Ж. Б. Аширбекова


Шығыс монеталарын ғылыми жҥйелеген Х.М.Френ



Pdf көрінісі
бет5/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

(www.google).
Шығыс монеталарын ғылыми жҥйелеген Х.М.Френ. 
Христиан Мартин Френ – 1782 жылы 23 мамырда Ростокта 
дүниеге келді. Ол сол жерде атақты ориенталист О.Г.Тихсеннің 
басшылығымен университетті бітіреді. Мұғалімінің ұсынысы-
мен ол Қазанға шақырылады. Сол жерде ол Ресейдің алғашқы 
ориенталист және нумизматиктерінің бірі болады. 1815 жылы 
отарих-филология факультетінің деканы болады. 1816 жылы 
О.Г.Тихсен қайтыс болғаннан кейін ол отанына қайтып, ұстазы-
ның кафедрасын басқарады. Френ Германияға аттанады, бірақ 


17 
Петербургта қалып қояды: ол Ресей Ғылым академиясының шы-
ғыс монеталарымен танысып, Ресейде қалуды шешеді. Кӛп ке-
шікпей ол академик болады, сонымен қатар Академияның жа-
нында жаңадан құрылған Азиялық музейдің директоры болып 
тағайындалады. Бұл жерде Френ 1842 жылға дейін болады.
1851 жылы Френ дүниеден ӛтеді. Ол болашақ ғылыми қоғам-
дардың және Еуропа академиясының мүшесі болды. Сонымен 
қатар ол орыс ориенталисттер мен нумизматтар мектебінің негі-
зін қалады және шығыс нумизматикасы, эпиграфика және араб 
пен парсы қолжазбаларын жазды.
Нумизматика Френнің ең басты ермегі болды. Оның қо-
лынан 3 миллионнан астам монет ӛтті. Ол кӛптеген коллекцио-
нерлер, университеттер мен академиялардың шығыс монетала-
рын анықтап, жазып, ондаған жинақтар шығарды. Френді «шы-
ғыс нумизматикасының князі» деп атады. 
Френ шығыс нумизматикасын ғылым ретінде дамытты. 
Оның негізгі еңбегі – ―Recensio numorum mucham-medanorum‖ 
(1826) - Ресей Ғылым Академиясының монеталарын сипаттау 
болып табылады. Бұл еңбек кейінгі шығыс мұсылмандық елдер-
дің монетаны классификациялауға үлгі болды. «Шығыс нумиз-
матикасының князі» Френ екі ғасыр бұрын мұсылман нумизма-
тикасының негізін қалаған, ол Қараханидтерді дұрыс ажыратып 
жіктеді, бірақ осы класқа қатысты атау бере алмады. Бұл динас-
тияның атауы, басқа орыс шығыстанушылардың бірі 
В.В.Григорьевтің ұсынысымен Қараханидтер деп мәңгілікке 
аталды. Ол қараханидтер тарихын жақсы білу үшін қараханид-
тер монетасын жекелей зерттей бастады. Бірақ бұл алғашқы 
қадамдар еді. Одан әрі дамуына оның замандасы Б.Дерн бағыт-
тады. (В.В.Бартольд. Археология, нумизматика и эпиграфика. 
176 б). 
Қараханидтер нумизматикасына Эрмитаждағы мұсылман-
дар монеттер каталогына жататын түрлі типтегі 700-ге жуық 
қараханидтер монетінің 1896 жылы А.К.Марков баспасы жата-
ды. Бұдан біраз бұрын Ст.Лэн Пул құрастырған «Британ мұра-
жайындағы шығыс монеттер тізбегінде» қараханидтер бӛлігі жа-
рық кӛрді. Онда қараханидтік монет А.К.Марков тізбегіне қара-
ғанда аз. Кейінгі жылдары олардың саны артты. 


18 
Қараханидтік нумизматикаға арналған алғашқы кӛлемді 
талдау жұмысы М.Френнің қаламына жатады. Ондағы ең құн-
дысы – монета титулдарына бірнеше элементтер атрибуциясы, 
кейбір жағдайда уақыт бақылауында болған, қалғандарында 
жоқ. Бірақ бұл негізгісі емес... М.Френ материалдарға біраз тал-
дау жасап, қорытындысында бұл күрделі сұрақты шешу мүмкін-
дігі туды. Қараханидтік монеттер негізгі тарихи дерек екендігі, 
ал алғаш кӛргенде жүйесіздік дәрежелері және антропонимдік 
жағынан нақты жүйеге біріккені анықталды. Монеттердің жағ-
дайы «толықтыруды», «нақтылауды» және «жӛндеуді» қажет 
етті.
Френнің пікірі бойынша «нумизматика» – түбірі латын сӛ-
зінен (нумизммонета) бастау алар бұл ұғымды мағыналасақ, кӛ-
не монеттер мен медальдарды, құйма алтын кесектерін, тиын со-
ғу, ақша айналым тарихын зерттейтін ғылым болып шықпақ. 
Осы тұрғыдан келгенде, қағаз ақша таңбалары, жетондар мен 
орден, значоктар, тарихи құжаттар ретінде бонистика пәнімен 
тығыз байланысты. 
Тиын ақшалар алыс ауқымы сонау VII ғасырдағы Бұхара 
драхмасынан бастап, бертінгі Отырар, Шаш (Ташкент), 
Ходжент, Андижан, Самарқанд, Қашқар, Марғұлан, Тараз, 
Яссы, Сайрам т.б. ақша сарайларының «тәбәрік ӛнімдерін» қам-
тып жатыр. Мұның демі кӛне Түркістан қаласының аумағынан 
табылған ақша кӛмбелерінің (VII ғасыр, хан ордасы, тағы басқа 
ақша кӛмбелері) жәдігерліктер. Сондай-ақ Әмір Темір мемле-
кетінде күнделікті тұрмыста пайдаланылған мыс ақша (шақа) 
үлгілері де кездеседі.
Шығыс монеталары ежелгі Шелджи қаласының Киров су 
қоймасының салынуына дейін біраз зерттеліп, қалғаны су ас-
тында қалды. Су толқығанда кӛптеген ыдыс аяқтар мен теңгелер 
жағаға шығып қалды. 
Сонымен қатар Френнің ежелгі араб-сасанидтік монета-
лар, X ғасырдағы Волжский Болгарияның монеталары, Иранда-
ғы Холагуидтар монетасы, селжұқтар монетасы, Ортукид моне-
талары, Кавказда соғылған Желал ад-дин хорезмшахтың монета-
лары және т.б. ғылыми жұмыстарын атап айтуға болады. Әр 
түрлі мұражайлардан және жинақтардан алынған халиф Омейд 


19 
пен Аббастың 500 монетасы туралы кітап шығарды. Френнің
бұл еңбегін В.Г.Тизенгаузен ӛзінің «Шығыс Халифат монетте-
рі» атты еңбегінде жалғастырды.
Френ шығыс нумизматикасымен ӛмір бойы айналысты. 
Сонымен бірге ол Қазан, Мәскеу, Петербург, Лейбциг, Қазан, 
Харковь, Киев, Ростов қалаларының Эрмитаждағы универси-
теттер мюнцкабинетінің шығыс монеттер қоры, Митав мұража-
йы және Петербургтегі Сыртқы істер министрлігінің шығыс тіл-
дер институтының шығыс монеттерінің кӛптеген коллекциясын 
жасап шығарды.
Френнің ғылымға деген қызығушылығы таңқаларлықтай 
болды. Оны орыс монеттері қатты қызықтырды. Ол «денга» 
сӛзінің шығуы туралы арнайы еңбек жазды. Френ XIV-XV ға-
сырларда орыс монеттерінде жазылған шығыс жазуларын зерт-
теді. Сонымен бірге ол Дмитрий Донский мен 1 Василийдің мо-
нетасында Тоқтамыстың аты мен титулын дұрыс оқыды. 
Френ 1846 жылғы Петербургтің археология-нумизматика-
лық қоғамды ұйымдастырушылардың бірі болды және оның бағ-
дарламасын жасады. 
Эпиграфист ретінде Френ онша танымал емес, бірақ та 
ориенталистика жағынан да ӛзінше бір із қалдырды. Ол маль-
тадағы куфийлық жазбалар, дербендтік жазбалар, Нахичевани-
дағы жазулар туралы жазды. 
«Френ есімі – тарих ғылымында ең мінсіз», - деп қайтыс 
болғаннан кейін айтты. (В.В.Бартольд. Археология, нумизмати-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет