Ж. 5В010600-Музыкалық білім, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандықтарына арналған Модульдік білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылды



бет95/111
Дата02.01.2022
өлшемі1.12 Mb.
#454096
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   111
УМКД К сіпкерлік ж не бизнес негіздері дот

Дәріс 11. Кәсіпкерлік орта
Аннотация. Дәрісті тыңдау нәтижесінде студентер экономикадағы кәсіпорынның қаржылық ортасы, кәсіпкерлік қызметін қаржыландыру көздері, қаржы қорларын жоспарлау ерекшеліктері туралы мағлұмат алатын болады.

Кілт сөздер: Кәсіпкерлік орта, сыртқы орта, ішкі орта.

Жоспары:

1. Кәсіпкерлік ортаның мәні
2. Сыртқы кәсіпкерлік орта
3. Нарық. Кәсіпкерлердің тіршілік ету ортасы
4. Ішкі кәсіпкерлік орта

Дәріс тезистері

1. Қазақстан Республикасы бай табиғи ресурстарға ие, бірақ бұл дүниежүзілік нарықтағы бәсекеге қабілеттілік үшін жеткіліксіз. Ұлттық өндіріс шығындары дүниежүзіліктен төмен болу үшін, ең алдымен, табиғатты үнемді пайдалану қажет. Ол үшін бүкіл өндіріс циклын (қазып шығарудан соңғы өнімді алғанға дейін) жаңа, озық технологиялармен және олардың тиісті техникалық негізінде ұйымдастыру қажет. Екіншіден, инновацияларды құру мен пайдалануда зияткерлік әлеуетті (ғалымдарды, кәсіпкерлерді, жоғары білікті мамандарды) кеңірек тарту қажет.

Мұның барлығы ерекше өндіргіш күштің – кәсіпкерлердің болуын және оның іс-әрекетте жүзеге асырылуын талап етеді.

Елде, жиынтығында өркениетті табысты кәсіпкерліктің дамуы үшін қолайлы мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін, белгілі бір сыртқы және ішкі факторлар болғанда, яғни егер белгілі бір кәсіпкерлік орта қалыптасса, кәсіпкерлік дамуы мүмкін. нарықтық экономиканың барлық субъектілерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға еңбекке жарамды азаматтарға экономикалық еркіндік беретін, елде қалыптасқан қолайлы әлеуметтік-экономикалық, саяси, азаматтық-құқықтық жағдайды кәсіпкерлік орта деп түсіну қажет.



Кәсіпкерлік орта дегеніміз – еліміздегі нарықтық экономикадағы барлық субъектінің қажеттілігінен шығуға бағытталған азаматтардың экономикалық еркіндігін қамтамасыз етуші әлеуметтік – экономикалық, саяси, азаматтық – құқықтық жағдайлар болып табылады.

Кәсіпкерлерге қойылған мақсаттарды жүзеге асыруда, кәсіпкерлік жобалар мен келісімдерді жүзеге асыруда және пайда (кіріс) алуда табысқа жетуге мүмкіндік беретін, түрлі (объективті және субъективті) факторлардың шоғырланған жиынтығы болып табылатын, кәсіпкерлік ортаны құрайтын белгілі бір жағдайларда кәсіпкерлер қызмет етеді. Интегралданған күрделі жүйе ретінде кәсіпкерлік орта негізінен кәсіпкерлердің өздеріне тәуелсіз сыртқы және тікелей кәсіпкерлер қалыптастыратын ішкі болып бөлінеді.

Сыртқы кәсіпкерлік ортаның жағдайы жалпы елдегі және жеке аймақтардағы кәсіпкерліктің дамуына басты ықпалын тигізеді. Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына тікелей немесе жанама ықпал ететін, сыртқы факторлар мен жағдайлардың жиынтығы сыртқы кәсіпкерлік орта деп аталады. Сыртқы орта кәсіпкерлерге қатысты объективті орта болып табылады және олардың ниеттерінен тәуелсіз әрекет етеді. Табыстарға жету үшін, кәсіпкерлер өз әрекетінде бизнестің соңғы нәтижелеріне ықпалын болжайтындай, барлық сыртқы факторлар мен жағдайларды жақсы білу керек.

Сыртқы кәсіпкерлік орта келесі жүйе бөліктерінен тұрады:



  • Елдегі және аймақтардағы экономикалық жағдай.

  • Қоғам мен мемлекет дамуының тұрақтылығымен сипатталатын саяси жағдай.

  • Кәсіпкерлердің және нарықтық экономиканың өзге субъектілерінің құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін айқын белгілейтін құқықтық орта.

  • Мемлекеттік реттеу және кәсіпкерлікті қолдау.

  • Халықтың (тұтынушылардың) төлемдік сұранысының деңгейімен, жұмыссыздық деңгейімен байланысты әлеуметтік-экономикалық жағдай.

  • Халықтың білім деңгейіне негізделген, кәсіпкерлік бизнестің белгілі бір түрлерімен айналысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін мәдени орта.

  • Ғылыми-техникалық, технологиялық орта.

  • Іс-әрекеттің белгілі бір түрлерін дамытуға қажетті, табиғи өндіріс факторларының айтарлықтай мөлшерде болуы.

  • Кәсіпкерлік ұйымдардың қызмет ету үрдісіне ықпал ететін, климаттық (ауа-райы) жағдайлармен байланысты физикалық орта.

  • Табиғи катаклизмдер көрінісінің болмауы.

  • Коммерциялық операцияларды, іскерлік байланыстарды және т.с.с. жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, ұйымдардың жеткілікті санының болуын дәлелдейтін институционалды-ұйымдастырушылық орта.

Кәсіпкерлік табыс көптеген факторларға тәуелді, олардың ішінде кәсіпкерлік ұйымның қызмет етуінің ішкі жағдайларының белгілі бір жиынтығы ретіндегі ішкі кәсіпкерлік орта маңызды болып табылады. Ол кәсіпкердің өзіне, оның құзыреттілігіне, ерік күшіне, мақсаттылығына, ниет деңгейіне, бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудегі іскерліктері мен дағдыларына тікелей тәуелді. Ішкі кәсіпкерлік ортаға келесі факторларды жатқызу керек:

  • меншікті капиталдың қажетті көлемінің болуы;

  • фирманың ұйымдастырушылық-құқықтық формасын дұрыс таңдау;

  • іс-әрекет пәнін таңдау;

  • серіктестер командасын іріктеу;

  • нарықты білу және маркетингілік зерттеулерді білікті жүргізу;

  • кадрларды іріктеу және қызметкерлер құрамын басқару;

  • мотивтелген материалдық ынталандыру;

  • кәсіпкерлік құпияны сақтау механизмі және т.б.

Сәтті кәсіпкерлік әрекет үшін негізделген бизнес-жоспарды құру, мүмкін тәуекелдердің салдарын болжау және есептеу, жаңа технологияларды енгізу, іс-әрекетті дивесификациялау, фирма дамуының негізделген стратегиясын құру және енгізу ерекше маңызға ие.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет