Ж. 5В010600-Музыкалық білім, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандықтарына арналған Модульдік білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылды


Дәріс 13. Жарнама және оның бизнестегі рөлі



бет99/111
Дата02.01.2022
өлшемі1.12 Mb.
#454096
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   111
УМКД К сіпкерлік ж не бизнес негіздері дот

Дәріс 13. Жарнама және оның бизнестегі рөлі
Аннотация. Дәрісті тыңдау нәтижесінде студенттер жарнама түсінігі, оның мәні мен функциялары, сонымен қатар жарнаманың кәсіпкерлік қызметтегі ролі туралы мағлұмат алатын болады.

Кілт сөздер: Жарнама, Сауда маркасының жарнамасы, Саяси жарнама, Әлеуметтік жарнама, Іскерлік жарнама, жарнама кампаниясы.

Жоспары:

1. Жарнама, оның мәні, функциялары және типтері

2. Жарнама және оның түрлері

3. Жарнама әрекетін жүргізудегі негізгі сатылары

4. Жарнаманың бизнестегі рөлі

Дәріс тезистері

1. «Жарнама – бұл жеке және заңды тұлға, тауарлар, идеялар, бастамалар (жарнамалық ақпарат) туралы кез - келген ақпарат құралдар көмегімен кез келген формада таралатын, белгісіз тұлғалар шеңберіне арналған және осы жеке және заңды тұлғаға, тауарларға, идеяларға және бастамаларға қызығушылық қалыптастыруға және танытуға, тауарларды, идеяларды және бастамаларды өткізуге бағытталған ақпарат».

Жарнама термині латынның «reklamare» - қатты айқайлау, хабарлау деген сөзінен шыққан (Ежелгі Греция мен Римде хабарландырулар алаңдар мен басқа да халық көп жиналатын орындарда қатты айқайлап айтылды немесе оқылды).

Жарнамаға әйгілі маркетолог Филип Коттлер былай анықтама береді: «Жарнама – нақты қаржыландырудың қайнар көзі көрсетілген, ақпаратты таратудың ақылы құралдары көмегімен жүзеге асатын коммуникацияның өзіндік нысаны». Ал Американдық маркетинг ассоциациясының берген анықтамасы бойынша: «Жарнама - бұл тапсырыс берушінің нақтылы төлемімен тауарларды және қызмет көрсетудің кез-келген формасы және ол тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып тұтынушыларға қызмет көрсететін және маркетингтің құрамдас бөлігі болып табылады»,- деп тұжырымдайды. 1996 жылы шыққан «Сауда туралы жарнама» кітабының авторлары В.Беклешев және С.Вороновтың жарнамаға берген анықтамасы АҚШ-тағы «Эдвертайзинг Эйдж» журналында өткізілген конкурс барысында мақұлдауын алғаны белгілі. Бұл жерде жарнамаға жалпы сипаттама бере келе, «Жарнама – ол жарнама беруші қарамағынан шығатын бұқараның мақұлдауын, дауыстарын алуы, тұтынушылар мен тұтынушылар санын көбейту және табысты көбейту мақсатында алдын-ала ақысы төленген тауар, қызмет, қоғамдық қозғалыс немесе тұлға туралы баспа, қолмен жазылған, ауызша немесе бейнелік хабарлама»,- деп нақтылы тұжырымға келген.

Жарнаманың қарапайым нысандары біздің заманымызға дейін әрекет етті. Біздің уақытқа жеткен жарнамалық хабарламаның бірі құл сату туралы хабарланған египет папирусы болып саналады. Ежелгі Мемфис қаласының қалдықтарынан табылған тасқа мынадай жазу жазылған: «Мен, Крит аралынан шыққан Рино, құдайдың еркімен түс жоримын». Ежелгі Греция мен Римде хабарландыруды тақтайшаға, мыс пен сүйеккке қашап жазған.

1450 жылы Гуттенбергтің баспа станогын ойлап шығаруы бұқаралық коммуникация құралдары жүйесінің қалыптасу дәуірінің бастауы болды. 1465 жылы Италияда бірінші типография, 1468 жылы Швейцарияда, 1470 жылы Францияда, 1473 жылы Бельгия мен Венгрияда пайда болды. Алғашқы баспалық жарнамалық хабарландыру 1472 жылы шықты, Лондон шіркеулерінің бірінің есігінде келушілерге бағыштаулар сату туралы ақпарат ілінген.

Бүгінде Нью-Йорктің орталығында Мэдисон-авенюде 30 мыңға жуық адам жұмыс жасайтын бірқатар ірі американдық жарнамалық агенттіктердің штаб-пәтерлері орналасқан. Ең ірі жарнамалық агентітк Жапонияда орналасқан және ол «Денцу» деп аталады.



Жарнамалық қызметтің ең көп таралған сферасы сату жарнамасы болып табылады, жарнамалық әсер ету құралы – тауарлар, сату кәсіпорындары және осы кәсіпорындармен көрсетілетін қызметтер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет