Ж. 5В010600-Музыкалық білім, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандықтарына арналған Модульдік білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылды



бет110/111
Дата02.01.2022
өлшемі1.12 Mb.
#454096
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111
УМКД К сіпкерлік ж не бизнес негіздері дот

Кәсіпкерліктің дамуы – мемлекет экономикасының одан әрі дамуының бірден бір көзі екендігі айдан анық. Кез-келген елде нормативтік-құқықтық актілер кәсіпкерлік қызмет саласында туындайтын дауды реттейтін құрал болып табылады. Осы орайда, 2016-жылдың 1-қаңтарынан елімізде ең алғашқы Кәсіпкерлік кодексі күшіне енді. Бұл кодекстің қолданысқа енгізілуі Қазақстан Республикасының біршама заңнамаларының қажеттілігін айқындап, «Бәсекелестік туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» және тағы басқа заңнамалардың күшін жоюмен сәйкес келді. Демек, қазіргі таңдағы елдің экономикасына түбегейлі өзгерістер енгізу мақсатында заңнаманың бір саласы екіншісінің орнына келіп отырғанын байқауға болады.

Аталған кодексте елімізде кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайтын, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылына, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланыс­ты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған іс-қимылдар – заңнаманың басты мақсаты екендігі көрсетілген. 


Кодекстің негізгі қағидаттарына заңдылық, кәсіпкерлік еркіндігі, кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі, меншікке қол сұғылмаушылық, адал бәсекелестік, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі, кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеттілігін арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлықтан азат болу, кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету, отандық тауар өндірушілерді, қызмет көрсетушілерді қолдау, мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне заңсыз араласуына жол бермеу, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығарушылыққа қатысуы, кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы, өзін-өзі реттеу жатады. 

Жалпы экономиканың қарқынды дамуының бір құралы ретінде кәсіпкерлікті алсақ, кәсіпкерліктің дамуын «бәсекелестік» ұғымынсыз елестету мүмкін емес, яғни, нарықтық экономиканың басты қағидаты – кәсіпкерлердің еркін бәсекелестігі. Ал, бәсекелестік дегеніміз – бұл кәсіпкерлер арасындағы күрес немесе кәсіпорындар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу жолындағы күресі. 


Кодексте бәсекелестікті қорғау, Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы адал бәсекелестікті және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуін қолдау және қолайлы жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, тауарлардың еркін қозғалысын және еліміздегі экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету, осы Кодекске сәйкес монополистік қызметті реттеу және шектеу, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерінің және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу, бәсекелестікті мемлекеттік реттеу мақсаттарына арнайы тарау арналған.  Жағдайы тиісті тауар нарығын бақылауға, оның ішінде тиісті тауар нарығындағы тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі ықпал етуге мүмкіндік беретін нарық субъектілерінің қызметі монополистік қызмет болып табылады. Кодекс кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы Қазақстан Рес­публикасында кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға бағытталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет