7. Ата-аналар (заңды өкілдер) жауапты болуға міндетті:
7.1 Өз балаларын тәрбиелеу және олардың техникалық және кәсіптік білім алуына;
7.2 Білім алушы келесі курсқа "шартты түрде" ауысқан жағдайда, педагогикалық кеңестің шешімімен белгіленген мерзім ішінде академиялық берешекті жою;
7.3 Колледж жарғысын және колледждің ішкі тәртіп ережелерін орындау;
7.4 Колледж өткізетін ата-аналар жиналысына қатысу;
7.5 Білім алушының мемлекеттік меншікке ұқыпты қарауына.
8 Студенттерді көтермелеу және жазалау
8.1. Үздік, жақсы үлгерімі және колледж өміріне белсенді қатысқаны үшін, еңбекке қатысқаны үшін білім алушыларды марапаттау:
1. Алғыс жариялау;
2. Дипломмен марапаттау;
3.Мақтау қағазын беру;
4.Құрмет грамотасын беру;
5.Оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдік алу мүмкіндігі;
6. Ж.Досмұхамедов атындағы стипендияты атануы;
6.Ата-аналарға алғыс хат жолдау.
8.2. Еңбек және оқу тәртібін, осы Қағидаларды бұзғаны үшін студенттерге мынадай тәртіптік жазалар қолданылады:
1. Ескерту;
2. Сөгіс;
3. Профилактикалық Кеңес шешімімен білім алушыны колледжден шығару туралы мәселе Қамқоршылық кеңесінде қаралады.
8.3 Сабаққа кешіккен жағдайда білім алушы сабаққа жіберіледі, бірақ бөлім меңгерушісіне осы пән бойынша келесі сабаққа рұқсат алуы керек.
8.4 Оқу және еңбек тәртібін бұзушылармен барлық алдын ала әңгімелесу, жаза қолдану, сөгіске дейін профилактикалық кеңесте жүзеге асырылады. Неғұрлым елеулі құқық бұзушылықтар колледждің қамқоршылық кеңесінде қаралады.
8.5 Колледжге жалған құжаттар ұсынғаны үшін білім алушы оқу орнынан шығарылуға жатады.
8.6 Колледжге қасақана материалдық залал келтірген кезде студент: келтірілген залал сомасын қалпына келтіруге міндетті және колледж білім алушыларының құрамынан шығарылады;
8.7 Колледжге қасақана материалдық залал келтірілмеген жағдайда білім алушы залал сомасын қалпына келтіруге міндетті және директордың бұйрығымен прфилактикалық кеңес шешімімен колледжішілік есепке қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |