Ж. Б. Иманбаева, З. С. Жаниязова, А. Әбілқасымова Математикадан 1-4 сыныптар үшін бақылау жұмыстары және қызықты таспырмалар



бет30/30
Дата14.08.2024
өлшемі166.55 Kb.
#503171
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Бақ жұм-тары (6)

КАNGAROO сөзінің суретін салмақшы. Ол сәрсенбіден бастап, әр күні бір әріптің суретін сала бастады. Аптаның қай күнінде Арман соңғы әріпті салып бітіреді? (Жауабы: сәрсенбіде)

  • Сатушыда 6 жұмыртқа және 12 жұмыртқаға арналған қораптар бар. Оған 66 жұмыртқаны салу үшін кем дегенде неше қорап керек? (Жауабы: 6 қорап)

  • Мейрам кезіне екі бірдей торттың әрқайсысы төрт тең бөлікке бөлінді. Сонан соң пайда болған әрбір бөлік тең үш бөлікке бөлінді. Әр қонаққа бір кішкентай бөліктен тиді және үш кішкентай бөлік артық қалды. Мейрамға қанша қонақ қатысты? (Жауабы: 21 қонақ)

  • Көгершін қанатын 1 секундта 4 рет қағады. Көгершін қанатын 2 минутта неше рет қағады? (Жауабы: 480 рет)

  • Бір отбасында 3 ағалы-інілі балалар бар. Олардың үлкенінен сұрағанда: «Біз үшеуміздің жасымызды қосқанда – 35-ке тең. Мені мен Мағжанның жасын қосқанда – 28, ал Мағжан мен Ерзаттың жасын қосқанда -19 шығады, - деп жауап берді. Балалардың әрқайсысы нешеде? (Жауабы: ол – 16-да, Мағжан – 12-де; Ерзат – 7-де )

  • Үйде 12 чашка 9 тарелкасымен бар еді. Балалар чашканың жартысын және 7 тарелкасын сындырды. Неше чашка тарелкасыз қалғанын есепте. (Жауабы: 4 чашка)

  • Кенгуру Джампи әр жылда болатын жануарлар олимпиадасына дайындалып жаттықты. Жаттығу барысындағы оның ең алыс секірісінің ұзындығы 50дм 50см 50мм болды. Ол жарыста бұл нәтижесін 123см-ге арттырып, алтын медель жеңіп алды. Жеңіске жеткізген секірісінің ұзындығ қанша? (Жауабы: 6м 78см)

  • Талғатқа Х ағаштарды суару керек. Ол 2 қатардағы У ағаштарды суарды. Әлі қанша ағаштарды суаруы керек? (Жауабы: ХУ•2)

  • 5 бірдей доп пен 3 қуыршақтың бағасы, осындай 4 доп пен 4 қуыршақтың бағасымен бірдей: Қайсысы қымбат: қуыршақ па, әлде доп па? (Жауабы: бағалары бірдей)

  • Інім екеуміздің жасымыз қанша болса, әпкемнің жасы сонша. Әпкем әкемнен 2 мүшел кіші. Мен інімнен 8 жас үлкенмін. Інім 5-те. Басқаларымыз нешедеміз? (Жауабы: Ол 13-те, әпкесі 18-де, әкесі 43-те.)

  • Африка түйетауығының 3 жұмыртқасы мен тауықтың 60 жұмыртқасының массасы 9 кг. Егер түйетауықтың бір жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасынан 20 есе ауыр болса, әр жұмыртқаның массасы қанша? (Жауабы: 1 түйетауықтың жұмыртқасы 1,5 кг; 1 тауықтың жұмыртқасы 75г)

  • Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бөліп бергісі келеді. Оларға жетіден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар, атаның асығы нешеу? (Жауабы: 3 немере, 23 асық)

  • Айнаш пен Гүлнардың сыныбындағы ұлдар мен қыздар бір түзу бойымен қатарға тұрды. Айнаштың артында 16 адам, оның біреуі Гүлнар тұр. Ал, Гүлнардың алдында 14 адам, оның біреуі Айнаш тұр. Айнаш пен Гүлнардың арасына 7 адам бар. Айнаш пен Гүлнарды қосқанда неше адам бар? (Жауабы: 23 адам)

  • Катер 14 км/сағ жылдамдықпен 2 сағат жүзді. Ол тағы да бұған қарағанда 2 есе артық жылдамдықпен 2 сағат жүзді. Соңғы жылдамдыққа қарағанда 4 км кем жылдамдықпен 3 сағат тағы да жүзген болса, катер осы 7 сағатта барлығы неше км жүзді? (Жауабы: 156 км)

  • 3 станокпен 5 сағатта 30 деталь жасады. 42 деталь жасау үшін қанша уақыт керек? (Жауабы: 7 сағат)

  • Салмағы 123 грамм болатын қалайы қасықтан 25 кішкентай қалайы солдаттар жасалынды. 24 солдаттардың бір-бірінен айырмасы жоқ, бірдей. Ал 25-ші солдаттың бір аяғына қалайы жетпей қалды. Соңғы солдаттың салмағы қанша болды? (Жауабы: 3 грамм)

  • А қаласынан В қаласына 1 мезгілде 2 машина шықты. Алдыңғы машина 30 км/сағ жылдамдықпен, ал соңғы машина 40 км/сағ жылдамдықпен келеді. Егер екінші машина алдыңғы машинаға қарағанда межелі жеріне 2 сағат бұрын жетсе, А мен В қалаларының арақашықтығы қанша километр болғаны? (Жауабы: 240 км)

  • Автобуспен 18 адам келе жатты. Содан кейін әр аялдамада 4 адам түсіп, 6 адам мінді. Сонда 4-ші мен 5-ші аялдаманың аралығында автобуста неше жолаушы келе жатқан? (Жауабы: 26 жолаушы)

  • 4-сыныптың оқушылары сабақтан кейін мұражайға барды. Мұғалім оларға үш-үштен сапқа тұруларын өтінді. Айдос, Жанар және Қанат үшеуі өздерінің алдынан санағанда жетінші, ал артынан санағанда бесінші екенін байқады. Мұражайға неше оқушы барған? (Жауабы: 33 оқушы)

  • Самат кітаптың бетін ашып қалып, оның оң жақ және сол жақ беттеріндегі нөмірлердің қосындысы 25 екенін байқады. Осы нөмірлердің көбейтіндісі нешеге тең? (Жауабы: 156)

  • Буратиноның бойы 1м., ал оның мұрнының ұзындығы 9 см болатын. Буратино әр жолы өтірік айтқан сайын оның мұрны 2 есе ұзара түсетін болған. Оның мұрны бойынан ұзындау болғаннан бастап, Буратино өтірік айтқанды қойды. Ол неше рет өтірік айтқан? (Жауабы: 4 рет)

  • А қаласынан В қаласына дейін 175 км. Автомобиль таңертеңгі сағат 9.00-де В қаласынан С қаласына қарай 90 км/сағ жылдамдықпен шықты. Автомобильмен бір мезгілде А қаласынан сол бағытқа қарай автобус шықты. Оның жылдамдығы автомобильдің жылдамдығының 3/5 бөлігін құраса, сол күнгі 13.00-де автомобиль мен автобустың арақашықтығы қандай болады? (Жауабы: 319 км)

  • Тіктөртбұрыштың ұзындығы 1 м 5см, ал ені одан 7 есе кем. Периметрі осы тіктөртбұрыштың периметріне тең болатын шаршының қабырғасының ұзындығын тап. (Жауабы: 60 см)

  • Оқушы 10 минуттың ішінде жолдың 5-тен 2 бөлігін жүрді. Осындай жылдамдықпен жолдың қалған бөлігін қанша уақытта жүреді? (Жауабы: 15 минут)

  • Қайраттың әжесі шкафқа 650 г-дық банкаға құйылған тосапты тығып қойды. Немересі Қайрат тосапты тауып алып күніне әжесінен тығылып 5 қасықтан жеп отырды. 20 күннен кейін әжесі тосапты қараса азайып қалыпты. Егер Қайрат 5 – г-дық қасықпен күніне 5 рет жеп отырған жағдайда неше грамм тосап банкада қалды? (Жауабы: 150 г)

  • Түйе бірнеше минутта 100 литр суды тауысады. Егер маймыл бір күнде 2,5 литр су тауысса, 100 литр су оған неше күнге жетер еді? (Жауабы: 40 күн)

  • Таңертеңгілік анасы себеттегі алманың тең жартысын алды және ұлына 2 алма берді. Түсте қалған алманың тең жартысын алды және қызына 1 алма берді. Кешкі асқа 3 алма қалды. Себетте барлығы неше алма болған? (Жауабы: 20 алма)

  • Роза мектепке бара жатыр. Сабақ 8 – 00-де басталады. Ол 7 – 40-та жолдың жартысына келді. Егер ол 8-ге 10 минут қалған кезде мектепке жететін болса, үйден мектепке дейін Роза қанша минут жүреді? (Жауабы: 20 минут)

  • Егер 1-ді өз-өзіне 1000 рет көбейтсе неше шығады? (Жауабы: 1)

  • Саяхатқа шыққан оқушыларды Сырдария өзенінің қарсы жағалауына қайықпен өткізу қажет болды. Олар әр қайыққа 6 оқушыдан отырса, 4 оқушы артық қалады. Ал 8 оқушыдан отырса, 1 қайық бос қалады. Топта неше оқушы болған, оларға қанша қайық дайындалған? (Жауабы: 16 оқушы - 3 қайық немесе 40 оқушы - 6 қайық)

  • Менің әкемнің аты – Марат Жомартұлы, ал менің ұлымның аты – Асхат Саматұлы. Сонда менің аты-жөнім кім? (Жауабы: Самат Маратұлы)

  • Таразының бір табақшасында 6 апельсин, ал екінші табақшасында 2 қауын жатыр. Егер бір қауынды алып тастасақ, табақшалар тепе-теңдік қалыпқа келеді. Бір қауынның салмағы неге тең? (Жауабы: 1 қауын мен 6 апельсиннің салмағы бірдей)

  • Спорттық жарысқа 28 бала қатысқан. Мәреге Жандостан кейін жеткен балалардың саны мәреге Жандосқа дейін жеткен балалардаң санынана 2 есе артық. Жандос нешінші орын алды? (Жауабы: 10 – орын)

  • Квадрат үстелге 4 адам отыра алады (әр жақтан бір-бірден). Мектеп кешіне ұзын үстел кұрау үшін дәл осындай 7 үстелді бір қатардың бойымен қойды. Осы үстелге қанша адам отыра алады? (Жауабы: 16 адам)

  • Шағын көшенің бір жағындағы барлық үйлер 1-ден 19-ға дейінгі тақ сандармен, ал қарсы жақтағы барлық үйлер 2-ден 14-ке дейін жұп сандармен орналасқан. Бұл көшеде неше үй бар? (Жауабы: 17 үй)

  • Мақсат нысанаға жебені лақтырып, «Дартс» ойынын ойнады. Алдымен оның 10 жебесі болды, нысананың ортасына дәл тигізген сайын, ол қосымша 2 жебе алып отырды. Егер ол 20 лақтырыс жасап үлгірсе, Мақсат нысананың ортасына қанша рет тигізді? (Жауабы: 5 рет)

  • Кейбір айда 5 дүйсенбі болса, онда бұл айда аптаның қай күні болмайды? (Жауабы: бейсенбі күні)

  • Мектепке келетін көшенің бойында таңертеңгілік 9 шам жанып тұрады. Көрші 2 шамның ара қашыққтығы 8 метр. Дәулет бірінші шамнан соңғысына дейін жүріп өтті. Ол қанша метр жүрді? (Жауабы: 64 метр)

  • Сейфтің құпия коды – үш таңбалы сан және олар әртүрлі цифрлар. 1, 3, 5 цифрларынан қанша құпия код жасауға болады? (Жауабы: 6 құпия код)

  • 1-ден 100-ге дейін жазып шығу үшін қанша цифр керек? (Жауабы: 192 цифр)

  • Саяттың ағалары мен апларының саны бірдей. Ал оның туған апасы Айгүлдің ағаларының саны апаларынан 2 есе көп. Сонда бұл отбасында қанша бала болғаны? (Жауабы: 5 бала)

    Пайдаланылған әдебиеттер:


    1. Математика. 1-4 сынып оқулықтары – «Алматыкітап» баспасы
    2. Математика. 1-4 сынып оқулықтары – «Атамұра» баспасы
    3. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сыныптар – «Алматыкітап» баспасы
    4. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сыныптар – «Атамұра» баспасы
    5. Қызықты математика. 1-4 сыныптар «Алматыкітап» баспасы

    Мазмұны
    Алғы сөз .........................................................................................................


    1-сынып бақылау жұмыстары ......................................................................
    2-сынып бақылау жұмыстары ......................................................................
    3-сынып бақылау жұмыстары ......................................................................
    4-сынып бақылау жұмыстары ......................................................................
    Қызықты есептер мен логикалық тапсырмалар .........................................
    Сыныптан тыс жұмыстар .............................................................................

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет