Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі


Күпі көрпе — ішіне түтілген түйе жүнін салып, шүберекпен қаптап,  сырмақталған жылы жамылғы.  Ерлер мен әйелдердің киімі



Pdf көрінісі
бет53/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

Күпі көрпе — ішіне түтілген түйе жүнін салып, шүберекпен қаптап, 
сырмақталған жылы жамылғы. 
Ерлер мен әйелдердің киімі. XV-XVIII ғғ. қазақтарда күнделікті тұрмыста 
киетін киімдермен қатар той-томалаққа, жиынға киетін киімдер болды.
Ерлердің киімі – ішік, тон, шапан, шалбар (сым) және өте көне заманнан XIX 
ғасыр 
мен 
XX 
ғасырдың 
басына 
дейін 
келіп 
жеткен 
түрі 
– 
кебенек, күпі, жарғақ (тайжақы). 
Қазақтың 
сырт 
киімінің 
көпшілігінде 
түйме, 
ілгек 
болмаған, 
көбінесе қайыстан, 
матадан 
жасалған 
белдікпен 
қаусырылған. 
Қайыс, 
былғары белдікті кісе деп атаған. Кісе оқ-дәрі салатын оқшантай, пышақтың 
қыны, насыбай шақша салатын дорбасы бар, күміс, темір шытыралармен 
әшекейленіп жасалады. 
Ерлер бас киімі – тымақ, бөрік, тақия, қалпақ, жалбағай. Ерлердің аяқ 
киімі – мәсі, етік, саптама, кебіс, шақай (шоқай, шәрке) болып бөлінеді.
Әйелдер киіміне – көйлек, камзол, белдемше, шапан, кестелі тон жатады. 
Күнделікті 
өмірде 
мақта 
матасынан 
тігілген 
көйлек 
кисе, 
тойға 
жібек, атлас, барқыт, парша, пүліш көйлектер киетін. Атқа мінгенде, сыртқа 
шыққанда әйелдер қалың мақта матасынан, мәуітіден тігілген шалбар киген. 
Ұзатылар қыздың сәукелесі – қазақ әйелдері киімінің ішіндегі ең бір 
салтанаттысы. Әдетте, сәукеле ұзынша болып келеді. Сәукелені түрлі асыл 
моншақтармен, теңгелермен, алтын, күміс зерлермен әшекейлеп, төбесіне үкі 
таққан. Ұзатылар қыз үстінен сәукеленің иығына түсіре жібек матадан шетін 
шашақтап тіккен желең жамылған. Сәукелені қалыңдық бір балалы болғанша, 
әдетте, бір жылға дейін ойын-тойларда киетін болған. 
Қазақ әйелдерінің бас киіміне – жаулық, кимешек, күндік жатады. Қазақ 
әйелдерінің аяқ киіміне – мәсі, етік, кебіс жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет