Жарнама мақсаттары оның функциялары арқылы жүзеге асырылады. Жарнаманың функциялары: Экономикалық. Жарнама тауарды өткізуді ынталандырады және пайданың өсуін қалыптастырады.
Ақпараттық. Жарнама тұтынушыларды тауарлар және қызметтер жөнінде ақпараттандырады.
Коммуникативтік. Жарнама тауар өндірушілердің имиджін қалыптастырады, тұтынушыларды соңғылардың жолын ұстаушылар қылып.
Бақыланатын. Жарнама тұтынушылар тобының түрлі тауарлар ассортиментін қалауды қалыптастыратын процестерін бақылайды.
Түзететін. Жарнама белгілі бір тауардың өткізу қызметін түзете отырып, қабылдау стереотипін өзгертеді.
Сұранысты басқару функциясы. Жарнама ақпарат көлемі және оның беру графигі керек бағытта сұранысты өзгерте алады.
Жарнама күрделі ақпарат болып табылады. Себебі, бір біріне ұқсамайтын көптеген жарнама берушілер бір уақытта әр түрлі аудиторияға өз өнімін немесе қызмет түрін ұсынуға тырысып бағады. Жарнаманың негізгі тоғыз типі бар, оларға қысқаша тоқталып өтейік: