Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары


Колледждің материалдық базасының сақталуы және қанағаттанарлық санитарлық жағдайы



бет8/9
Дата03.10.2023
өлшемі50.79 Kb.
#479650
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2020 ишки тартип ЕРЕЖЕ (1)

9.Колледждің материалдық базасының сақталуы және қанағаттанарлық санитарлық жағдайы
9.1 Әрбір оқу кабинетінде жиһаздың сақталуына, материалдық жауапкершілік мақсатында білім алушыларға тұрақты жұмыс орнын бекіту.
9.2 Барлық оқытушылар оқу жылы бойы сабақтар арасында оқу кабинетін қабылдауды және тапсыруды қамтамасыз етеді. Оқу кабинетінің және ондағы мүліктің сақталуына педагогикалық кеңестің шешімімен тағайындалған және директордың бұйрығымен бекітілген кабинет меңгерушісі толық (оның ішінде материалдық) жауап береді.
9.3 Жиһазды, көрнекі құралдарды, оқу жабдықтарын, колледжді, стендтерді безендіруді бұзғаны үшін студент (немесе оның заңды өкілі) үш шарттың бірін орындауға міндетті:
- бүлінген мүлікті қалпына келтіру;
- бухгалтерия мен маман анықтайтын келтірілген залал сомасын кассаға төлеу;
- өз қаражатына жаңа мүлік сатып алуы.
9.4 Колледж кітапханасынан кітаптар, оқулықтар мен оқу құралдары бүлінген немесе жоғалған жағдайда студент екі шарттың бірін орындауға міндетті:
- жоғалғанның орнына жаңа, балама сатып алыңуы;
- жоғалған оқулықтың, кітаптың немесе оқу құралының құнын төлеуі
10 Құқықбұзушылықтар
10.1 Құқық бұзушылықтың әрбір жағдайы профилактикалық кеңесте қаралады. Топ жетекшісінің, кезекші оқытушының, оқытушының, зардап шеккен білім алушының немесе оның ата-анасының баяндамасы, соттың, ІІД және т. б. құжаттары негіз болады.
10.2 Білім алушы нашақорлықта, есірткіні сақтауда немесе саудада айыптайтын фактілер мен дәлелдемелер болған кезде білім алушы жөнінде ақпарат тиісті мемлекеттік органдарға беріледі.
10.3 Колледждің, оқытушылардың, қызметкерлердің, немесе білім алушылардың мүлкін ұрлағаны үшін, ұрлаған білім алушы бойынша шешім шығару профилактикалық Кеңестің қарауына беріледі.
10.4 Білім алушы Профилактикалық Кеңес отырысына дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда, ол директордың бұйрығымен оқудан шығарылады.
10.5 Құқық бұзушылықтары үшін студенттерді оқудан шығаруы туралы бұйрықтар, хабарландыру тақтасына ілінеді.
10.6 Білім алушыға қолданылған жаза туралы топ жетекшісі, ата-аналарды үш күн мерзімде хабардар етуге міндетті.
10.7 Кәмелетке толмағандардың оқу орынында, оқу кезеңінде сабақты дәлелді себепсіз өткізіп алғаны үшін олардың ата-аналары, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1,2-бөлігіне сәйкес жауапты болады, айыппұлмен жазаланады.
10.8 Білім алушы колледжден шығарылады:
а)Өз өтініші негізінде;
б) басқа оқу орнына ауысуына байланысты;
в) оқу ақысын төлемегені үшін;
г) оқу тәртібін бұзғаны үшін:
· академиялық демалыстан оралмағандығы;
· оқу сабақтарын дәлелді себептерсіз жүйелі өткізіп алғаны үшін (өткізіп алған сағаттар саны бір семестрге 36 сағаттан аспайды);
· колледжбен байланысты жоғалтқаны үшін (дәлелді себептерсіз ұзақ уақыт болмауы);
· қайта оқу курсы немесе пәндерді қайта оқу үшін ақылы білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасаспағаны үшін (бұйрық шыққаннан кейін 10 күн ішінде) ;
д) Колледждің ішкі тәртіп ережелерін және Жарғысын бұзғаны үшін:
· алкогольден, есірткіден мас болу немесе өзге де түрдегі уыттану жағдайын туғызатын заттарды пайдаланғаны үшін;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет