Ж. 5В010600-Музыкалық білім, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандықтарына арналған Модульдік білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылды



бет92/111
Дата02.01.2022
өлшемі1.12 Mb.
#454096
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   111
УМКД К сіпкерлік ж не бизнес негіздері дот

Сыртқы қаржы ресурстары. Сыртқы қаржыландыру көздері дегеніміз өндіріске қажетті қаржы ресурстарының сыртқы инвесторлар мен кредиторлар салымдары есебінен қалыптасуын білдіреді.
Сыртқы қаражат көздерін тартудың негізгі нысандары – құнды қағаздар эмиссиясы, банктік несиелер тарту, коммерциялық несиелер тарту, лизингтік және факторингтік операциялар, қайтарымсыз және демеушілік қаржылық көмектер алу және басқалар болып табылады.

Сыртқы қаржы ресурстары да екі топқа бөлінеді—тартылған және несиеге алынған. Бұлайша бөлу, ең алдымен осы кәсіпорынды дамытуға сырттан қатысушылардың салым капиталының түріне байланысты (кәсіпкерлік немесе несиелік капитал). Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымының нәтижесінде тартылған меншікті қаражаттары және несиелік капитал пайда болады.

Тартылған қаржы ресурстары—кәсіпорын құрылған сәтінде жинақтылып, бүкіл қызмет ету барысында кәсіпорынның қарамағында болатын қаржы ресурстарының негізгі бір бөлігі. Оны кәсіпорынның жарғылық капиталы деп атау қабылданған. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық түріне қарай оның жарғылық капиталы акция жасап шығарып, оны сату есебінен (қарапайым, ерекше немесе аралас), жарғылық капиталға салынған пайлық, үлестік және т.б. салымдардан түзіледі. Кәсіпорынның жұмыс істеу уақыты ішінде жарғылық капитал бөлінуі, кемуі, артуы да мүмкін.

Несиелік қаржы ресурстары көбінесе мына түрлерде кездеседі:

· банктік несие мен басқа да несиелер;

· кәсіпорын облигацияларын шығару және сату;

· нарықтың өзге банктік емес субъектілерінен алынған қарыздар.

Қаржы ресурстарының сыртқы көздеріне тоқталатын болсақ, кәсіпорындар үшін қаражаттар тартудың алуан түрін таңдауға мүмкіндіктері бар. Сыртқы қаражат көздерінің құрылымында құнды қағаздар эмиссиясы кеңінен қолданылады. Құнды қағаздар эмиссиясының мақсаты – қажетті қаражаттарды барынша аз уақыт ішінде тарту болып табылады. Құнды қағаздардың бастапқы және қосымша эмиссиялары болады. Бастапқы эмиссия кәсіпорын құрылар кезде орын алады. Қосымша эмиссия қаржылық қиындықтарға душар болып, қосымша қаражаттарға мұқтаж болған жағдайда жүзеге асырылады.

Кәсіпорындар өз қызметін қаржыландыру үшін құнды қағаздардың көптеген түрлерін шығара алады (облигациялар, акциялар, опциондар, фьючерстер, варранттар), алайда солардың ішіндегі ең кеңінен қолданылатыны – бұл акциялар мен облигациялар.

Акция – бұл оның иегеріне (акционерге) дивиденд түрінде кәсіпорын табысына және жойылар кезінде кәсіпорын мүлкіне құқық беретін құнды қағаз. Акциялар кәсіпорын құрылар кезде шығарылады, сондай-ақ меншікті капиталды ұлғайту туралы шешім қабылданған жағдайда қосымша акциялар шығарылуы мүмкін.

Облигация – бұл қарыздық құнды қағаз болып табылады. Қосымша қаражаттар қажет болған жағдайда кәсіпорындар облигациялар шығару арқылы белгілі бір мерзімге және пайыздық төлемдер төлеу негізінде несие беруші тұлғалардың қаражаттарын тарта алады.

Кәсіпорындардың ақша қаражаттарына мұқтаждығы банктік несиелер арқылы да қанағаттандырыла алады. Несиелеу кәсіпкерлікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етудің негізгі нысандарының бірі болып табылады. Банктік несие дегеніміз – бұл кәсіпорындарға белгілі бір мерзімге арнайы пайыздық мөлшерлемелер бойынша мақсатты қолдануға банктердің берген қаражаттары болып табылады. Әдетте несиені кепілдендіру нысаны оның құнын анықтайды – несиені кепілдендіруге берілген мүлік неғұрлым сенімді (өтімді) болса, соғұрлым несиенің құны да төмен болады, демек кәсіпорын несие бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелерге үміт арта алады.

Кәсіпорынның қаржы ресурстарының қалыптастырудың тағы да бір нысаны – коммерциялық несиелер тарту. Коммерциялық несиелеу деп, жалпы алғанда, кәсіпорындардың бір-бірін өзара несиелеуін айтуға болады. Тауарды сатып алу барысында сатып алушы кәсіпорын өндіруші кәсіпорынмен есеп айырысу мерзімін белгілі бір уақытқа кейін қалдырады, өз кезегінде сатушы кәсіпорын көрсеткен қызметі үшін мәмілеге пайыздық үстеме ақы қосуға құқығы бар. Демек, коммерциялық несие – тауар нысанындағы несие болып табылады.

3. Қаржылық жоспарлау мен болжау – бұл қаржы механизмінің (тетіктерінің) қосалқы жүйесі және экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржылық жоспарлау – бұл қаржылық ресурстардың үйлесімдігі мен теңгерімділігі жайлы қызмет болып табылады. Осы арада теңгерімділік дегеніміз — мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстар арасындағы және кәсіпорынның табыстары арасындағы қолайлы, үйлесімді қатынас болып табылады. Ал үйлесімділік түсінігі кәсіпорындардың және экономиканың басқа да салаларының салық төлегенге дейінгі және төленгеннен кейінгі қалған табыстардың көлемінің арасындағы мақсатты қатынастың қалыптасун айтамыз.

Қаржылық жоспарлаудың объектілеріне:

· ақшалай кірістер мен жинақтардың қалыптасуы;

· орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қаржаттардың пайдаланылуы жатады.

Осыған орай, қаржылық жоспарлау — ақшалай қаражаттарды қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша экономикалық үрдістерді жоспарлы басқару түсінігін береді.

Қаржылық жоспарлаудың мақсатына қаржылық ресурстардың қалыптасу көздерін, олардың көлемін анықтау, тиімді арашамасын бекіту, аймақтар мен салалар арасында тиімді бөлістіру мен резервті қаржы көздерін қалыптастыру жатады.

Қаржылық жоспарлаудың міндеттеріне шаруашылық субъектілерді дамыту мақсатында теңгерімділік пен үйлесімділікке қол жеткізу жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет