Ж. А. Қараев педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ы. Алтынсарин атындағы Ұба бас ғылыми қызметкері


  Педагогикалық технология дегеніміз не және ол неден тұрады?



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата27.07.2023
өлшемі0.73 Mb.
#475842
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3 makala bauyrzhanga 090322 sokrashchenvariant ozht ot karaeva zha 3 kopiya

    Бұл бет үшін навигация:
  • Мұнда
2. 
Педагогикалық технология дегеніміз не және ол неден тұрады? 
 
Педагогикалық технология дегеніміз педагогикалық жүйенің жобасы, 
оны жүзеге асыру кепілдендірілген нәтижеге әкеледі (В.П. Беспалько). 
Педагогикалық жүйе (ПЖ) деп В.П. Беспалько оқытудың әдістемелік 
жүйесі (мақсаты, мазмұны, әдістері, формасы мен құралдары) және қажетті 
дидактикалық процестердің белгілі бір жиынтығын түсінеді [1] (1-сызбаны 
қараңыз). 
Мұнда: Мақсат – өздігінен білім алу мақсаты (диагностикалық түрде қойылған мақсат).
Ы – ынталандыру, қызығушылық ояту; 
Тқ – оқушының танымдық қызметі; Ол төмендегі іс- әрекеттерден тұрады: 
Әбн - әрекеттің бағдарлық негіздері;  
Оә -орындаушылық әрекеттер (ІІ – кезеңде); 
Түз.ә. – түзету әрекеті ( ІІІ – кезеңде қателермен жұмыс); 
1-
сызба 


Бә – басқару әрекеттері ( ІІІ – кезеңде бақылау, бағалау жұмыстары); 
Басқ. – педагогтың басқару функциялары. Ілгеріде (жоғарғы деңгейлерде) 
оқушылардың өз бетімен білім алып, дамуын өзі басқаруына ауысады.
Оқытудың кепілдендірілген нәтижесінен басқа барлық педагогикалық 
технологиялар іс-әрекеттік тәсіл талаптарына сәйкес оқушының субъективті 
функцияларын кеңейтуі қажет. 
Осы талаптарды ескере отырып В.П. Беспалько жоғарыда келтірілген 
анықтаманы келесі талаптармен толықтырады: 
1) оқыту мақсаттарын диагностикалық түрду қою және оқушылардың оқу 
материалын меңгеру сапасын объективті бақылау қажет; 
2) барлық оқу-тәрбие процесінің тұтастығы (құрылымдық және 
мазмұндық) қағидатын жүзеге асыру қажет
3) педагогикалық технология оқушының оқу-танымдық іс-әрекетінің 
құрылымы мен мазмұнын, жалпы тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін оқу 
процесінің жобасы болуы керек; 
4) оқыту үрдісіндегі педагогикалық экспромттарды барынша азайтып
оқыту мақсаттарына кепілді қол жеткізуі қажет [1]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет