Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы



бет3/5
Дата03.07.2016
өлшемі0.7 Mb.
#174666
1   2   3   4   5

Қазіргі уақыттағы проблемалар:

-көлдерді сумен қамтамасыз етіп отырған гидротехникалық ғимараттарды және каналдарды қайта жөндеу және нығайтудың қажеттілігі;

-су қоймаларын тұрақты гидрологиялық режиммен қамтамасыз ету;

-жұмыс жасап тұрған Қамыстыбас балық питомнигі алаңын кеңейту, облыс көлдерін балыққа толтыру үшін екі жылдық шабақтарды өсіруді ұйымдастыру.

Дамудың басымдықтары:

-дәстүрлі кәсіппен қатар, тауарлық балық, оның акватүрлерін дамыту арқылы облыстың балық шаруашылығын дамыту;

-балық шаруашылықтарын, ең алдымен көлдік-тауарлы шаруашылықтарды құру;

- суармалы жерлерде ауыл шаруашылығын мамандандыруды есепке ала отырып қолда бар су ресурстарын рационалды пайдалану;

-бұрын пайдаланылмай тұрған ресурстарды балық өнімін алуға тарту;

-суды аз пайдалана отырып балық өнімін алуда замануи технологияларды ендіру;

- бекітілген балық шаруашылығы тоғандарының және ұзақ мерзім негізінде олардың телімдері санын арттыру және балық аулауды арттыру.
Балық шаруашылығы саласындағы стратегиялық мақсаттары


2020 жылға қарай

балық аулау көлемін 30 мың тоннаға дейін көбейту;
өңделген балық өнімдерін алыс және жақын шетелдерге экспортқа шығару.

2015 жылға қарай

балық аулау көлемін 10 мың тоннаға дейін көбейту.

2.5.4. Облыстың су шаруашылығы жүйесін дамыту

Облыстың су шаруашылығы жүйесін дамытудың басты мақсаты – су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындар мен экономика салаларын жер беті су ресурстарымен қамтамасыз ету, тұрғындар мен экономика салаларына су ресурстарын ұтымды пайдалану, су ресурстарын оңтайлы реттеп отыру, су ресурстарының гидрогеологиялық ережелерін жақсарту болып табылады.

Қазіргі уақыттағы проблемалар:

- гидромелиоративтік инфрақұрылымның бірқатар бөлігі иесіз жағдайда;

- ауыл шаруашылығы өндірісінде заманауи инфрақұрылымның дамымауы, ауыл шаруашылығы техникаларының және құрал жабдықтарының физикалық және моральді тозуы;

- суармалы жерлердің төмен тиіміділігі, бірқатар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің негізгі және айналым қорларының аздығы.

Дамудың басымдықтары:

Су ресурстары тапшылығын жою мақсатында әртүрлі сыйымдылықта жаңа, әсіресе кіші бөгендерді жобалау, салу және қайта қалпына келтіру жөнінде кешенді шаралар қабылдау жоспарлануда, атап айтқанда:

- Қызылорда қаласын, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы және Қазалы аудандарын қысқы мезгілде су басып кетудің алдын-алу үшін, Қараөзек суару-суландыру жүйесін қайта құру және қалпына келтіру, тасқын суды 1,5 млрд.текше метрге дейін жинақтау және оларды вегетациялық кезеңде пайдалану, 1500 га балық шаруашылығы су айдындарын қалпына келтіру;

- Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Жаңақорған-Шиелі суландыру алқабының каналдары мен гидротехникалық құрылыстарын қалпына келтіру, бұл өз кезегінде 27,67 мың суармалы жерлерді сумен қамтитын болады;

- жалпы көлемі 45 мың гектар көл жүйелерін толтыру және 30 мың гектар шабындық–жайылым алқаптарын суландыруға жағдай туғызатын Шиелі ауданының Күміскеткен көл жүйелеріне тасқын суларды жинақтау үшін гидротехникалық құрылыс салу.


Ирригация және су ресурстары саласындағы стратегиялық мақсаттары


2020 жылға қарай

иррагация жүйелері мен суармалы жерлерді жетілдіру, қалпына келтіру және жаңғырту жолымен суармалы сулармен қамтамасыз ету;
суармалы алқаптардың 5-8 %-на тамшылап суару жүйесін және суарудың басқа да су жинақтағыш технологияларын енгізу;

табиғи нысандарды сақтау және олардың экологиялық жағдайын жақсарту үшін суға деген қажеттілікті қамтамасыз ету.




2015 жылға қарай

2014-2040 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы су ресурстарын басқару бойынша Мемлекеттік бағдарламасы жобасына енгізу үшін жобалардың техника-экономикалық негіздемесін мен жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу.

2.6. Басым бағыт 5: Экологиялық ахуалды жақсарту


Арал өңірінің экологиялық және экономикалық ахуалын «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау»-2 (САРАТС-2) жобасын іске асыру арқылы жақсартуға болады.

(САРАТС-2) жобасын іске асырудан күтілетін нәтижелер:

Жобаны іске асыру нәтижесінде Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, қоршаған ортаның негативті әсері азаяды деп күтілуде:

- Арал теңізінің дельтасында және солтүстік бөлігіндегі 34 мың гектар көл жүйесін сумен қамту, сонымен қатар ауыл және балық шаруашылығын тұрақты дамыту;

- алаңы 63,2 мың гектар болатын суармалы жерлерді, 250 мың гектар шабындықтар мен жайылымдарды тұрақты сумен қамтуды қамтамасыз ету;

- солтүстік Арал теңізінің су деңгейінің алаңы 1494 шаршы шақырымға (3151 шаршы шақырымнан 4645 шаршы шақырымға дейін), теңіздегі су көлемі 24,07 текше шақырымға (27,1 текше шақырымнан 51,17 текше шақырымға дейін) артады, судың минералдануы 12-ден 8г/л-ға дейін төмендейді;

- теңіздегі балық аулау көлемі 6 есеге артады;

- теңіздің акваториясы Арал қаласына дейін 0,1-0,3 шақырымға жетіп, 15 мың халық тұратын елді мекендер су басудан қамтамасыз етілетін болады;

- Қазалы ауданының Бірлік елді мекенінің маңында автомобиль көпірінің құрылысы жыл бойы сенімді автокөлік байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

- балық саласында 3 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады.

«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау»-2 (САРАТС-2) жобасын іске асыру жоспарына сәйкес жұмыстардың ұзақтығы 5-6 жыл болады және 2014-2020 жылдары жүзеге асыру көзделеді.
Стратегиялық мақсаттары


2020 жылға қарай

САРАТС-2 жобасының екінші кезеңін толығымен жүзеге асыру.

2015 жылға қарай

САРАТС-2 жобасының бірінші кезеңінің нысандары бойынша жобалауды орындау мен 2013-2014 жылдардағы жобаның екінші кезеңінің жоба алды жұмыстарын жүргізу.

2.7. Басым бағыт 6: Көлік-логистикалық жүйені қалыптастыру


Көліктік-логистикалық жүйені қалыптастырудың мақсаты жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту, автомобиль, әуе және теміржол тасымалында көліктік қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.

Дамудың басымдықтары:

- «Қызылорда-Павлодар-Успенка-Ресей Федерациясы шекарасы» автожолының құрылысы жобасын жүзеге асыру, жоба шамамен 2015-2016 жылдары жүзеге асырылады;

- «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында жол бойы инфрақұрылымын дамыту (АЗС, автотұрақ, мотельдер, қонақүйлер, сауда нүктелері, кафе және асханасымен демалыс аймақтары, автомобильдер, автошеберханалар тұрақтары);

- ұзындығы 988 шақырым болатын «Жезқазған-Бейнеу» жаңа темір жол желісінің Жезқазған-Сексеуіл теміржол телімі құрылысын жалғастыру;

- жолаушылардың әуетасымалын дамыту, әуежолаушыларына сервистік қызмет көрсетуді дамыту, Қорқыт ата әуежайына «халықаралық» статусын беру бойынша жұмыстарды жүргізу;

- Байқоңыр қаласында орналасқан «Крайний» аэродромын Қазақстан Республикасына пайдалануға беру мүмкіндігі туралы Ресей Федерациясымен келіссөздер жүргізуді пысықтау;

- жолаушыларға сервистік қызмет көрсетуді жақсарту, өңірдің көліктік инфрақұрылымы нысандарының қызметін кеңейту, тұрақты жұмыс жасайтын жаңа халықаралық автомобиль маршруттарын ашу;

- «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамы – ұлттық логистикалық операторымен бірлесіп Сексеуіл және Қызылорда, Байқоңыр қалаларында көлік-логистикалық орталық құрылыстарын салу мәселесін пысықтау.
Көлік-логистикалық жүйесі саласындағы стратегиялық мақсаттары


2020 жылға қарай

Жалпы Өңірлік Өнімдегі көліктің үлесі 15%-ға ұлғаяды;
жүк тасымалы 2 есеге артады;
«Жезқазған-Қызылорда» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталады;
жергілікті маңыздағы автомобиль жолының орта есеппен 85%-ы жақсы және қанағаттанарлық деңгейде болады;
Қызылорда аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің бойында «А» категориялы 2 нысаны, жол бойы инфрақұрылымының «В» және «С» категориялы 16 нысаны салынады;
Сексеуіл стансасы «торапты» статусын иеленеді, оның аумағында өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар нысандары салынады;
«Қорқыт Ата» әуежайы ИКАО-ның халықаралық категориясын иемденеді;
Қызылорда қаласында автовокзал, Шиелі және Жосалы қыстақтарында автостансалар, ауылдық округтарда жолаушыларға қызмет көрсететін 34 бекеттің құрылысы салынады;
Қызылорда қаласы маңында көліктік-логистикалық орталық құрылады;

2015 жылға қарай

Қызылорда аумағы арқылы жүргізілетін ұзындығы 812 шақырымдық Батыс Еуропа-Батыс Қытай мегажобасының құрылысы аяқталады;
жергілікті маңыздағы автомобиль жолының орта есеппен 70%-ы жақсы және қанағаттанарлық деңгейде болады;

Қызылорда аумағындағы «Жезқазған-Бейнеу» теміржол желісінің құрылысы аяқталады;


Қызылорда әуежайында сағатына 250 жолаушы өткізе алатын жаңа жолаушылар терминалы салынады (2015 жыл);

Телекоммуникациялар.

Дамудың басымдықтары:

- динамикалық ақпараттық кеңістік қалыптастыру және жетілдіру үшін облыста онлайн режимінде ақпараттық жүйенің орталық базасын толтыруға арналған өңірлік ақпараттық орталық құру;

- инфокоммуникациялық технологиялар саласында базалық мемлекеттік әлеуметтік қызметтерге халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету.
Телекоммуникациядағы стратегиялық мақсаттары


2020 жылға қарай

Тұрғындар үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласының базалық қызметімен 100 пайыздық деңгейде қолжетімділік қамтамасыз етіледі;
Жергілікті атқарушы органдарды электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесіне (ЭҚАБЖ) қосу 100 пайызға жетеді;
Тұрғындардың компьтерлік сауаттылық деңгейі 80 %-ға дейін көтеріледі.

2015 жылға қарай

өңірлік ақпараттық орталық қызмет етеді;
жергілікті атқарушы органдардың 50 %-ы Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне қосылады;
«электронды үкімет» және «электронды әкімдік» бағдарламасын іске асыру аясында әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер 100% электронды түрде көрсетіледі;
тұрғындардың компьтерлік сауаттылық деңгейі 60 %-ға дейін көтеріледі.

2.8. Басты бағыт 7: Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру.


2.8.1. Құрылыс және тұрғын үйді пайдалануға беру.

Құрылысты дамытудың мақсаты тұрғындар үшін қол жетімді тұрғын үйді арттыру мәселесін шешу, әлеуметтік сала нысандарын пайдалануға беру.

Қазіргі уақыттағы проблемалар:

- апаттық жағдайдағы мектептер мәселесін шешу,

- 1 шаршы метр тұрғын үй құрылысының жоғары бағасы,

- Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің мәліметтері бойынша тұрғын үйді алуға 14 мыңнан астам адам кезекте тұр.

Дамудың басымдықтары:

- тіректі елді мекендерде әлеуметтік сала (мектептер, балабақшалар, мәдениет және денсаулық сақтау нысандары, халыққа қызмет көрсету) нысандарының құрылысы,

- құрылыс индустриясын дамыту,

- аудандарда тұрғын үй салу аумақтарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту,

-коммерциялық тұрғын үйлер «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, Қазақстан ипотекалық компаниясының желісі бойынша халық қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысын дамыту,

- азаматтардың коммерциялық емес бірлестіктерімен тұрғын үй құрылысын дамыту, оның ішінде кооперативті тұрғын үй құрылысы,


Құрылыстың стратегиялық мақсаттары


2020 жылға қарай

әлеуметтік сала нысандарын салу және пайдалануға беру;
тұрғын үйді пайдалануға берудің 2012 жылғы 293,3 мың шаршы метр көрсеткішін 2020 жылы 420,0 мың шаршы метр көрсеткішіне дейін арттыру;
коммерциялық тұрғын үйлер «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, Қазақстандық ипотекалық компаниясының желісі бойынша халық қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысының үлесін 90 пайызға дейін жоғарылату.

2015 жылға қарай

өткен жылмен салыстырғанда құрылыс жұмыстарының көлемі 111 пайызды құрайды;
әлеуметтік сала нысандарын салу және пайдалануға беру;
коммерциялық тұрғын үйлер «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, Қазақстандық ипотекалық компаниясының желісі бойынша халық қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысының үлесін 87 пайызға дейін жоғарылату;
350 мың шаршы метр дейін тұрғын үйлерді пайдалануға беру.

2.8.2. Тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым: энергетиканы, газдандыру және сумен жабдықтауды дамыту.

Энергетика.

Мақсат: Қызылорда облысы экономикасы мен тұрғындарының электр энергиясымен өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізуі, соның нәтижесінде аймақтың сыртқы электр энергиясы көздерінен энергетикалық тәуелсіздігі, өнеркәсіп кластерін (металлургиялық, уран, т.б.) дамыту үшін жеткілікті туындатушы қуаттылықтарды қалыптастыру, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау.

Дамудың басымдықтары:

- электрлік қуаты 117 МВт және жылу қуаттылығы сағатына 444/Гкал болатын когенерациялық газтурбалы электр стансасы мен Қызылорда ЖЭО толығымен газға ауыстыру;

- Қызылорда қаласын жеткілікті жылу және ыстық сумен жабдықтау қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жобалық қуаттылығы электр өрісінде - 271 МВт, жылу бойынша сағатына 487 Гкал-ға дейінгі когенерациялы бу-газ технологиясымен Қызылорда қаласында жаңа ЖЭО-ның құрылысын салу бойынша мәселелерді пысықтау,

- электрэнергиясының жаңартылатын көздерін ендіруге көшу,

- «Қызылорда электр тораптарын тарату компаниясы» АҚ үшін стратегиялық инвестор тарту.
Энергетика саласындағы стратегиялық мақсаттары


2020 жылға қарай

экономика қажеттілігін қанағаттандыратын, энергия көздерін өзімізден өндіру 100 пайызды құрайды;
жанама энергия көздерін пайдалану үлесі энергияны тұтынудың жалпы көлемінің 5 пайызын құрайды;

Қызылорда қаласындағы жаңа Жылу Электр Орталығының құрылысы аяқталады;


қолданыстағы энергия қуаттылығын туындатушы және таратушы энергия желілері қайта қалпына келтіріледі және жаңғыртылады

2015 жылға қарай

жаңарма энергия көздерін пайдалану үлесі энергияны тұтынудың жалпы көлемінің 3,7 пайызын құрайды;
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы қуаттылығы 50 МВт болатын күн көзі электр стансасының құрылысы аяқталады;
облыстың барлық аудандарындағы электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталады.

Газдандыру.

Өңірді газдандырудың мақсаты облыстың елді мекендеріндегі тұрғын-үй секторларын үзіліссіз және тәуелсіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, елді мекендерді мемлекеттік қолдау, өңір тұрғындарының еңбек әлеуетін пайдалану мәселелерін шешу.

Дамудың басымдықтары:

- 2014-2015 жылдар аралығында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырына қосылу арқылы облыс тұрғындарының жалпы санының 70 пайызын қамти отырып 21 елді мекенді кезең-кезеңмен газдандыру жоспарланып отыр.

- 2020 жылы облыс елді мекендерінің барлық тұрғын үй секторы газбен қамтамасыз етіледі.


Газдандыру саласының стратегиялық мақсаттары


2020 жылға қарай

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырына облыстың барлық аудандарын қосуды қамтамасыз ету;
облыстың елді мекендеріндегі тұрғын үй секторларын үздіксіз және тәуелсіз газбен қамтамасыз ету.


2015 жылға қарай

облыс тұрғындарының жалпы санының 70 пайызын қамтитын 21 елді мекенді газдандыру.


Сумен жабдықтау

Өңірді сумен жабдықтаудың мақсаты өңірдің елді мекендерін сапалы ауыз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету, Қызылорда қаласын ыстық сумен жабдықтау мәселесін шешу.

Дамудың басымдықтары:

- 2015 жылдың аяғында жер асты көздерден Қызылорда қаласының тұрғындарын толықтай сумен жабдықтау,

- 2020 жылы Қызылорда облысы бойынша жер асты көздерден ауыз сумен жабдықтауды толықтай қамтамасыз ету,

-Қызылорда қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен жабдықтауды қамтамсыз ету,
Сумен жабдықтау саласының стратегиялық мақсаттары


2020 жылға қарай

орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділік ауылдық елді мекендердің жалпы санының 80 пайызын, шағын қалаларда– 100 пайызды құрайды;
ауылдық елді мекендерді 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту.

2015 жылға қарай

орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділік ауылдық елді мекендердің жалпы санының 75 пайызын, шағын қалаларда– 95 пайызды құрайды;
196 ауылдық елді мекен орталықтандырылған су жүйесіне қосылады;
Қызылорда қаласында 85 жер асты ұңғымасы қазылады.

2.8.3. Денсаулық сақтау

Облыстың денсаулық сақтау саласын дамыту мақсаты өңірдегі азаматтардың денсаулығын жақсарту.

Дамудың басымдықтары:



  • денсаулық сақтау жүйесінде ауруды емдеуде олардың алдын алу жолдарын дамыту жүйесіне ауыстыру;

  • медициналық көмек көрсетудегі жинақтау қоры жүйелерінің (технологияларының) дамуы (күндізгі стационар, хирургиялық амбулатория орталығы);

  • аймақтың еңбек және интеллектуалды әлеуеті ретінде жастардың денсаулығын қорғауға ерекше көңіл бөлінетін болады;

  • Қызылорда қаласында офтальмологиялық орталық, мемлекеттік облыстық стоматологиялық емхана ашылады;

  • Қызылорда қаласында ана мен бала аймақтық орталығын құру, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының ( Семей қаласы) филиалын ашу;

  • дәрігерлердің біліктілігін жаппай арттыру;

  • халық арасында денсаулық сақтау ынтымақтас жауапкершілікті дамыту туралы ақпараттық-насихаттау жұмыстарын (анкета арқылы) белсенді жүргізу.

Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық мақсаттары




2020 жылға қарай

тұрғындардың өмір сүру ұзақтығының 72 жасқа дейін артуы күтілуде;
ана өлімі 1,5 есеге төмендейді;
нәрестелердің өлімі 2 есеге төмендейді;
жалпы өлім саны 30 пайызға төмендейді;
өкпе ауруымен ауыру 20 пайызға төмендейді.

2015 жылға қарай

тұрғындардың өмір сүру ұзақтығының 70 жасқа дейін артуы күтілуде;
ана өлімі 1,5 есеге төмендейді;
нәрестелердің өлімі 1,5 есеге төмендейді;
жалпы өлім саны 15 пайызға төмендейді;
өкпе ауруымен ауыру 15 пайызға төмендейді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және өз денсаулығына ортақ жауапкершілік принципі денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың да, тұрғындардың күнделікті өмірінің де ажырамас бөлігі болады. Бұл шылым шегу, ішімдік ішу, күйзеліс, денешынықтыру белсенділігінің төмендігі және тиімсіз тамақтанудан пайда болатын ауруларды азайтуға мүмкіндік береді. Адамның зиянды әдеттерімен күрестің тиімді құралының бірі – елімізде бұқаралық денешынықтыру-спорттық қозғалысты дамыту.

Медициналық қызмет көрсетудің сапасын және қолжетімділікті арттыру үшін:

мемлекеттік медициналық ұйымдар да және денсаулық сақтау саласында инвестициялық саясатты жүргізу жолдары қайта қарастырылады;

нәтижелілікке негізделген медициналық қызметке ақы төлеу және қаржыландыру жүйесі енгізілетін болады;

дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі құрылатын болады.


Денсаулық сақтауды басқару және қаржыландыру жүйесін жақсарту бойынша стратегиялық мақсаттары


2020 жылға қарай

денсаулық сақтау саласын қаржыландыру және медициналық қызметке ақы төлеудің тиімді жүйесі енгізілетін болады;
денсаулық сақтауды басқарудың халықаралық стандартқа сай, заманауи жүйесі құрылатын болады;
азаматтардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін көтерудің механизмдері енгізілетін болады.

2015 жылға қарай

дәрігерді және медициналық ұйымды өз қалауымен таңдау жүйесі енгізіледі;
облыс тұрғындарына тұрғылықты жеріне байланыссыз кепілдемелік көлем шеңберінде ақысыз медициналық көмек алудың бірдейлік шарты құрылады.

Медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша стратегиялық мақсаттары




2020 жылға қарай

Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсету шығындары кепілдемелік көлем шеңберінде ақысыз медициналық көмек алудың жалпы жабдық көлемінің 45 пайызына жеткізіледі;
Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының негізгі көрсеткіштері (төсек-орын айналымы, болудың орташа ұзақтығы) халықаралық стандартқа сай болады.


2015 жылға қарай

Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсету шеңберінде медициналық қызметтің 34 пайызы жалпы тәжірибелік дәрігерлерге беріледі

Дәрілік жабдықтардың сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша стратегиялық мақсаттары




2020 жылға қарай

Дәрілік жабдықтармен қамтамасыз ету және (кепілдемелік көлем шеңберінде ақысыз медициналық көмек алу бойынша) белгіленген медициналық өнімдердің тиімді жүйесі енгізіледі.


2015 жылға қарай

кепілдемелік көлем шеңберінде ақысыз медициналық көмек алуда дәрілік жабдықтар мен белгіленген медициналық өнімдердің қолжетімділігі әсіресе ауылдық елді мекендерде жақсартылады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы стратегиялық мақсаттар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет