Ж. Б. Аширбекова



Pdf көрінісі
бет32/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Қазақ елі рәміз белгілерінің тарихынан. Дүние жүзіндегі 
басқа мемлекеттердікі сияқты, қазақ елінің рәміз белгілерінің де 
кӛп жылғы бай тарихы бар. Ежелгі дүниеде Ғұн империясының, 
ерте орта ғасырларда Қазақстан ӛлкесінде ӛмір сүрген Түрік, 
Түркеш, Қарлұқ қағанаттарының, Керей, Найман мемлекетте-
рінің ӛзіне тән байрағы болды. Кейінгі орта ғасырлардағы 
Алтын Орда мен Ақ Орданың да ӛз нышан-белгілері оюланған.


136 
635 жылы Батыс түрік қағанатының құрылтайында «Он оқ 
будун» аталатын рәміз ұраны қабылданған. Бұл қағанаттың туы 
«Қош жалау» аталған. Кӛне түрік мемлекеттерінің туларында 
негізінен қасқырдың басы бейнеленген. VI-VII ғасырларда кӛп 
тараған бұл тулар «Бӛрілі байрақ» деп аталған. Тудағы бұл бей-
не аңызындағы түріктердің арғы атасы болған кӛк бӛрінің (қас-
қыр) құрметіне салынған. Ежелгі түрік билеушілерінің бірі Уыз 
ханның бір кездері алтыннан құйылған «Бӛрілі ту» деп аталған 
рәмізі болыпты.
Аталған тарихи ескерткіш тулардың тарихы XIII ғасырда 
Даниядан басталады деген болжамды жоққа шығарады. Қазақ 
мемлекеті билеушілерінің әр түрлі тулары болған. Орта Азия 
билеушісі Әмір Темірдің туының түсі кӛк болса, XVIII ғасыр-
лардағы Абылай ханның туы ақ болған.
Қазақтың XVII ғасырдағы ұлы ханы Еңсегей бойлы ер 
Есімнің туы қызыл екен. Бұл ту Алтын Орда билеушісі Орыс 
ханнан қалған. 
Ол кезде туды соғысқа бірге алып шығатын болған. Ту ұс-
тауға арнайы батырлар дайындалған. Елдің елдігін, тәуелсіздігін 
білдіретін қасиетті тулар ұрпақтан-ұрпаққа қалдырылып отыр-
ған.
Орта ғасырларда қазақ халқының құрамындағы әр ру, 
тайпалардың ӛзіне тән таңбалары болған. Бұл таңба сол рудың 
ерекшелік белгі қызметін атқарған. Жалпы, осы таңбалар бізге 
жеткен тарих кӛшінің белгісі болып табылады. Таңбалардың ат-
тары да әр түрлі болған. Мысалы, «абақ», «тарақ» деген таңба 
атаулары кездеседі


137 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет