Ж. Б. Аширбекова


Алғашқы ақша реформасының мазмҧны



Pdf көрінісі
бет15/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Алғашқы ақша реформасының мазмҧны. Революцияға 
дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1897 жылдардағы ақша 
реформалары нәтижесінде, алтын монета айналысы бар алтын 
монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс және 
мыс монеталары жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92% алтынмен 
қамтамасыз етілген Мемлекеттік банктің несиелік билеттері 
жатты. Ақша массасының басты бӛлігін алтын монеталарға 
ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да олар-
ға деген халықтың сенімі болды. 1917 жылы жазда Уақытша 
үкімет 20 және 40 рубльдік ақша белгілерін шығарды, олар шы-
нының бетіне жабыстырылған этикеткаларға ұқсас, бұны халық 
арасында «керенки» деп атады. Несиелік ақшалар мен керенки-
лерден басқа Уақытша үкімет айналысқа суррогаттың әр түрін 
енгізді: мемлекеттік қазынаның қысқа мерзімді міндеттемесі, 
займ купондары. Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында 
үкімет ірі купюрада қағаз ақшаларды шығарды. Ұсақ ақшалар 
рӛлін чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай суррогат-
тар атқарды. Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы баста-
лып, оның Қазақстанға да ӛзіндік ықпалы болды. Қазан револю-
циясынан кейін ақша айналысының жағдайы біршама нашарлай 
түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы қағаз ақшалары-
ның массасы 48 есеге дейін ӛсіп кетті. Ақша 10 мың есеге құн-


63 
сызданды. 1919 жылы алғаш рет кеңестік мемлекеттік билеттер, 
кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілері айналысқа шыға-
рылды. Түркістанда, Солтүстік Кавказда, Қиыр Шығыста және 
басқа жерлерде жергілікті ақша белгілерін шығаруға рұқсат 
берілді. Ақша массасы сан алуан түрлі болды. Жергілікті ақша 
белгілері Жетісуда, Верный қаласында (қазіргі Алматы) шыға-
рылды. Жетісулық несиелік билеттер Мемлекеттік банкте 
апиынмен сақталған және Жетісу облысының барлық байлығы-
мен қамтамасыз етілді. Бұл туралы несиелік билеттердің бет 
жағында кӛрсетілген жазу куәландырады. Дүниежүзілік тәжіри-
беде мұндай жағдайлар болған емес. Жергілікті билік органда-
рының иелігінде мұндай бағалы дәрілік шикізаттың 275 пуды 
болды, олар елдің байлығы болып саналды. Бірақ бұлар қаржы-
лық жағдайды нығайта алмады. «Верненск рубльі» құнсыздана 
бастады.
Жаңа кезеңде сонымен бірге никельден, алюминийден, 
т.б. металдардан құйылатын болды. Осы қосындыларды лигату-
ра, ал тиындағы асыл металл пайызын сынама деп атаған. Сына-
маны (пробаны) мемлекеттік ӛкімет белгілеген. Бірақ кейбір 
мемлекеттер тиындардың бұрынғы номиналды бағасын сақтай 
отырып, олардың сынамасын және салмағын тӛмендетіп шығар-
ған кездері болған. Сондықтан металл ақша кӛлемі жағынан әр 
түрлі болып келеді. (www.google.kz)
Ресейде 1917 жылғы уақытша үкіметтің орнауымен сол 
кезде «керенки» деген ақша түрі қолданылды. Ол 20,40 сомдық 
қазыналық белгілер еді. Керенкидің сыртқы кӛрінісіндегі ерек-
шелік қағаз ақшадағы болатын міндетті атрибуттары: нӛмірі, 
шыққан уақыты кӛрсетілмеген, тек неше сом екендігі «қолдан 
жасау заңмен қудаланады» деген жазу жазылған. Керенкидің 
кӛлемі үлкен-үлкен беттерге басылып бӛлінбей жасалған. 
ХХ ғасырдың басында айналысқа 100, 250, 500, 1000, 
5000, 10000 рубль болып шығарылып, 1,5 және 10 миллионға 
дейін барған қағаз ақшалар енгізіле бастайды. Оның ерекшелігі 
кӛлемі үлкен болған, ӛзі ашық үгіт-насихат түріндегі плакаттар 
тәрізді жасалған. Бұл ақшалардың кӛпшілігі Мәскеу, Пермь, 
Пенза, Қазанның ақша фабрикаларында жасалған. 1921-
1922 жылдары Ресей Федерациясында қағаз ақшалармен қатар


64 
1 млн. құрайтын міндеттемелік құнды қағаздар шығарыла бас-
тайды. Олар осындай құнды қағазы бар адамға 6 ай кӛлемінде
1 млн. ақша тӛленетінін міндеттеген. (www.google.kz). 
ХХ ғасырда, яғни Кеңестік дәуір кезінде 3 рет – 1922-24, 
1947, 1960 жылдары ақша реформасы болды. «Реформа» деген 
сӛздің ӛзі француз тілінен шыққан. Ақша жүйелерінің толық 
ӛзгертілуі немесе белгілі бір белгінің жаңа белгіге ауыстырылып 
шығарылуы осы ақша реформасы негізінде жүргізіледі. Мәсе-
лен, 1922-1924 жылдары яғни жаңа экономикалық саясат кезе-
ңінде ақша реформасы айналысқа банк билеттері червонецті 
шығарды. «Червонец» деп аталған ақша түрі Ресейге Украина-
ның қосылуымен байланысты пайда болған. Червонец ақ түсті 
қағазға басылып бүртектес болып жасалды. Онда Ресейдің 
елтаңбасы, ақшаның сериясы, нӛмірі, шыққан жылы, мәтіні жә-
не банк басқармасының қолы ақшаның оң жақ бетінде жазылды. 
Артқы беті таза күйінде қалған немесе сол кезеңнің кӛсемі 
Ленин бейнесі берілген. Сонымен қатар осы жылдары құны 1,3, 
5 сомдық қазыналық билеттер 1 сомдық 50, 25, 15, 10 тиындық 
күміс және 1, 2, 3, 5 тиындық қара шақалар шығарылды.
1941-1945 жылдарға созылған Ұлы Отан соғысы аяқтал-
ғаннан кейін 1947 жылы тағы да бір ақша реформасы жүргізілді. 
Ол бойынша: айналысқа ақшаның 10 сомы жаңа ақшаның 1 со-
мына айырбасталып шығарылды. Сӛйтіп айналыстағы артық ақ-
ша жойылды. Халықтың Отан қорғау шараларын қаржыланды-
руға берген ақшалары ескеріліп, жинақ кассаларындағы «Ама-
нат» ақша жеңілдікпен қайта бағаланды. Сӛйтіп халықтың мүд-
десі қорғалды. Ал 1960 жылы 1, 3, 5, 10, 25, 50, 100 сомдық ақша 
билеттері және 1 сомдық күміс ақша шығарылды. 1961 жылдың 
1 қаңтарынан бастап сомның алтын бағамы таза алтынның 
0,222168 грамнан 0,987412 грамына дейін артылды. Яғни амери-
каның 1 доллары жаңа ақшаның 90 тиынына тең болды. 
Қазақстан егемен ел атанғаннан кейін тарихымыздың жаңа па-
рақтары ашылды. Ӛйткені ертеден қалыптасып келе жатқан дәс-
түр бойынша әрбір елдің жеке елдік нышандары болуы тиіс: ел-
дің туы, елтаңбасы, әнұраны. Осы мемлекеттік нышандарға қа-
рай сол елдің қай ел екені әркімге айқын болады. Нышандар же-
ке бір мемлекеттікі болғанымен оның халықаралық мәні зор. 


65 
Нышандар мемлекетаралық қарым-қатынастарда үлкен ресми 
рӛл атқарады. Сондықтан Қазақстан Республикасы ӛз тәуелсізді-
гін жариялағаннан кейін ӛзіміздің Елтаңбамыз, Әнұраны белгі-
леніп ұлттық валютамыз дүниеге келді. Астанамыз Сарыарқа 
тӛрінен ӛз орнын тапты. 1993 жылдың қарашасында ҚР жаңа 
ақшасы теңге айналысқа шығарылды. Бүгінде еліміздің ұлттық 
валютасы тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі 
болып табылады. Алғашқы шығарылған ақшаларда қазақтың 
қоғамдық мәдени ӛміріндегі ерекше тұлғалар Әл-Фараби, Абай, 
Құрманғазы, Шоқан, Әбілхайыр хан бейнелері кӛрініс тапты. 
Олар 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 500, 1000, 2000 теңгелік билеттерде 
шығарылды. ҚР ақша шығару олардың айналымын ұйымдасты-
ру және оны айналымнан шығару ісін ҚР ҰБ жүзеге асырады. 
ҚР ҰБ банкноттар мен тиындардың қажетті мӛлшерін анықтай-
ды. Олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы 
ақша қаражатын сақтау, инкассациялау тәртібін белгілейді. ҰБ 
ақша шығаратын банкнот фабрикасы яғни Қазақстан теңге сара-
йы бар. Қағаз ақшалармен қатар арнайы сапамен күміс ақшалар 
шығарылады. Таза салмағы 24 г, 37 г. т.б. әртүрлі болып жасала-
тын бұл ақшалар қазақ ӛмірінің тарихынан мәлімет береді. Мы-
салы қазіргі уақытта айналыста жүрген қазақтың кӛне саз аспа-
бына арналған «домбыра» ұлттық аңшылық кәсібінің құрметіне 
«Бүркітші», «Ғасырлар пернесі» сияқты әртүрлі тақырыптарда 
шығарылған күміс ақшалар бар. Бүгінде оларды Қазақстанның 
Ұлттық банкілерінен алуға болады. (www.google.kz). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет