Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары


Студенттердің құқықтары мен міндеттері



бет5/9
Дата03.10.2023
өлшемі50.79 Kb.
#479650
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2020 ишки тартип ЕРЕЖЕ (1)

5 Студенттердің құқықтары мен міндеттері
5. Колледж студенттері құқылы:
5.1 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алу.
5.1. Оқу жоспарларына сәйкес өз бейімділігі мен қажеттіліктеріне сәйкес қосымша білім беру қызметтерін, білім алу.
5.3 Колледжді басқаруға қатысу.
5.4 Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен кітапхананың ақпараттық ресурстарын, интернетті тегін пайдалану, оқулықтармен қамтамасыз ету.
5.5 Өз пікірлері мен сенімдерін еркін білдіру, адамның қадір-қасиетін құрметтеу.
5.6 Оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермелеу және сыйақы.
5.7 Басқа өңірлерден оқуға қабылданған студенттер колледж жатақханасында Бос орындар есебімен орындармен қамтамасыз етіледі. 
5.8 Тегін және ақылы білім алуға, осы мақсат үшін кітапхана, аудиториялық қорды, Жабдықтарды, құралдарды, компьютерлік техниканы, құрылғыларды және басқа құралдарды пайдалануға.
5.9 Әкімшіліктен оқу үшін тиісті жағдайларды, оқу бағдарламалары мен жоспарларын толық орындауды, оқытушылардан сабақтарды білікті жүргізуді талап ету.
5.10 Шығармашылықпен айналысу, өнер саласындағы, бос уақытты өзін-өзі ұйымдастыруда және физикалық дамуда өз дарындарын ашу, асхана, спортзал қызметтерін пайдалану.
5.11 Студенттердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да жеңілдіктер беріледі.
Колледж студенттері міндетті:
5.12 Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары көлемінде сабақтарға қатысу, білім, білік және практикалық дағдыларды меңгеру, ішкі тәртіп ережелерін сақтау.
5.13 Өз денсаулығына қамқорлық жасау, рухани және физикалық өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу.
5.14 Колледжге сабақтың басталуына 15 минут қалғанда келуге.
5.15 Сабаққа келмеген жағдайда кафедра меңгерушісіне немесе кураторға 3 күнтізбелік күн ішінде сабақтарда болмау себептерін негіздейтін құжаттарды ұсыну қажет.
5.16 Практикалық жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау.
5.17 Қоғамдық тәртіпті сақтау.
5.18 Оқу тәртібін қатаң сақтауға: сабақ кезінде оқытушының рұқсатынсыз орнынан тұрмауға, аудиторияда жүруге және аудиториядан шығуға; оқу үрдісі кезінде ұялы телефондарға "Дыбыссыз" режим орнату керек; сабақ кезінде оқытушының келісімінсіз жазып алатын аудио және бейне құрылғыларды қолданбау керек;
5.19 Жатақханада тұру ережесі мен санитарлық– гигиеналық нормаларды сақтау.
5.20 Колледжде белгіленген киім нысанын сақтау: (жоғарғы жағы ашық түсті, асты қара түсті; дене шынықтыру сабағынан басқа спорттық киім нысанын киюге жол берілмейді; Діни нышаны бар орамал тағуға, сақал өсіруге және шалбардың балағын қысқартуға)
5.21 Білім алушылардың науқастануын болдырмау, денсаулығын нығайту, дене бітімін жетілдіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуын қамтамасыз етіледі.
5.23. Колледжде білім алушылардың денсаулық жағдайына жүйелі бақылау жүргізетін, білім алушылардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында оларға медициналық қызмет көрсететін медициналық пунктпен қамтамасыз етіледі.
5.24 Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес алғашқы медициналық-санитариялық көмек алушыларға медициналық көмек көрсету.
5.25 Сабақ кестесін жасау және ұзақтығы білім алушылардың тамақтануы мен белсенді демалуы үшін жеткілікті үзіліс жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет