Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі



Pdf көрінісі
бет54/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

Тағамдары
Қазақ 
халқының 
ортағасырлардағы 
тағамы 
оның 
шаруашылығымен, күнкөріс тіршілігімен тығыз байланысты. Негізгі күнкөрісі мал 
шаруашылығы болғандықтан оның дәстүрлі тағамдары еттен, сүттен жасалады. 
Қазақ қысқа қарай соғым сояды. Соғымға ауқатты адамдар бірнеше жылқы, 
он шақты қой, бір-екі сиыр, кейде бір түйе соятын, етін тұздап тошалаға іліп 
сақтайтын. Жылқы етінен ішекке салып қазы, шұжық, ішек майын ішекке 
тығып қарта жасайды. Жылқының жалындағы майынан жал деген сыйлы тағам 
жасалады. 


301 
Сиыр етін мүшелеп бұзып тоңазытып іліп қояды да, қой етін көбіне 
сүрлейтін. Еттің әр мүшесінің қонаққа тартылуында өзіндік рәсім бар. Мысалы, ең 
сыйлы қонаққа бас және жамбас тартады. Мәні жағынан одан кейін мына мүшелер 
жүреді: асықты жілік, ортан жілік, жауырын, кәрі жілік және тоқпан жілік. 
Көшпелі қазақтардың сүт тағамдары да өте көп. Олар әсіресе көктем, жаз 
кезінде көп пайдаланылады. Сүт тағамдарына құрт, ірімшік, сары май, 
қымыз, қатық, шұбат, айран, іркіт, сүзбе, жент жатады. 
Қазақтың дәстүрлі тағамдарының ішінде дәннен жасалған тағамдар да бар. 
Қазақтар бидай, қара бидай, тарыны тамаққа көбірек пайдаланған. Қазанға қарма, 
қатырма нан пісірген. Кей өңірлерде оларды төңкерме, қазан жаппа нан деп 
атайды. 
Бидайды 
қуырып 
та 
жеген. 
Қазақ 
тарыдан тары көже, быламық, майсөк жасаған. 
Тарыны, бидайды келіге 
түйіп 
талқан да жасаған. Тары, талқан, май, қант, балды қосып-қоспа немесе жент деген 
тәтті тағам жасаған. 
Ыдыс-аяқ. «Шешесін көріп-қызын ал, ыдысын көріп асын іш», — деген 
қазақ мақалында пәлсапалық, әлеуметтік терең ой жатыр. Демек ұлт тұрмысында 
ас сақталатын ыдыс-аяқ мәселесіде шет қалмаған. Оған үлкен мән бергендігіне 
жоғарыда бір ауыз сөз куә.Ата-бабаларымыз ыдысты көбіне ағаштан, жылқы, ешкі 
терісінен, мыс, жез сияқты металл бұйымдарын жасаған. 
Ағаш ұсталары ыдыс-аяқ жасауға да айрықша ден қойған. Соның ішінде 
қымызға арналған түрлері назар аудартады. Негізінен, бұл ыдыстарды қайыңнан, 
табылып жатса, оның безінен жасауға тырысатын. Өйткені, қайың мықты келеді. 
Мұқият өңдеген қайың, әсіресе, оның безі қара шұбарланып, қосымша әшекейсіз-
ақ әдемі болады. Шеберлердің айтуынша, әбден кепкен қайыңда бөтен иіс те, 
шайыр да болмайды, сондықтан оған құйылған қымыздың дәмі де бұзылмайды. 
Қымызға арналған ағаш ыдыстар: тегене, ожау, шара, сапты аяқ, тостаған, 
күбі, піспек. Ел ішінде бұл ыдыстардың түрлері күнделікті өмірде кеңінен 
пайдаланылса, оның сәнделіп жасалған ғажайып түрлері де аз болмаған.
Ертедегі көшпелі қазақтар ас сақтайтын ыдыстардың біразын мал терісінен 
жасаған. Ондай ыдыстың ең үлкені – саба. Одан басқа тегене, сүйретпе, жанторсық, 
көнек, саптыаяқ, зерен, шара, қазан, шәугім, шөген, қыштан жасалынған 
құмыралар мен кеселер пайдаланылған. 
Қазақтар малдың қарнын да ыдыс ретінде пайдаланып, оған сары май 
сақтаған. Ал май пісетін күбіні ағаштан жасаған. 
Ет тарту үшін табақ, тегене, шара, кейде ұзынша ет астаулар да болған. 
Қонақ шақырғанда, тойларда пайдаланатын бұл ыдыстардың жиегі, бүйірі 
күміспен көмкерілетін. 
Дәнді дақылдарды түю үшін ағаш келі, келсап пайдаланған. Металл 
заттардан, негізінен, қазан, мосы, ошақ жасалды.
Қорыта келгенде, ортағасырларда көшпелі қазақтардың материалдық 
мәдениеті алуан түрлі және халықтың тұрмысында өте маңызды рөл атқарды.


302 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет