Қызметкерлер үшін демалыс күні бес күндік жұмыс аптасымен белгіленеді


Техника қауiпсiздiгiнiң арнаулы талаптары



бет3/4
Дата02.10.2023
өлшемі55.5 Kb.
#479517
1   2   3   4
Ішкі тәртіп ереже (1)

Техника қауiпсiздiгiнiң арнаулы талаптары:




    1. Оқушылармен немесе оқытушымен аяқ астынан болған бақытсыздықты тоқтаусыз жедел түрде әкiмшiлiкке хабарлап, телефон арқылы –03 жедел жәрдемiн шақыру керек.

    2. Оқушы немесе оқытушы ауырып қалған жағдайда жедел түрде дәрiгерлiк бөлмеге баруы тиiс.

    3. Өрт шыға қалған жағдайда оқу ғимаратының қабат аралығындағы және оқытушылар бөлмесiндегi бiрiншi кезектегi өрт сөндiргiш құралдарын пайдалану керек.

    4. Жылу жүйесi, жарық жүйесi iстен шықса немесе басқа да келеңсiз жағдайда (апат, күйреу, қирау) ол туралы оқу ғимаратының коменданты немесе колледж басшыларына жедел түрде хабарлау керек.

    5. Өрт шыққан жағдайда - 01 - ге телефон соғу керек. (Телефондар оқытушылар бөлмесiнде, күзетшiлер бөлмесiнде, есеп-қисап бөлмесiнде немесе директордың қабылдау бөлмесiнде бар).




  1. Техника қауiпсiздiгiнiң жұмысты (сабақты) бастау алдындағы талаптары:

    1. Оқушылардың қауiпсiз жұмыс iстеуiне кедергi болатын заттарды бөлек алып (киiмдерiн, сөмкелерiн және басқа да ауыр заттарын), өз жұмыс орындарын дұрыстап қою керек.

    2. Оқытушы дәрiсхананың iшiне түсетiн табиғи жарықтың жеткiлiктi екендiгiне көзiн жеткiзiп, қажет болған жағдайда, электр жарықтарын қосу керек.



5. Техника қауiпсiздiгiнiң жұмыс (сабақ) уақытындағы талаптары:
5.1. Егерде оқушы ауырып қалса, оқытушы оны колледждiң дәрiгерлiк көмек беретiн бөлмесiне жiберуi тиiс. Қажет деп тапса, оған топ басшысын қосып жiбередi.
5.2. Сабақ өту кезiнде, сырттан артық шу естiлмеуi үшiн, дәрiсхананың есiгi жабық болуы тиiс.
5.3. Столдың немесе партаның үстiндегi ауыр заттар түсiп кеткен жағдайда, оқушылардың жарақат алмауы үшiн, ол заттар ескерусiз қалмауы тиiс.
5.4. Сабақ барысына қатысы жоқ кiсiнi, дәрiсханаға кiргiзбеу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет