Жетілмеген бәсеке деп еркін бәсекенің шарттарының кем дегенде біреуі орындалмайтын нарықты атайды. Жетілмеген бәсеке үш типке бөлінеді: монополиялық бәсеке, îлигополия, таза монополия.
Монополиялық бәсеке кезінде нарықта сатушылар мен сатып алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады, өнімнің дифференциациясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің жоғарғы сапасы, әдемі орамû, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады. Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, дифференциалданған өнімнің иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету мүмкіндігіне ие. Бірақ, әрбір сатушының сату көлемі жоғары болмағандықтан, бірде монополист фирмалар көп болады да, олардың әрбіреуі нарықтық бағаны шектеген түрде бақылай алады, бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |