ка и эпиграфикиа. 177-179 б).
Қазақстан мен Орта Азияның ежелгі заманнан XIX ға-
сырға дейінгі ақша жасау ісі мен сауда айналымы туралы
А.К.Марков, В.В.Бартольд, Е.А.Давыдович, О.И.Смирнова,
Г.А.Федоров-Давыдов, Б.Д.Кочнев еңбектері
Бухарлық монеттердің 3 түрі де Оңтүстік Қазақстандық
қалаларда кӛптеп кездеседі, ол бұл монеттердің VIII-XII ғғ. ақша
айналымында белсенді қалалардың монеттері де Фараб,
Испиджаб, Саманидтар мен Қараханидтар кезеңінде және Тараз-
да жасалған.
VIII-X ғғ. Сырдария бойындағы қалаларда сауда ақша ай-
налымының құлдырауы кӛрсетілмеген. Керісінше, Бұхар мен
20
Самарқандта X ғасырда мыс монеттер айналымда болған жеке
сауда дамыды. Ұсақ қала ішінде және маңызды облысаралық
байланысты мыс фельстер шығаратын монет сарайлары құрыла
бастады.
Барабдтың саманидтік тиыны 310 х.ж. / 922-923 ж.
Е.А.Давыдовичтің 1967 жылы Самарқандта вокзал жанынан
табылған мыс монеттермен ашылған. Монеттер (301/914-331/
943 жж.) Саманид Әмірі Насыр ІІ Ахмад атынан басылған.
Саманидтер кезінде монеттерде біржағдайда қала аты, басқа
жағдайда облыс аттары жазылған. Бараб (фараб) X ғасырда,
В.В. Бартольдтың айтуынша, Сырдарияның орта ағысындағы екі
жағында да орналасқан облыс немесе округ болған. Бұл округ
IX ғасырдың 40 ж. саманидтер жаулап алған Испиджаб облысы-
ның құрамына кірген, саманидтер кӛршілері – түріктердің ша-
буылынан сақтанып, ӛздерінің солтүстік және де шығыс шекара-
ларының қауіпсіздігіне кӛп кӛңіл бӛлді.
Саманидтік фельстер шығарылған жеріне қарамастан
мемлекет бойынша сауда айналымында маңызды рӛл атқарды.
Отырар, Құйрық-тӛбеғ Мардан-Құйқа жерінде жасалған қазбада
Самарқандта, Бұхарда, Шаш пен Испиджабта, Фарабта X-XI ға-
сырда жасалған саманидтік фельстер табылған. Испиджаб пен
Фарабтан табылған тиындар, бұл екі облыстың экономикасының
дамығандығын кӛрсетіп, сауда айналымында тауардың кӛбеюі
талап етілгендігіне куә болады.Сонымен қатар Фараб пен
Испиджабтан табылған, Насыр ІІ Ахмад атына жасалған мыс
монеттер, саяси тұрғыда сол кездегі бұл екі облыстың Саманид
мемлекетінің құрамына кіретіндігіне куә болады. Алайда бұл екі
округ сӛз жүзінде Саманид вассалы саналған, жергілікті түрік
билеушілері басқарды.
Саманид монеттерін зерттеуде үлкен үлес қосқан
Е.А.Давыдович болған. Оның саманид кезіндегі нумизматикаға
арналған еңбектері ӛзінше түрлі сипаттарға ие. Ол монеттің ма-
териалын негізге ала отырып, Мәуереннахрдың ақша айналымы
мен саманидтер кезеңіндей Орта Азияның феодалдық қатынас-
тарының дамуын зерттеді. Е.А.Давыдович еңбегінің арқсында
X ғасырдың 60 ж. жататын Кубалық саманид монеттері мен са-
манидтер тарихы бойынша жаңа мәліметтер ашылды. Ферғана
21
монеттерін зерттей отырып, Орта Азиядағы Х ғасырдағы қызмет
үшін жасалған феодалдық шағымдарды мінездей алды.
Самарқандтан табылған мыс қазына жұмысы бойынша
Ферғананы мемлекеттік және жеке Ахсикент қаласынан шыққан
фельстер қарастырылады. Нумизматикалық зерттеулер бойынша
ІХ-Х ғасыр Саманид кезінде Ферғанада жеке иелік монеттерді
ӛз атынан тек Саманид әулеті адамы ғана шығара алды. Монет-
тер Ферғананың және ертеде Ахсикенттің ұмытылып кеткен
билеушілердің аттарын білуге кӛмектесті: олар 269/882-883 жж.
Ассад Ахмадтың және де Мухаммед Исхақтың 294/906-907 жж.
фельстері, сонымен қатар 277/890-891 жж. Ахмад Ассадтың
ахсикенттік фельстері. Тағы самарқандтың қазынада мӛлшері
мен салмағы бойынша кішкене болатын 3 монет табылды, олар
Насыр I Ахмад пен Насыр II Ахмадтың атынан шыққан. Монет-
тер Е.А.Давыдович саманидтік тиынның номиналы бойынша
негізгі сұраққа жауап табуына кӛмектесті. Оның айтуынша
Саманидттер кезіндегі бүкіл мыс монеттер «фельс» деп, ал оның
негізгі номиналы – «адли» деп аталған, кіші монеттер «пишиз»
деп аталған.
«Адли» мен «пишиз» монеттердің айырмашылығы болды
1-cі -22-25 мм, 2-сі -15-19 мм. Е.А.Давыдовичтың еңбектері ар-
қасында, Самарқандтың билеушілері туралы түрлі сұрақтарға
жауап табылды:қала мен облыстың номиналдық билеушісі
Ахмад Асад болса, әке атынан оның баласы Насыр Ахмад би-
леуші болды.
Кочнев Саманид нумизматикасының жеке сұрақтарын
зерттей отырып, Мансур Нух және Исмаил Ахмадтың атынан
шыққан саманидтер фельстерінің заңсыз кӛшірмелерін анықта-
ды. Оның ойынша Саманидтер кезіндегі Орта Азияда тек фельс-
тер ғана емес,дирхемдердің кӛшірмелері жасалған. Сонымен
қатар саманид Нух Мансур (385-386/995-996)атынан шыққан
испиджабтық фельстер анықталған. Қазіргі уақытта Давидович-
тың Насыр Ахмадтың атынан 307 (х.ж) 919-920 жж. Испиджаб-
тық жалғыз фельс жарық кӛрді. Испиджаб монеттерінен
Саманид Нуха Мансур атынан басқа, Б.Д.Кочнев, Испиджабтың
жергілікті билеуші әулетінен шыққан Абу Мансұр Мухаммад
22
Хусейн Мутам Испиджаб мен сәйкес келетін Абу Марсұр
Мухаммад ал-Хусейн деген есімді оқиды.
И.Г.Добровольский мен Б.Д.Кочнев екеуі Саманид Йахий
асад монеттерін зерттей келе Иахии Асад Тахир Абдаллах
атынан шыққан монеттер Шашта емес,оның астанасы Бинкентте
жасалған. Шын билікті Иахии Асад тек үлкен ағасы қайтыс
болған соң 241 (х.ж.) 855ж. қолына алып, ӛмірінің соңына дейін
Шаштағы тахирид вассалы болды.Сонымен қатар ғалымдар
Ахмал Асадтың ахсикенттік монеттерін зерттеп мынадай қоры-
тындыға келді. Бұл монет 205 жылы емес, Саманидтің қолына
бүкіл Мәуренахрдағы билік келген кезде, яғни 250 жылы жасал-
ған. Ғалымдар 250 жылы (864-865) ахсикенттік фельстер-
Ахсикенттегі саманидтер монеттері ең ежелгі, Ахмад Асадтың
атынан басылып шығарған тиындар үлгісі және оның ұлы Асад
Ахмадтың аты кездесетін алғашқы монеттері деп санайды.
X ғасыр феодализмнің дамыған кезі және саманидтер фео-
далдық мемлекет болған мерзім. Олар ірі феодалдардың құқы-
ғын қорғап, олардың есімдерін монеттерге жазуға құқықтар бер-
ді және үлкен жер иеліктерін қоса берді. Ал шағым түскен жағ-
дайда феодалдық аты 2-ші орынға түсіп, вассал сияқты болды.
Осындай мәліметтерді деректерден кӛре аламыз.
X ғасырда Жетісуда Қарахан мемлекеті құрылды.Хандық
жүйеге негіз арта отырып, мемлекет батыс және шығыс бӛлік-
терден, яғни Батыс және Шығыс қағанаттардан тұрды. Елдің
билігі феодалдық иерархия қолында болды. Хандық билеуші-
лерінің ауысқаны дәл хронологиялық сұрақтардың жауаптары
жоғарғы билеуші мен оның вассалдары жайында нумизматика
деректерінен табуға болады. Нумизматикалық деректер нақты
Қарахан мемлекетінің саяси және әлеуметтік-экономикалық та-
рихын зерттеуге кӛмектеседі.
Қараханид тарихының кезеңдері және нумизматикасымен
кӛптеген ресейлік: В.В.Григорьев, В.В.Радлов, В.Дорн,
Ф.Ердман, Х.Д Френ, В.В Бартольд, А.М.Марков және шетел:
Е.Цамбаур, С.Лэн-Фуль, Г.Ховорс, О.Прицак сияқты ғалымдар
айналысты.Әсіресе X-XIII ғғ. саяси әлеуметтік және экономика-
лық
тарихын
зерттеуде
кеңес
ғалымдары:
Р.Фаслер,
М.Е.Массон, О.И.Смирнова, Е.А.Давидович, М.Ф.Федоров,
23
Б.Д.Кочнев зор үлес қосты. Осы ғалымдардың үлкен еңбектері
арқасында ортаазиялық қарахандықтардың шежіресі мен хро-
нологиясы жайында сұраққа жауап табылды. X-XIII ғасырларда
шығыс Қарахандықтардың шежіресі, тағы елдегі атақтар мен
билеушілер есімдері: Тига – тегін, Арслан – хан, Тұған – хан,
Насыр-әл-Хакк, Кутб-әд-Даула, Боғра хан, Тамды Боғра-хан,
Бӛрі тегі, Муайыд-әл-Әділ, Шем-әл-Мүлк т.б. табылып, жаңа
саясаткерлер есімі, жалған монет жасау орталықтары ашылды.
Бір сӛзбен айтқанда, Қарахан кезеңіндегі Орта Азия тарихын
зерттеуде үлкен жұмыс жасалды. Бұл жұмыста саяси жағдайлар,
хандықтағы ақша айналымы, жеке облыстағы және округтегі
пайдаланған монет құрамы анықталып, кӛрсетілген.
Жоғарыда
айтылған
сұрақтарды
зерттеуде
Е.А.Давыдовичтың, М.И.Федорованың, Б.Д.Кочневтің үлесі зор.
Әсіресе қызықты зерттеуді Давыдович жасады. Ол ХІ-ХІІІ ға-
сырдағы қалалық ӛмірді, қолӛнерді және Орта Азиядағы ақша
айналымын кӛрсетті. Автор мынадай екі мәселеге тоқтайды:
1. Сол кездегі алтын мен күміс орнына пайдаланған түрлі
металдардан жасалған монеттердің негізгі түрлеріне мінездеме
беру, сосын ӛткен кезеңмен салыстырғанда жаңа шыққан монет-
термен салыстыру.
2. ХІ-ХІІІ ғғ. ақша айналымында және теңге басын шы-
ғарудағы монеттерге мінездеме жасау, сонымен қатар, күміс мо-
неттердің нашарлау себептері «күміс дағдарыс» Орта Азияда
ХІ ғасырда басталып, ХІІІ ғасырдың ІІІ ширегіне дейін жалғас-
ты. ХІ-ХІІІ ғғ. Азиядан Еуропаға кӛптеп күміс тасушылық анық-
талды. Бірақ Давыдовичтің айтуынша күміс, теңгелердің құры-
лымының нашарлауы тек күмістің сарқылуымен емес, Азияда
ғана емес, Еуропада қалалар, қолӛнер мен сауданың дамуымен
байланысты болды.
Дамудың шырқау шегіне Таяу және Орталық Шығыс қа-
лалары, Закавказия және Орта Азия, Самарқанд, Бұхар,
Ташкент, Отырар, Құйрық-тӛбе, Испиджаб, Тараз, Баласағұн
және т.б. қалалар жетті. Мұндай даму тек орталықта емес, ұсақ
ауылдар мен қалашықтарда да жүрді. ХІ-ХІІ ғасырларда қала-
лық құрылыс кӛбейіп, олардың шекаралары кеңейді. Бұндай кӛ-
рініс, ӛзіндік жеке монеттер шығарған Оңтүстік Қазақстан қа-
24
лаларында орын тапты. Сондықтан ХІ-ХІІ ғғ. ХІІІ ғасырдың
басы Давыдовичтің анықтауынша - қалалардың тез қарқынды
дамуын, тауарлар мен сауданың дамығандығын кӛрсететін, фео-
дализмнің белгілі бір кезеңі. Қала мен сауданың дамуы ХІ-
ХІІ ғасырларда базарда үлкен кӛлемдегі тауар айналымын талап
етті. Мұның ӛзі ӛмірге алтынды алып келді, сонымен бірге
алтыннан жасалған монеттің бір түрін ғана емес, түрлі кӛлемдегі
және түрлі салмақтағы алтындарды ӛмірге алып келді. Күмісті
Еуропаға жіберу ХІ ғасырда тоқталғанымен, күмістің біраз жи-
нақталған қоры болса да, мемлекетте жоғары билік иелері еркін
монет шығара алмады, ал феодалдық және басқа да саяси қиын-
дықтар еркін монет шығаруға жол бермейді. Осылайша «Күміс
дағдарысының» дамуының объективті шарты, Е.А.Давыдович-
тің айтуынша, сол кезде күмістің қоры шашыраңқы сипатта бол-
ған. Бірақ негізгі себеп, ХІ-ХІІ ғғ. Орта Азиядағы «Күміс дағда-
рыстың» формасын, жайылуын, уақытын, мемлекеттің экономи-
калық жағдайы мен ақша айналымындағы жаңа құбылыстар
болды.
ХІ-ХІІ ғғ. Орта Азияның ақша айналымын зерттей оты-
рып, Е.А.Давыдович мынадай қорытынды жасады: Қарахандық-
тар күміс монеттерді ХІ ғасырда айналымнан шығара бастады.
Алтынның күміске қатынасын қарастыра отырып, ХІ-ХІІ ғғ. Ай-
налымда болған алтын динарлар шығару маңызды іс саналып,
барлық монеттер (алтын) салмағы бойынша айналымға түсе
бастады.
Зерттеуші күміс пен мыс айналымында орын алған монет-
терді сипаттады: күміс монеттердің орнына айналымға дирхем-
дер түсті, олар жалған болған, дегенмен олар күміс теңгелердің
кейпінде жасалды, яғни мыс монеттерді күміс жалатып жасаған.
Давыдовичтің анықтауы бойынша, күмісті мыс дирхемдер ХІІ-
ХІІІ ғғ. басында болған. Түрлі номиналдар мысты күміс монет-
терді жасағанда, бір-бірінен айыру үшін, нақты салмақ пен түрін
алды. Осылайша Қарахандық Қадырхан тұсында стандартты
5-кг салмақтағы мысты – күміс дирхемдер шығарылды. Барлық
монеттер бір уақытта жасалған жоқ. 2-стандартты монеттер
ХІІ ғасырдың соңы мен ХІІІ ғасырда Фарабта, Бинкент, Термез-
де жасалды.
25
Монеттер туралы сұрақтарда, яғни ұсақ сауда айналымы
мен мыстың айналымында, күміс теңгелермен қатар ХІІ-ХІІІ ғғ.
мысты-күміс дирхемдер мен мысты фельстердің табылуы.
Е.А.Давыдович монеттердің күмістелуімен қатар, ол
Қарахан тарихындағы нумизматиканы ХІІ ғасырда хронология-
сы мен шежіресін зерттейді. Жазба деректерден алған мәлімет-
тер бойынша, монеттер Е.А.Давыдовичке Қарахан әулетінің мұ-
рагерлерінің кезектерін анықтауға кӛмектесті. Ӛзінің еңбегінде,
Қарахандықтардың хронологиясын қайта қарастырып, бірнеше
билеушілердің туыстық қатынастарын анықтады, соның ішінде
ХІІ ғасырдың ІІ жартысы мен ХІІІ ғасырдың басындағы
Қарахандықтардағы ферғаналық әулетті анықтайды. Ферғана-
лық әулетте Масудтың әкесі Хасанның «Джалал әд-Дуниа ва-д-
Дин» деген «лақаб» атын анықтайды. Хасан ӛз әулетінде ӛте
күшті құрметтеліп, ғалымның айтуынша оның бұл «лақаб» аты-
на бес ұлы ие болған. Кезекпен алғашында Хасанның екі ұлы
«лақаб» атты алды: алғашында Ферғана билеушісі Хусейн, ол
ӛлген соң Самарқанд билеушісі Али. 578-609 х.ж. бұл «лақаб»
аттарды туысқан екі бауырлар – (екеуі де Ферғана билеушілері )
– Мухаммад Наср (574-578) және Қадыр Ибрахим (578-609).
Давыдовичтің тағы қызықты зерттеуінің бірі Қарахандар
билеушілерінің бірі – Жүсіп Қадыр хан, Боғра ханның билік ету
кезеңі. Жазба деректерде кӛрсетілгендей, Қадыр хан Қашқарды
Туған – хан ӛлгеннен кейін басқарды, бірақ екі билеушілердің
ауысқан уақытысы кӛрсетілмеген. Бұл болған жайтқа Насыр
Алидің Қашқар билеушісі Туған – ханға қарсы, шабуылдың уа-
қытысын анықтауда кіреді. Күміс қордың арқасында
Е.А.Давыдович: Туған хан, егер Қашқарды басқарса, ӛте қысқа
мерзімде 397 (х.ж.б.) – 400 х.ж.б. билеген, деген қорытынды жа-
сайды. 400 жылдан бастап Қашқарды Қадыр хан биледі, оған дә-
лел 405 жылдан бастап шығарыла бастаған монеттер болды.
Сондықтан 402 жылы Насыр Али ӛзінің бауыры Туған – ханға
шабуыл жасамады, себебі, ол кезде Туған хан Қашқарда болма-
ған. Е.А.Давыдович бұл мерзімді қайта қарастыру керектігін
айтады.
Е.А.Давыдовичтің «Айн ад-Дауля» атты тапқан лақаб, ӛзі-
не кӛңіл бойынша, ол «Айн ад – Дауля» лақабын Үзкент билеу-
26
шісі Мухаммад Насыр алған. Мухаммад Насыр Үзкенттің негізгі
билеушісі Мухаммад Алидің (ағасы) вассалы деп есептеледі:
сондықтан монет басу барысында ол қараханидтердегі ең жоғар-
ғы титул «Арслан хан» есімін пайдаланады. 411 бұл титулды
мойындай отырып, алған немесе ағасы қайтыс болған соң бұл
титул бүкіл әулетке берілген.
Оңтүстік Қазақстанда жасалған археологиялық қазба ке-
зінде ХІ-ХІІ ғасырда жасалған монеттері саналады. Бұл жӛнінде
түрлі пікірлер айтылады, себебі бұл монеттердің шыққан жылы,
орны кӛрсетілмеген. Талғар жерінен біртіндеп монеттердің та-
былуына байланысты, олар қараханид монеттерімен бірге та-
былған, біздіңше бұл монеттердің жасалған жері ортағасырлық
Талхиз (Талғар) болған. Давыдович бұл сұрақты ашық қалды-
рып, осындай монеттер тағы кӛптеп табылғанда, олардың шыға-
рылған күндері мен жерін табу оңай болар еді дейді. Билеушінің
осы монеттен, оның ең жоғарғы «Қадр-Тафгач-хан» титулын
алғандығын білеміз. Давыдович монеттерден мынадай кемші-
ліктерді тапты: жазулардың горизонтал бағытта емес, зиг-заг
түрінде жазылған, рамкалардың симетриялы болмауы, әріптер
гармониясыз жазылған. Сонымен қатар Давыдович бұл монет-
тер жалған еместігін дәлелдеді. Ол бұл монеттер ӛте ұзақ уақыт
бойы монет жасайтын жерде Сулейман Даудтың кезінде жасал-
ғандығын айтады. Ғалымның зерттеген монеттерінде олардың
шығу тарихы туралы деректер табылмаған. Ең қызық жаңалық-
ты Б.Д.Кочнев ашты, ол монеттен Сулейман Дауд есімінің ал-
дындағы сӛзді оқып, оның хронологиялық шеңберін анықтайды.
Ол 487-490 жылдар аралығында жасалған. Сосын деректерге
сүйенсек монеттерді Сулейман Самарқанд билігін ӛз қолына ал-
ғаннан кейін жасады. Кочнев Сулейман Даудтың монеттерінен
487-512 жылдары билеген Мустазхирдің атын оқиды. Бұл сұрақ-
қа ғалым басқа жұмыстарында оралады. Эрмитаждағы ХІІ ға-
сырға жататын Шығыс Түркістан жерінен табылған Сулейман
монеттері ғалым Кочневты монеттердің шығу тарихын қайта
зерттеуге итермеледі. Бұл соңғы кезеңдегі табылған жалғыз
қазба емес екен. Мұндай монеттер 570-574 жылдары Үзкентте
жасалған, Ленинабадтан табылған Ибрахим Хусайнның мысты –
күміс монеттерге ұқсас болды. Кочневтің зерттеуінше Сулейман
27
атындағы монеттер ақша айналымында ӛте ұзақ уақыт болған,
яғни ХІІ ғасырдың соңғы ширегіне дейін. Сондықтан бұл мо-
неттер 100 жыл бойы ӛмір сүретіндей бір ғана монет сарайында
жасалмаған.
Кочнев Давыдовичтің Сулейман «Кадр-Тафгач-хач» деген
зерттеуіне күмәнмен қарайды, себебі ХІ-ХІІ ғасырдың ІІ жарты-
сына дейін хандық биліктегі адам түгіл белгілі хан әулетіндегі
адамдарда мұндай титул болмаған. Кочневтің жұмыстары бо-
йынша мынаны білуге болады: Сулейман атындағы монеттер ол
ӛлгеннен кейін де жасала берген және монеттердің негізгі бӛлігі
Сулейман монеттеріне ұқсатып жасалған. Бір сӛзбен айтқанда –
біздің алдымызда Сулейманның Самарқандта билік еткен кезін-
де жасалып, одан кейін ондаған жылдар қатар пайдаланылған
монеттер. Мұндай қорытынды осы монеттердің ескіргендігін,
ұзақ сақталғандығын, монет бетіндегі Сулейман Даудтың аты-
нан шыққан монеттер, қараханид монет жасау кезіндегі олардың
кӛптеп шығарғандығын кӛрсетеді. Ғалымның айтуынша, ХІ ға-
сырдың соңында тауар айналымында жетіспеушілік пайда бол-
ған, ал Сулейман Даудтың монеттері бұл жетіспеушілікті азайт-
ты. Бірдей монеттердің ұзақ уақыт бойы қолданылуы, сауданы
ақшамен қамтамасыз ету болды. Бір қызығы бұл монеттер Батыс
Қараханидтер территориясынан да табылды.
ХІ-ХІІ ғғ. Қазақстан территориясында мынадай монет са-
райлары болды – Баласағұн, Орду, Тараз, Барысхан және Параб
(Фараб). Параб монеттері Кочневтің Тараз экспедициясынан
1958 жылы табылды. Мұндай монеттер 2 түрлі дәрежені кӛрсе-
тетін және соларды толықтыратын 2 ережесін зерттеген мысты-
күміс дирхемдер. Парабтағы монеттердің 4 типі кӛрсетілген, ал
– хакан, ал Адид Шамсад-Дүниа ва-д Дин Құтлұқ Білге қаған
мұсылмандық аты жазылған: Хасан абд-ал-Халық. Олар туралы
деректер нашар сақталған, дегенмен Фарабтың 1-типтегі монет-
тері тағы Кермен қазынасының ішінен табылды, Заравшан жа-
зығында орналасқан Самарқандта жасалған монеттерден тұра-
ды және 560 ж. (х.б.) /1164-656-568 ж./ 1172-73 ж. немесе 569 ж.
(х.б.) 1173-74 ж. уақыт аралығында жасалған. Осы жылдардың
соңғысы Фараб монеттерінің шыққан уақыты болып табылуы
мүмкін деп болжам жасады Б.Д.Кочнев. Ал 2-ші типтегі монет-
28
тердің хронологиясы Халиф Насыр билік еткен, яғни 575-622 ж./
1180-1225 ж. саяды. Дегенмен 607 жылы Фарабты басып алған
Хорезмшах Мухаммед Текеш монет жасаса, қалған қалдық бо-
йынша, Кочнев бұл 2-ші типтік дирхемдер 596 ж. (х.б.) / 1199-
1200 ж. немесе 597 ж. (х.б.) /1200-1201 ж. сонымен қатар, 603 ж.
(х.б.) /1206/ 1207 ж. басып шығарылуы мүмкін. Ал 3-ші типтегі
монеттер туралы деректер мүлдем сақталмаған, 4-ші типтегі
монет, Кочневтің ойынша, 588 ж. (х.б.) / 1192 ж. немесе 598 ж.
(х.б.) / 1201-1202 ж. жасалған. Осының нәтижесінде: Парабтағы
мысты-күміс дирхемдер ХІІ ғасырдың 60 жылдарынан – 603 ж.
(х.б.) / 1206-1207 ж. мүмкін 607 / 1210-1211 ж. дейінгі аралықта,
яғни Қараханидтердің Отырардағы билігі нашарлаған уақытқа
дейін созылды. Монеттердегі жоғарыда айтып кеткен 2 дәрежесі
ХІІ-ХІІІ ғасырдың басындағы Фарабтың ішкі саудасы ӛзіндік
тауарлармен толықтырылып, күшті дамығандығын кӛрсетеді.
Саяси жағдайы ӛзіндік хандық билігі және Мәуереннахр,
Үзкент, Хасан қолдарында болған Қарахандықтағы Ферғана
әулетінен шыққан жеке хандары болған.
Кочнев кейінгі Қарахан кезеңіндегі қасандық «ал-Хакал
ал-Муаззам Му изз ад Дүниа ва-д-Дин Улуг Тогрул (Тоғрұл)
хан» титулы бар билеушінің монетін табады. Бұл титулдың не-
гізгі иесі деп ғалым Мұхаммад Насыр Тоғрұл ханды айтады жә-
не бұл титул ӛзінің атасынан мұраға қалды. Давидовичтің қоры-
тындысы бойынша Ферғанада заңды құбылыс болып табылады.
Қарахандықтарда тақпен қоса титулды да қалдырып отырған.
Тоғрұл ханның астанасы Қасан және сонда 605 ж. (х.б.) шыға-
рылған монет сол қаланың үлесі ӛскендігі мен үлкен үзілістен
кейін ХІ ғасырдың І жартысында монет сарайларының кӛбей-
гендігін кӛрсетеді.
Б.Д.Кочнев Мәуереннахрды билеген хандарды зерттеді.
Олар: Тамғаш-хан Ибрахим Мухаммад; Шағры хан Джалал ад-
Дин Али Хасан; Махмуд ал-Хусайын, Масғуда, Акдаш Тавгаш
хан Мухаммад, Ферғана хандығының билеушісі болған Ибрахим
Хусайын, 609 ж. (х.б.) жазаға кесілген оның ұлы Усман
Ибрахим. Жазба деректер мен монеттерге сүйенсек Үзжгентте
607 ж. (х.б.) Қадыр ханның атынан және 2 есімді: Махмуд
Ахмад және Хорезмшах Мухаммад Текеш атындағы екі нұсқа-
29
лық монеттер шықты: 608 ж. (х.б.) – Күш Арыслан – хакан ти-
тулды, Джалал ад-Дүниа атты лақабы бар билеуші ӛз атынан
монеттер шығарды; бұл билеушіні Е.А.Давыдович Қадыр хан-
мен теңесе, Б.Д.Кочнев Махмуд Ахмадпен теңейді; 610 ж. (х.б.)
Үзжентте Қарахандықтардың Ферғанада билігінің жойылғанды-
ғын дәлелдейтін Мухаммад Текеш атындағы дирхемдер шыға
бастады.
Жазба деректер ХІІ-ХІІІ ғасырда Бенакентті билеген хан-
дар жайында үндемейді. Тек 556-565 ж.(х.б.) билік еткен
Қылыш Тавғаш-хан Масуд туралы ғана деректер кездеседі.
Одан кейін Шаш аумағы хандық саналып, ол жерде Қараханнан
шыққан билеушілер басқарды. Хандықтың астанасы Бинкент
емес, ХІІ ғасырда құрылған Бинакент қаласы болды. Шаш би-
леушілері, Кочневтің айтуынша, ӛз монеттерінде Ферғаналық
немесе Самарқандтың Қарахандықтардың аттарын жазбады.
1972 жылы қиындықпен табылған қазынадағы мысты-
күміс монеттерді зерттеп, Кочнев мынадай қорытындыға келді:
Бенакентті 593 ж. (х.б.) Шах Қылыштан кейін Тавғаш хан биле-
ді, ал оның орнына 594 ж. (х.б.) Ұлық Чағры хан биледі.
Кочневтің монеттік деректерге сүйене отырып зерттеген
қарахандықтар тарихы түрлі сипатқа ие. Дегенмен олар кӛпте-
ген сұраққа жауап алды.
Махмуд ал-Хусайынның қарахандық монеттері бойынша,
Кочнев Мәуереннахрдағы күнделікті қолданыстағы монеттерді
тапты және оның ойынша билеуші ХІІ ғасырда Батыс Қарахан
қағанатының жоғарғы билеушісі болды.
Жоғарыда айтып кеткендей, Қараханид кезінде Қазақстан
территориясында мынадай монет сарайлары болды: Испиджаб,
Тараз және Фараб. Эрмитаждың нумизматика бӛлімінде сақтал-
ған монеттер коллекциясының ішінен Кочнев Испиджаб ауда-
нында орналасқан Будухкет қаласының дирхемдерін тауып ал-
ды. 411 ж. (х.б.) шығарылған дирхемдерге 3 билеушінің аты жа-
зылған, осылайша сол кезде сатылы феодалдық иерархияның
болғандығын кӛрсетеді. Екі жоғары сатыда – бүкіл Орта Азияда-
ғы Қарахандық иеліктің жоғарғы билеушісі Арыслан хан
Мансур Али аты және Испиджаб облысының билеушісі, оның
інісі Атим тегін есімі жазылған. Үшіншіде жазылған – Абд әл-
30
Мәлік Будухкет билеушісі болған. Будухкет дирхемі 414 ж.
(х.б.) бастап Али атынан шығарылған. Кочнев осындай атпен
шыққан монеттерді 410 ж. (х.б) Шашта билік еткен Тонға огя-
Әли шығарды деп есептейді. Басқа дәлел болмағандықтан,
Кочнев бұл сұрақты осылай қалдырады. Бір қызығы 411 ж. (х.б.)
Будухкеттің билеушісі Абд әл-Мәлік болса, 414 ж. (х.б.) – али
болған. Бұл дерек Қарахандықтарда хандық жүйенің жиі ауысып
тұрғандығын кӛрсетеді. Осы зерттеуде Б.Д.Кочнев Испиджаб-
тың монет сарайы ретінде 392 ж. (х.б.) / 1001-1002–412 ж.
(х.б.) /1021-1022 ж. үздіксіз жұмыс атқарғандығын айтты. Бұл
Испиджабтың ХІ ғасырдың І жартысында үлкен саяси және
қаржы – экономикалық хандық болғандығын кӛрсетеді.
Х-ХІ ғасырдың басына жататын мыс қорлары кӛмегімен,
Кочнев Қарахандықтардың Шаш, Испиджаб, Сырдария бассейні
аймағын Х ғасырда яғни 386 ж. (х.б.) / 996 ж. жаулап алғанды-
ғын анықтады. Зерттеуші Оштың 387 ж. (х.б.) / 997 жылы Насыр
Али атынан шыққан керемет ежелгі монеттерді кӛрсетеді.
Монет дерегі бойынша ғалым тағы монет сарайын анықтайды,
ол Куә-Орду деп монеттерде кӛрсетілген – Баласағұн қаласы.
Жамбылдан табылған күміс қордың ішінен Кочнев Баласағұнда
Құтыб ад-даула Ахмад Әли атынан 404 ж. (х.б.) / 1013-1014 жы-
лы шыққан дирхемді тапты. Осы қордың ішінен 406 ж. (х.б.) /
1015-1016 жылы немесе 407 ж. (х.б.) / 1016-1017 жылы Үш (Уч)
қаласында Насыр ад-Даула Қадырхан Боғра хан және оның
вассалы Атымтегиннің атынан жасалған монеттер табылды. Бұл
қала Шығыс Түркістандағы Үш-Турфанның орнында орналас-
қан, Х-ХІғғ. бӛлігі Қадыр хан билеуінде болды. Хан Мәлік әл-
Машрик титулды осы ханның дирхемін қаласында Марков жа-
риялады. Осы қаланы Кочнев «Уч» деп аударды. Ақсу ауданы-
нан табылған мыс дирхемдерді осы қалаға жатқызады, себебі
бұл дирхемдер 448ж. (х.б.) / 1056-1057 жылы Арслан – ілік аты-
нан шығарылған осының ӛзі Шығыс Түркістанның бір бӛлігі
осы билеушінің қол астында болғандығын кӛрсетеді. Осылайша
Кочневтің зерттеуінің нәтижесінде жаңа ХІ ғасырдың І жарты-
сында жататын монет сарайы «Үч» қаласы табылды. Ақсу қала-
сында табылған монеттерді зерттей отырып ғалымдар Ыстық
кӛл маңында орналасқан монет сарайы Барысхан қаласын ашты.
31
Кучеревтің әлі жарық кӛрмеген күміс дирхемдерінен, Кочнев
бұл қаланың 411 және 419 жылдан бастап жұмыс жасағанын
кӛрсетеді. Барысхан қаласының дирхемдері күміс пен күміс жа-
латылған мысты болып жасалып, ұзақ уақыт бойы қызмет жаса-
ған бұл қаланың тауар-ақша қатынасының жақсы дамығанды-
ғын кӛрсетеді.
Жамбылдан табылған Қарахан монеттерін зерттей оты-
рып, Кочнев Қадырхан атынан шыққан, бірақ әлі ғылымға ең-
беген, екі монет сарайын анықтайды.
Кочнев сонымен бірге Ілек пен Шаш аудандарында орна-
ласқан маңызы жоқ екі қаладан – Дахкент және Фаранкеттен
417 ж. (х.б.) / 1026-1027 жылы «Мәлік әл-Машрик» титулы бар
Қадыр хан атынан қалалар атын ретке келтірді. М.И.Федоров
410 ж. (х.б.) / 1019-1020 жылы шыққан дирхемді Кан-и-Мансұр
қаласында жасалды деп пайымдады. Кочнев болса бұл атаудан –
Ахмад әл-Мансұр есімін, ал қала – Ахсикет екендігін оқуға бо-
латынын кӛрсетеді. Осы қалаға Федоров Сүткентте 407ж. (х.б.) /
1019-1020 жылдары шыққан дирхемдерді де жатқызады. Нәти-
жесінде Федоров Ашқан 2 монет сарайларын, Кочневтің ойын-
ша қайта жабуға тура келді.
Орта Азияның ортағасырлық нумизматикасындағы ескер-
туі бойынша Кочнев Дахкет қаласына қайта оралды, себебі ға-
лым 403 ж. (х.б.)/1012-1013 жылдары және 432 ж. (х.б.) / 1040-
1041 жылдары шығарылған осы қаланың екі монетін тауып ал-
ды. Нумизматикалық деректер, ортағасырда маңызсыз деп са-
налған бұл қалаға жаңа кӛзбен қарауды талап етеді. Дахкет
Ахангаран ӛзенінің ағысындағы маңызды күміс кенінің маңында
орналасқан, Илактың экономикасының негізін құраған қала
ХІ ғасырда ӛзіндік әкімшілік орталығы болып, онда түрлі монет-
тер шығарылды.
Таулы-кен аймағында орналасқан, ХІ ғасырға жататын та-
ғы бір қала – Шелжі болды. Шелжілер Илакпен бірге бәсекеге
түсе алды. Таразды жаулап алуын, Массон оның күміске бай ау-
данға билік жүргізгісі келетіндігімен түсіндіреді. Шелжіде
413 ж. (х.б.) /1022-1023 жылдары шығарылған дирхемді
Федоров Ӛзбекстанның халқы тарихи музейінде жария етті.
Кочнев тағы 1968 жылы Тойтӛбе қорынан бір дирхемді және
32
Шелжіден шыққан екі белгісіз дирхемді тапты. Дирхемдерде
Самсам әд-Даула лақабы табылады. Бірақ мұндай лақап
Қарахандықтарда болмаған, сондықтан оның жасалған жері
белгісіз. Кочневтің зерттеуі бойынша бұл лақап Шелжіде Йусуф
Мансур деп аталған Иаған-тегінге тиесілі екендігі анықтайды.
Сонымен қатар Кочнев 432 ж. (х.б.) / 1040-1041 жылдары
Шелжіде шықпай қалған дирхемді тапты. Нәтижесінде бұл
дирхем ХІ ғасырдың 20-40 жж. Тараз, Шаш, Тункен, Наукат,
Ходжент, Шелжі және Дахкет жерлері тиесілі болған Иусуф
Мансур Мухаммад Иусуфтың шығарғаны анықталды.
Шелжіден табылған дирхемдер қаланың Қарахандықтар
кезінде маңызды орталық болғандығын дәлелдейді.
Испиджаб, Баласағұн, Тараз сияқты қалалар Х ғасырдың
соңында негізін Сатұқ Боғра хан салған Шығыс Қарахандар
бұтағының билеушілері қол астында болды. Нумизматикалық
мәліметтер бойынша Федоров Шығыс Қарахандықтардың шежі-
ресін, хронологиялық шеңберін, билеген әулеттерінің бұтағын
анықтады.
Қарахандықтардың Х-ХІ ғғ. саяси тарихын зерттеуді
Федоров жүргізді, ол зерттей келе бірнеше титулдар мен лақаб-
тар тапты. Ғалым келесі сұрақтарды зерттеді: 1) Тига – тегін
кім?; 2) Арслан хан титулы кімге тиесілі болды?; 3) Насыр әл-
Хакк лақабы жайында сұрақ; 4) Тоған хан. Түрлі кӛзқарастар-
дың мазмұны бойынша, Федоров Қараханид тарихының қоры-
тындысын жасады. Ол Қарахандар шежіресінде кездеспеген жа-
ңа есімдерді енгізуге тырысады; Қарахан мемлекетінің шекара-
сын, жазба деректерде ескерілген бірқатар оқиғаларды анықтау-
ға тырысады.
Дегенмен зерттеу барысында дау тудыратын сұрақтар
болды. Мысалы Арслан хан титулы Федоров Мұхаммад Әлиге
тиесілі болды дейді. Жамбылда орналасқан аймақтану музейін-
дегі монеттерді зерттей келе Кочнев, осы титул жоғарыда атал-
ған адамның бауыры Мансұр Әлиге тиесілі екендігін анықтады,
осы титулмен Мансур Әли есімі 405-415 жылдардағы монеттер-
де кездеседі.
Насыр әл-Хакк лақабы бойынша да сұрақтар дау тудырып
отыр. Фасмер және Прицак – Ахмад Әли деп ойласа, Федоров
33
оның бауыры Насыр Әли деді. Кочнев жоғарыда аталған музей-
дегі қордан табылған монеттің бетінен «Насыр әл-Хакк хан
Құтыб әд-Дауля ва Насыр әл-Милла хан» деген атауды оқыды.
Ал «Құтыб әд-Дауля ва Насыр әл-Милла» деген лақап Ахмад
Әлиге тиесілі болған.
Сонымен қатар Шамс әд-Дауля лақабы дау тудырды.
Фасмар және Прицак оны Ахмад Алиге, Федоров Мухаммед
Әлиге тиесілі деді. Кочнев Шамс әд Дауля лақабымен бірге
Мухаммед Әли тегин немесе илек деп аталған: нәтижесінде оған
бұл титул тиесілі болмаған. Арыслан хан титулы және Шамс әд-
Дауля лақабы монеттерде 405 ж. (х.б.) жылы бірдей шыққан,
сондықтан бұл лақап жоғарыда аталған екі адамға да тиесілі
болуы мүмкін. Бір қызығы, осы лақап Ахмад Әли есімімен бірге
407 ж. (х.б.) жылдан бастап жоғалып кеткен. Тараздағы 405 ж.
(х.б.) дирхемнің бетінде Ахмад, келесі бетінде – Шамс әд-Дауля
деп жазылған. Демек бұл лақап Ахмад Әлиге тиесілі болған.
Осылайша Кочнев титул Арслан хан – Мансұр Әлиге,
Насыр әл-Хакк и Шамс әд-Дауля лақабы – оның ағасы Ахмад
Әлиге, Туған хан – Ахмад Әлиге тиесілі болғандығын анықтап,
Туған ІІ хан титулы жайлы сұрақтың жауабын әлі зерттеуге
қалдырды.
Кочневтің ХІ-ХІІ ғасырда Орталық Азиядағы тауар-ақша
қатынасының тарихында, Орта Азияның әлеуметтік-экономика-
лық жағдайын анықтаудағы жұмысы зор мәнге ие. Осы кезге
жататын, табылған монеттердің (31 экз) кӛмегімен ғалымға мо-
нет жасаудағы үлкен кӛлемдегі штемпельдерді анықтады. Жазу
тез, асығыс жазылса керек, ӛйткені монеттегі жазуларда әріптер,
кейде сӛздер қалдырып кеткен. Бұл монеттерді шығару ӛте күш-
ті қарқынмен жүргендігін дәлелдейді. Мұндай жағдай Үзгентте
Ибрахим Хусайнның билігі кезінде болды. Ол 559-574ж. (х.б.)
аралығында мысты-күміс дирхемдерді үлкен кӛлемде шығарды.
Оны Үзгенттен табылған үлкен қазыналар дәлелдейді. Күміс
монеттер шығару алдымен Шағатай мемлекетінің бір бӛлігінде
ғана жүрді, кейіннен Мәуереннахрда таралды. Самарқандта
Ибрахим Хусайынның билігі орнағаннан кейін 574-595 жылда-
ры жекелік монеттер шығарыла бастады. Бұл ақша саясаты,
Кочневтің ойынша, Ферғана мен Мәуереннахрды дағдарыстан
34
шығару ойымен жасаған. Әсіресе дағдарыс Орталық Азияның
солтүстік аудандарында қатты сезілді, себебі кӛптеген монеттік
сарайлар жабылып қалды. Жетісу аймағында монет шығару
мүлдем тоқтап қалды, ал Шығыс Қарахан астанасы Баласағұн
монет сарайы ретінде қызметін тоқтатты. ХІІ ғасырдың ІІ жар-
тысында монеттер тек Мәуереннахрда жасалды, ал күміс болма-
ды. ХІІ ғасырдың ІІ жартысы мен ХІІІ ғасырдың бас кезінде
монет сарайлары – алтын дирхем, мысты-күміс дирхем және
мысты фельстер шығара отырып ӛздерінің қызметтерін кү-
шейтті. Осы ғасырдың соңында ұсақ монет сарайлары (Параб,
Бенакет, Маргинан, Қасан) біртіндеп қалыпқа келе бастады.
Қарахандықтар ӛздерінің билігі кезеңінің алғашқы он
жылдығында (Х ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың ІІІ ширегі) кү-
міс пен мыстан монеттер ӛте кӛп мӛлшерде шығарды, ал монет-
тік айналымда күміс монеттер – дирхемдер сақталды. Осы мо-
неттердің арқасында, сол кезеңді зерттейтін ғалымдарға, осы ке-
зеңдегі тарихтың ұсақ-түйектерін, қалаларды билеу кімнен кімге
ӛтіп отырғандығын анықтауға мүмкіндік алады. Мәуереннахр
мен Ферғана билеушілерінің хронологиялық шеңберінде ақтаң-
дақтар мен түсінбеушіліктер ӛте кӛп. Бұл кезеңге жататын мо-
неттер қоры ӛте аз, ал керісінше ерте және кейінгі Қарахан ке-
зеңі монет қорлары кӛптеп табылды және олардың жүздеген,
кейде мыңдаған данасы кездеседі. Осының барлығын қорытын-
дылай келе Кочнев былай деді: ІІ-ші кезеңде натуралдық айыр-
бастың ролі артты. Мәуереннахр және Ферғана жерінде дағда-
рыс қатты болмады, дегенмен онымен күресудің талап етілген-
дігі сезілді. Қажеттіліктерді түсінген билеушілер ақша шаруа-
шылығын қалыпқа келтіру мақсатында ХІІ ғасырда Самарқанд
пен Бұхарда алтын динарлар шығарды. Бұл динарлар халықара-
лық және мемлекет ішіндегі саудада керек болды. Ибрахим
Хусейннің мысты-күміс дирхемдерді кӛптеп шығаруы, ішкі ба-
зардағы қажеттіліктерді толықтырып жатты.
Мыс монеттерінің күмістелуі Орта Азия, Оңтүстік
Қазақстан және кейінгі Ануштегинидтік Хорезмшах Мухаммед
Ибн Текештің (1200-1220) кезіндегі ақша айналымында кӛрініс
тапты. ХІІІ ғасырдың соңында Хорезмшах мемлекетінің терри-
ториясы ұлғайды; оған қазіргі Ауғанстан, Иранның біраз бӛлігі
35
енді. Оның ақша қатынасы қатты дамыды. Оның монеттері бү-
кіл Орта Азия территорияларынан табылған, мысты-күміс дир-
хемнен басқа алтын динарлар, мысты фельстер шығарылды.
Давыдовичтің зерттеуінше Мухаммед ибн Текеш мысты-
күміс дирхемдерден басқа, таза күмістен монет жасауға тырыс-
ты. Себебі ол елдің ақша айналымына жалған монеттермен ара-
ластырып айналымға жібергісі келді, бірақ экономика заңы бо-
йынша нашар және жақсы монеттер айналымда болса, соңғысы
қорға айналып отырған.
Мухаммед Текештің алтын тиындарын зерттей келе,
Давыдович, ІХ-ХІІІ ғасырларда алтын монеттік формаға ие бол-
са да, даналық айналымға емес, салмаққа байланысты жүріп
отырды. Сондықтан алтын монеттерді бӛлшектеген, ал тиын
оның құрамын ғана анықтады. Мұндай құбылыстар ХІІІ ғасырда
Отырар, Бұхар және Ходженттен шыққан Шағатай алтын монет-
терде де болды.
Давыдович тағы монет сарайын ашты, ол Хутталь облы-
сының құрамына кірген Вахш қаласы. Қаладағы алтын монет-
терді басып шығару облыстың экономикалық жағдайы мен
оның Хорезмшахқа қосылғандығын кӛрсетеді. Сонымен қатар
қала Вахш ӛзенінің жанындағы Лагман қалашығынан табылған
ортағасырлық монеттермен атақты. Ӛкінішке орай монеттердің
жақсы сақталмағандығынан, номиналын анықтау қиын. Деген-
мен бұл монеттердің барлығы Мухаммед Текеш атынан 611 ж.
(х.б.) / 1214-1215 жылдары шығарылған.
Федоров монеттік деректер бойынша Самарқандтың
Қарахандық Осман ибн Ибрахимнан Мухаммед Хорезмшахқа
ӛткен уақытын анықтады – оның айтуынша Самарқанд монет-
терінде Мухаммедтің есімі 606 ж. (х.б.) / 1209-1210 жылдан бас-
тап кездеседі. Қаланың монет басуында негізгі ӛнімі ірі мысты-
күміс дирхемдер мен алтын динарлар болды. 7 жылда
Самарқанд монет сарайы үлкен кӛлемде мысты-күміс дирхем-
дердің бірнеше түрін шығарды.
Самарқанд мұражайындағы нумизматикалық дерек бо-
йынша Федоров осында шыққан жеке бір топ монеттерді таба-
ды. Онда – Хани, Қадыри, Хакан, Мархуми сияқты эпидтер кез-
деседі. Оның ойынша бұл монеттер қаланы Моңғолдар жаулап
36
алғаннан кейін немесе 1219 жылы соғылып, 1220 жылы айна-
лымға түскен. Эпиттер ішіндегі бірі – Хани, Моңғолдық монет-
терге жатқызу керек, ӛйткені бұл монеттер ХІІІ ғасырда
Самарқандта, Отырарда, Ходжентте жетекші роль атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |