Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
1. XV-XVIII ғғ. басындағы қазақ халқының материалдық мәдениеті.
2. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің зерттелу деңгейі.
3. Ортағасырлардағы қазақтардың тұрғын үйі, киім-кешек, ыдыс-аяқ, қару-
жарақ, тағамдары.
4. XV-XVIII ғғ. басындағы қазақ халқының материалдық мәдениетінің
ерекшеліктері.
5. Археологиялық
және жазба деректердің негізінде қазақтардың
материалдық мәдениетіне сипаттама беріңіз.
6. Қазақтардың тұрғын үйлерінің ерекшелігі және деректерде оларға берілген
сипаттаманы талдап көрсетіңіз.
7. Ортағасырлардағы қазақ халқының киімдері мен қару-жарақтарын заттай
және жазба деректерінің негізінде талдау жасау.
8. Қазақтардың ыдыс-аяқтары, тағамдары.
§ 2. Қазақ халқының рухани мәдениеті
Қазақ хандығының саяси тарихы мен тұрмысы рухани өмірмен қатар
дамыды. Әрине ол өзіне дейінгі қалыптасқан рухани құндылықтарды мұрасы
боды. Түркі және көшпелі әлем қазақ халқының ерекше дүниетанымдық ой-пікірін
қалыптастырды. Осы тарихи кезеңнің ерекшелігі мемлекеттің ішік және сыртқы
саяси өмірінде ықпалды, елдің бірлігі мен ділін насихаттайтын ақындар заманы
ретінде баға берсе болады. Әдебиет тарихында оларды қазақ жыраулары деп
атады. Жыраулар бірнеше функцияны қатар атқарды. Олар хандардың кеңесші,
сыншысы, елдің қамқоршысы мен жоқтаушысы. Жыраулар шығармасының
мазмұны мемлекеттің тұтастығы, биліктің әділдігі мен ел идеясын дәріптеу болды.
Ел басқарған билеушілердің іс-әрекетіне, мінез құлқына өз дәуірінің моральдік
нормасы тұрғысынан баға беру де орын алды. Түркі дәурінен бастау алған
даналық ой-пікірді насихаттауды жыраулар көркемдік тәсілді тиімді қолдану
арқылы тыңдаушыға әрбір сөздің мән-мағнасын эмоциялық тұрғыдан әсерлеп
жеткізе білді.
XYI-XYIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясының аса ірі өкілдері- Асан
Сәбитұлы (XIV-XV), Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560), Доспамбет жырау (1490-
1523), Жиембет жырау (XYIIғ), Марғасқа жырау (XYIIғ), Ақтамберді жырау
(1675-1768), Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693-1787).
303
Майқы би
Қазақ хандығының құрылуы кезеңіндегі аса ірі тұлға Асан Сәбитұлы (XIV-
XV) Еділ бойында дүниеге келген. Құрбанғали Халиди өзінің “Тауарих хамса”
атты еңбегінде әйгілі Майқы биді Асанқайғының арғы атасы еді дейді. Берке хан
дүниеден қайтқан соң (1359) Алтын Орданың тағына жанасқан хандар баянды
билік құра алмаған. Сондай баянсыз хандардың бірі Ұлығ-Мұхамед болса,
Асанқайғы сол Ұлығ-Мұхамед ханға сөзін өткізетін билердің бірі болған. XV
ғасырдың 20-жылдарында Ұлығ-Мұхамед сарайдан қуылып Қазанды паналағанда,
Асанқайғы жасының егде тартқанына қарамастан өз әміршісінің жанында болған.
Алайда, бос сауғалау болмысына жат Асанқайғы кешікпей қайтып оралып,
Әбілқайыр ұлысындағы шиеленіскен тартыстың ортасына түседі. Керей, Жәнібек
сұлтандар бастаған рулардың Әбілқайыр ұлысынан бөлініп шығуын
қолдаушылардың бірі Асанқайғы болады.
Асанқайғының жыр-толғаулары мен нақыл сөздеріне қарағанда, Дешті
Қыпшақтың кіндік мекені Еділ, Жайық бойынан қазақ руларының ірге көтеруін
қолдамай, Керей мен Жәнібекке көп қарсылық білдірген айқын аңғарылады.
Асанқайғының “Жерұйық” іздеуіне қатысты айтылатын аңыздардан да халықтың
бас құрап, ірге орнықтырып, ел болу қамын ойлауда оған шешуші міндеттің
жүктелгені байқалады.
Асан жырауды ханның кеңесшісі ретінде тануға болады. Оның бізге жеткен
толғаулары түгел дерлік Әз–Жәнібек ханға арнайы айтылған. Алайда Асанды
сарай ақыны деуге болмайды. Халық аңыздарында Асанқайғы жайында “бұл
қария қашан да ханға жағынбай, жарсақтанбай тура сөйлеуші еді” делінеді.
Бұл сөздің ақиқаттығы Асан толғауларынан–ақ байқалады.
“Ай хан, мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің,
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып қызық терлейсің,
304
Өзіңнен басқа хан жоқтай
Елеуреп неге сөйлейсің”,-
дейді ол Жәнібек ханға. Асан өмір сүрген заманда ханға жаңағыдай сөйлеу
кез-келген шонжардың қолынан келген іс емес. Бұл – Асанның Асандығы ғана
айтқызған сөз.
Бұл жерде Асан халық тілегінің жоқшысы. Асан мұңы – халық мұңы. Оның
атына жалғанған Қайғы деген анықтама халық сүйіспеншілігінің белгісі іспеттес.
“Тауарих хамсаның” авторы, өзі діндәр Құрманғали Асанның “Қайғы”аталу
себебін дінге тіремек болады. Бұл – халық санасындағы Асан бейнесімен
қабыспайды. Асан қайғысы бақиды, ахирет жайын ойлағаннан туған қайғы емес.
Асан мұңының тамыры тереңде. Оның негізінде халықтың сол кездегі тұрмыс-
халіне жаны ашығандық, өмірге көңілі толмау бар. Асан қайғысы – бүгінгі
тіршіліктің, ертеңгі болашақтың қамын ойлағандықтан туған қайғы. Сондықтан да
өз толғауларында ол үнемі халық атынан сөйлейді.
Қазақ хандығының саяси тарихында елеулі із қалдырған Шалкиіз
Тіленшіұлының шын есімі Телағыс. Ол атақты Едіге ұрпағынан тарайды, білім
алған көрнекті жырау. Үлкен Ноғай ордасының билеушісі Темір ханзадағы қызмет
етіп, оған көптеген шығармаларын арнаған «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді
қажы сапарынан тоқтатуға айтқаны». Кейін сарайда қуғынға ұшырап Қазақ
хандығында соңғы күндерін өткізді. Бізге белгілі мұрасы 760 жолдай. Жырлары
түгелдей азаматтық, әлеуметтік лирикаларға жатады. Оның барлық толғаулары –
заман, өмір, мораль туралы дидактикалық шешендік туындылар. Оның ерекше
қасиеті билеушілерге сынды тура айта білуінде болды. Астарлы бейнелеу арқылы
әділ билеушінің бейнесінің халық үшін маңызын ашып берген жырау ретінде
танымал.
Доспамбет жырау XVI ғасырдың 90-жылдарының орта шенінде Азау
қаласында туады. Сол кезде Донның төменгі ағысын, Азау маңын мекендеген Кіші
Орданы билеуші әскери шонжарлар тұқымынан шыққан болашақ жырау заманы
мен ортасының талабына сай тамаша тәрбие алып өскен сияқты. Доспамбеттің
бүкіл Дәшті-Қыпшақты жақсы білгені, Стамбұл мен Бақшасарайда да болғаны,
сахара тұрмысымен қатар мұсылман кенттерінің жайына да қаныққаны
аңғарылады. Өз заманындағы талай әскери жорыққа қатысқан жауынгер жырау
туыстас түркі тайпаларының арасындағы көп қырқыстың бірінде, 1523 жылдың
бас кезінде Астрахань түбінде қаза табады. Өмірмен қоштасқан сәтінде
Доспамбеттің жасы әлі отызға да толмаған еді.
Жиембет жырау (XVII ғасыр) Бортоғашұлы XVI ғасырдың соңғы ширегі,
XVII ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүреді. Алшын руын ежелден билеген
ірі феодалдар тұқымынан шыққан Жиембет Еңсегей бойлы Ер Есімнің Кіші
жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы батыры қызметін атқарады. Есімнің көрші
хандықтармен арадағы соғыстарына қатысады, ерлігімен, іскерлігімен танылады.
Жиембет әсіресе 1620 жылы ойраттармен арада шыққан соғыста қазақтардың
305
жауды ойсырата жеңуіне мұрындық болады. 1627 жылы Қазақ Ордасы құрамынан
бөлініп, өз алдына тәуелсіз хандық құрғысы келген Ташкент ханы Тұрсынның
көтерілісін басу кезінде де Жиембет елеулі роль атқарады. Алайда, көп ұзамай-ақ
орталық үкіметке сөз жүзінде ғана бағынып, кіші жүзде дербес билік құра
бастаған Жиембеттің өзі де ханның қаһарына шалынады. Жыраудың інісі
Жолымбеттің бір жеңілтек ісін сарайды қорлау деп санаған Есім бұл мәселеге
Жиембеттің өзін де іліктіреді. Жырау ойраттармен шекара шығыс бетке айдалады.
Бір деректерге қарағанда, Жиембет сол айдауда өледі, енді бір деректердің
айтуынша, жырау 1643 жылы Есім хан дүниеден көшкен соң туған жеріне қайтып
оралады.
Марғасқа жырау (туған және өлген жылдары белгісіз) – ақын, жауынгерлік
рухтағы
жырларды
шығарушы,
қазақ
поэзиясындағы
көне
дәстүрді
жалғастырушы. Жалпы жыраудың өмірі, шығармашылығы туралы бізге жеткен
деректер тым аз. Дегенмен қолда бар деректерге қарағанда Марғасқа жырау Есім
ханның жорық жырауы, қол бастаған батыры болған. Қилы замандарда
шапқыншылықтар мен жорықтардан халықтың жанын сақтап, малын қорғау
ханмен қатар осы тұлғалардың да жауапкершілігінде болған. Есім ханның жорық
жырауы ретінде елдің тыныштығы үшін аянбай еңбек еткен ол халықты
жәбірлеген мейірімсіз хандарды аяусыз сынаған. 1627 жылы Ташкент өңіріне
билігін жүргізіп тұрған Тұрсын ханның Есім ханға қарсы бүлігін басуға қатысқан.
Жырау Есім ханның өмірі мен ерлік істері суреттелген «Еңсегей бойлы ер Есім»
атты тарихи жырды алғаш жырлаушы болған деген болжам бар. Марғасқа
жыраудың бізге жеткен санаулы ғана жырлары оның от тілді, орақ ауызды жырау
болғандығын көрсетеді. «Ей, Қатағанның хан Тұрсыны» атты өлеңінде: «Ей,
Қатағанның ханы Тұрсын, Опасызға лағынет болсын. Кінәсіз халықты жылатқан
Жер Тәңірісі сияқтысың. Алтын тақта отырсаң дағы Ажалға төтеп бермессің», -
деп Ташкент ханының қазақ ауылына опасыздықпен шабуыл жасағанын,
жазықсыз жандарды қырып-жойғандығын бетіне басады.
Ақтамберді жырау (1675-1768) Сарыұлы 1675 жылы Оңтүстік Қазақстанда,
Қаратау бойында ауқатты отбасында дүниеге келеді. Болашақ жырау жамағайын
туысы Бердіке деген батырдың қолында өседі. Ақындық талантын тым ерте, 10-11
жасында танытқан Ақтамберді 17 жасынан бастап қазақтардың Орта Азия
хандықтарымен арадағы соғыстарына қатынасады. Өзінің жанкешті ерлігімен,
ақыл-айласымен көпке танылады. Талай рет өлім аузынан қалады. Бірде, тіпті,
жортауылда жау қолына түсіп, өлім жазасы орындалар қарсаңда ғана қашып
құтылады. 1723 жылы қазақтар ойраттардан ойсырай жеңіліп, бүкіл оңтүстік және
шығыс аймақтан айрылған шақта Ақтамберді атақты батыр, Орта жүздің рубасы
ақсақалдарының бірі еді. Батыр жырау өзінің белсенді ісімен де, жалынды
жырымен де жоңғарға қарсы күресті ұйымдастырушылардың бел ортасында
болады, қазақ жасағының алдыңғы сапында шайқасады. Жоңғар мемлекеті
біржола талқандалып, жаудан босаған шығыс бетке қайта қоныстану кезінде
306
Ақтамберді қазақ руларын атамекенге біржола орнықтыру ісінде зор қызмет
атқарады. Батыр жырау тоқсан үш жасында, 1768 жылы қайтыс болады.
Бұқар жырау қазақ тарихындағы ең соқталы тұлғалардың бірі ол шамамен
1668 жылдары туады. Жыраудың әкесі Қалқаман батыр, сірә, ел билеуші шонжар
емес, жеке басының ерлігімен ғана аты шыққан адам болса керек. Жыраудың
қайда оқығаны, қандай өмір мектебінен өткені туралы нақты деректер жоқ. Біз тек
оның тым ерте көтеріліп, Тәуке тұсында-ақ хан төңірегіндегі ықпалды билердің
бірі болғанын білеміз. Алайда, Бұқардың Тәукеден соңғы әміршілермен тіл табыса
алмағаны аңғарылады. Жырау кедейшілікке ұрынады. Мәшһүр Жүсіптің айтуына
қарағанда және өз шығармаларынан да көрінетіндей, Бұқардың, тіпті сауып ішер
малы, мініп-түсер аты да болмайды. Жырау алпыстан асқанша осы жарлы,
кембағал халде күн кешеді. Алайда, өмірінің соңғы кезеңінде Бұқар жай ғана
арқалы жырау, ақылшы аға емес, мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп отырған
қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналады. Жырау бір ғасырдан астам
жасап, 1781 жыл шамасында қайтыс болады.
Би-шешендер шығармашылығы. Қазақ халқының даналық сөзінің қайнар
көзі билердің өсиеттері болып табылады. Шешендік өнер көшпелі өркениеттің
мұрасы болды. Орақ тілді билер қазақ қоғамында басты қызметі идеялық-адами
құндылықтарды қалыптастыру болды. Қазақтың төбе билері: Төле би, Қазыбек би,
Айтеке би.
Төле би Қазыбек би Әйтеке би
Достарыңызбен бөлісу: |