Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі


Білімді тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет18/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

Білімді тексеруге арналған сұрақтар: 
1 Алғашқы моғол хандарының ішкі-сыртқы саясатының басым бағыты 
қандай болды? 
2 «Батпақ шайқасының» барысы мен оның салдарларын көрсетіңіз?
3 Моғолстандағы дулат және т.б. ру-тайпа әмірлерінің иеліктері мен олардың 
мемлекеттік ішкі-сыртқы саясатына ықпалын талдаңыз? 
§ 3. XIV ғасырдың үшінші ширегі және XV ғасырдың басындағы Әмір 
Темірдің шапқыншылығына қарсы күрес 
Шағатай ұлысында орын алған алауыздық пен бытыраңқылық тұсында 
жергілікті ру-тайпа әмірлерінің ықпалдары артып, олар билікке ұмтыла бастады. 


98 
Осындай жағдайда Моғолстанда іс жүзінде Дулат әмірлерінің билігі орнаса, 
Мәуереннахр өлкесінде барлас руынан шыққан әмір Темірдің саяси карьерасы 
басталады. Дулат әмірлерінің ықпалымен билікті иеленген Тоғылық-Темір ханның 
тағайындауымен алғашқы билікке қол жеткізген әмір Темір көп ұзамай Моғолстан 
халқын тонаушылық пен қырғынға ұшыратқан қаһарлы билеушілердің біріне 
айналады.
Жалпы әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары туралы
В.В. Бартольдтың зерттеулерінде баяндалған. Ал келесі бір зерттеуші
К.А. Пищулинаның еңбегінде бұл мәселе Әмір Темірдің Моғолстанға қарсы 
ұстанған саясаты, оның шапқыншылық жорықтарының Моғолстан мемлекетінің 
саяси-мемлекеттік және шаруашылықтық-мәдени өміріне тигізген салдары 
тұрғысынан қарастырылған. Ал, біз бұл зерттеуімізде Әмір Қамар ад Дин бастаған 
дулаттардың әмір Темір шапқыншылығына қарсы күресін ашып көрсетуді мақсат 
етіп қойып отырмыз. 
Әмір Темірдің Моғалстанға жорықтары* 
*«Қазақ ру-тайпаларының тарихы» топтамасы бойынша жарық көрген
еңбектерден алынды 
1365 жылы Ильяс қожа хан Самарқанд қаласын ала алмай кері қайтқаны 
жайлы алдыңғы бөлімде айтқан едік. Осы оқиғалар орын алған тұста әмір Темір 
Хусейнмен бірігіп, Самарқандты тағдыр тәлкегіне тастап қашып кеткен еді. Моғол 
әскері кеткеннен кейін, әмір Темір мен Хусейін Самарқандты қорғаушылардың 


99 
алауыздығын тиімді пайдалана отырып, мұндағы билікке қол жеткізеді. Міне, осы 
кезден бастап әмір Темір жеке дара билікке ұмтылып, 1370 жылы бүкіл 
Мәуереннахр өлкесін бағындыруға қол жеткізеді. Әмір Темір билікке келісімен 
сыртқы саясатын Моғолстанға жорық жасаудан бастайды. 1371 жылы солтүстік-
батыс Тянь-Шяньда орналасқан Қамар ад Дин дулаттың иелігіне басып кіреді. 
Кенеттен тиген жауға қарсы тұруды әмір Қамар ад Дин дулат көшпелілердің 
ежелден сыннан өткен тиімді тәсілін қолданады. Яғни, бүкіл ел-жұрты мен мал-
мүлкін алып жау атының тұяғы жетпейтін асуы қиын тау шатқалдарына қарай 
шегініп кетеді. Өзен жұртынан үдере көшкен жұрт Іле-Ертіс өзендері аралығы мен 
таулы аймақтарға жасырынады. Әмір Қамар ад-Диннің көшкен жұртын әмір Темір 
Мәуереннахрдың бір бөлігі деп алып, бұл өлкені билеуге Кебек-Темірді 
қалдырады. Бірақ әмір Темірдің әскері қайтадан Мәуереннахр өлкесіне 
аттанысымен Кебек-Темір бағыныштылықтан бас тартады. Бахрам жалайыр, әмір 
Аббас, Хитай баһадүр бастаған әскерді Кебек-Темірдің бүлігін басуға қайта 
аттандырады. Бұл іс әмір Темірдің әскербасыларының Кебек-Темірмен бейбіт 
келісімге келуімен аяқталады. Істің бұлай аяқталғанына риза болмаған Темір 
әскерімен Жетеге екінші жорығына аттанып, елді үлкен қырғыншылыққа 
ұшыратып қайта оралады. Осы оқиғалар әмір Темірдің Жете аймағына қарсы 
жүргізген қырғын соғыстары халықтың басына зор ауыртпалықтар алып келді. 
Міне, осындай жағдайда Қамар ад-Дин білікті басшы ретінде әмір Темірге қарсы 
күресте одақтастар қажет екендігін түсіне білді. Сондықтан Моғолстанның өзара 
жауласқан ру-тайпалық иелік басшыларын біріктіруге күш салды. Мәселен 
деректерге сүйенсек, әмір Темірдің шапқыншылығының алдында «Жете 
әмірлерінің арасындағы жауластықтан кейін Қамар ад-Дин дулат Кебек-Темір, 
Широғұл сияқты әмірлермен Қажы-бек аркинутқа қарсы бірігіп соғысқан еді». Ал, 
ортағасырлық деректердің мәліметтеріне сүйенсек, әмір Темірдің Жете өлкесіне 
жасаған алғашқы жорығынан кейін әмір Қамар ад-Дин бұрын өзімен жауласқан 
басқа ру-тайпа өкілдерін өз маңына топтастыра білді. Мәселен, әмір Темірдің 
үшінші жорығы кезінде жоғарыда аталған Қажыбек аркинут әмір Қамар ад Диннің 
Темірге қарсы одақтасы ретінде көрінеді. 


100 
Профессор, ҚР ҰҒА Құрметті мүшесі Т.Омарбековтың деректер негізінде салған портреті 
1375 жылы желтоқсан айында әмір Темір Моғолстанға қарсы үшінші 
жорығына аттанады. Бірақ деректердің хабарлауынша қар аралас жауын жауып, 
қатты суық түсіп кеткендіктен, Темір Самарқандқа қайта оралуға мәжбүр болған. 
Осы жолғы қатты суықтан адамдар мен малдар қырылып, зор шығынға 
ұшырайды. 
Дегенмен арада екі ай уақыт өткенде 1376 жылы ақпан айының аяғында әмір 
Темірдің ұлы Жаһангир, Шейх-Мұхаммед, Әділ-шах сияқты қолбасшылары 
басқарған әскерін Қамар ад-Динге қарсы қайта аттандырады. Қамар ад-Дин 
әскерінің қайда орналасқандығын, нақты әскер санын білу үшін жіберілген 
шолғыншы оның Көктөбе деген жерде әскер жиып, Қажыбекті күтіп жатқандығын 
хабарлайды, Сондай-ақ шолғыншы Қамар ад-Дин бұл әскердің жақындап келе 
жатқанынан да хабарсыз екендігін біліп келеді. Бірақ әмір Темірдің Қамар ад-Дин 
әскері бейқам жатқан жерінен тарпа бас салу жоспары жүзеге аспай қалады. 
Себебі деректердің хабарлауынша ол Берке-и Гурйан атты өткелі қиын жерге 
жасырынып үлгереді. Шараф ад Дин Али Йезди «Бұл жер - өте терең, әрі оларда 
үш үлкен өзен ағып жататын үш шатқал. Қамар ад Дин мен оның әскері екі 
шатқалдан өтіп үшіншісінде тоқтап, жолдарға тас үйіп, бекітіп тастады», - деп 
нақтылай түседі. В.В. Бартольд бұл шатқалдың Шарын өзенінің сағасында 
орналасқанын көрсете кетеді. Әмір Темірдің ұлы Жаһангир бастаған әскер Қамар 
ад Динге қарсы бірінші болып аттанады. Күндізгі шайқастан кейін Қамар ад Дин 
түнді пайдаланып шегініп кетеді. Ортағасырлық дерек авторлары (әсіресе 
Темірдің тарихын нақты қалдырған авторлар) Қамар ад Диннің жеңілісін 


101 
Жаһангер бастаған жеңімпаз әскердің екпінімен байланыстырды. Әрине, әмір 
Темір әскерінің саны жағынан көптігі мен тәртіпке бағынған, жақсы қаруланған 
әскер екендігін ескерсек, бұл түсінікті қадам. Мұны Қамар ад Дин де түсіне білді. 
Сондықтан қалған күшін сақтап қалу үшін осындай тактикаға көшкен. Себебі осы 
шайқастың алдында ғана Жете әмірлерінің бір бөлігі Мәуереннахрға жорыққа 
аттанып кеткен болатын. Бұл дегеніміз - әлі де болса Қамар ад Диннің жоғарғы 
билігін мойындағысы келмеген әмірлердің оған бағынбай, өз беттерінше көрші 
мемлекет халқын тонап, оңай олжаны иеленуді ғана көздегендерін көрсетеді. Таң 
атысымен әмір Темір Дауд, Хүйсейін, Үшқара баһадүр әмірлер бастаған әскерін 
Қамар ад Дин әскерінің соңынан аттандырады. Олар Қамар ад Дин әскерін Іле 
өзенін бойлай қуады. Сонда өзеннен өтерде Хусейін әмір суға ағып кетеді. Ал, 
қалған әмірлер әскерлерімен Қамар ад Диннің иелігін тонап, мал-мүлкін тонап, 
қолға түскен мыңдықты бөліп алып қайтады. Дегенмен бұл жолы да Қамар ад Дин 
әскерінің негізгі бөлігімен жау қолына түсуден аман қалады. 
Әмір Темір Самарқандқа қайтар жолында Байтақта тоқтап, баласы 
Жаһангирді Қамар ад Динді қолға түсіру тапсырмасымен арнайы аттандырады. 
Жаһангир Уч-фирман деген жерде (Шығыс Түркістанда – авт.) Қамар ад 
Диннің біраз әскерін талқандап, Қамар ад Диннің тауда екендігін біліп, артынан 
түседі. Осы жолы Жаһангир бастаған Мәуереннахр әскерлері Қамар ад Диннің 
ұлысын талқандап, оны тонауға ұшыратады. Қамар ад Диннің ағасы Шамс ад-Дин 
дулаттың әйелі Туйан-аға мен қызы Дилшад аға жау қолына тұтқынға түседі. 
Байтақта 53 күн аялдаған әмір Темір Қара Қастекке келіп, осы арада Дилшад 
ағамен үйлену тойын өткізеді. 
Әмір Темір 


102 
Әмір Темір шығысындағы күшті қарсыласы әмір Қамар ад Диннің көзін 
жоюға қол жеткізгенімен, оның елін тонап, әскерін қырып, мал-мүлкін талан-
таражға салып, оның күш-қуатының әлсіреуіне қол жеткізеді. Сондықтан Қамар ад 
Динге қарсы жасаған үшінші жорығынан кейін, келесі жылы, яғни 1376 жылдың 
наурыз-көкек айында Хорезмге жорыққа аттанады. Ал, әмір Сары Бұға, Әділ шах 
жалайыр, Жетай баһадүр, Илчи Бұға мен және т.б. әмірлеріне қалың әскермен 
Моғолстанға аттанып, «қалай болғанда да, қайда жүрсе де Қамар ад Динді іздеп 
тауып, көзін жоюға бұйрық берді». Бірақ осы кезде, әмір Темірдің жоқтығын 
пайдаланған Әділ шах жалайыр мен Сары Бұға қыпшақ Хитай баһадүр мен Енші 
Бұғыны тұтқынға алып, өз тайпалары жалайырлар мен қыпшақтардан құралған 
әскерлерімен Самарқандты қоршауға алады. Бұл оқиғалар әмір Темір 
мемлекетінде де оның билігіне қарсы күштердің бар екендігін көрсетіп қалды. 
Әсіресе әмір Темірге қарсы күшті оппозиция Ходженд және оның маңында 
орналасқан жалайырлар ұлысынан төнді. Бірақ Әділ шах жалайыр мен Сары Бұға 
қыпшақ Самарқандты қорғауға аттанған Жаһангирдің әскерінен жеңіліп, Дешті 
қыпшаққа қашып Орыс ханды паналауға мәжбүр болады. Бұдан әрі деректерге сөз 
берсек: «Әділ шаһ пен Сары Бұға Орыс ханға қызмет ете бастады. Ақырында 
олардың бойындағы бұзақылық пен жаман пиғыл бас көтеріп, Орыс хан жайлауға 
шыққан кезде қиянат қылышын опасыз қыннан суырып Ошы би деген ханның 
сенімді өкілімен шайқасып, оны өлтірді. Сонан соң ол жерден қашып шығып Жете 
ұлысына, яғни Моғолстанға, Қамараддинге барып оны бүлік пен жамандық 
жасауға арандата бастады». Егер осы мәліметтерді тереңірек талдасақ, әмір 
Темірдің билігіне қарсы шыққан Әділ шах жалайыр мен Сары Бұға қыпшақтың 
әмір Темірге қарсы күресте оның ең күшті қарсыласы Қамар ад Динмен күш 
біріктіруге шешім қабылдағанына көз жеткіземіз. Осылайша, көшпелілік пен 
көшпелі өмір салтын сақтап қалуды көздеген, әрі әмір Темірдің үстемдігі мен 
тонаушылықтарына қарсы топтар біріге бастайды. ? Қамар ад Дин Темірдің иелігі 
Әндіжан уәлаятына басып кіреді. Әмір Темірдің тағы бір ұлы Омар-шейхтың 
әскері құрамына кіретін кадак тайпасынан құралған мыңдық одан бөлініп, Қамар 
ад Дин жағына өтеді. Қамар ад Дин Әндіжанды басып алды. Бұл туралы Омар 
шейх әкесі Темірге Данишманд деген біреуді жіберіп «бүлікшілер толық жеңіске 
жетіп, Әндіжанның тас-талқанын шығарды» деп хабар жеткізеді. 
Бұл хабарды естіген әмір Темір әскерімен Узгендтке жеткен кезде қолға 
түскен тұтқындар мен олжаны алған Қамар ад-Дин әскерімен 2 күн бұрын бұл 
жерден кетіп қалған еді. Оның артынан іле-шала аттанған әмір Темір әскері Қамар 
ад Динді Атбасы деген жерде қуып жетеді. Жау хабарын естіген Қамар ад Дин 
отбасы мен басқа да адамдарды басқа жерге жіберіп, өзі төрт мың әскермен жауды 
тосқауылдап қалады. Қамар ад Диннің елі мен әскері туралы ешбір мәлімет біле 
алмай, әрі оның өзін қолға түсіруден күдер үзген Темір әскері аймақты тонауға 
кіріседі. Тонау мен талан-таражға Темірдің қасында қалған 5 мың әскердің 
басшылары – Муаййад, Хитай баһадүр, Ақ-Темір баһадүр, Шей-Али баһадүр 


103 
сияқты және т.б. әмірлер де қосылып кетеді. Осылайша әмір Темірдің қасында 
200-дей, келесі бір дерек мәліметі бойынша 400-дей ғана әскер қалады. Осындай 
тиімді сәтті пайдаланған Қамар ад Дин төрт мың әскерімен әмір Темірге бас 
салады. Дегенмен тарихта аз санды әскердің өзінен саны жағынан анағұрлым 
артық қарсыластарын жеңуі туралы фактілер өте көп. Бұл жолы да дерек 
мәліметтері бойынша әмір Темір өз қолымен Қамар ад Динді шегінуге мәжбүр 
етеді. 
Ортағасырлық келесі бір деректің хабарлауынша Қамар ад Динді іздеп 
жүрген Әділ шах пен Сары Бұға Санкиз-Ағаш деген жерде онымен кездесіп, 
болашақ іс-әрекеттерінің біріккен жоспарын талқылайды. Осылайша, Сары Бұға 
қыпшақ, Әділ шах жалайырдың қолымен күш біріктірген Қамар ад Дин әскері мен 
әмір Темір әскері Сегіз-Ағаш деген жерде кездесіп, шайқас болды. Қамар ад Дин 
қайта шегінеді. Үш Қара баһадүр Қамар ад Диннің ізінен қууға түседі. Бірақ орта 
жолға жеткенде Қамар ад Дин сегіз нөкерімен қайта оралып, оны қоршап, атын 
садақпен атып өлтіреді. Өзі жаралы, жаяу қалған баһадүрді Қамар ад Дин өлтіруге 
тиым салып, тірі қалдырады. Ол жаяу, жаралы күйінде аман қалады. 
Қамар ад Дин әскері жеңілгенімен, оның басты күштері негізінен сақталып 
қалады. Қамар ад Дин өз тайпасы дулаттар және оның билігін мойындаған өзге ру-
тайпалардан құралған елін алып, Моғолстанның түкпір аймақтарына көшіп кетеді. 
Темір көшкен елдің жұртын тонап, қолға түскен олжасымен Мәуереннахрға 
қайтып оралады. Қамар ад Дин негізгі күшін сақтап қалғанымен, осы жолы үлкен 
шығынға ұшырайды. Жалпы Қамар ад Дин және Моғолстанның өзге де дербес 
билеушілері Темірге қарсы күресте көшпелілердің ежелгі әдісі – қоныс аударып 
кетуді жиі пайдаланған. Осылайша олар өздерінен бірнеше есе асып түсетін жауға 
тиімді тойтарыс бере білген. Темірдің ресми тарихын жазған авторлардың 
барлығы дерлік Темірдің Қамар ад Динге қарсы күресін сипаттай келе, 
соңғысының бұл әрекетін қашып кетуге мәжбүр болды, «жеңілді», «тоз-тозы» 
шықты деп бағалайды. Әрине, бұл бағалар белгілі бір дәрежеде шындықты 
білдіргенімен, оны толық ашып көрсете алмайды. Мұның себебі көшпелілер мен 
отырықшы халықтардың дүниетанымдық түсініктеріне барып тірелсе керек. 
Көшпелілер мен отырықшы халықтардың құндылықтар өлшемі және оларға 
қатысты қалыптасқан таным-түсініктері бір-бірінен ерекшеленеді. Мәселен, 
отырықшы халықтар үшін ең маңыздысы – жер. Жер шаруаның тіршілік көзі, 
оның болашағы, оның сенімді тірегі. Жерден айырылу өліммен тең. Ал, 
көшпелілер үшін керісінше, ең алдымен елдің амандығы басты құндылық. 
Ежелден рулық, қауымдық тіршілікке бейімделген көшпеліге өз руластары, 
қандастары мен елінің ішінде жүрсе ғана бүгіні мен болашағының қауіпсіздігін 
қатамасыз ете алады. Елден айрылып жалғыз қалу – табиғаты қатал, негізінен 
көшпелі мал шаруашылығы дамыған далада жалғыз қалып өмір сүру емес, 
тіршілік қана ету дегенді білдіреді. 


104 
Сондықтан Қамар ад Дин де ең алдымен елдің амандығын сақтап қалу үшін 
осындай амал-әрекетке барған. Әмір Темірдің әр шапқыншылығы басталған тұста 
Моғолстанның көшпелі өмір салтын ұстанатын ру-тайпалары өткелі қиын таулы 
аймақтарға көшіп кетіп, мұнда бірнеше ұсақ-ұсақ топтарға бөлініп, шашырап 
қалатын. Ал жау әскері кеткеннен кейін, келесі шапқыншылыққа дейін қайта 
оралатын. Міне, көшпелілердің бұл әрекетін отырықшы халықтардың өкілі болып 
табылатын Темірдің тарихшылары «Қамар ад Диннің жеңілісі» деп бағалауының 
сыры осында жатыр. Бұл жерде ортағасырлық тарихшылардың бағалауынша 
Қамар ад Дин әмір Темірден күл-талқан болып жеңілсе, онда оған қарсы он жылға 
жетер-жетпес уақытта жеті дүркін жорық жасаудың қандай қажеттігі болды деген 
сұрақ туындайды. 
Дегенмен Қамар ад Дин әмір Темірге қарсы күресте жеңілмей, ел-жұртын 
аман алып қалғанымен, бұл шапқыншылықтар мен Моғолстан халқы үшін із-
түссіз кеткен жоқ. Жау тырнағынан аман қалу үшін қайта-қайта көшу барысында 
олар малынан, жанынан айырылып, шығынға ұшырады. Көшкен жұрттың артынан 
жаудың алдын торуылдап қалған әскерлер ауыр шайқастарда қаза тапты. Ал, 
кейде жау табан астынан басып кіргенде көшуге үлгере алмай қалған ел талан-
таражға түсіп, тонаушылық пен қырғынға ұшырады. Осылайша, Моғолстан 
халқын құраған ру-тайпалар, соның ішінде дулаттар әмір Темірдің 
шапқыншылығынан ауыр зардаптар шекті. Сегіз ағаш (Секиз-Ағаш) түбіндегі 
шайқастан кейін әмір Темірдің Атақұм арқылы Сырдарияның жағасына, одан 
Самарқандқа аттанғанын айттық. Ол Самарқандқа оралысымен Қамар ад Динге 
қарсы жасаған төртінші жорығы барысында Қамар ад Диннің одақтастары ретінде 
өзіне қарсы шайқасқан өзінің бұрынғы әмірлері Әділ шах жалайыр мен Сары-Бұға 
қыпшақты іздестіруге кіріседі. Қарсыластарының біріккен әскерін жеңгеннен 
кейін әмір Темір олардың жеке-жеке көзін жоюды көздесе керек. Жоғарыда 
аталған шайқастан кейін «Қамар ад-Дин қашып құтылған соң, ол арнайы адам 
жібертіп, Әділ Шахты іздестіреді. 1376 жылдың аяғына таман Әділ-Шахтың 
Сырдария мен Талас өзендерінен оңтүстік-шығысынан солтүстік-батысқа қарай 
созылып жатқан Қаратау тау жоталары бойында жүргені туралы хабар келеді. 
Әділ-Шахқа қарсы аттанған Барат-қожа Күкелташ пен Елші Бұғы атты әскермен 
Самарқанд қаласынан шығып, Қаратауға аттанады. Отырар қаласынан қосымша 
жасақ алғаннан кейін олар Әділ-Шах жалайырдың соңынан мықтап түседі. 
Қаратау баурайында Дешті-Қыпшақты бақылап отыру үшін тұрғызылған Ақсума 
деп аталатын мұнара түбінде Әділ шах қолға түсіп, өлтіріледі». 
Ал, Сары-Бұға Қыпшақ қашып құтылады. Әмір Темірдің баласы Омар-
Шейхқа Ақ-Бұға, Хитай баһадүр және т.б. әмірлерімен бірге Қамар ад Диннің 
артынан түсіп, көзін жоюға тапсырма береді. Екі жақтың әскері Кура-Тау 
(Қаратау) деген жерде кездесіп, Қамар-ад Дин жеңіліске ұшырайды. Темірдің 
әскерлері Қамар ад Диннің елі мен ұлысын тонап, көптеген олжаға кенеліп, 
тұтқындарды алып қайтады. 


105 
Міне, Әмір Темірдің Қамар ад Динге қарсы жасаған төртінші жорығы 
осындай нәтижелермен аяқталады. Бірақ арада біраз уақыт өтпей жатып-ақ Әмір 
Темір осы жылы (1377 ж.) Қамар ад Динге қарсы тағы әскер жібереді. Осылайша 
Әмір Темірдің Моғолстанға бесінші жорығы басталады. Біз бұл жорықтардың 
барлығы дерлік Қамар ад Дин дулатқа қарсы бағытталғанын байқаймыз. Себебі 
Ильяс Қожа хан өлтірілгеннен кейін Моғолстандағы билікке ұмтылған Қамар ад 
Диннің билігі бүкіл елге жүрмегенімен, оны дулаттардан басқа ру-тайпа 
билеушілері жоғарғы билеуші деп танығанын көреміз. Себебі деректердің 
көпшілігі алғашында бұл жорықтарды «Қамар ад Динге қарсы» жорық деп атап 
көрсетсе, соңғы жорықтар туралы жазғанда «Моғол ұлысына қарсы», «Жете 
ұлысына» қарсы жорық ретінде бағаланады. Бұл дегеніміз замандастарының 
көпшілігінің Қамар ад Динді Моғолстанның жоғарғы билеушісі ретінде 
қабылдағанын көрсетеді. 
Әмір Темірдің екінші ұлы Омар-Шейх бастаған әскер мен Қамар ад Дин 
әскерінің арасындағы ең ірі шайқас Аба-құм деген жерде өтті. Екі жақтан да 
шығын өте көп болады. Дерек тілімен айтсақ, «Омар Шейхтың бұл жеңісінен 
кейін Қамар ад Диннің күші сарқылады, ал оның бұған дейін шағатайлардың 
шапқыншылығынан аман қалған Моғол ұлысының әскеріне тұтқынға түседі». 
Яғни, бұл шайқаста екі жақ та табан тіресе, аянбай шайқасқандарымен, Қамар ад 
Дин қолы жеңіліс табады. Дерек мәліметтеріне қарағанда бұған дейінгі 
шайқастармен салыстырғанда, бұл шайқастың Қамар ад Дин және оның елі үшін 
аса зор зардапты болғанын байқаймыз. Дегенмен қанша зор шығынға 
ұшырағанымен, Қамар ад Дин жау тырнағынан аман қалады. Бар жағдайды көз 
жазбай бақылап отырған Әмір Темір Қамар ад Диннің түпкілікті көзін жою үшін 
өзі жеке әскер бастап, іле-шала Омар-Шейхтың артынан аттанады. Ол Қамар ад 
Диннің аман қалған күшін құрту үшін Қашқарға дейін барады. Ол Қамар ад 
Динмен Боам шатқалында (Шу аңғарынан Ыстық көлге барар жолда орналасқан – 
авт.) кездесіп, шайқас болады. Бірақ бұл жолы да Қамар ад Дин аз ғана адамымен 
аман құтылып кетеді. Ал, Темір осы кезде Шығыс Дешті Қыпшақтан Тоқтамыс 
оғланның өзінен пана іздеп келгені туралы хабар алады. Сондықтан осы хабарға 
байланысты, әрі Қамар ад Динді енді қолға түсіре алмасын білген соң ордасына 
қайтады. Бұл жорықтың орасан зор ауыр салдары болғандығы соншалық, 
Моғолстан аймағы бұл жолғы тонау мен қырғынның салдарынан ұзақ уақыт айыға 
алмады. Деректердің хабарлауынша осы кезден бастап Мәуереннахр мен өзге де 
елдерде моғол гуламдары мен құлдары пайда болады». Басқаша айтқанда Әмір 
Темір тұтқынға түскен Моғолстан халқын құлдыққа сатып жіберген. 
Қамар ад Диннің Әмір Темірдің шапқыншылығына қарсы соғыстарындағы 
жеңілістерінің легі оның Моғолстандағы беделіне әсер етпей қоймады. Соңғы 
жылдардағы үздіксіз шапқыншылықтардан көз ашпаған Моғолстаның халқы ауыр 
зардаптарды бастарынан кешті. Әмір Темір осы жолғы жеңісінен кейін бес 
жылдай уақыт Моғолстанға шапқыншылығын тоқтатады. Бұл жылдарда Қамар ад 


106 
Дин ауыр соққыдан ес жиып, бытырап кеткен ел-жұртын жинаумен, бейбіт 
тіршілікті қайта қалпына келтірумен айналысса керек. 
Әмір Темірдің бұл жорықтарымен Моғолстан халқын, соның ішінде Қамар 
ад Дин басқарған дулаттарды зор шығынмен қырғынға ұшыратқанымен, оларды 
түбегейлі бағындыруға қол жеткізе алған жоқ. Бірақ Әмір Темірдің 
шапқыншылықтарының зардаптары да өте ауыр болды. Дегенмен халық бұл 
шапқыншылықтардың зардаптарынан айығып келе жатты.
Сондықтан 1383 жылы Темір Моғолстанға қарсы тағы да әскер аттандырады. 
Әмір Темір әскерінің басшысы ретінде тағайындалған ұлы Әли ханзада барын 
тайпасының қарсылығына ұшырап, Қамар ад Диннің «көзін жоюдан» үміті үзіліп, 
кері шегінуге мәжбүр болады. Әмір Темір бұл хабарды алысымен Шейх-әли 
баһадүр, Сайф ал-Мүлік, Итилмиш пен Арғын-шах ахтачи бастаған әскерді 
қосымша аттандырады. Жақын арада бұлардан бір хабар келмеген соң, өз ұлы 
Жаһан-шах бастаған, Елші-Бұғы, Шамс ад-Дин, Үшқара, Сайн Темір баһадүр 
басқарған 10 мың әскерді тағы аттандырады. Екі топ Атақұмда кездесіп, барын 
тайпасын қырғынға ұшыратады. Бірақ Қамар ад Дин бастаған дулаттар қолға 
түспейді. Жаһан Шах әкесінен алған нақты тапсырма бойыша Қамар ад Диннің 
артынан түседі. Ол әскерімен Ыстықкөлден өтіп, Көктөбеге дейін жетеді. Бірақ 
Қамар ад Динді қолға түсіре алмай, амалсыз кері қайтуға мәжбүр болады. Қамар 
ад Дин бұл жолы өз ұлысымен Жетісудың солтүстігіне кетіп үлгерген еді. 
Жоғарыда Қамар ад Дин ұлысына негізінен тек дулаттар ғана емес, 
Жетісудың өзге де көшпелі тайпалары кіргенін айтқан едік. Мәселен, 1383 жылғы 
жорықта көп қырғынға ұшыраған барын тайпасы Қамар ад Дин билігін 
мойындаған, оның ұлысына кірген тайпалардың бірі болған. Қамар ад Диннің 
жеңілістері, оның қол астына қараған ел жұртының жау шапқыншылығынан ауыр 
зардаптар шегуі, Қамар ад Диннің ұлыс билеушісі ретіндегі беделін төмендетті. 
Сондықтан оның билігін мойындаған тайпалар бірте-бірте одан бөліне бастады. 
Мұндай қолайлы сәтті Қамар ад Диннің жеке дара билікті иеленуін қаламаған 
басқа дулат әмірлері тиімді пайдаланып қалуға ұмтылды. Әмір Болатшының ұлы 
Хұдайдад әкесінің саясатын жалғастырып, Шағатай ұрпақтарынан хан сайлау 
арқылы өздерінің билігін нығайтуға ұмтылды. Негізінен Маңғылай Сүбе 
иелігіндегі дулаттар Шығыс Түркістан мен оңтүстік Тянь-Шяньдағы отырықшы-
егінші аймақтардың мүддесін қорғады. Сондықтан олар Қамар ад Дин бастаған 
көшпелі және жартылай көшпелі ру-тайпалар және олардың билеушілерінің 
ұстанған бағытымен салыстырғанда Әмір Темірмен жақындасу, одақтасу саясатын 
ұстанды. 
1389 жылы Хұдайдад дулат бастаған топ Тоғылық Темір ханның ұлы Қызыр 
Қожаны Моғолстанның ханы деп жариялайды. Бірақ Қамар ад Дин бастаған 
дулаттар мен оның ұлысына кірген өзге де ру-тайпа билеушілері Қызыр Қожаны 
жоғары билеуші деп танудан бас тартады. Мұхаммед Хайдар Дулатиге сүйенсек 
әмір Хұдайдад Қамар ад Дин кезінде Тоғылық Темір ханның ұлы Ильяс қожа 


107 
ханның және оның туыстарының көзін жойып, жоғарғы билікке ұмтылған тұста, 
Қызыр Қожаны Мир аға деген шешесімен бірге жасырып үлгерген. Сөйтіп оны 
Бадахшан мен Қашқар арасындағы тауға алып кетіп, асырап сақтаған. Мұхаммед 
Хайдар Дулати Қызыр Қожа «Қамар ад Диннің көзі жойылған соң, халық өзіне хан 
іздей бастайды. Әмір Хұдайдад әлгі аймаққа кісі жіберіп, Қызыр Қожа ханды 
алғызады», - деп жазады. Бірақ Әмір Темір мен оның ұрпақтарының тарихын 
жазған авторлардың еңбектерінде Қызыр Қожа хан мен Қамар ад Диннің есімдері 
жиі-жиі бірге аталады. Осы деректерге сүйене отырып, Қызыр Қожаның Қамар ад 
Диннің тірі кезінде-ақ хан деп жарияланғанын көреміз. 
Осындай жағдайда Әмір Темір 1389 жылы Моғолстанға қайтадан басып 
кіреді. Бұл жолғы жорық бұдан бұрынғы шапқыншылықтармен салыстырғанда 
көлемі жағынан да, салдары жағынан да аса үлкен, әрі ауыр соғыс болады. Бұл 
жорықты ұйымдастырудың бірнеше себептері болды. Соның бірі саяси өмірде 
орын алған біраз өзгерістермен де тікелей байланысты болды. 
Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын Әмір Темірді барып паналаған 
Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда мемлекетін біріктірген күшті мемлекеттің 
билеушісіне айналады. Сондықтан ол көп ұзамай Әмір Темірге қарсы шыққаны 
белгілі. Міне, осындай жағдайда Қамар ад Дин бастаған дулаттар және 
Моғолстанның өзге де ру-тайпаларының билеушілері Тоқтамыспен күш біріктіре 
бастайды. Кезінде Қамар ад Диннің Темірге қарсы күресінде оның одақтасы 
болған Қажыбек аркинуттың бауыры Елге-төре де өз ұлысымен бұл одаққа 
бірігеді. Осы кезде Тоқтамысқа қарсы жорыққа дайындалып жатқан Әмір Темірге 
оның әскери қолбасшылары алдымен Тоқтамыстың одақтастарын талқандап, өз 
тылын қауіпсіздендіріп алуға кеңес береді. Осылайша, Әмір Темір бастаған үлкен 
әскер Моғолстанға аттанады. Осы сәтте Қамар ад Диннің ұлысына қарайтын және 
Моғолстан аймағындағы өзге де ру-тайпалардың қолдауына ие болу үшін 
Маңғылай Сүбедегі дулат әмірлері Қызыр Қожа ханды Темірге қарсы коалицияға 
қосылуға көндіреді. 
Бірақ одақтастар, әсіресе Моғолстанның бір-біріне бағынудан бас тартқан 
дербес билеушілері дер кезінде ортақ іс-қимылдың жоспарын жасап үлгере 
алмайды. Темір әскері басып кірген қауіпті сәтте Тоқтамыстан да көмек келмейді. 
Орасан зор әскермен Моғолстанға басып кірген Темір әскері еш жерден 
ұйымдасқан, табанды қарсылыққа кездесе қоймайды. Себебі тұрғындардың 
барлығы дерлік мал-мүлкімен, дүниесімен шығысқа қарай жөңкіле көшкен еді. 
Сондықтан Темірдің үлкен әскері негізінен су мен азық-түліктің тапшылығынан 
зардап шегеді. Әскерлер шаршап, аттар көтерем болуға айналған соң, Темір 
әскердің үштен бір бөлігін кері қайтаруға мәжбүр болады. 
Әмір Темір Моғолстанға жорығын әл-Қошын деген жерден бастап, Бөрібасы 
мен Төпелік-Қарақ арқылы Өрлек (Орлак, Ознак, Ортас) атты таулы асудан өтеді. 
Одан әрі Атқан-Сүрі деген жер арқылы Айғыржал, Улан-Чарлыг, Шапар-Айғыр 
(Шыбар Айғыр) атты жазықта Елге төренің әскерімен кездесіп қалып, шайқаста 


108 
жеңеді. Қашып құтылған Елге төренің артынан әскер аттандырады. Бірақ келесі 
күні Темір әскері жолдан адасқандарын біліп, Қыйан-қазы арқылы жолға оралып, 
келесі күні Аягөзге жетеді. Осыдан кейін Темір әскерін екіге бөліп, өзі 
Тарбағатайдың батысына қарай, ал оның баласы Омар-Шейх Қобық өзені 
жағалауында Елге-төрені жеңеді. Баласының әскерімен кездесіп, Итішпес Алакөл 
арқылы Қара-Гучурге қайтып оралады. Осы жерден бір отрядты Ертіске 
аттандырады. Өзі Еміл бойына тоқтап, осы жерден Моғолстанның оңтүстік бөлігін 
тып-типыл ету үшін бар әскерін бірнеше топқа бөліп аттандырады. Бұлар соңында 
Жұлдызда кездесуі тиіс болады. Осы бұйрыққа сәйкес Түркістандағы (Темір мен 
Моғолдардың иелігі арасындағы шекаралық аймақ) әмірлер өз әскерлерімен Үш-
Дабан арқылы Іле өзенін кесіп өтіп, Сайрам көлі бойымен жүріп отырып 
Чичеклик, Балайқаз деген жерлер арқылы Жұлдызға оралуы керек болды. Бұл 
әскер осы жолды дулат әмірлерінің бірі Құдайдад бастаған топтың қолдауымен 
билікті иеленген Қызыр Қожа ханның әскерін кездестіреді. Екі жақта екі күнге 
созылған, бірін-бірі аңдысқан шайқастан кейін келісімге келіп, айрылады. Қызыр 
Қожа ханның орналасқан жері туралы нақты мәлімет алған Темір өз әскерімен тез 
жылжып, оның ұлысының тас-талқанын шығарады. Қызыр Қожа ханның 
ұлысының аман қалған адамдары бас сауғалап Турфан жаққа қашады. Бұл жерде 
де оларды Омар-Шейх әскерлері «жер бетінен жойып» жібереді. Қызыр Қожа 
ханның ұлысын талқандағаннан кейін Темір әскері көп олжамен Мәуереннахрға 
қайта оралады. Темірдің бұл жорығы Моғолстан халқы үшін алдыңғы 
жорықтармен салыстырғанда өте ауыр болды. Темір осы жолы Моғолстан халқын 
түгел жойып жіберуді мақсат тұтса керек. Оның бірнеше топқа бөлінген әскерлері 
бүкіл Моғолстан аумағын сүзіп өтіп, көздеріне көрінген жандардың бәрін қырып, 
тұтқындап, мал-жандарын олжалап алды. Темірдің бұл жорығы туралы жазған 
ортағасырлық авторлардың ешқайсысы Қамар ад Диннің Темірмен шайқасы 
туралы хабарламайды. Дегенмен біз бұл кезде Қамар ад Дин басқарған әскерде 
Темір әскерімен шайқасқаны анық. Себебі, Әмір Темірдің Моғолстанға осы жолы 
басып кіруінің себебі де оған қарсы Қамар ад Дин, Елге-Төре және т.б. 
Моғолстандағы ірілі-ұсақты ұлыс билеушілерінің Тоқтамыспен құрған одағын 
жоюдан туындағанын айтып өткенбіз. Осы жолы Әмір Темір Моғолстанды 
қаншалықты қырғынға ұшыратқанымен, келесі 1390 жылы қайтадан 25 мың әскер 
оның алдыңғы жылғы жорықтан аман қалған ел-жұртын толық жою үшін 
аттандырады. Темірдің бұл әскері көбінесе қаңырап қалған бос өлкені бекер кезіп 
қалады. 
Тек Қаратал өңірінде ғана Қамар ад Диннің ұлысынан аман қалған жұртын 
кездестіреді. Қуғыннан аман құтылу үшін Қамар ад Дин оларды алып, Ертістен 
ары өтіп, Телеу көлінің маңына кетеді. Бұл жерде оның адамдары шашырап 
кетеді, ал Қамар ад Диннің өзі осы кезден бастап хабарсыз кетеді. 
Мұхаммед Хайдар Дулати Қамар ад Диннің соңғы күндері туралы халық 
арасында сақталып қалған мынандай бір әңгімені жазады: «Әмір Қамар ад диннің 


109 
өмірінің соңғы сәттері туралы Моғолстанның сенімді адамдарының айтуы 
бойынша ол Кол Качурде шемен ауруына шалдығып, дертінің күшейіп кеткендігі 
соншалық, кіндік астының терісі жарылып, сұйық зат тиылмаған. Дәл осы мезетте 
Әмір Темірдің қолы оған қарай бет алғанын естіп жатты, алайда оның атқа мініп, 
тізгін ұстауға әл-дәрмені жетпеді. Әйтеуір елі оны бірнеше күнге жететін азық-
түлікпен жанына екі адам және емші қосып, орман ішіне жеткізген болатын. 
Қалған кісілер қашып кетті. Қуғыншылар оны және оның адамдарын орман ішінен 
қанша сарылып іздесе де таба алмай қойды». 
Қамар ад Диннің ізіне түсіп, оны Ертістің арғы бетінен де таба алмай қойған 
Темір әскері ормандардағы ағаштарды таңбалап кетеді. Бұл тәсіл арқылы Темір өз 
билігінің Алтайға дейін жеткенін дәлелдегісі келсе керек. 
Сонымен Қамар ад Диннің Әмір Темірдің шапқыншылығына қарсы ұзақ 
жылдар бойы жүргізген күресі осылайша аяқталды. Әмір Темір өзінің үздіксіз 
шапқыншылықтарының нәтижесінде Моғолстан халқын үлкен қырғынға 
ұшыратты. Моғолстан жорығының белгілі зерттеушісі К.А. Пищулина жазба 
дерек мәліметтеріне сүйене отырып, Моғолстанның барлық халқы, соның ішінде 
кейінірек қазақ халқының негізін құраған дулаттар, керейлер, үйсіндер, қаңлылар 
және т.б. ру-тайпалардың зардап шеккенін атап өтеді. 
Қамарад-Дин қайтыс болғаннан кейін, Моғолстандағы жоғарғы билікке әмір 
Болатшының ұлы Хұдайдад әмір бастаған дулат әмірлері ұмтылып, қалыптасқан 
дәстүр бойынша Шағатай ұрпақтарының бірі Қызыр Қожа ханды билікке әкеледі. 
Бұл хан көп ұзамай өзін Әмір Темірдің вассалымын деп жариялайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет