44
болды, ал б.з.б. V ғасырда Грекияда монеттердің беткі және
сыртқы жағына суреттер сала бастауды үйренді. Афинада, мы-
салы, монеттің беткі жағына Афина құдайының басын және
сыртқы бетіне үкінің суретін салған.
Аса жоғары ӛнер Боспор патшалығының
алтын Грекиялық
монеттерінен кӛрінеді (Қырымның шығысында және Таман
түбегінде орналасқан). Біз олардың беткі жағында Пан құдайы-
ның басы және сыртқы бетінде тісінде найзасы бар фантастика-
лық грифонның бейнеленгенін кӛреміз.
Алғашқы алтын монеттер II Филипп патшаның ықпалы-
мен шығарылған (Александр Македонскийдің әкесі). Олар «фи-
липпик» деген атқа ие болды. Александр Македонский ӛзінің
үлкен монархиясында суреттері және салмақтары бірдей монет-
тер шығарды. Олар «тетрадрахмалар» деп аталды. Оның беткі
жағында Герал бас киімін және сыртқы бетінде Зевстің бас киі-
мін киген Александрдың ӛзінің басы бейнеленген. Александр
Македонскийдің тетрадрахмалары ол ӛлгеннен кейін де ұзақ уа-
қыт қолданыста болды.
Тетрадрахмаларды сонымен
қатар Понтия мемлекетінің
патшасы VI Митридат та шығарды. Оның беткі жағында диаде-
ма киген патшаның басы және сыртқы жағында жайылып жүр-
ген киік бейнеленген.
Б.з.б. IV ғасырда монета жасау ӛнері Грекияда, әсіресе
Сиракуза қаласында шырқау шегіне жетті. Оның беткі бетінде
Сиракуз құдайының және сыртқы бетінде тӛрт атты арба бейне-
ленген. Бұл монеттердегі суреттерді аса шебер суретшілер
орындаған.
Ежелгі Римде алғашқыда ӛлшелмелі монеттер,
яғни қола
кесектері қолданыста болды. Онда кейініректе бұқа және кеме
суреттері пайда бола бастады. Римде күміс монеттерді б.з.б.
III ғасырдың 60 жылдарында соға бастады. Негізгі монета бұл
«денар» болды. Алғашқы салмағы – 4,37 – әр уақытта ӛзгеріске
түсіп отырды. Денармен қатар айналымға ӛте ұсақ монета, яғни
денардың тӛрттен бір бӛлігін құрайтын сестерций қолданылды.
Сонымен бірге Римде қола, кейін алтын монеттер соғыла бас-
тады. Алғашқыда монета сарайы
Юнон-Монет құдайы храмы-
ның қасына салынды, содан «монета» термині пайда болды.
45
Римдік денарлардың беткі бетінде құдайларының бейнесі
бейнеленген, ал сыртқы бетінде екі салт аттының шауып бара
жатқаны бейнеленген. Монетаны жасау құралы балға және қыс-
қыш болған.
Императорлар ӛздерінің бейнесімен алтын және күміс мо-
неттер соқты. Яғни атап айтсақ, б.з. I ғасырындағы император
Август монетасы, онда
құрбандық шалушы бейнеленген; б.з.
I ғасырындағы император Неронның монетасы, онда жауын ая-
ғымен теуіп жатқан легионер бейнеленген; IV ғасырдағы импе-
ратор Константиннің монетасы, онда ғимарат бейнеленген.
Императорлық монеталар «ауреус» болып табылады. Онда
бейнеленген портреттер аса жоғары бағаланады.
Кейіннен Римде монеталық іс құлдырай бастады. Күміс
пен алтынға басқа қорытпалар қосыла бастады. Портреттер және
басқа да бейнелер бұрынғы дәрежелерін жоғалтты.
Монеттерді зерттей келе зерттеуші кӛптеген ежелгі ха-
лықтардың түрлі жақтарын кӛреді:
шаруашылығы, саяси құры-
лысы және ежелгі мәдениеттері жайлы кӛптеген мәліметтер ала-
ды. Мысалы, тетрадрахманы соғу кезінде қай мемлекет болма-
сын Александр Македонскийге бағынғанын кӛрсетеді. Ал тет-
радрахмалардың сыртта жүргеніне сол кездегі сауда байланыс-
тарын да жүргізгенін байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: