1. Бөліп-тарату қызметі- орындауға арналған бағдарламалар мен стратегияларды қаржыландыру мақсатында ақшалай қаражат қорларын құру, капиталдың оңтайлы құрылымын жасау және банкротқа ұшырау қаупін мейлінше төмендету.
2. Ынталандыру қызметі- өндіріс шығындарын барынша төмендету, жаңалықтар мен инновацияларды енгізу, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін өндірісте пайдалану.
Сонымен, пайдадегеніміз - бұл тауардың нарықтық сату бағасы мен оны өндіруге жұмсалған шығындардың айырмасы.
Пайданың құру, бөлу, өзара әрекет ету және пайдалану факторлары бар:
1. Құру факторлары: 1) өнімдерді, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатудан түскен түсім; 2) материалдық және материалдық емес қорларды сатудан түскен түсім; 3) негізгі құралдарды сатудан түскен түсім; 4) басқа әрекеттерге қатысудан келген табыстар; 5) құнды қағаздардан келген табыстар; 6) айыппұлдар мен өсімпұлдар.
2. Бөлу факторлары: 1) пайданың бюджетке және бюджеттен тыс қорларға бағытталуы; 2) пайданың кәсіпорында қалуы; 3) пайданың қарыздарды өтеу және пайыздарды төлеу үшін банкке бағытталуы; 4) пайданы бөлудің басқа да факторлары.
3. Өзара әрекет ету факторлары: 1) бағалар, тарифтер, алымдар; 2) салықтар және салық мөлшерлемелері; 3) несиелік пайыз мөлшерлемелері; 4) айналым құралдарының айналымы; 5) өнімнің өзіндік құны; 6) еңбек өнімділігі; 7) қор қайтарымдылығы; 8) қормен қарулану.
4. Пайдалану факторлары: 1) жинақтау және қорлану (өндірісті және ғылымды дамыту); 2) әлеуметтік мұқтаждықтар; 3) күрделі қаржы салымдары; 4) тұтыну (дивиденд, материалдық көмек, т.б.); 5) басқа да шығындарды өтеу.
Пайданың негізгі төрт түрі бар:
Достарыңызбен бөлісу: |