Ж. А. Қараев педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ы. Алтынсарин атындағы Ұба бас ғылыми қызметкері


 Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата27.07.2023
өлшемі0.73 Mb.
#475842
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3 makala bauyrzhanga 090322 sokrashchenvariant ozht ot karaeva zha 3 kopiya

7. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау 
 
Дәстүрлі мектепте оқушының іс-әрекетін бағалау оқу материалын 
игерудің максималды деңгейіне бағытталған. Алайда, мұндай бағалау жүйесі өз 
қабілеттері максималды деңгейден төмен адамдар үшін өте қиын психологиялық 
ахуал тудырады. "Шегеру" әдісі деп аталатын осындай дәстүрлі бағалауда «5» ең 
жоғары балл болып табылады, бағалау кезінде оқушының кемшіліктері мен 
жіберген қателіктеріне байланысты оның бағасы төмендейді. Бұл жағдайда 
бағалау ынталандыру емес, жазалау құралы болып табылады және оқушының 
жетістіктерінің шынайы деңгейін көрсетпейді. Оқушылардың іс-әрекетін 
бағалауға деген осындай көзқарастың нәтижесінде олардың оқуға деген 
ынтасының деңгейі төмендейді, дұрыс емес жауаппен жазаланудан 
қорыққандықтан «сәтсіздіктен қорқу» синдромы қалыптасады.
Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесіне негізделген педагогикалық 
технологияны қолдану жағдайында бағалау «Қосу» әдісімен жүзеге асырылады, 
оның негізіне білімді меңгерудің ең төменгі бірінші деңгейі алынады. Бұл 
деңгейге жету әр оқушыдан міндетті түрде талап етіледі (3-сурет).


а) б) 
3-
сурет. а) «Шегеру» әдісі арқылы бағалау; б) «Қосу» әдісі арқылы бағалау 
Оқушылардың қызметін «Қосу» әдісімен бағалау мектепке оқу 
жетістігінің мотивациясын, оқушының белсенді танымдық іс-әрекет жасауын 
қалыптастырады. 
Бұл жағдайда бақылау тәсілінің өзгеруі бағалау жүйесін өзгертуге 
әкеледі. Төменгі меңгеру («білу») деңгейіне жеткен оқушылардың қызметін 
бағалау үшін «есептелді» немесе «есептелмеді», ал жоғары деңгей үшін «4» 
немесе «5»деген белгі енгізіледі. «Есептелді» мен «есептелмеді» арасындағы 
айырмашылық, теріс нәтиже болған жағдайда, есепке алынбайды. «Есептелмеді» 
жағдайында дамытушы тапсырманы оқушының қайта орындауға құқы бар. 
Оқушы «білу» деңгейдегі тапсырмаларды өз қарқынымен аяқтағаннан 
кейін алгоритмдік, эвристикалық және шығармашылық деңгейлердегі 
тапсырмаларды біртіндеп орындауға мүмкіндік алады. Өздік жұмысты және 
тақырыптық сынақты орындау кезінде әрбір оқушы өзінің жоғары қабілеттеріне 
қарамастан өз қызметін міндетті түрде (оқушылық немесе бірінші «білу» 
деңгейіндегі) тапсырмаларды орындаудан бастайды. Бұл тірек білім алуды, ал ең 
бастысы – барлық оқушылардың міндетті деңгейді кепілді орындауын 
қамтамасыз етеді.
Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, «есептелді» бағалаудың арқасында 
оқушылардың барлығы «білу» және «тусіну» деңгейін меңгеруді қамтамасыз 
етеді. Әдетте, бір деңгейді меңгерген оқушы одан әрі ұмтылады, олар оқуға, 
өзіне деген сенімділікке ие болады. 
Дидактикалық матрица мен сапалық деңгейлер негізінде жасалған 
деңгейлік дамытушы оқу материалдарын орындау критериалды бағалауды 
жүзеге асыруға, мемлекеттік стандарт талаптары деңгейінде әр оқушының білім 
алуына кепілдік береді.
«Ашық журналды» қолдану оң ынта тудырады. Ашық журналда барлық 
оқушының, шамасына қарай, деңгейлік тапсырмаларды жүйелі орындау арқылы 
қол жеткізген оқу жетістіктері жедел және көрнекі түрде белгіленеді. 
Сыныптарда тақтаның шетіне арнайы дайындалған кесте түрінде «Ашық 
журнал» ілінеді. Осы журналда оқушылардың әрқайсысы орындаған 
тапсырмаларды белгілеу барысында олар бір-бірінің алға жылжуын байқауға 
және деңгейлік тапсырмаларды орындауды аяқтау дәрежесі туралы ақпарат 
алады. Бұл оқушылардың деңгейлік дамытушы тапсырмаларды жарыса 


орындауына жағдай жасайды. Сөйтіп дидактикалық матрицаның баспалдағымен 
жоғары өрлеу – ойын формасында өтеді. 
«Ашық журналға» оқушылардың «білу» деңгейінен бастап әр деңгейдегі 
дамытушы тапсырмаларды орындау нәтижелері «+» түрінде, орындалу ретімен 
динамикалық түрде белгіленіп отырады. Әр деңгей тапсырмаларының өз бағалау 
«салмағы» бар. «Білу» деңгейі тапсырмаларының үлес салмағы төмен, 
тапсырмалар саны қарастырып отырған тақырыптағы оқу элементтерінің (ұғым, 
факті, принцип, т.б.) санына байланысты. Бұл деңгейдің тапсырмаларын 
орындап, сәйкесті «ұпайларын» жинаған оқушылар келесі деңгейдің 
тапсырмаларын орындайды, бұрын жинаған ұпайларын үстемелеуге мүмкіндік 
алады. Сабақ үстінде орындап үлгермеген тапсырмаларын үйде орындап, 
сыныпта «Ашық журналда» жинаған ұпайларына ұпай санын қосуға әр оқушы 
құқылы. Келесі сабақта бұл деңгейлік ұпайлар ресми журналға критериалды 
бағаланған баға ретінде қойылады. «Есептелді» түрінде жинақталуы басталған 
«ұпай» түріндегі бағалау – оқушының деңгейлік тапсырмаларды жарыса 
орындап, дидактикалық матрицаның баспалдақтарымен жоғары көтеріліп, 
жоғары деңгейдегі дағдыларды қалыптастыруына жол ашады.
Біздің соңғы 25 жылдағы жинаған тәжірибеміз ОҮӘЖ-технологиясын 
сабақта пайдалану – бірінші тоқсанның соңында барлық оқушылардың «білу» 
деңгейінде тақырыпты меңгеретінін, ал оқу жылының соңында барлығы бірдей 
«білу», «түсіну» деңгейінде кепілді білім алып, 80%-дан астамы «қолдану» 
деңгейіндегі оқу нәтижесіне қол жеткізетінін көрсетті. 
Педагогтардың пайымдауынша, бұл технологияны пайдалану шын 
мәніндегі дамытушы, кепілдендірілген білім сапасына қол жеткізетін
оқушылардың өз бетімен жасаған іс-әрекеті арқылы белсенді түрде білім алуын 
қамтамасыз ететін дидактикалық оқу ортасын қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет