4) И.Я.Лернер мен Х.Табаның
білім беру мазмұнының иерархиясын
анықтауға қойылатын талаптарына сәйкес жасақтауға болады (1-кестені
қараңыз).
Кесте-1
Оқу тапсырмаларын әзірлеуге қойылатын талаптар жүйесі
Меңгеру
деңгейлері
Оқу тапсырмаларының сипаттамасы
Оқушылық
Қарапайым тапсырмалар (бір әрекетте):
-
фактілерді,
негізгі ұғымдарды, ережелер мен
қағидаларды, терминдерді білу.
-
тану; - жаңғырту; - анықтау;
-
тізімдеу және сипаттау; - салыстыру және ажырату; -
бөлу; - стандартты жағдайдағы типтік есептерді шешу; -
типтік есептеулер; -
Нұсқаулық бойынша қарапайым
тәжірибелер жүргізу.
Алгоритмдік
Қарапайым және күрделі тапсырмалар:
-
салыстыру; - байланысты анықтау; - бастысын бөліп
көрсету; - себептері мен салдарын түсіндіру; - материалды
түсіндіру (түсіндіру, өз сөзімен қысқаша баяндау) –
схемаларды, Графиктер мен диаграммаларды түсіндіру;
-
ауызша материалды математикалық өрнектерге
түрлендіру; - стандартты емес жағдайда типтік есептерді
шешу.
Эвристикалық
Құрамдас тапсырмалар:
– зерделенген материалды жаңа жағдайларда пайдалану -
ережелерді,
әдістерді,
ұғымдарды,
принциптерді,
заңдарды,
теорияларды
практикалық
жағдайларда
қолдану:-қандай да бір проблеманы шешу үшін ақпарат
пен идеяларды
пайдалану немесе қолдану; - схемалық
түрде көрсету; - модельдеу; - ретке келтіру; - дәлелдеу; -
ұқсастықтарды жүргізу; - олардың арасындағы айқын
байланысы бар кіші тапсырмаларды қамтитын есептік
және эксперименттік зерттеулер жүргізу; - зертханалық
жұмыстарды жүргізу.
Шығармашылық
Құрамдас тапсырмалар:
-
жалпылау; - модельдеу;- абстракциялау, - эссе, шығарма
жазу; - білімді шығармашылық тұрғыда ауыстыру; -
гипотезаларды
ұсыну және растау; - дәлелдеу; -
эксперимент
жүргізу
жоспарын
әзірлеу,
өмірлік
проблемаларды шешу кезінде ұқсастықтар жүргізу; -
байланыстарды, өзара әсерді белгілеу; - себептерді
анықтау; - проблемаларды шешуді алгоритмдік емес іздеу;
-
зерттеу нәтижелерін талдау және түсіндіру; - жазбаша
мәтін түрінде материал құру логикасын бағалау; -
қорытындылардың қолда
бар деректерге сәйкестігін
бағалау; -; - сапаның сыртқы өлшемдеріне сүйене отырып,
қызметтің қандай да бір өнімінің маңыздылығын бағалау; -
болжау; - типтік емес, оның ішінде нақты өмірлік
жағдайларға байланысты мәселелерді шешу; - анық емес
байланыстары бар, ішкі тапсырмалары бар есептік және
эксперименттік зерттеулер жүргізу.
1-
кестеде ұсынылған талаптар оқушылардың
оқу жетістіктерін
критериалды бағалау үшін бақылау тапсырмаларын әзірлеуге де негіз болады [2].
ОҮӘЖ технологиясын практикада қолдану оқушылардың өз бетімен
танымдық іс-әрекетінің тиісті деңгейін жүзеге асыруды қажет ететін
иерархиялық тапсырмалар жүйесі әр тақырып бойынша, әр пән үшін, барлық
сыныптар үшін жасалуы керек. Онсыз оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту және критериалды бағалау жүйесін
тәжірибеге енгізу
мүмкін емес [2]. Әрине, бұл мұғалімдердің осындай даму тапсырмаларын
әзірлеуге бағытталған қажырлы, шығармашылық жұмысын талап етеді.
Осылайша, ОҮӘЖ технологиясын қолдану білім беруші мұғалімді фасилитатор
мұғалімге, яғни оқушылардың іздеу қызметінің жетекшісіне және оқу
кітаптарының авторына айналдырады.
Достарыңызбен бөлісу: