Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру үшін мемлекеттік-жеке серіктестік дамитын болады, оның ішінде жеке кәсіпкерлердің қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатқан жобаларды қайта қаржыландыру;
- адами ресурсты дамыту, оның ішінде мұғалімдердің, дәрігерлердің біліктілігін арттыру және замануи талаптар бойынша оқыту, жоғары мамандандырылған жұмыс кадрларын дайындау,
- облыстық бюджет шығысынан бюджет дамуы үлесінің біртіндеп жоғарылауы 2013 жылы 10 пайыздан 2014 жылы 13,4 пайызға дейін және келешекте 2020 жылы 20 пайызға дейін,
- жұмыс жасап тұрған бизнестерді заңдастыру есебінен тұрақты салық салу базасын қалыптастыру, жаңа кәсіпорындар құру, 2020 жылы 3 есе 30,8 млрд. теңгеден 92,4 млр. теңгеге дейін салық әкімшілігінің сапасын арттыру.
3.3 Банк жүйесі
Облыстың банк секторы қызметінің мақсаты инновациялық әлеуметтік-ұйғарымды өңірлік экономиканың дамуын, тұрғындарды сапалы банктік қызметпен және шаруашылық субъектілерінің толық қанағаттандыруын қамтамасыз ету үшін тұрақты және бәсекеге қабілетті банк инфрақұрылымын нығайту және одан әрі дамыту болып табылады.
Дамудың басымдықтары:
- өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым жобаларға, инновациялық, инвестициялық үрдістерді қаржыландыруға банк секторының қатысуын кеңейту;
- несиелендіру жағдайын жақсарту арқылы инвестициялық белсенділікке жағдай жасау;
- банк қызметіне қол жетімділікті кеңейту;
- сақтандыру ұйымдарының жұмысын жетілдіру;
- тұтынушылардың мүддесін қорғауға сапалы тәртіпті құру арқылы банктерге тұрғындардың сенім дәрежесін арттыру;
- ҚР Ұлттық Банкінің Қызылордалық филиалы және екінші деңгейлі банктер тарапынан түсіндірме жұмыстары арқылы халықтың қаржылық білімділігін арттыру.
Инвестициялық тартымдылықты, инвесторлар үшін қолайлы жағдайдың дамуын ескере отырып өңірде шетелдік банктер филиалдарын ашу міндеті қойылды.
3.4. «(Байқоңыр) Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы
«(Байқоңыр) Байқоңыр» Әлеуметтік ксәіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-да жалпы сомасы 7,3 млрд.теңгені құрайтын 12 инвестициялық жоба тәжірибелік жүзеге асыру кезеңінде тұр, оның ішінде 1,5 млрд. теңге Әлеуметтік ксәіпкерлік корпорациясы қаражаты есебінен. Инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру үшін 16 бірлескен кәсіпорындар құралды.
Қызметтің мақсаты Қызылорда облысының экономикалық дамуына ықпал ету болып табылады, оның ішінде мемлекеттік және жеке секторды дамыту арқылы.
Дамудың басымдықтары:
-өңірде өндірілетін өнімнің сапасын арттыру және кеңейту;
-шағын және орта бизнес мүддесін есепке ала отырып, өңірдегі мемлекеттік бағдарламаларды жылжыту;
-өңірде өндірілмейтін тауарлар мен қызметтердің мақсатты нарықтық жоғарғы нүктесін іздеу және импорттық орын басу мүмкіндігін кеңейту,
-қызметтің базалық бағыттары: өңірдің аграрлық секторын дамыту, үдемелі-инновациялық жобаларды қолдау, «2011-2020 жылдарға арналған ҚР тұрғын үй-коммуалдық шаруашылықты модернизациялау» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, жер қойнауын пайдалану жобалары, (ақпараттық, кеңестік және методологиялық көмек) бизнестің дамуы үшін институционалдық жағдай жасау, «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» Бағдарламасы шеңберінде ауылда шағын несиелендіру.
3.5 Мемлекеттік басқару
Мемлекеттік басқару жұмысының сапалылығы сапалы және қол жетімді мемлекеттік қызмет көрсету арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Дамудың басымдықтары:
- нәтижеге бағытталған мемлекеттік басқарудың жұмыс істеуі;
- жергілікті атқарушы биліктің төменгі деңгейін-ауылдық округ әкімдері аппаратында мемлекеттік басқарудың сапасын арттыру;
- мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;
- мемлекеттік қызметшілерді кәсібилік, меритократия ұстанымдарын нығайту, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру, оқыту,
- мемлекеттік қызметшілер басқарушылық шешімді қабылдауда бюрократтық былықты жою, сыбайлас жемқорлықпен күрес, мінез-құлық этикасын қатаң сақтау.
- мемлекеттік қаржы басқармасының сапалығын арттыру, ведомство аралық қарым-қатынасты жақсарту, мемлекеттік органдармен халықтың өмір сүру деңгейіне қолайлы жағдай жасау.
Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиясының жүзеге асырылуына мониторинг стратегиялық мақсаттарға жету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді, сонымен қатар, аралық мақсатты индикаторлардың жүзеге асуына талдау шеңберінде стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу механизмдер мен құрал жабдықтарды түзетуге мүмкіндік береді.
Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиясының жүзеге асуына бағалау мен мониторинг жүргізу шеңберінде облыс халқына оның жүзеге асырылуы жөнінде жыл сайын есеп беріліп отыратын болады.
3.6 Жергілікті өзін өзі басқару
Жергілікті өзін өзі басқару бойынша мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы шеңберінде ауыл әкімдерін сайлау қамтамасыз етілген. Сайлау қорытындысы бойынша өңірде 132 ауыл әкімі, 12 қыстақ әкімдері, аудан маңызындағы қалалардың 2 әкімі сайланды.
Дамудың басымдықтары:
- қолда бар жергілікті ресурстарды ( жерлер, мүліктер) пайдалану, шағын және орта бизнесті дамытуға нақты ықпал ету мәселесін шешуде, шаруашлық және әлеуметтік салаларда шешім қабылдауда ауылдық әкімдердің құзіреттілігін кеңейту;
- басқарушылық шешім қабылдау кезінде халықтың жауапкершілігін және қызығушылығын, жергілікті қоғамдардың жиналыстарға (жиыны) қатысуына жағдай жасау арқылы жергілікті маңызды мәселелердің шешіміне халықтың рөлін жоғарылату;
- басқарушылық шешімді қабылдау үдерісінде халықтың белсенді бөлігін қатыстыру,
- жергілікті маңызды мәселелерді шешуде төмен деңгейдегі басқарушылықтың қаржылық және экономикалық тәуелсіздігін кеңейту;
- ауылда халықтың өмір сүру деңгейін және саяси тұрақтылығын жоғарылату.
3.7. Жаңа казақстандық патриотизмді қалыптастыру
Облыста 11 этномәдени орталықтар жұмыс жасайды. Қоғамдық келісімді сақтау және нығайту бұл - мемлекеттің, қоғамның және ұлттың тіршілік етуінің ең негізгі шарты болып табылады.
Қазақстандық патриотизмнің негізін қалаушы бұл –барлық азаматтардың теңдігі, олардың Отан алдындағы жалпы жауапкершілігі.
Дамудың басымдықтары:
- жаңа казақстандық патриотизмді, еліміз, өңіріміз үшін мақтанышын қалыптастыру және оған жету,
- барлық этностағы азаматтардың құқықтарының бірдейлігі,
- қазақ тілінің және үш бірдей тілдердің сақталуы,
- мәдени дәстүрлердің сақталуы,
- жалпы ұлттық құндылықтарды нығайтуда, ұлттың тарихи сана сезімін қалыптастыруда қозғаушы күш ретінде интеллигенцияның болуы,
- дәстүрлерге, елдің мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сананың қалыптасуы.
Қорытынды
Әзірленген 2020 жылға дейінгі Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиясы - аймақ дамуының негізгі стратегиялық бағытын анықтайтын басты стратегиялық құжат болып табылады.
Келесі кезектегі әзірленетін жоспарлар аудандар мен салалардың даму стратегиясы аймақ дамуының таңдалған стратегиялық бағытымен келісілген болуы керек.
Оның толық іске асырылу қорытындысы бойынша облыс алдағы уақытта Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тапсырмаларының орындалуына едәуір үлес қосады және аймақ тұрғындарының өмір сүру сапасын біршама көтеруді қамтамасыз етеді.
Бұл құжат аймақ азаматтарының алдында келешекте өзінің жақсы жетістіктерге жетудің жаһандық міндеттерін көрсетеді. Оның орындалуы үшін облыстың барлық құрылымдарының белсенді қатысуы, сонымен бірге азаматтардың қолдауы талап етіледі.
2020 жылға дейінгі Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиясының табысты іске асырылуы Қызылорда облысын «Қазақстан – 2050» Стратегиясында» айқындалған мақсатқа жетудің жолымен нақты қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |