Кәсіподақ комитетінің төрайымы:
___________С. Салыбекова
«_____»__________2023ж.
Бекiтемiн
Директордың шаруашылық
жұмысы жөніндегі орынбасары
_____________ Р. Айтқұл
”_____“___________ 2023ж.
№223 зертханасында оқушылар мен оқытушыларға арналған еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгiн сақтау бойынша
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Кiрiспе бөлiм:
Бұл ереже дәрiсханада оқушы жастармен сабақ өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк жағдайларды сақтау мақсатында жасалған.
Осы талаптар дәрiсханада оқитын оқушылар мен оқытушы үшiн орындалуы мiндеттi.
Ережені бұзған кiсi тәртiп кеңесiнiң, әкiмшiлiктiң жауапкершiлiгiне, тiптен қылмыстық жауапқа да тартылады.
Дәрiсханада еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгiн сақтау жұмыстарына, осы дәрiсханада өтетiн оқытушы тiкелей жауапты.
Техника қауiпсiздiгiн сақтауға қойылатын жалпы талаптар:
Дәрiсханада от тұтатуға және темекi тартуға болмайды.
Дәрiсханада оқушылар мен оқытушы тек қана өздерiне тиiстi жұмыстарын орындауы тиiс.
Оқушылар, оқытушының жетекшiлiгiмен, дәрiсхананы таза ұстауға және дәрiсханадағы бұйымдардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Оқытушының немесе техникалық қызметкерлердiң рұқсатынсыз күз-қыс мезгiлдерiнде колледждегi жылу жүйелерiнiң суын ағызатын, ауасын шығаратын тығындарын ашуға тиым салынады.
Оқушылардың жарақат алудан аулақ болуы және әйнегiн сындырып алмауы үшiн, оқытушының рұқсатынсыз немесе қадағалануынсыз дәрiсхананың терезесiн ашуға тиым салынады.
Дәрiсханадағы ақауы бар (iстен шыққан) электрқосқыштар мен ажыратқыштарды және басқа да электр құралдарын пайдалануға тиым салынады. Олар iстен шыққан жағдайда электр қызметкерiн шақыру керек.
Дәрiсхананы сабақ арасындағы үзiлiстерде желдетiп және тазалап алу керек.
Сабақтың соңында (сабақ бiткен соң) электр жарықтарды сөндiру керек.
Өрт шыққан жағдайда адамдарды бөлмелерден шығару, колледж ғимаратынан көшiп-шығудың (эвакуация) келiсiлген үлгiсi бойынша орындалуы тиiс.
Күз-қыс мезгiлдерiнде дәрiсхананың есiк пен терезе саңылауларын бекiту және желiмдеу керек.
Оқушы сабақ өту барысында мұқият және ұқыпты отыруы тиiс. Басқа бiреудiң көңiлiн оқудан басқаға аудармауы және өзi де алаңдамауы тиiс. Егерде оқушы бiр нәрсенi түсiнбей қалса, ол оқытушының қайта түсiндiрiп беруiн сұрануы керек.
Ашық терезелерден басын шығармай, парталардан (столдардан) асып түспей, тек қана белгiлi жүретiн немесе өтетiн жерлердi пайдалануы керек.
Электр желiлер мен электртетiктерге тиiспеу керек.
Оқытушылар, қызметкерлер және оқушылар колледждiң iшкi тәртiп ережелерiн орындауға тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |