Ж. А. Қараев педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ы. Алтынсарин атындағы Ұба бас ғылыми қызметкері



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата27.07.2023
өлшемі0.73 Mb.
#475842
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3 makala bauyrzhanga 090322 sokrashchenvariant ozht ot karaeva zha 3 kopiya

5. ОҮӘЖ технологиясының мәні 
 
ОҮӘЖ технологиясы деп оқушының өз бетімен іздеу-зерттеу қызметін 
жүзеге асыруға, оқытудың ұжымдық және жеке оқыту формаларын біріктіруге 
мүмкіндік жасайтын әрбір оқушы үшін оқытудың критериалды (объективті) 
бағаланған нәтижесін алуға кепілдік беретін дидактикалық матрица (оның 


ішінде үшөлшемді әдістемелік жүйе) негізінде әзірленген педагогикалық 
жүйенің жобасын айтады. 
Дидактикалық матрицаға сүйене отырып әзірленген педагогикалық 
жүйенің жобасы болып табылатын ОҮӘЖ технологиясы педагогикалық 
технологиялар жүйесінің екі негізгі трендінің дидактикалық әлеуетінің 
(потенциал) мүмкіндігін біріктіреді: 
1) синектикалық бөлікте зерттеушілікке негізделген технология 
талаптарын іске асырады (конструктивизм, сыни ойлау технологиясы және т. б.); 
2) нәтижеге бағдарланған оқытуды іске асырады [2]. 
Осылайша, ОҮӘЖ технологиясы педагогика ғылымында қалыптасқан 
педагогикалық технологиялардың екі түрінің инновациялық әлеуетін біріктіреді: 
зерттеуге бағытталған технологиялар және нәтижеге бағытталған 
технологиялар. Синектикалық бөлікте белсенді және интерактивті оқыту 
әдістері қолданылады. Біздің тәжірибеміз, сондай-ақ, синектикалық бөлікте үш 
кезеңнен (шақыру, ұғыну және рефлексия) тұратын сыни ойлау технологиясын 
қолданудың тиімділігін көрсетті [2].
Тәжірибе көрсеткендей, синектикалық бөлімде оқытудың белсенді және 
интерактивті әдістерін қолдану жағдайында (сыни ойлау технологиясының 
стратегиясын қоса), оқу материалын игеруді ұйымдастырудың топтық сипатына 
байланысты мұғалімге критериалды бағалау жүйесін қолдану қиын, сондықтан 
әр оқушының оқу жетістіктерін дәл бағалау және уақтылы түзету жұмыстарын 
жүргізу мүмкіндігі азаяды [7]. 
Синектикалық бөлімнің бұл кемшіліктері ОҮӘЖ технологиясының 
нәтижеге бағытталған екінші бөлігімен толықтырылады. Әр оқушының әр түрлі 
деңгейлі тапсырмаларын жүйелі түрде өз бетінше орындауы біртіндеп «білу», 
«түсіну», «қолдану», «бағалау» және «жалпылау» деңгейлеріне сәйкес келетін 
дағдылар тізбегін қалыптастырады. 
Осылайша, оқытудың пәндік мақсаттарын диагностикалық түрде 
анықтау, ақпараттық мазмұннан оқытудың іс-әрекеттік және дамытушылық 
мазмұнына көшу, объективті педагогикалық квалиметрияны, оның ішінде 
критериалды бағалау жүйесін енгізу, оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын қалыптастыру ОҮӘЖ технологиясының нәтижеге бағытталған 
екінші бөлігінде жүзеге асады. 
ОҮӘЖ технологиясының екі бөлігінің ортақ өзегі – дидактикалық 
матрица болып табылады (2-суретті қараңыз). 
ОҮӘЖ технологиясының синектикалық бөлігінде оқушылар топта 
жұмыс істей отырып, интерактивті оқыту техникасын және сыни ойлаудың 
барлық кезеңдерінің стратегияларын қолдана отырып, дидактикалық 
матрицаның жоғары «сатысына» көтеріледі. Сыни тұрғыдан ойлау кезеңдері: 
шақыру-ұғыну-рефлексия танымдық қызметтің иерархиясына (деңгейлеріне): 
репродуктивті, продуктивті (шығармашылық, креативті) және дидактикалық 
матрица сатыларының иерархиясына сәйкес келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет