Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары


Колледж қызметкерлері мен оқытушыларының құқықтары мен міндеттері



бет4/9
Дата03.10.2023
өлшемі50.79 Kb.
#479650
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2020 ишки тартип ЕРЕЖЕ (1)

4. Колледж қызметкерлері мен оқытушыларының құқықтары мен міндеттері
4. Колледждің педагогикалық қызметкерлері:
4.1 Кәсіби қызмет үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
4..2 Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт сақталған жағдайда Педагогикалық қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдау.
4.3 Ғылыми және практикалық зерттеулер тақырыбын және олардың нәтижелерін педагогикалық практикада пайдалану нысандарын еркін таңдау.
4.4 Колледжді басқару органдарының жұмысына қатысу.
4.5 Өз біліктілігін жұмыстан қол үзіп немесе қол үзбей бес жылда бір рет арттыру.
4.6 Санатты арттыру, қызметтік өсу мақсатында мерзімінен бұрын аттестациядан өту.
4.7 Педагогикалық қызметкерлер мен өндірістік оқыту шеберлері үшін ұзақтығы 56 күнтізбелік күн ақылы демалыс.
4.8 Жеке педагогикалық қызмет.
4.9 Өзінің кәсіби ар-намысы мен абыройын қорғау.
4.10 Колледждің және оның қызметкерлерінің білім беру және экономикалық қызметінің көзі болып табылатын материалдық активтер (ғылыми, әдістемелік еңбектер, патенттер, бағдарламалық қамтамасыз ету, білім беру және ақпараттық технологиялар және т.б.) нысанында зияткерлік меншік меншігінің басқа түрлерімен теңдей қорғалады.
4.11 Педагогикалық қызметтегі жетістіктері үшін материалдық және моральдық көтермелеу, ордендермен және медальдармен, құрметті атақтармен, белгілермен және грамоталармен марапаттау.
4.12. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлердің айлық жалақысын есептеу үшін жылына нормативтік оқу жүктемесі:
1) 720 сағат
2) Директордың жазбаша рұқсатымен қоса атқаратын педагогикалық жүктеме кезінде.
Педагог қызметкерлер міндетті:
4.13 Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағды алуын қамтамасыз ету.
4.14 Білім алушылардың жеке және шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамытуға ықпал ету.
4.15 Өз біліктілігін арттыру, оның ішінде өздігінен білім алумен айналысу.
4.16 Педагогикалық этика нормаларын сақтау.
4.17 Өз қызметінде педагогикалық қызметкерлер:
1) Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жоғары адамгершілік, ата-аналарды, этномәдени құндылықтарды құрметтеу рухында тәрбиелеуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға ықпал етеді;
2) Қазақстан Республикасының педагог қызметкері жоғары атағының беделін түсіруі мүмкін іс-әрекеттер жасауға жол бермейді;
3) Өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы орындайды;
4) Өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өздігінен білім алумен және өзін-өзі жетілдірумен белсенді айналысады;
5) Еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтайды;
6) Білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
7) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде шаралар қолданады, өзінің жеке мінез-құлқымен адалдық, риясыздық және әділдік үлгісін көрсетеді;
8) Қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;
9) Жеке үлгісімен ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай жасауға ықпал етеді;
10) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киімнің іскерлік қалпын ұстанады.
4.18. Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынаста педагог қызметкерлер:
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан, адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
2) Білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай әрекеттердің жолын кесу бойынша күш-жігер жұмсайды;
3) Өз іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмайды, оған шыдамдылықпен қарайды, кемшіліктерді жою мен өзінің кәсіби қызметін жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;
4) Білім беру процесіне қатысушыларға кәсіби қолдау көрсетеді.
4.19. Әріптестермен қарым-қатынаста педагогикалық қызметкерлер:
1) Жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтайды, сыпайы және әдепті болады;
2) Басқа педагог қызметкердің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді.
4.19 Салауатты өмір салтын ұстану және оны студенттер арасында насихаттау.
4.20 Студенттердің ғылыми - техникалық шығармашылығына ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру.
4.21 Өз колледжі оқытушыларының да, облыстың, республиканың басқа да оқу орындары оқытушыларының да озық жұмыс тәжірибесін зерделеу.
4.22 Колледжішілік, аудандық, қалалық және республикалық іс-шараларға белсенді қатысу.
4.23 Студенттердің үлгермеуінің себептерін анықтау, оларға білімдегі олқылықтарды жоюға және оқу орнында бейімделуге көмек көрсету.
4.24 Студенттердің ата-аналарымен тығыз байланыста болу.
4.26 Студенттер контингентін сақтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізу.
4.27 Түлектердің жұмысқа орналасуына және кәсіби өсуіне мониторинг жүргізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет