Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі



Pdf көрінісі
бет56/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу 
өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс руынан. Қазақтың қоғам 
қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. 
Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде 
Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" 
кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" 
атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің 
бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін 


307 
күрескен қайраткер. Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің 
дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 
жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік 
өнері арқасында таныла бастайды. Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке 
билермен бірге Тәукені хан етіп көтеруге, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа 
бағындыруға, 
сөйтіп, 
бірегей 
қазақ 
хандығын 
нығайтуға, 
жоңғар 
шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының 
жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасты. 
Тәуке хан Төле биді Ұлы жүздің бас биі еткен. Төле би Қазыбек бимен және 
Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының 
жинағы болып табылатын Жеті жарғының қабылдануына атсалысты. Ордабасы 
жиыны кезінде Төле би басшылық жасап, жоңғар басқыншылығына қарсы 
бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйтқы болды. Төле би хан, сұлтандардың, бектер 
мен билердің өзара қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе 
бермейтіндігін сезініп, татулықты жақтады. Оны елге танымал “Елге бай құт емес, 
би құт” дейтін қанатты сөзі айқын аңғартады. Ұлы жүз ханы Жолбарыс өлгеннен 
кейін Төле би алты жыл бойы Ташкентті басқарған. Ол 1756 жылы қазіргі 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы аумағында болған Ақбұрхан ордада 
өмірден озды. Ташкенттегі Қарлығаш бидің кесенесінде жерленген. 
Қаз дауысты Қазыбек 1667 жылы Сыр өңірінің Түркістан атырабында 
дүниеге келген. 1764 жылы Қарағанды облысының Семізбұғы мекенінен шамасы 
16-18 шақырым қашықтықта Далба тауының түстік беткейінің Қарағайлы бұлақ 
деген жердегі жайлауында 97 жасында қыс айларының басында өмірден озған. 
Оның мүрдесін ақ жуып, арулап, былғарыға тігіп, қыс бойы төрт таған тасқа 
орнатылған сөренің үстіндегі киіз үйде аманат ретінде сақтап, көктем шыға үлкен 
ұлы Бекболат бастаған Арқаның 40 батыры мен ел ағалары қасиетті Түркістанға 
жеткізіп, әулие Кожа Ахмет Йассауи сағанасына жерлеген. Қаз дауысты 
Қазыбектің шыққан арғы тегі – Арғын тайпасының Қаракесек аталып кеткен 
Болатқожа елі, бергісі – қазақ халқына аты мәлім Шаншар абыз. Келдібекұлы 
Қазыбектің өзі туралы ел аузында сақталған аңыз-әңгімелер мен бидің өзінен 
жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз 
әдебиеті мен салт-дәстүрін ата жолы заңдарын мейлінше меңгерген, озық ойлы, 
әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын көрсетеді. Тәуке ханның 
(1680-1718) Қаз дауысты Қазыбекті Орта жүздің бас биі етіп тағайындауына оның 
осы қасиеттері негіз болса керек. Қазыбек би әз-Тәуке тұсында хан кеңесінің белді 
мүшелерінің бірі, кейін Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел басқарған кезеңдерде 
хандықты басқару ісіне жиі араласқан, ішкі-сыртқы саясатта хандарға ақыл-кеңес 
беріп отырған терең ойлы би болды. 
Бұл тұжырымды Сібір губернаторы міндетін атқарушы генерал-майор 
Фрауендорфтың Ресейдің сыртқы істер алқасына (коллегиясына) 1753 ж. 11 
наурызда жазған мәлімдеме-хатындағы пікірі толықтыра түседі. Осы деректе: 


308 
«Қазыбек би бүкіл Орта жүздегі ең басты би болып табылады.Оған Әбілмәмбет 
ханның өзі, сондай-ақ Абылай сұлтан, басқа да ұлыстардың сұлтандары мен ел 
ағалары әрқашан да келіп, әртүрлі кеңестер алады, тіпті Қазыбек бидің 
келісімінсіз Орта жүзде бірде-бір маңызды мәселе шешілмейді екен», – деп 
жазылған. Қаз дауысты Қазыбек мемлекет істерімен қатар, ру ішінде немесе ру 
аралық, сұлтандар арасындағы кикілжің тартыстарға да әділ билігін айтып 
отырған. Ел ішінде қара қылды қақ жарған, алты алаштың ардағы аталған Қаз 
дауысты Қазыбек бидің бұл Орта жүз бен Кіші жүз араларын ушықтырмай, 
мәмілеге келтіру арқылы олардың бірлігін сақтауды мақсат еткен даналығын 
көрсетеді. Қаз дауысты Қазыбек өмір сүрген та-лас-тартыс пен дауға толы күрделі 
заманда оның Қазақ хандығының ішкі саясатында атқарған қызметінің басты 
мақсаты қазақ елінің бірлігі мен ынтымағын сақтап, бір орталыққа біріккен 
мемлекеттігін нығайта түсу болған. 
1644 
жылы 
23 
наурызда 
Өзбекстанның 
Қазбибі 
тауында, 
Қызылша ауылында дүниеге келген 
Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан 
сауат ашқан. Шешендік қасиеті әкесі 
Байбек пен Қосуақ бидің ықпалынан 
болған. Жеті жасынан бастап Әйтекені 
аталары Ақша хан мен Жалаңтөс 
баһадүр өз тәрбиелеріне алады. Ол 
Самарқандағы Ұлықбек медресесінде 
оқып, оны бітірген соң, ел басқару 
ісіне араласады. Тілге шешен, істе 
шебер Әйтеке 21 жасында бүкіл 
Бұхара мен Самарқан төңірегіндегі 
қазақ, өзбек, қарақалпақ құрама 
жұртының бас биі болады. 25 жасында 
барша Кіші жүз халқы оны бас би етіп 
сайлайды. Әйтекенің атсалысуымен 
1680 жылы Салқам Жәңгірдің кіші 
баласы Тәуке хан болып сайланады да, ол шешенді ресми түрде айрықша құқылы 
«Хан кеңесінің» мүшесі жасайды. Осы кезде жаңа заң үлгісіндегі «Жеті жарғы» 
қабылданады. Әйтеке шешен «қара қылды қақ жарған әділ» ғана емес, 
жоңғарлармен ұрыстарда қол бастаған батыр да болған. 1685 жылы Нұрата 
маңына шабуыл жасаған Қалдан Бошақтының он мың жасағына бес мың қол 
әскерімен қарсы аттанған. Қырғын соғыс бір күнге созылады. Әйтекеге 
Самарқаннан, Бұқарадан қалың әскер көмекке келе жатыр деген қауесетті естіп, 
Қалдан Бошақты Сайрам төңірегіне шегініп кетеді. Сайрам талқандалып, ендігі 


309 
жиын Күлтөбеде емес, Түркістанда өтетін болады. Қазақ сахарасына көз тіккен 
көрші елдерден қауіптенген Әйтеке 1698-1699 жылдары жиында бірнеше ұтымды 
ұсыныстар жасайды: шекара аймақтарында өз жасақтарымызды ұстау; қару-
жарақты көптеп сатып алу және оған қаражатты ауқатты адамдардан жинау; қазақ 
жасағын басқаратын қолбасшының қарадан шыққан шешен, көсем, батыр және 
елшілік жұмысты жақсы білетін адам болуы және оны Ресей, Қытай, Түркия 
немесе Еуропа елдерінің бірінде оқытып алу. Бұл Әйтекенің мемлекеттік саяси 
мәселелердегі көрегендігін көрсеткен еді. Ел аузында Әйтеке би айтқан билік, 
шешендік сөздер, толғаулар мен баталар, ол туралы аңыз-әңгімелер, жырлар көп 
сақталған.
Қазақ халқының ұлттық сөз өнері, әуендік-өлең мәдениеті және қолданбалы 
өнерінің ерекшелігі дүниетанымына және әлемді қабылдау сезіміне ықпал етуімен 
қатар, оған қатысты ерекше түсінік қалыптастырды. «Өнер алды – қызыл тіл» 
ұғымы, сөз шеберлігіне қарай баға беру және оны дәріптеу орын алған. Қазақ 
тілінің қалыптасу кезеңіндегі бейнелеп, әсерлеп сөйлеу өнерінің қазақ тілінің 
байытуға өз ықпалын тигізді. Ұрпақтар арасындағы сабақтастық ауызша дәстүр 
арқылы жалғасты аңыз, әңгіме қисса, эпостық жырлар мен шежіренің қазақтың 
рухани мәдениетіндегі алатын орны ерекше болды. Қазақ халқының тарихи 
санасының қалыптасуында ұлттық кейіпкерлер, батырлар мен парасатты 
тұлғаларды танып білу және «Жеті ата» приниципі бойынша рулық байланысты 
дәріптеудің 
қалыптасуы 
қатар 
жүрді. 
Идеология 
мен 
дүниетанмын 
қалыптастырды. Қазақ халқының сана-сезімінің бірегейлігі үш жүздің өзара 
байланысы рухани-генеалогиялық тұрғыдан қабылданып және әулиелерді пір тұту 
түсінігі қалыптасты. Халықтық білім, салт-дәстүр көшпелі өркениеттің тұтас 
жалғасы болды. Әлем мен әлеуметті байланыстыратын киіз үйі, өмір сүру 
кеңістігіндегі әдеттік құқық, этикет және тыйым салынған іс-әрекеттер қазақ 
қоғамынын өзара ішкі жағынан байланыстырып тұрды. Рухани салт жоралары, 
байланыстыратын әскери-спорттық ұлттық ойындар мен ұлттық мерекелердің 


310 
көрінісіндегі түрлі шаралар: айтыс, дәстүрлі ас мәзірі, оның түсінігіне мән берілді. 
Наурызды тойлау. Жақсылық пен жамандық арасындағы рухани тартысты 
сипаттауға исламның ықпалы басым болды. Ислам дінінің мерекелері қазақ 
халқын мұсылман әлемімен өзара байланыстырды. Сонымен қатар көшпелі 
өркениетттің рухани мұрагері ретінде табиғаттың күшніне сенімі, отқа, суға, 
жануар және құс әлеміне қатысты дүниетанымын сақтап қалды. Осыған 
байланысты түрлі ұғымдар мен түсініктер қалыптасты. Жылдық жануарлар 
күнтізбесі мүшел мен қатар хиджра қатар қолданылды. Дәстүрлі медицинадағы 
бақсылық ерекше орын алды. 
Қазақ дәстүрінің орталықтандыратын белгі – ислам діні болды. Рухани 
мәдениетте- өмір сүру, танымдық, бейнесаптау, өркениеттік, реттуешілік, 
біріктуші және қорғаушы қызметті атқарды. Қазақ қоғамындағы суннит, ханафит 
мазхабының ұстауының тарихи астары болды. Исламның бес шартының 
орныдалуына қатысты көптеген зерттеулерде мағлұматтар сақталды.
Мұсылмандық шығармаларды: Захириддин Мұхаммед Бабыр, М.Х.Дулати, 
Қ.Жалаири, Әбілғазы Баһадүр қалдарды.
Захириддин Мұхаммед Бабыр – көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты 
қолбасшы, сонымен бірге, ғажайып өлең-жырлар жазып қалдырған лирик ақын, 
дарынды жазушы, ғұлама-ғалым, атақты тарихшы. Ол 1483 жылы 14 ақпанда 
Әндіжан қаласында туылған. Бабырдың әкесі Омар Шейх – әйгілі Әмір Темірге 
туажат болып келеді. Шешесі – шағатай әулетінен шыққан Жүніс ханның 
бәйбішесінен туылған екінші қыз – Құтлық Нигар ханым болған. Жүніс ханның 
тұңғыш қызы – Михр Нигар ханым, ал кенже қызы – Хуб Нигар ханым – қазақтың 
белгілі тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидің анасы екені мәлім. Қазақ ханы 
Сұлтан Ахмет, яғни Алаша хан осы Жүніс ханның екінші әйелі – Шаһ бегімнен 
туылған. Жастайынан өнерге, білімге құштар болған Бабыр түркі тілдерімен қатар 


311 
араб және парсы тілдерін жете меңгеріп, Шығыстың классикалық поэзиясынан 
еркін сусындаған, тарих, философия, табиғаттану ғылымдары бойынша, сондай-ақ 
сәулетшілік (архитектура) және соғыс өнері бойынша өз заманына лайықты едәуір 
білім алған жан. Ер жүрек батырлығы үшін оны бала кезден-ақ Бабыр (арабша 
"бабур" – "арыстан" деген сөз) деп атап кеткен. Әкесі қайтыс болғаннан кейін он 
екі жасар Бабыр Ферғана уәлая-тының әмірі болып, таққа отырды. Бұл — 
қылыштың күшімен Әмір Темір құрған мемлекеттің іштей әбден ыдырап, әмірші 
ұрпақтары-ның билік үшін күнде өзара қырық пышақ болып соғысып жатқан кезі 
еді. Бабырдың мақсаты – Амудария мен Сырдария аралығында, яғни, 
Мауараннахрда бір орталыққа бағынатын қуатты мемлекет құру болды. Сол 
арманына жету үшін көп жылдар бойы әрекет жасап, талай суыт жорықтарға 
аттанады. Бірақ онысынан нәтиже шықпайды. Ақыры Шайбани хан бастаған ру-
тайпалардың тегеуірініне төтеп бере алмаған Бабыр өзіне сенімді бір топ 
нөкерлерімен Ауғаныстанға кетеді. Сосын одан әрі Үндістанға қарай бет алады. 
1525 жылы ол Дели сұлтаны Ибрагим Лодидің әскерін быт-шыт етіп жеңеді. 
Сөйтіп, Бабыр Үндістан билеушісі болады. Үш жүз жыл бойы, яғни XIX ғасырдың 
бас кезіне дейін(Индияны ағылшындар жаулап алғанға дейін) өмір сүріп келген 
Ұлы Моғол империясының (1526-1858 жж.) негізін қалаған мемлекет қайраткері 
ретінде Бабырдың есімі тарихтан жақсы мәлім. Бабыр 1530 жылғы желтоқсанның 
26 жұлдызында Индияның сол кездегі астанасы Агра қаласындағы өзі салдырған 
Зарафшан деп аталатын бау-бақшалы мекенжайда қайтыс болады. Бабырдың 
өсиеті бойынша оның сүйегін Кабул қаласының маңындағы Шердарваза тауының 
етегіне жерлейді. Бабырға ғажайып ескерткіш-мавзолей салады. Бұл жер қазір 
"Бағ-и Бабыр" деп аталады. Бабырдың артында қалған еңбектердің ішінде «Бабыр-
наманың» орны ерекше. 1526-1530 жылдары көне түркі тілінде жазылған «Бабыр-
нама» бір жағынан тарихи деректерге толы тарихи туынды болса, екінші жағынан, 
көркем тілмен жазылған әдеби шығарма да. Мұнда ең алдымен, Бабырдың өз 
тұлғасы жарқырап көрінеді. Шығарма оның өзінің, өзі құрған империяның 
өмірбаяның ғана емес, сонымен бірге Темір әулетінің билік құрған ұрпақтары, 15-
16 ғасырлардағы Орталық Азия, Ауғанстан, Пәкстан, Үндістан жайлы да егжей-
тегжейлі баяндалады. Әсіресе өзі туып өскен Ферғана, билік құрған өлкесіндегі 
Кабул, Солт, Шаш, Бұқара, Самақанд, Ақсикент, оның көркем табиғаты, 
жергілікті халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, шаруашылығы жайлы 
кеңінен сөз еткен. Орта ғасырлардағы Алмалық (Жаркент), Алматы, Тараз 
қалаларының бір кездерде гүлденген өлке болғандығы, бұлардың моңғолдар мен 
шайбанидтердің шабуылынан қирағандығы айтылады. Шығармада Алаша, 
Жәнібек, Әдік, Қасым сияқты қазақ хандары, Омар Шайқы, Сұлтан Ахмад, Сұлтан 
Махмұд, Хұсайын Байқара секілді ел билеушілері, тәжік әдебиетінің классигі 
Әбдірахман Жәми, түркі әдебиетінің ұлы ақыны Әлішер Науайы, атақты тарихшы 
Мұхаммед Хайдар Дулати, суретшілер Кәмәладдин Бекзат, Шах Мұзаффар, т.б. 
жайлы да пікірлер білдірген. Мысалы, Ә. Науайы туралы «Әлішер бек теңдесі жоқ 


312 
адам еді. Түркі тілінде өлең жазғандардың ішінде одан көп және одан жақсы 
жазғаны жоқ. Әлішер бек сияқты ғылым мен өнерге қамқорлық жасаған адам 
бұрын-соңды болды ма? Ұста Бекзат пен Шах Мұзаффар да Әлішердің 
қамқорлығы мен көмегінің арқасында өз өнерлерін өрістетіп, үлкен атаққа ие 
болды. Ол салдырған пайдалы құрылыстар сияқты жүргізген адам кем де кем»-деп 
жазды. «Бабыр-нама» орта ғасырлық Шығыстың тарихына қатысты құнды 
деректердің көзі ретінде он тоғызыншы ғасырдан бастап әлемнің көптеген 
тілдеріне аударылған. Бабыр қайтыс бола салысымен парсы тіліне тәржімәланған. 
Қазақтың ұлы ақыны Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» 
еңбегінде Алаша хан жайлы деректер келтіргенде, «Бабырнамаға» сілтеме 
жасаған. 
Мұхаммед Хайдар, достар арасында Мырза Хайдар, ғалымдар ортасында 
Дұғлат лақап атымен танымал еді. Атадан-балаға мұра болып келе жатқан саяси 
биліктің және ғалымдардың ортасында өскендіктен ол өзі де саясат, ғылым, 
әдебиетке жақын көрнекті тұлға болды. Мырза Хайдар ибн Мұхаммед Хұсейін – 
“Тарих-и Рашиди” тарихи-әдеби еңбегінің және “Жаһаннама” дастанының авторы. 
Мұхаммед Хайдар Мырза (Мырза Хайдар “Тарих-и Рашиди” кітабының авторы 
өзінің атасының есімін алған еді) Қашқарға Әмір болды. Мырза Хайдардың 
шешесі Жүніс ханның үшінші қызы Хүб Нигар ханым Үндістанда патшалық 
құрған Заһираддин Мұхаммедтің шешесі Меһр Нигар ханыммен ағайынды. Демек 
Бабыр мен Мырза Хайдар бөле болған. Мырза Хайдар үш жасқа келмей жатып 
шешесі қайтыс болды (1502 ж.). Әкесі де Шаһибек ханның бұйрығы бойынша 
оның адамының қолынан Хорасанда (1508/09 ж.) шәһид болады. Осы оқиғадан 
кейін Мырза Хайдар Мырза Ханның жанында тұрады. Оның әкесі Мұхаммед 
Хұсейін Сұлтан Жүніс ханның Исан Дулат Бегімнен туған қызы Хуб Нигар 
ханыммен үйленген, Мырза Ханның әкесі Сұлтан Махмұт Мырза Жүніс ханның 
екінші әйелі Шаһ Бегім Бәдәхшиден туған қызымен үйленген еді. Демек, Мырза 
Хайдардың әкесі Мұхаммед Хұсейін мен Мырза Ханның әкесі Сұлтан Махмұт 
Мырза бажа болған. Мырза Хайдарды Кабулға алғызу мақсатында Бабыр патша 
Мырза Ханға бұйрық хат жөнелткен: “[Менің анамның] сіңлісінің күйеуінің, яғни 
Мұхаммед Хұсейін Мырзаның баласы сенің жаныңда екен. Сенің аймағыңның 
маңайында өзбектер мен қашқарлықтардың тарапынан үнемі қауіп төніп 
тұратындықтан, бұл жай мені алаңдатып отыр, енді оның сонда қалуы мүлде 
мүмкін емес. Сондықтан оны бізге жібергенің жөн”. Осы бұйрық хаттан кейін 
Мырза Хан Мырза Хайдарды Кабулға аттандырады. Мырза Хайдар 1509 жылдың 
қазан-қараша айында Мырза ханның (Бадахшан билеушісі) жанынан кетіп, 
Кабулдағы Бабыр патшаның (14 ақпан, 1483 – Ферғана аңғары, Ахси қаласы – 
26.12.1530, Үндістан, Агра қаласы) жанына барып, оның ілтипатына бөленеді: 
сауатын ашады, тәрбие алуына толықтай жағдай жасалады. Ол 1512 жылдың 
қыркүйегіне дейін Бабыр патшаның қызметінде болады. Кейін Сұлтан Саид 
ханның сұрауы бойынша және Мырза Хайдардың өз қалауымен Бабыр оны 


313 
Сұлтан Саид ханның қызметіне баруына рұқсат етеді. Бабыр өз кітабында Мырза 
Хайдар жайында былай деп жазған: “Ол орнықты, байсалды азамат болып, жақсы 
жолға түсіпті деп естідім. Жазуға, сурет салуға машық, жебе жасауға, зергерлікке, 
садақ шыбығын июге қолының ебі бар. Он саусағынан өнер тамған жігіт. 
Ақындық дарыны да бар еді. Ол менен кешірім сұрап хат жазыпты, сөз саптауы 
тәп-тәуір”. Сұлтан Саид ханның жанында 1533 жылдың маусым айына дейін, яғни 
ханның өмірінің соңғы күніне дейін мемлекетінің қажетіне керек адам болып 
қызметінде жүрді. Мырза Хайдар “аяз” деген лақап есімімен 1529/30 жылы 
Бадахшанда тұрғанда түркі тілінде “Жаһаннама” дастанын жазғанын білеміз. Бұл 
дастанның Берлин және Қашқарлық нұсқасы бар. Иран ғалымы Әмин Рази “һәфт 
ықылым” (1593 ж.) деген еңбегінде Мұхаммед Хайдардың шығармашылық 
дарынын айта келіп, оның ел ішінде кеңінен таралған өлеңдерінен мысалдар 
келтіреді. Мырза Хайдар кітабының не себептен “Тарих-и Рашиди” аталатыны 
және мақсаты жайында былай деп жазған: “Кітаптың “Тарих-и Рашиди” 
аталуының мынадай үш түрлі себебі бар. Оның біріншісі, Тоғлық Темір хан ислам 
дінін Мәулана Аршадеддиннің ықпалымен қабылдады… Екінші бір себебі Тоғлық 
Темірге дейін-ақ исламды Барақ хан, одан кейін Кебек хан қабылдаған еді. 
Алайда, осы хандар дәуірінде моғол ұлыстары ислам дінінен дұрыс жол таба 
алмады. Ал құдіретті де мәртебелі Тоғлық Темір хан мен бақытты моғол ұлысы 
исламнан дұрыс жол тауып, ұлылыққа бет бұрды. Үшіншіден, қазіргі уақытта 
моғол ханы Әбдірашид хан болғандықтан, бұл тарих соған арналып, оның 
құрметіне құрастырылып отыр. Осы үш себептен бұл тарих “Тарих-и Рашиди” деп 
аталынды.Бұл тарих (еңбек) екі кітаптан тұрады. Бірінші кітапта Тоғлық Темір 
ханның өмірінен басталып, бүгінде хан тағының сән-салтанаты болып отырған 
Әбдірашид ханның өміріне тоқталынады. Екінші кітапта: мен пақырдың өмірі, 
естігендері, көрген-білгендері, өзбек, шағатай хандары мен сұлтандарының 
тарихы және өз замандастарымыздың (басынан өткен) оқиғалары баяндалады”. 
Мырза Хайдар өз еңбегіне дерек көзі ретінде ғылыми ортада мәлім болған 
еңбектерді түгелдей алмаса да, олардың негізгілерін пайдаланғандығы анық. 
Автордың өзі олардың ішінен Жовейнидің “Тарих-е Жаһангоша”, Рашидеддин 
Фазлоллаһтың “Жами ат-тауарих”, Хамдолла Мұстуфидың “Тарих-е Гозиде”, 
Шарафеддин Әли Яздидің “Зафарнама”, Мәулана Абдол Рәззақтың “Тарих-и 
Мәнзум” және Мырза Ұлықбектің “Төрт ұлыс” атты еңбектерін бөліп айтады. 
Міне, бұл айтылғандар Мырза Хайдардың “Тарих-и Рашидиді” жазуға үлкен 
даярлықпен келгендігінен, сондай-ақ еңбектің деректік негізін сенімді көздерден 
алғандығынан біраз хабар берсе керек. Мәселен, автор еңбегіне Қасым хан 
тұсындағы қазақ хандығы жөніндегі деректік материалдарды қазақ хандығында 24 
күн бойы қонақтап қайтқан Сұлтан Саид ханның өзінің аузынан бір емес, бірнеше 
рет естігендігін білдіріп: “Саид хан Қасым ханмен болған соншалықты әсем 
жүздесуін өмірінің соңғы сәтіне дейін ұмытпай үлкен құрметпен еске алып 
отыратын еді”, – дейді. Зерттеуші мамандардың Мырза Хайдар еңбегінің қазақ 


314 
халқы мен қазақ хандығының қалыптасу тарихының мезгілін анықтауда өзге 
еңбектермен салыстырғанда ерекше орын алатындығын бөліп айтуы, әрине, әбден 
орынды. “Тарих-и Рашидиде” келтірілген дәлелді де нанымды фактілер қазақ 
халқының қалыптасу барасында ХV–ХVІ ғасырлардағы оқиғалардың шешуші 
кезең болғандығы туралы пікірді негіздей түседі. 
Әбілғазы Баһадүр әкесі Арабмұхамед хан 1602 жылы Хорезм ханы болып 
жарияланған. Шешесі Меһірбану да Шыңғыс хан әулетінен шыққан, Арал теңізі 
маңындағы қазақ руларының ханы Жанғазы сұлтанның қызы. Әбілғазы әкесі 
салдырған Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алған. 
Медреседе халық ауыз әдебиетін, тарихты оқып зерттеді, әскери өнер, мемлекеттік 
басқару ісін меңгерді. 16 жасқа шыққанда әкесі оны үйлендіріп, Үргеніштің жарты 
бөлігін билеткен. Арабмұхамед ханның қартайған шағында балалары арасында 
билікке талас басталды. 17 жасынан бұл талас-тартысқа Әбілғазы да араласты. 
Оның аяғы ағайынды адамдар арасындағы қарулы қақтығысқа ұштасты. Сондай 
соғыстың бірінде 1621 жылы Әбілғазы ауыр жарақаттанып, Әмударияны жалғыз 
жүзіп өтіп, қашып құтылады. Маңғыстаудағы түрікмендерді, қазақ хандары Есім 
мен Тұрсынды паналайды. Әбілғазы Ташкентте Тұрсынхан сарайында 2 жыл 
тұрып, еліне қайтып келген соң, 1628 жылы ағаларының қолына түсіп, Иранға жер 
аударылды. 10 жылдай Исфахан қаласында айдауда болған. 1638 жылы 
Исфаханнан қашып шығып, түрікмен руларының арасында жасырынып жүрген. 
1640—1641 жылы Жем өзені бойындағы Іалмақ ханы Хо-Орлектің ордасында 
тұрған. Осы жерден Арал қазақтары көп сыйлық беріп, Әбілғазыны қалмақ 
ханынан сұрап алып, өздеріне хан көтерді. 1643 жылы Ілияс би бастаған Арал 
қазақтары Хиуа ханы Аспандиярға қарсы көтерілгенде Әбілғазы солармен бірге 
болған. Екі жыл бойы Хиуаға дамылсыз шабуыл жасап, ақыры қазақ, өзбек, 
қарақалпақтардың күшімен 1645 жылы Хиуаны алып, хан болып жарияланды. Хан 
тағына отырғаннан кейін де көп жылдар түрікмен тайпаларымен соғыс жүргізді, 
Хиуа хандығы жеріне баса-көктеп кірген қалмақтарға қарсы қиян-кескі ұрыс 
жүргізді, Бұхараға шабуыл жасады. Тек 1663 жылы ғана хандық билігін ұлы Ануш 
Мұхамедке беріп, бейбіт істермен айналысуға мүмкіндік алып, шығармашылық 
жұмысқа кірісті.Әбілғазы өз заманының білімді адамдарының бірі, зиялылардың 
ұстазы болды. Ол өзі туралы:"Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз 
нәрселер берген. Мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі — 
әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі ; Eкіншісі — ақындық өнер, яғни 
түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түрік тілінде меснеуи, қасида, ғазел, рубаят 
тәрізді өлең шығара алу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік білу; 
Үшіншісі — бұрын Арабстан, Иран, Тұран, Моңғолияны билеген патшалардың 
өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды 
жатқа білу" деп жазды.
Әбілғазы жазған “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) 
және “Шежіре-и Түрк” (“Түрік шежіресі”, 1665 ) атты тарихи екі шығарма 


315 
шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. 
Бұл шығарма — Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта 
Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел 
басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын 
құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті 
жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” — тарихи-
деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік 
тұратын шығарма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет