Ж. 5В010600-Музыкалық білім, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандықтарына арналған Модульдік білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылды



бет103/111
Дата02.01.2022
өлшемі1.12 Mb.
#454096
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   111
УМКД К сіпкерлік ж не бизнес негіздері дот

8. Әлеуметтік жарнама – белгілі  бір жағымды, оң іс-әрекетті насихаттауға бағытталады. Мысалы, көлік жүргізу кезінде спирттік ішімдіктен бас тартуға немесе кішкентай балаларға жақсы күтім жасауға шақыру.

9. Интерактивті жарнама – компьютермен қамтылған және интернетке шығу мүмкіндігі бар дара тұтынушыға жеткізіледі. Жарнама Wed-беттерде, баннерде т.б. орналастырылады. Бұл жағдайда тұтынушы жарнамаға көңіл аударып, оны толықтай ашып, түрлендіре алады немесе керісінше, оған ден қоймауы да мүмкін.

2. Жарнаманың негізгі түрлері:



  • Жарнама жеткізу әдісіне қарай: «қатаң» жарнама – қысқа мерзімді , агрессияшыл жарнама, «жайлы» жарнама – тауар айналысында қолайлы жағдай тудыратын жарнама.

  • Мияткер түріне қарай:  өндірушінің атынан жүргізілген жарнама көбінесе коммерциялық әрекетке байланысты. Жеке адамдар атынан жүргізілген жарнама хабарландыру сипатын алады.

  • Тұтынушыға әсер ету әдісіне қарай: оңтайлы жарнама – әлеуетті тұтынушы ақыл ойына әсер ететін жарнама. Эмоционалды жарнама – тұтынушының сезіміне ,эмоциясына ассоциация арқылы әсер ететін жарнама.

  • Мақсатты аудитория түріне қарай; бизнес саласына арналған жарнама – өнімді өндіріс үрдісінде қолдану үшін сатып алатын тұтынушыларға арналған және делдалдарға арналған жарнама, жеке тұтынушыға арналған жарнама.

  • Коммуникация стратегиясына қарай: таңдамалы жарнама – нақты нарық сегментіне арналған жарнама. Жалпылама жарнама – жалпы нарыққа арналған жарнама.

  • Компания мақсатына қарай; ақпараттық жарнама –тұтынушының жаңа тауармен және жаңа фирмамен таныстыратын жарнама. Ескерту жарнамасы – тұтынушыларға есіне тауар туралы ақпаратты сақтауға арналған және тауарды қай жерде сатып алуын ескерту жарнамасы.

  • Жарнама затына қарай: тауар жарнамасы– таурға сұранысты қалыптастыратын және ынталандыратын жарнама. Фирма жарнамасы – кәсіпорынның жұмысын жағымды көрсететін жарнама.

  • Тигізетін әсеріне қарай: Тікелей жарнама - жеке тұлғаға арналған жар­нама (мысалы, директ-мейл) Жанама жарнама - көпшілікке арналған жарнама(мысалы,теледидар,радио жарнамасы)

  • Әсер ету жолына карай: Көз жарнамасы (баспа және сырт жарнамасы), Акустикалық жарнама (радиожарнама), Иіс сезу қабілетіне әсер ететін жарнама (хош иісті буклет немесе с.с. заттар арқылы).

3. Маркетинг жүйесіндегі жарнама қызметі бірқатар сатыларға бөлінген құрамдас үдеріс ретінде сипатталады:

1. Жарнама мақсатын анықтау;

2. Жарнамалық жариялау туралы шешім қабылдау;

3. Жарнама тарату құралдарын анықтау;

4. Жарнама қаржысын таңдау;

5. Жарнама қызметінің тиімділігін белгілеу.

Жарнама компаниясы - бұл өзінің стратегиялық немесе тактикалық міндеттерін шешуге мүмкіндік туғызатын, олардың реакциясын тудыру мақсатында, маркетинг бағдарламасына сәйкес әзірленген және рыноктың сәйкес сараланымдарын білдіретін, тауарды тұтынушыларға бағытталған, жарнама шараларының кешені.

Бәсекелік марканың жарнама компаниясы екі коммуникациялық мақсатты көздейді: марка туралы екі хабардар болудың біреуіне – оның танылуы мен сатып алушыны уәждеуге қол жеткізу.

Өткізу мерзімдеріне тәуелсіз, әрбір жарнама компаниясына үш негізгі  кезең кіреді:  дайындық,  шарықтау шегі  және қорытынды.

Дайындық кезеңі негізгі болып саналады, өйткені оған қалған екі кезең, сондай-ақ тұтас алғанда жарнама компаниясының табысы тәуелді болады. Дайындау кезеңіне жарнама компаниясын жоспарлау жатады. Жоспарлау рынокта тауардың жанында қалыптасатын жағдайды есепке алады және жарнамаға жұмсалатын шығындарды анықтайды.   

Жарнамалық компанияны жоспарлау келесі тәртіпте жүзеге асырылады:


  1. Жарнама объектісі және активті және пассивті сатып алушыларға тауар туралы айтуға қажетті ақпараттың мазмұны анықталады.

  2. Жарнама субъектісі таңдалады.

  3. Жарнама мекен жайы орнатылады.

  4. Жарнама себебі анықталады.

  5. Жарнама құралдарының түрлері таңдалады және олардың оптималды жиынтығы мен қатынасы анықталады.

  6. Жарнамалық хабарландыру құрастырылады.

  7. Жарнама шығарылымдарының графигі бекітіледі.

  8. Жарнамалық шараларға шығындар сметасы құрастырылады.

  9. Жарнама тиімділігі анықталады.

4. Жарнама сұраныс пен ұсынысты қалыптастыруға, бәсекенің пайда болуына, инвестиция табуға, өткізу нарығының кеңеюіне, сайып келгенде осыған байланысты жалпы экономиканың және оның әр түрлі саласының дамуына әсерін тигізеді. Бұл жарнаманың экономикалық рөлін ерекшелейді.

Жарнама тек өнім туралы ақпарат беріп қана қоймай, оның тұтынушы санасында әлдебір бейне ретінде қалыптасуына әсер етеді. Осыдан жарнаманың коммуникациялық рөлін байқауға болады. Жарнама тауар сұранысының, өткізу көлемінің және фирма пайдасының өсуіне әсер етеді. Бұл оның маркетингтік рөлін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет