы дала сазы» этнофестивальдерін өткізу үшін Сырдария өзенінің жағалуындағы ежелгі философ-абызшы Қорқыт-Атаға арналған тарихи кешенді кеңейту және қайта жөндеуден өткізу көзделуде.
«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрменің қонақтары және қатысушылары үшін «Байқоңыр» кешенінің туристік әлеуетін пайдалану.
Туризмді дамыту саласындағы стратегиялық мақсаттары
2020 жылға қарай
|
Жалпы Өңірлік Өнім құрылымындағы туризмнің үлесі 1,0 пайызды құрайтын болады;
туристер санын жылына 150 мың адамға жеткізу.
|
2015 жылға қарай
|
Жалпы Өңірлік Өнім құрылымындағы туризмнің үлесі – 0,3 пайыз;
Туристер санын жылына 70 мыңға жуық адамға жеткізу.
|
3. Облыстың басқару жүйесін жетілдіру
3.1. Аумақтық даму
Аумақтық дамудың басымдығы – аймақтың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарымен, ондағы барлық тұрғындардың сапалы өмірдің ұлттық стандарттарына сай білім, денсаулық, мәдениет және спорт қызметімен, телеарналармен, сапалы ауыз сумен, автокөлік жолдарымен, электр жарығымен, байланыс қызметімен, телеарналармен, интернет желісімен қамтамасыз етілуі болып табылады.
3.3.1 Тіректі елді мекендердің дамуы
Еліміздің аумақтық кеңістігіндегі даму схемасының болжамы 2020 жылға дейін тірек елді мекендерді анықтау және дамыту арқылы ауылшаруашылық аумақты дамытуды көздейді.
Қызылорда облысында тірек ретінде 16 елді мекен анықталды, онда өңірдің ауыл тұрғындарының 13 пайызы тұрады.
Тірек елді мекендерді дамытудағы негізгі мақсат – жаңа жұмыс орындарын құрайтын жобаларды, яғни «зәкірлік» деп аталатын жобаларды іске асыру болып табылады.
Тірек елді мекендерді дамытуда мемлекеттік-жеке серіктестіктерге ерекше көңіл бөлінетін болады. Бизнесті қолдауда жаңа жұмыс орындарының ашылуы жоспарланып, мемлекет адамдардың өмірін жақсартуда жағдайлар жасайды.
Тірек елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытуда қойылған мақсаттарды шешу, көздеген инвестициялық жобаларды іске асыру олардың экономикалық әлеуетін өсіруге септігін тигізеді, сондай-ақ, демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерін жақсартады және ауылда өмір сүруге дұрыс жағдайлар жасалатын болады.
3.3.2 Байқоңыр қаласының дамуы
Аймақта бірегей «Байқоңыр» қаласының болуы аймақ экономикасының «өсу нүктесі» іспетті, оның әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді, әрі инвестициялардың құйылуына барлық жағдайлар жасалатын болады.
Мұны дамыған көлік инфрақұрылымының, еркін өнеркәсіптік алаңдарының, резервтегі энергетикалық қуаттың, тұрғын-үй коммуналдық инфрақұрылымдарының бар болуы куәландырады.
Байқоңыр - бұл «ЭКСПО-2017» көрмесінің қатысушылары мен қонақтарының келуі арқылы туризмнің дамуына мүмкіндік.
3.3.3 Қызылорда қаласының дамуы
Облыс орталығы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын игеру арқылы дамитын болады.
3.2 Бюджет саясаты
Бюджет саясаты облыстың даму мүмкіндігін қарастыра отырып, тұрғындардың кепілденген қызмет алуларын қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Бюджетті қалыптастыру бюджет қаражаттарын қатаң үнемдеудің экономикалық прагматизм ұстанымы арқылы жүзеге асырылатын болады.
Дамудың басымдықтары:
- бюджет қаражаттарын сапалы жұмсауын жоғарылату және жоғары нәтижеге шығу мақсатында мемлекеттік және салалық бағдарламаларын іске асыруына облыстың белсенді қатысуы, оның ішінде: «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы», «Бизнестің жол картасы-2020», «Үдемелі-инновациялық дамытуды қалыптастыру бойынша мемлекеттік бағдарлама», «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытатын мемлекеттік бағдарламалар» және тағы басқалар.
- дамудың басым бағыттарға, оның ішінде денсаулық сақтау, білім және тағы басқа да салаларындағы ішкі салалық басымдықтарға бағытталған қаржы ресурстарын шоғырлау.
- экономикалық өсімнің «өсу нүктесі» ретінде тірек елді мекендерін кешенді дамыту.
Оларда жоспарланады:
халықты, оның ішінде жақын орналасқан келешегі жоқ елді мекендер тұрғындарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарын ашу,
сапалы әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды алдын ала дамыту, оның ішінде мәдениет және спорт, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйесінде.
Достарыңызбен бөлісу: |