Ж. З. Оразбаев, Т. Е. Ермеков, М. В. Долгов


ҚТЖСӨҚКЖ зауыты шығаратын өнім



бет9/11
Дата09.06.2016
өлшемі10.16 Mb.
#125474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3.3 ҚТЖСӨҚКЖ зауыты шығаратын өнім
Негізгі өндіріске жылу оқшаулау материалдары, электр оқшаулау таспалары, қар ұстау қалқанының элементтері және басқ. жатады (3.10-сурет);

2. Жылу құбыржолдары жабынына арналған сыртқы қаптама (3.11-сурет);

3. Жылу оқшаулау материалдары (3.12-сурет);

4. Агроөнеркәсіптік бұйымдар (3.13-сурет);

5. Қар ұстайтын шарбақтар, темір жолдары, сондай-ақ автомобиль жолдары үшін карточка қалқандары (3.14-сурет), сондай-ақ автомобиль жолдары (3.15-сурет);

6. Машина жасау бұйымдары (3.16-сурет);

7. Құрылыс материалдары (жабынқыштар, жиекжол плиткалары және басқ.) (3.17-сурет);

8. Әйелдер, еркектер мен балалар аяқ киімдеріне арналған табан.


3.8-кесте – Ресей және Қазақстан елдері бойынша бір бұйымға баға түзілу және ауыспалы шығындар құрылымы


Шығарылатын бұйымдар мен өнімдердің тізбесі


Бағалық көрсеткіштері, тг

Ресей бойынша

ҚТЖСӨҚКЖ зауыты

Қазақстан бойынша

1

2

3

4

1. Жылу құбыржолдары жабынына өлшеу шығындарының сыртқы қаптамасы

1 кв. м. шығыны

1 кв. м. бағасы


45

90



30

70



40

85



2. Жылу оқшаулау материалдары

1 кв. м. шығыны

1 кв. м. бағасы

720


1450

650


1150

705


1350

3. Электр оқшаулау таспалары

1 м шығыны

1 м бағасы

128


450

120


380

125


395

4. Құрылыс материалдары (жабынқыш, жиекжол плиталары)

1 кв. м. шығыны

1 кв. м. бағасы


8,8


860

7,5


640

8,2


680

5. Электр энергиясы

1 кв. м. шығыны

1 кв. м. бағасы

12

4


6

3





6. Темір және автомобиль жолдары үшін қардан қорғайтын шарбақ элементтері мен басқа да ұйымдар.

1м шығыны/ бағасы


80/600

60/400

70/580


7. Өнім шығару үшін қалдықтар құрамы (темір және авто. жолд. көлігі үшін)

Қалдықтардан дайындалған қойыртпақ – 35%

Құм және бояғыш - 30%

Цемент – 10%

Құрылыс қалдықтары – 25%

1 м3 бағасы



1800


800


1200


8. Электр энергиясын өндіру, кВт/ауысым

1 кВт/сағат бағасы


4,0


10000

3,0

4,5


Өнімдердің компоненттерін есепке ала отырып, ұсынылған санатта барлық шығарылатын бұйымдар мен өнімдер бойынша сертификаттауды жүргізу, өйткені олар химиялық жолмен тазалаудан кейін әртүрлі қалдықтардан дайындалады.
Құрамы: ТБЖО қойыртпағы – 40%; Құрылыс қалдықтары– 20%; Асфальт қалдықтары – 15%; Металлургиялық қалдықтар – 20%; Бояғыш – 5%.

3.10-сурет – Қатты-тұрмыстық және сұйық қалдықтар мен басқа да құрамдағы қойыртпақтан жасалатын қар ұстайтын шарбақтар

(қара, көк, қызыл және жасыл түс)

Шартты белгілері:

1-қапталатын құбыр; 2- салқындатқыш; 3-шанап; 4,5- шанап тесігін бітеуіш;

6-қыздырғыш; 7-аунататын қондырғы; 8-шарнақтар.

3.11-сурет – Қабатты тегістеу операциясының алдында термпластикалық қабатты ВЧ және ВЧ тогы арқылы жұмсарту арқылы құбырды сыртқы орау әдісін жүзеге асыру


3.9-кесте – Техникалық көрсеткіштері


Бұйымның атауы
Өнімділік көрсеткіштері


Металл құбырларды сыртқы және ішкі жабу

Техникалық

10 м/ч

Пайдаланушылық

80 м/ауысым

Тәуліктік

160 м/тәул.

ТЭН жинақ қуаты

28 кВт/сағат



3.12-сурет – Жылумен жабдықтау құбыржолдары үшін сыртқы өлшеу шығыны қаптамалар


Состав теплоизоляционных лент:

Пульпы ТБЖО – 60%

Асфальтовые отходы – 20%

Строительно-отделочные отходы – 15%

Красители – 5%
Состав электроизоляционных лент:

Пульпы ТБЖО – 60%

Строительно-отделочные отходы – 25%

Асфальтовые отходы – 10%

Красители – 5%
3.13-сурет – Қатты және сұйық қалдықтар (қойыртпақ) және басқа да компоненттер химиялық қосылысынан дайындалатын өнімдер (құм, цемент, бояғыш, құрылыс қалдықтары, кірпіш, қож блоктары, құрылыс-жол қалдықтары, асфальт жабыны, металлургиялық қож)
Құм және бояғыштан тұратын полимер қалдықтары

Форма түзетін саптамалар қосылысы үшін

Шартты белгілері:

1-термопластиктерді қыздыруға арналған канал; 2-жылу тарататын заттар;

3-сыртқы жылумен оқшаулау; 4,12-электр қыздырғыштар; 5-итергіш;

6-қайтару серіппелері; 7-айналатын шарнақтар; 8-дөңгелек орталықтан тепкіш;

9-редуктор; 10-электр қозғалтқыш; 11-шанап-қыздырғыш.

3.14-сурет – Моноблокты бұйымдар алуға арналған қондырғы

Экструдердің техникалық сипаттамасы:
Темір жол бойында полимер қалдықтарынан жасалған қар ұстайтын шарбақ тақтайларын жасау үшін.

1. ЭСЗЗПО экструдерінің тұрпаты;

2. Көлемі 3100x160x40 тақтайшаны шығару кезіндегі пайдаланушылық өнімділік, мм;

3. Жалпы қондырғылық құны, кВт/сағат – 60;

4. Электр желілерінің кернеуі, вольт – 220;

5. Реттелетін температуралық тәртіп, град – 480-1200;

6. Жұмыс температура, град:

– ЖҚПЭ = +500, +700;

– ТҚПЭ = +600, +1000;

7. ЭСЗЗПО массасы, тонн – 9,5;

8. Негізгі көлемі, мм:

ұзындығы – 6400;

биіктігі – 21000;

ені – 600.


3.10-кесте – Зауыт көрсеткіштері


Бұйымның атауы

Өнімділік көрсеткіштері




Жылу құбыржолдарының өлшеу шығындарының сыртқы қаптамасы

Жылу оқшаулау материалдары

Электр оқшаулау таспасы

Темір жолдар үшін бұйым элементтері

Техникалық

30м/сағат

40м/сағат

25м/сағат

36м/сағат

Пайдаланушылық

240м/ауысым

320м/ауысым

200м/ауысым

350м/ауысым

Тәуліктік

480м/тәулік

640м/тәулік

400м/тәулік

700м/тәулік

ТЭН жинақ қуаты

26квт.с.

37квт.с.

22квт.с.

60квт.с.

а – лайнер (тозуға төзімді болаттан жасалған қосымша)

Көлемі 3100х160х40 тақтайшалар шығару кезіндегі экструдердің өнімділігі

Сағаттық = 10-12 дана

Ай ішінде = 2640 дана тақтайша

1 ауысымда = 60-65 дана

Бір тақтайшаның салмағы = 19,2 кг

Тәулік ішінде = 120 дана екі ауысым кезінде

1 км шарбақтың салмағы = 19,2 кг

1 тақтайшаның құны = 400-450 тенге

1 кг қалдықтың құны = 8:12 теңге

1 км шарбаққа 3340 дана тақтайша қажет

Қарағанды бойынша полимер қалдықтарының ай сайынғы көлемі = 128000 тонна.

3.15-сурет – Қар ұстайтын шарбақтар үшін форма түзетін саптама


3.16-сурет – Пластмаса жабынды түсіру әдісі



3.17-сурет – Жоғары сапалы полимер-құмды құрылыс өнімдерін өндіретін дайын топтама (жабынқыш, жиекжол плиткасы, қаптама плитка, әрлеу фурнитурасы, құрылыс блоктары, терезе алды тақтайы, үстелдің үстіңгі тақтайы және басқ.).

3.4 ТМД елдері мен шет елдердегі жалпыға танымал технологиялар алдындағы артықшылығы
ҚТЖСӨҚКЖ зауытының басты артықшылықтары:

Қалдықтарды көметін полигон талап етілмейді, өйткені химияландыру қатты тұрмыстық және сұйық қалдықтардың барлық түрлерін өңдейді;

Қалдықтарды сұрыптау, алдын ала слекциялау және сүзгілеу талап етілмейді;

Қалдықтарды өңдеу өте шапшаң өтеді;

Түзілетін газдар жылыту және электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылады;

Одан әрі жоюды талап ететін зиянды қалдық өнімдер қалмайды;

«Гидромикс ҚСҚ» процесі үшін талап етілетін өршіткерлер қоқыс және сұйық өнеркәсіп қалдықтарында кездеседі;

Атмосфераға, су ресурстары мен жер бетіне бөлінетін бөлінгіштер, зиянды шығарындылар қалмайды;

Қатты және сұйық қалдықтардың барлық түрлері (металл және темір бетоннан өзге) пайдалы, импорт алмастыратын бұйымдар мен электрмен жабдықтау өнімдеріне өңделеді, сондай-ақ ересектер мен балалардың аяқ киімдерінің өкшелері өндірісі үшін пайдаланылады.

Күтілетін нәтижелер.

Қалдықтарды химиялау есебінен жылу және электр энергиясын өндіру қамтамасыз етіледі;

Қоқыс қалдықтарының барлық 40 астам түрлері белгілі болып келетін әртүрлі салалардағы пайдалы жаңа импорт алмастыратын бұйымдар мен өнімдер алуға кәдеге жаратылады;

ҚТҚ сұрыптау жұмыстарын және көму қажет етілмейді;

Процесстер атмосфераға зиянды шығарындыларды бөлумен қоса жүрмейді, су ресустары мен жер бетіне зиян келтірмейді;

Барлық өндіріс процестерін автоматтандыру есебінен еңбектің толық қауіпсіздігі мен қорғалуы қамтамасыз етіледі;

Барлық шығарылатын өнім экологиялық таза болып келеді;

Қалдықтарды алдын ала слекциялау мен сүзгілеу талап етілмейді.
Экономикалық және техникалық талаптар.


  • Құны 188 млн. теңге өнімділігі ауысымда 200 тонна болатын «ҚТЖСӨҚКЖ» бір технологиялық желінің құны;

  • Бір технологиялық желі өнімінің жылдық шығыны – 186 млн. теңге;

  • Қатты тұрмыстық және сұйық қалдықтарды ҚТЖСӨҚКЖ кәдеге жарату мерзімі – 9 ай;

  • Қазақстан Республикасы мен Ресей шегіндегі барлық технологиялық жабдық қамтамасыз етіледі;

  • Өнімді шығару жөніндегі технологиялық процестер толық автоматтандырылған;

  • Толық қауіпсіздік және жұмысшылардың еңбегін қорғау қамтамасыз етіледі;

  • Бір технологиялық желінің жобалық қуаты жылына 720000 тонна;

  • Бір технологиялық желінің жылдық өндірісінің жоспарланатын көлемі: 146 млн. теңге;

  • Жобаны енгізу үшін сұралып отырған сома – 160 млн. теңге, оған монтаж жұмыстарын есепке алғандағы «ҚТЖСӨҚКЖ» зауыты құрылысының сметалық құны кіреді;

  • Іскери ұсыныстың түрі – СП құру.



3.5 Қатты-тұрмыстық қалдықтардың барлық морфологиялық құрамын кесудің жаңа инновациялық әдістерін есепке ала отырып кәдеге жарату технологиясын жетілдіру жөніндегі әзірлеу

Айналатын сәттерге ие арнайы қайшылардың есебінен көлемі 0,5 мм дейінгі қатты-тұрмыстық қалдықтарды кесудің жаңа құрылымы ұсынылған.

Техника саласына қоқысты сұрыптау, ұсақтау және пакеттеуді, одан кейін форма түзу престеу жолымен тамақ және полимер қалдықтарын өңдеуді жүргізетін сұрыптау, қоқыс тиеу және өңдеу станциялары жатады. Авт.св.СССР № 1727914. Кл. В03 В9/06, В65 Г7/00, 1992г.

Сұрыптау станциясының кемшілігі, оның қатты тұрмыстық қалдықтардың барлық морфологиялық құрамын қайтара пайдалануға жарамды компоненттерді терең бөлуді қамтамасыз етпейтіндігі, сондай-ақ көп операциялығы: қоқысты сұрыптау, ұсақтау, қайта сұрыптау және пакеттеу, сондай-ақ талдайтын алатын қондырғының көлемімен компоненттерге бөлу.

Сұрыптау жабдығы аппаратының тізбегі сатысы және ауыспалы құрамның сусымалы қоспаларын бөлу бойынша техника деңгейі белгілі, оған қатты тұрмыстық қалдықтардың (қоқыс) морфологиялық құрамы және қайтара пайдалануға жарамды өзге де компоненттерді алу және одан әрі өңделетін материалдарды алудан кейін қалған қатты тұрмыстық қоқыстардың (ҚТҚ) қалдықтарын тереңдеп кәдеге жарату жатады [22,23]. Жоғарыда көрсетілген қондырғының кемшілігі ҚТҚ сұрыптау үшін әртүрлі жабдықты пайдалану, ол ҚТҚ түйіршіктерінің берілген көлеміне ие бірнеше ағындарға бөлінеді, көп сатылы сүзуді пайдалана отырып сұрыптау жұмыстары арқылы көп операциялық, сондай-ақ, аяқ киімді, матадан жасалған бұйымды, автомобиль шиналары мен т.б. кесудің тиімсіздігі.

Қатты шаруашылық-тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату әдісі танымал. Алдын ала патентке №18444 өнертабыс. Өнертабыс қатты шаруашылық-тұрмыстық және сұйық өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жарату әдісіне жатады және коммуналдық шаруашылықта пайдаланылуы мүмкін.

Жоғарыда аталған техниканың кемшілігі тасымалдау, ұсақтау және ұнтақтау әртүрлі жабдықтарын пайдалану арқылы қалдықтарды ҚТҚ берілген көлемдегі түйірішктерінен тұратын бірнеше ағындарға бөлу, күрделі құрылымы бар байыту фабрикаларының (мата және басқ.), сондай-ақ балалар, әйелдер мен еркектердің аяқ киімдерін күрделі кесу болып табылады.

Өнертабыстың міндеті ҚТҚ ұсақтау мен ұнтақтау тетіктерінен бас тарту, сондай-ақ, қатты тұрмыстық және сұйық өнеркәсіп қалдықтарды химиялық әдіспен кәдеге жарату кезінде көлік қондырғыларын азайту [66].

Өнертабыстың мәні – құрылымды оңтайландыруды және аса күрделі қалдықтарды ұсақтау процестерінің энергия сыйымдылықтарын азайту, мысалы, матадан жасалған аяқ киім мен бұйымды және басқа айналатын пышақтармен кесу н, сондай-ақ алдымен барлық морфологиялық құрамды (ҚТҚ) тазарту және кептіру жолымен, одан кейін қатты және сұйық қалдықтарды химиялау жолымен ҚТҚ барлық компоненттерін кесу жолымен ұсақтаудың тікелей операциясы жолымен.

Өнертабыстың нәтижесі қалдықтардың химиялық құрамының әртүрлі үйлесулерін араластыру. Мысалы, пластмасс, асбест, аккумуляторлар, бақша қалдықтары, пайдаланудан қалған май, автожабындар, электрондық аспаптар, қышқылдар, сілтілер, ақпараттық технология қалдықтары, химиялық реагенттер, одан басқа, бояулар, лактар, бояғыштар, жабыспалы заттар, органикалық ерітінділер, мұнай өнімдері, көмірсутектер, эмульсиялар, ыдырайтын органикалық қалдықтар, органикалық химикаттар және жалпы миксерге түсетін ҚТҚ 10 мм дейін ұнтақталған және ұсақталған компоненттері. Одан әрі миксерде одан әрі полимерлеудің молекулааралық реакциясына ұшыратылатын полимерлердің, органикалық қосылыстардың химиялық реакциялары жүреді.

Миксердегі химиялық реакция электр және жылу энергиясы пештерінде газ шығаруды реттеу есебінен газ (метан, пропан, азот және басқ.) бөле отырып көтеріңкі температура мен қысымда жүреді, араластырғыштағы (миксердегі) қысымды реттеу мүмкіндігі бар. Температура араластырғыштың сыртқы тұрқысына салқын су беру арқылы реттеледі.

Миксерде ұнтақталған қатты тұрмыстық және сұйық химиялық қалдықтардан химиялық қоспа дайындалады, ол үшін хлорлы калий хлорлы калий, натрий, темір тотығы, хлорлы темір, хром тотығы, полимерлер және басқ. тәрізді химиялық қоспа түріндегі арнайы байланыстырушы материалдар талап етіледі.

Қатты тұрмыстық және сұйық химиялық қалдықтарды байланыстырған соң олар қойыртпақ түрінде келесі кезеңге дайындалады: экструдирлеу, престеу және форма түзу, олар үшін байланыстырушы элементтердің, мысалы, құмның, батпақтың, күлдің, құрылыстың ұнтақталған қалдықтары мен басқа да бояғыштардың құрамын анықтау қажет. Қалдықтарды кәдеге жарату процестерінің қауіпсіздігі мақсатында арнайы қауіпті, радиобелсенді, медициналық, жарылғыш, заттарды, жанғыш сұйықтықтар мен топырақты, өздігінен жанатын заттарды, жанғыш газдарды, жануар өлекселерін, өнеркәсіп ағындары мен жуудан қалған су және басқ. пайдалануға рұқсат берілмейді.

Экструдирлеу, престеу және форма түзу процестері шығарылатын өнімге, бұйымға, материалдарға қарай химиялық қоспа мен байланыстырушы элементтердің арасалмағын анықтауға қажет қазіргі технологиялық жабдық базасында жүргізіледі. Мысалы, экструдирлеу жолымен темір жолдың қар ұстайтын шарбақтарының тақтайлары мен бағандарын шығару үшін қажет: химиялық қоспалар – 10%, құм - 30%, күл - 8%, лай - 5%, бояғыштар - 5%, ал қалған 42% миксер-араластырғыштан алынған химиялық қойыртпақтар құрайды.

Техникалық міндеті алдымен ірі көлемдегі (ұзындығы 500 мм, ені 300 мм, биіктігі 200 мм) және одан жоғары, құрамында темірі бар құрылыс қалдықтарын іріктеу, одан кейін оның компоненттерінің жабыспауы жағдайына дейін қалдықтардың (қоқыстың) барлық компоненттерін жуу және кептіру арқылы шешіледі. Бұл ретте, оны үнемі араластыру және механикалық қайшылармен ірі, қаптама қағазды, ағаш, полимер және басқа жәшіктерді, сыйымдылықтарды кезекпен кесу, одан соң ҚТҚ барлық морфологиялық құрамын (автомобиль доңғалақтары; еркектердің, әйелдердің және балалардың аяқ киімдері; матадан жасалған еркектердің, әйелдердің және балалардың бұйымдары) 80 мм көлемге дейін бастапқы ұнтақтау операциясы басталады. Одан кейін магнитті ағын арқылы темір қалдықтарын таңдау, одан соң 40 мм, 20 мм, 10 мм көлемге дейін қайталама ұсақтау , қайталама ұнтақтау және 0,5 мм көлемге дейін ұсақтау. Одан әрі барлығы миксерге түсіп, мұнда сұйық химиялық қалдықтармен (гальвандық өндіріс қождары, қышқыл смолка, коксты химия фустылары, сынап қожы, мұнай өнімдерінің қалдықтары, лактар, бояу, эмаль, органикалық химикаттар, пайдаланылған майлар, шиналар, қышқылдар, сілтілер, шайыр, мырыш қосылыстары, хром, қорғасын, көмірсутегі, эмульсиялар) араластыру жүргізіледі. Ромб тәрізді реверсті айналатын шнектер арқылы қоспада әртүрлі арасалмақта болатын химиялық қосылыстарды жеделдетеді, сондай-ақ, бейтарапталатын және детоксикациялауға ұшырайтын қалдықтардың компоненттерін полимерлеуді қамтамасыз етеді, өйткені өз кезегінде қатты қалдықтармен бірге қосылыста болатын әртүрлі фосфорлық, азот және басқа да майлы қышқылдар қосылады. Нәтижесінде одан әрі тазарту, экструдирлеу және форма түзу үшін пайдаланылатын қою қойыртпақ пен газ түзіледі.

200 градус Цельсияға дейінгі жоғары температура мен 40 атмосфералыққа дейінгі көтеріңкі қысым кезіндегі химиялық реакциялар нәтижесінде молекулярлық процестердің толық спектрі жүреді, оның барысында полимерлер, тоқыма, резеңке, органикалық және басқа да материалдар кеңейеді және оның барысында қалдықтарда өмір сүретін бактериялар мен саңырауқұлақтар тәрізді тіршілік ететін барлық тірі микроағзалар өледі, химиялық процесс барысында түзілетін барлық газ және бу газ тазарту жүйесінде өңделеді және одан әрі жылу энергиясын алу үшін пайдаланылады.

Қоршаған ортаға қандай да болмасын қауіпті заттар түспейді және химиялық процесс қандай болмасын теріс өнім бермейді, яғни сұйық өндірістік қалдықтармен химиялық қосылыс үшін қатты қалдықтардың барлық морфологиялық құрамының (компоненттерінің) өнімділігі және ұсақтау тиімділігі артады. Миксерде ромб тәрізді айналатын және реверстелетін шнектері бар жетектерді пайдалану кезінде қатты тұрмыстық қалдықтарды (қоқысты) терең кәдеге жарату есебінен зарарсыздандыруды жеделдету, сондай-ақ миксер-араластырғышта температураның және қысымның артуы есебінен ҚТҚ морфологиялық құрамын полимерлеу қамтамасыз етіледі.

Өнертабыстың техникалық нәтижесіне ҚТҚ барлық компоненттерін 0,5 мм көлемге дейін ұнтақтау мен ұсақтау технологиялық процестерінің тасқындылығы, сондай-ақ, операцияның барлық сатысында адам болмаған кезде қатты және сұйық қалдықтарды химиялау жатады. Технологиялық жабдық ретінде шаруашылық-қатты тұрмыстық қалдықтардың барлық морфологиялық құрамын түпкілікті ұнтақтау нәтижесі кезінде өлшеу қондырғысын есепке ала отырып, сериялық техникалық құралдарды пайдалану.

3.18-суретте (ҚТҚ) кесу жолымен шаруашылық-тұрымыстық қалдықтарды ұнтақтау қондырғысы.

Өнертабыстың нәтижесі қалдықтарды кәдеге жарату технологиялық процестерінің құрамдас элементі болып табылатын ҚТҚ барлық морфологиялық құрамдарын кесу жолымен шаруашылық-тұрымстық қалдықтарды ұнтақтаудың арнайы қондырғысы болып табылады.

Қондырғының мәні тәжірибе жүзінде тісті, білікті және балғалы ұнтақтау қондырғыларының негізінен қатты тау жыныстары үшін соққылы тетіктерге негізделеді.

ҚТҚ ұнтақтау кезінде осындай тетіктерді ұнтақтау үшін пайдалану тиімсіз, өйткені физикалық-химиялық құрамдар ҚТҚ ұсақтауын қамтамасыз етпейтін соққылы жүктемемен жаншуды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді, сондықтан да өткір пышақтармен кесу әдісін пайдалану қажет.

Өнертабыстың мақсаты ҚТҚ кәдеге жарату технологиялық процестерінен тұратын қондырғы дайындау болып табылады, оған қалдықтардың әртүрлі жұмсақ қасиеттерімен әрекет ететін пышақтары бар екіжақты көптеген лезвияларымен айналу жолымен қалдықтардың әртүрлі компоненттерін кесуді қамтамасыз ететін құрылымды пайдалану арқылы қол жеткізіледі.

Қоқыс тасымалдағышқа барлық морфологиялық құрамымен өңдеуге түсетін ҚТҚ алдын ала ірі ауқымды және құрамында темірі бар көлемдері: ұзындығы 500 мм, ені 300 мм, биіктігі 200 мм болып келетін, жүк түсіру алаңында 2 грейфер 3 арқылы құрылыстың темір-бетонды қалдықтарын пластикалық деформациялауға ұшыратылатын бұйымдардан босатылады. Ірі компоненттерінен босатылатын ҚТҚ қырғыш конвейерде 4 механикалық қайшылармен 4 кесіледі, мұнда біруақытта артық ылғалдан айыра отырып кептіреді. Иіс пен газға қаныққан буланатын ылғал бейтараптала отырып түтін сорғыш арқылы жойылады.

Кептірілген ҚТҚ жинақ шағаққа 6 түседі, ол ҚТҚ түу кезеңділігін тегістейді, одан олар үлеспен және кезеңмен таспалы конвейерге 7, одан кейін алдын ала ұнтақтағышқа 8, одан соң конвейер 10 бойынша тасымалданатын жүк электр магнитімен 9 құрамында темірі бар материалдарды алу жүзеге асырылады, одан кейін көлемі 80 мм дейінгі ҚТҚ бастапқы ұнтақтауға 11 түседі, ол жерде 40 мм дейінгі көлемге ұнтақтау жүргізілген соң тасқыннан соң конвейер 12 арқылы қайталама ұнтақтауға 13 және 1-10 мм көлемге дейін ұнтақтау жүргізіледі. Осымен тісті және білікті және балғалы қондырғы мен ұнтақтағыштың 14 көмегімен жүзеге асырылатын ҚТҚ ұнтақтау операциясы аяқталады.

Бұдан әрі арнайы автомашиналардан гальвандық өндіріс қождары, қышқыл смолка, коксты химия фустылары, сынап қожы, мұнай өнімдерінің қалдықтары, лактар, бояу, эмаль, шайыр, мырыш қосылысы, хром, қорғасын, қышқылдар тәрізді сұйық химия қалдықтарынан алынған сұйық қалдықтардың түсуі жолымен және басқа да сұйық өнеркәсіп қалдықтарымен 15 миксерде 16 ҚТҚ өңдеудің химиялық әдісі басталады.

Химиялық араластыру процестері келесі операциялармен жүзеге асырылады: жалпы миксер-араластырғышқа 16 көлемі 1-10 мм дейін ұнтақталған ҚТҚ және арнайы резервуарлардан 15 алынған сұйық аралас химиялық қалдықтар, сондай-ақ барлық қатты және сұйық компоненттерін химиялық қосылысын алу мүмкіндігін беретін полимерлік компоненттер мен әртүрлі қышқылдар түседі. Миксерде 16 химиялық реакцияларды жеделдету үшін миксердегі ҚТҚ және химиялық қосылыстар компоненттерінің болуына қарай реттелетін және реверстелетін айналатын ромб тәрізді шнекті 17 арнайы құрылым қарастырылған, онда қажеттілігіне қарай миксердегі химиялық процестерді бақылау және басқаруға қажет арнайы аспаптар орнатылатын болады. Араластырғышта химиялық реакциялар есебінен химиялық процестерді бейтараптандырған және зарарсыздандырған соң, халық шаруашылығының 20 қажеттілігі үшін әртүрлі бұйымдарды алу үшін экструдирлеу, престеу және форма түзу 19 процестерінде қойыртпақ 18 түрінде алынған химиялық қосылыстар үшін әдіс және қондырғыны таңдау мен дайындау жүзеге асырылады. Қоспа химикаттарының құрамы мен арасалмағын таңдау шығарылатын өнім мен таңдалған құрылымға байланысты, мысалы, байланыстырушы мен бояғыштар санына. Қатты тұрмыстық және сұйық өнеркәсіптік қалдықтардың ұсынылған әдісін кеңінен енгізу еңбек сіңіруді көп қажет ететін ҚТҚ сұрыптау және қала полигондарында қалдықтарды көмуді жою мүмкіндігін береді (3.1-3.4-суреттер).

Қондырғы электр немесе гидро қозғалтқыштан 1, айналатын және реверстелетін білігі 3 бар швеллер 7 арқылы цилиндрге 6 қатты бекітілген редуктордан 2 тұрады, олар крест тәрізді екі жақты лезвиелермен 4 қатты бекітілген, білікпен 3 қатты бекітілген, сондай-ақ крест тәрізді екі жақты лезвиелермен 5 қатты бекітілген цилиндрден 6 тұрады, олар екі лезвиелермен 4 және 5 өзара әрекет ету жолымен пышақ түзе отырып 3 айналатын білікпен 3 жанасып, ҚТҚ кесу операциясын қамтамасыз етеді.


Әртүрлі қашықтықтарда өзара әрекет ететін айналатын білігі 3 бар лезвиелер санын арттыру, 80 мм бастап 0,5 мм дейінгі ҚТҚ барынша ұнтақтауды қамтамасыз етеді.

Ұсақталған кесілген қалдықтарды нығыздау мақсатында шнектер 7 көзделген, олар әртүрлі қашықтықтарда өзара әрекеттесетін пышақтармен 4 және 5 білікке 3 қатты бекітілген, мысалы, шығар жерінде пышақтармен мөлшері 0,5 мм бастап 12 дейін ҚТҚ кесектерін алу мақсатында.

Рmin = 15 кВт, до Рmax = 30 кВт

3.18-сурет – Шаруашылық-тұрмыстық қалдықтарды кесу жолымен ұнтақтауға арналған қондырғы



3.6 Дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыру жолымен әртүрлі салаларда алынған материалдарды пайдалану жөніндегі инновациялық технология

Инновациялық технология пластмассаны өңдеуге, оның ішінде пластиктерді, аталған жағдайда термопластарды өңдеуге жатады.

Термопластикалық шайырдан бұйымды технологиялық дайындау әдісі белгілі (Жапония, №52-32656 өтінім: В29С11/00; В29Г 3/00. Сумимото К.К. қараңыз), мұндағы термопластикалық шайыр және ұсақ түйіршіктелген полимер оның аққыштығына қарай жұмсартуға ұшыратылады.

Композияцияны қолданудың шектеушілігі кемшілігі болып табылады, яғни, олардың физикалық-химиялық құрамындағы ірі айырмашылығына және термопластикалық шайырдың түйіршіктермен үйкелісу беті бойынша механикалық кернеудің мүмкін болатын шоғырлануына қарай «Термопластикалық шайыр – полимерлік түйіршік».

Термопластикадан бұйымды формалау әдісі белгілі (Германия (ДЕ), заявка №OS 3713951, В29 С49/01 қараңыз), мұндағы термопластик престеудің алдында пресс-формада желімдеуші затпен өңделеді немесе сіңіреді.

Желімдеуші затты пресс-формаға салынған термопластиктің тарамдалған беті бойынша тегіс тарату керектігі кемшілігі болып табылады.

Өнертабыстың мақсаты престеу әдісімен полэтиленнен бұйым алу болып табылады, мұнда бұйым желімдеуші заттың ролін орындайтын жоғары қысымды полиэтиленнен және термоаккумулирлейтін заттың ролін орындайтын төменгі қысымды полиэтиленнен тұратын композициядан жасалады.

Алға қойылған мақсатқа, бұйым алу үшін ұсақ түйіршіктер – ұнтақтар немесе ұсақ жоңқа түрінде алынған жоғары қысымды полиэтилен (ЖҚПЭ) және төмен қысымды полиэтиленді (ТҚПЭ) қолдану арқылы қол жеткізіледі. Полиэтиленнің осы екі түрі жақын тығыздық кезінде әртүрлі балқу температурасына ие. Балқу температураларының айырмашылығы, төмен қысымды полиэтилен балқыту температурасын арттырған кезде қатты балқитынға барлық көлемі бойынша барлығы 1,5-2 есе көтерген кезде, балқу нүктесінен жоғары қыздырған кезде жоғары қысымды полиэтиленнің бір көлемін балқытуға жеткілкті жылуды сақтап қалу мүмкіндігін береді (3.19, 3.20-сурет).




3.19-сурет – Полиэтиленнен жасалған бұйымның полиэтиленді регенератқа термиялық престеу әдісі


3.20-сурет – Полиэтилен және полиэтилен регенераторынан дайындалған бұйымды термиялық престеу әдісі
Ұсынылған әдістің жаңалығы қыздыру кезінде балқу температурасынан аспайтын температураға дейін қыздыру кезінде қордағы төмен қысымды полиэтиленді (ТҚПЭ) жылудың артық көлемін пайдалану кезінде желімдеуші компонент ретінде жоғары қысымды полиэтиленді (ЖҚПЭ) қолданудан тұрады [71].

3.19-суретте компоненттердің біріне желімделген жылудың артық көлемі болған кездегі пресстеу процесінде бұйымды желімдеу жолымен алынатын блок-сызба берілген.

3.20-суретте аталған әдіспен, бірақ компоненттердің температуралық сипаттамаларынан нашар емес, температуралық сипаттамаға ие толықтырғыштың жоғары температуралы компоненті болған кезде бұйымда алу үшін қондырғының блок-сызба берілген.

3.19-суреттегі қондырғы ұсақ ұнтақты немесе ұсақ жоңқалы төмен қысымды полиэтиленді (ТҚПЭ) шанаптан 1, жоғары қысымды полиэтиленді (ЖҚПЭ) шанаптан 2 тұрады. Бұйым үшін сандық, сонымен қатар жүргізілетін процесті жүзеге асыру үшін арасалмақты ұстап тұруға мүмкіндік беретін екі сыйымдылықты синхронды мөлшерлегішке 3 ие. Полиэтилен үлесін балқу температурасына жақын температураға дейін қыздыратын қыздырғыштарға 4 және 5 ие. Қыздырудан кейін полиэтилен компоненттері қыздырылған пресс-формаға 6 төгіледі, оның ішкі бетінің температурасы жоғары қысымды полиэтиленнің (ЖҚПЭ) балқу температурасынан аспайды. Пресс-формаға төккен кезде полиэтилен еркін ағында тегіс араластырылады.

3.20-суреттегі қондырғы толықтырғышы бар шанаптан 7 тұрады. Одан өзге, шанап мөлшерлегіштен 8 тұрады, мұнда төмен балқитын компоненттің қажетті үлесі өлшеніп алынады.

Бұйым келесі жолмен алынады: компоненттер шанаптан 1 және 2 (3.20-сурет) екі сыйымдылықты мөлшерлегішке 3 беріледі, мұнда үлестер төмен қысымды полиэтиленнің термоаккумулирлеуші қасиеті есебінен жоғары қысымды полиэтиленді балқытуға қажет төмен және жоғары қысымды полиэтилендер көлемінің арасалмағында бұйым алу үшін қажет көлемде өлшенеді. Әрбір компонент мөлшерлегіштен 3 өзінің қыздырғыштарына 4 және 5 беріледі, мұнда оның балқу температурасынан аспайтын температураға дейін қыздырылады. Қыздырғыштан 4 және 5 компоненттер қыздырылған пресс-формаға 6 төгіледі. Одан соң пресс-форма 6 салқындатылады және дайын өнім алынады.

Осылайша толықтырғыштың болуы кезінде операциялар кезеңі жүзеге асырылады, мөлшерлегіште 3 тиісті көлем өлшенген соң ғана жоғары балқитын полиэтилен мен толықтырғыш араластырылады және бірлесіп қыздырылады.

Зертханалық зерттеулер нәтижесі, регенерацияланған полиэтиленді (жалпы қалалық қоқыста полиэтиленнен жасалған бұйым қалдықтары) үлкен механикалық жүктемелерге (температуралық режим мен қысым кезінде түсірілетін күш және т.т.) ұшырамаған қайталама бұйымдарды алу кезінде пайдалануға болады. Аталған әдісті кеңінен енгізу қайталама шикізатты өздігінен қамтамасыз ету есебінен шаруашылық-тұрмыстық қалдықтарды (қоқысты) сұрыптау мен өңдеу кезінде қамтамасыз етіледі және ірі техникалық-экономикалық әсер береді. И, Е, К, В, М маркалы материалдарды қолдану жолымен тозған металл құбырларын жабу кезінде жаңа материалдарды пайдалану.

Экструзия әдісімен пластикалық полимерді төсей отырып полимер жабынын түсірудің әдісі және бұрамдық ішінде қуыс орталық каналы бар бұрамдықты экструдерді жабуды осындай әдіспен түсіру құрылғысы белгілі (Э. Фишер «Экструзия пластичных масс», М, «Химия», 1970, 201-208-б. қараңыз).

Аталған әдістің кемшілігі материалдың көтеріңкі шығыны, бұрамдық ішінде қуыс орталық каналы бар бұрамдықты экструдердің қажеттілігі болып табылады.

Сақиналы мундштук арқылы экструдирленетін, орталық тесігі арқылы құбырды немесе сымды өткізетін 5-50% жоғары молекулярлы олефин ерітіндісі (полиэтилен немесе полипропилен) арқылы құбыр немесе сымға полимерлі жабынды түсіру әдісі белгілі (ЕПВ(ЕР) В29С47/02, №281209, 1988 өтінімін қараңыз). Экструзиядан кейін экструдерден ерітіндінің қалдықтары жойылады. Әдістің кемшілігі олефинмен еритін ерітіндінің болуы және оның жабудан кейін жойылу қажеттілігі болып табылады.

Болат құбырларды пластикпен жабу қондырғысы белгілі (Жапония (JP) В29С63/18.47/02 қараңыз). Қондырғы цилиндрлік экструдионды бастиектен тұрады, оның орталық тесігі арқылы құбыр өткізіледі, экструдирленген бастиектен шығар жерде бірден эластикалық шығыршық балқыған біліктің етегін қысады, пластиктің беті салқындатылады.

Қондырғының кемшілігі экструдирленген басиектен шығар жерде құбырдың жоғарғы бөлігінде балқытылған біліктің болуы болып табылады.

Өнертабыстың мақсаты металл құбырларын термопластикпен қаптамалау әдісі және оны жүзеге асыру құрылғысы.

Алға қойылған мақсатқа, алдымен металл құбырдың сыртқы беткі қабатын қолданылатын термопластиктің балқу температурасынан біршама жоғары температураға дейін жоғары жиілікті токпен қыздырумен, одан кейін құбырды ұнтақ тәрізді термопластик қабаты арқылы тасымалдаумен қол жеткізіледі, мұнда қыздырылған бетке термопластиктің бөлшектері жабыстырылады, құбырдан шығар жерде ұнтақ қабатындағы жабысқан бөлшектер сыртқы жағынан инфрақызыл сәуле жылуымен немесе жоғары жиілікті электр тогымен балқытуға ұшыратылады. Қыздырғыштан шығар жерде балқытылған термопластикасы бар құбырдың беті тасымалданатын құбырды қамтитын цилиндірлік бастиекте айналатын болып орнатылған адгезияға қарсы жабынмен қапталады [70].

3.21-сурет – Металл құбырларды термопластикпен сыртқы қаптау әдісі және оны жүзеге асыру қондырғысы




3.22-сурет – Металл құбырларды термопластикпен сыртқы қаптау және оны жүзеге асыру қондырғысы
3.21-суретте әдісті жүзеге асырудың кезеңділігі және оны жүзеге асыру қондырғысы элементерінің жағдайы берілген, мұндағы балқу элементі инфрақызыл сәулелегіш, 3.22-суретте жоғары сапалы электр өрісінің балқитын элемент-конденсаторы болған кезде әдісті жүзеге асырудың сол кезеңділігі мен қондырғы элементтерінің жағдайы көрсетілген.

Термопластикалық материалдан жасалған пленкамен металл құбырларды 1 сыртқы қаптамалау әдісін жүзеге асыруға арналған қондырғы кіріс тасымалдайтын және шығыршықтың орталықтандырушы жағдайынан (көрсетілмеген), жоғары жиілікті тербеліс генераторынан қоректендірілетін (көрсетілмеген) салқындататын индуктордан 2, шанаптың көлік тесіктерін жабатын диафрагмаларды 4,5 реттейтін термопластиктен (еркін жатқан немесе жалған сұйытылған) алынған ұнтағы бар шанаптан 3, қыздырғыштан 6 және қаптамалайтын қондырғыдан 7 тұрады, ол еркін айналатын, серпімді бекітпелердегі (көрсетілмеген), қолданылатын термопластик материалы немесе осындай жабынға ие адгезияға қарсы шығыршықтан 8 (тікелей цилиндрлік немесе конустық немесе бүйір бетін түзетін доға тәрізді) тұрады. Пластифицирленген беті (термопластикалық пленкамен қаптамаланған) салқындатқышта (көрсетілмеген) салқындатылады, ал шығыс тасымалдайтын шығыршықтар (көрсетілмеген) дайын бұйымды жойып, келесі құбырлар үшін жұмыс кеңістігін босатады.

Қондырғы келесі түрде жұмыс атқарады. Құбыр 1 алдын ала тотықтар мен кірден тазартылып дайындалып, фосфотталып тасымалданатын және орталықтандырылатын шығыршықтармен (көрсетілмеген) тесік арқылы қолданылатын термопластиктің ұнтағы бөлшектерін ішінара қалдыру мен жабыстыруға жеткілікті температураға дейін құбырдың сыртқы бетін қыздыратын индукторға 2 беріледі.

Одан кейін қыздырылған құбыр ұнтақ тәрізді термопластиктен тұратын тесік арқылы шанап 3 қабырғасына жеткізіледі және шанаптың қарама-қарсы қабырғасындағы тесік арқылы шығарылады. Кіріс және шығыс шанаптың тесіктері берілген диаметр құбырына реттелген ашылатын диаграммалармен 4, 5 автоматты түрде жабылады. Шанаптағы 3 ұнтақ тәрізді термопластика балқып, құбырдың бетіне жабысады, ол өзінің қозғалысымен шанаптың 3 шығыс тесігі арқылы шекаралас қабаттағы ұнтақтың бөлігін тартады. Ұнтақтың осы бөлігі төменге қарай жинайтын сыйымдылыққа немесе көлік науасына (көрсетілмеген) төгіледі және одан әрі пайдалану үшін шанапқа қайтарылады.

Термопластиктің бөлшектері жабысқан құбыр рефлекторы бар жылу қыздырғыш немесе цилиндрлік жоғары жиілікті конденсатор 6 арқылы қозғалады, мұндағы инфрақызыл сәуле немесе жоғары жиілікті электр өрісі термопластиктің жабысқан бөлшектерін ішінара балқыта отырып пластикалық күйге дейін қыздырады. Қыздырылған және ішінара балқытылған термопластик қыздырғышқа шығар жерде, цилиндрлік қаптамалайтын құрылғыда 7 қатты бекітілген еркін айналатын шығыршықтармен 8 құбыр бетіне дөңгелетіп кіргізіледі.

Құбырдағы бұрау сәтін жою үшін қаптамалайтын құрылғының құбыры бір-бірінен кейін орналасқан және құбырдың бетін өзара қарсы қаптамалайтын екеу болуы мүмкін.

Пластификацияланған құбыр салқындатқышпен (көрсетілмеген) салқындатылады және келесі құбыр үшін орын босата отырып дайын бұйымды алып тастайды.

Алдын ала талдау тек Қарағанды облысы бойынша полиэтилен қалдықтарының жыл сайынғы көлемінің жылына 1,5 т. жоғары болып келетінін көрсетті.

Металдан жасалған тозған құбырларды маркалы (Д1, В, В1, И1) материалдармен ішкі жабу кезінде жаңа материалдарды пайдалану.

Инновациялық технология өлшегіш ұзындықтағы металл құбырдың ішкі бетіне пластмассадан жабын түсіру әдісіне жатады.

Ұсақ түйіршіктелген полимерден тұратын термопластикалық шайыр қоспасынан бұйым дайындау әдісі белгілі (Жапония (JP), №52-32656 өтінім, В29 С11/00, В29 F3/00, Сумимото К.К. қараңыз), мұндағы аталған қоспадан жасалатын бұйымды термопластикалық шайырды жұмсарту температурасы мен оның аққыштығы температурасы арасында температуралық өңдеуге ұшыратады.

Түйіршіктерді пайдалана отырып, бұйымды іске асыру процесінде түзілетін біртекті зат түзбейтін термолпластикалық шайыр түріндегі байланыстырушы элементтің болуы кемшілігі болып табылады (3.23, 3.24).

Құбыржол бұйымдарын дайындау әдісі белгілі (Германии (ДЕ), №3326387 өтінім, В29 С65/64, 47/20 қараңыз), мұнда экструдермен алдын ала ұнтақ немесе түйіршіктен стренга алады және қалдық механикалық кернеумен формалайды. Алынған бұйымды металл құбырға қойып, үрмелейді және қыздырады. Қалдық кернеуді алу арқылы қыздыру әрекетімен пластмасса құбыр металл құбырға престеледі.

Пластикалық материалдан жасалған қолданылатын дайындаманы алдын ала дайындау мен процестің екі сатылығы кемшілігі болып табылады, мұндағы пластикалық материал екі рет қыздыруға ұшыратылады.

Өнертабыстың мақсаты құбыр бойынша тасымалданатын затпен жанасқаннан пластмасса жабынының қабатын оқшаулау салдарынан металл құбырдың тоттанушылық төзімділігін арттыру болып табылады.

3.23-сурет – Металл құбырдың ішкі бетінен пластмассалық жабынды түсіру әдісі



3.24-сурет – Металл құбырдың ішкі бетінен пластмассалық жабынды түсіру әдісі


Алға қойылған мақсатқа жабылатын құбырға қапталатын металл құбырдың ішкі диаметрінен кем диаметрдегі құбыр немесе өзекті енгізумен қол жеткізіледі, мұндағы енгізілетін құбыр немесе өзек үстінен пайдаланылатын пластмасса заты үшін адгезияға қарсы болып келеді [70].

Алынған жүйенің цилиндрлік сақиналы тесігіне нығыздай отырып, қолданылатын пластмассаның ұнтағын немесе түйіршіктерін нығыздай отырып себеді. Одан кейін екі металл қаптамаларды қолданылатын пластмассаның «жұмсару» немесе «пісіру» температурасына дейін қыздырады, онымен бір уақытта қысыммен каверн және қуысты жою үшін материалдардың қосымша санын енгізеді. Біртекті пластмасса қабатының түзілу процесі аяқталған соң, жүйе толықтай пластмассаның қату температурасына дейін салқындайды, енгізілген құбыр немесе өзек алынады.

Қойылатын құбырдың немесе өзектің ығысуын және қолайсыздығын жою үшін қапталатын құбыр ішіндегі сақиналы тесікке төгілетін өнімнің қабаттары арасына, қолданылатын пластмассалық материалдан алдын ала дайындалған, бірақ температуралық төзімділігі жоғары, оқшаулаушы қабаттың түзілу процесінде, оның құрамдас бөлігі болатын пластмассалық жартылай дайын енгізеді.

3.23-суретте өлшенетін металл құбырдың ішкі бетінде пластмассадан жасалған қаптама қабатты алу әдісі берілген. 3.24-суретте пластмассалық материалды пайдалану сызбасы көрсетілген.

Металл құбырдың ішіне адгезияға қарсы сыртқы бетке ие металдан жасалған құбыр 1 немесе өзек енгізіледі. Сақиналы цилиндрлік тесікке нығыздағышпен пластмассадан 3 жасалған ұнтақ немесе түйіршіктер төгіледі. Қисаюды жою үшін сақиналық цилиндрлік тесікке қаптама қабатты құру үшін қолданылатын жақын материалдан сақиналы перфорирленген бекіткіштер жағдайы 4 енгізілуі мүмкін. Қаптама құбырының шетінде қуыстар мен кеңістіктерді жоятын пластмассалық жартылай дайын өнімнің үлесін енгізетін диэлектрлік құбырлы поршендері 7, 8 бар алынбалы престейтін құрылғылар 5, 6 орналасады және пластмассалық қабаттың қысымын жүзеге асырады және құбырда пластмасса қатқанға дейін сақтайды.

Маркалы (И1,М1,К1,Д1,В1 және басқ.) материалдарды престеу жолымен әртүрлі материалдар мен өнімдер алу үшін қалдықтарды өңдеу кезінде жаңа материалдарды пайдалану.

Молекулярлық салмағы жоғары полиэтиленді өңдейтін экструдер белгілі (АҚШ В29Д23/04 №3954372 патентін қараңыз, 1976). Экструдер екі қос жазық плиталармен түзілген ұзақтылған нысандағы тұрқы түрінде орындалған, олардың арасында ол арқылы қайтару-түсу ауысуын жасайтын плунжер арқылы бастапқы түйіршіктелген материал басылатын канал бар. Тұрқының ұзындығы бойынша қыздырудың үш аймағын түзетін қыздырғыштар бар: сығылу, аралық, салқындау. Материал экструдердің кіріс саңылауы арқылы басылады. Сығылу учаскесінде тұрқы қатты қабырғалармен қамтамасыз етілген.

Ұзын құрылғының кемшілігі, оның қыздыру кезінде көлемдік кеңейтудің жоғары коэффициентіне ие жоғары молекулярлық салмағы бар полиэтиленді өңдеуге арналғандығы болып табылады.

Термопластикадан жасалған моноблокты бұйымды үздіксіз алу қондырғысы белгілі (СССР В29 С47/14 ас №1452696 қараңыз, 1989). Қондырғы бұрамдықты экструдерден тұрады, оның қыздыру бөлігінен қыздырғышы бар келтеқұбыр бөлінген, оның міндеті қаптама-салқындатқышта одан әрі балқыманы салқындата отырып экутрудирленетін материалды балқыту.

Ұсынылған қондырғының кемшілігі термопластиканың толық балқу қажеттілігі мен қыздырғышы бар шығыс келтеқұбыр болып табылады.

Өнертабыстың мақсаты термопластикалық пластмассадан моноблокты бұйымды алу қондырғысы болып табылады, оған шанап-қыздырғышта, көлік каналы мен тасымалдайтын тетіктің құрылғысында өңделетін материалды бастапқы қыздырумен қол жеткізіледі. 3.25-суретте каналдың ішкі қимасы мен шанап құрылғысы көрсетілген қондырғының жалпы түрі берілген.

Қондырғы каналдан 1 тұрады, ол арқылы ішкі жылу оқшауланатын 3 тұрқыдағы қыздырылатын термопластика, жылуды тарататын зат 2 таратылады, жылу тарататын затқа электрқыздырғыштар 4 орналастырылған.

Қондырғы поршеньді итергіштен 5, қайтару серіппесінен 6 және поршенді итергіштің сыртқы шетінде еркін айналатын шығыршықтан 7, шығыршықты қаптамалайтын дөңгелек эксцентриктен 9, білікте бекітілген төмендететін редуктордан 9 және әрекетке келтіретін айналымды-реттейтін электр қозғалтқыштан 10 тұрады. Каналмен 1 тұтастай шанап-қыздырғыш 11 байланысады, ол электр қыздырғыштан 12 тұрады.

3.25-сурет – Термопластикалық пластмассадан моноблокты бұйымдарды алу қондырғысы

Қондырғы келесі түрде жұмыс істейді. Электр қыздырғыштарды 4 және 12 қоса отырып жылу тарататын зат 2 пен бастапқы шикізат материалының деңгейіне дейін жеткізеді. Поршенді итергіш 5 арқылы қыздырғыш шанапынан бастапқы шикізат материалы көлік каналына 1 беріледі, ол тік бұрышты нысанды перпендикулярлы тегіс-конустық саты қатары түрінде орындалған.

Көлік каналында термопластылық шикізат жылытылады және нығайтылады.

Поршенді итергіш 5 дөңгелек эксцентрикпен 8 және қайтарылатын серіппелермен 6 қапталатын еркін айналатын шығыршықтың 7 поршенді итергішінде бекітілген қаптау салдарынан қайтару-түсу қозғалыстарын жасайды.

Осындай қондырғы дірілдегіш ретінде әсер ете отырып, шу дірілегішінің және қатты механикалық тербелістерсіз көлік каналындағы термопластикалық материалды нығыздайды және ауысады.

Термопластикалық материалдың қызуына және сығылуына қарай каналдың конфузорлы бөлігінде оның ауысуы тегістеледі және тегіске жақын сипатқа ие болады.

Көлік каналынан қыздырылған термопластиканың шығуы жерінде оны форма түзетін салқындатылатын қондырғы арқылы өткізеді, қажетті ұзындықтағы кесектерге кесіледі.



4 БАС ЖОСПАР. «ТЖСҚКЖ» ЗАУЫТЫНЫҢ ОРНАЛАСУЫ.
4.1 Құрылыс алаңының сипаттамасы
«ТЖСҚКЖ» жөніндегі зауыт 1990 жылдан бастап әрекет ететін қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) (қоқыс үйіндісін) көметін полигонның жанында орналастырылады.

Құрылыс алаңы тік бұрышты нысанға ие және:

солтүстік шығыс жағында – қоқыс жағу зауытымен;

оңтүстігінде – ҚТҚ көму полигонымен шекараласады.

Құрылыс алаңы ҚТҚ (қоқыс) полигонының шекарасында орналасқан. Алаң құрылыстан бос, қуаты 3-8 м төгілетін топырақпен жабылған. Алаңның гидрологиялық жағдайы құрылыс үшін қолайлы.

Кәсіпорын үшін алаң - 4,17 Га құрайды.

Кәсіпорын аумағына кіру кәсіпорынның солтүстік батысындағы бөлінген автожол арқылы жүзеге асырылады. СПҚТҚ зауытының құрылысы үшін бөлінген алаң табиғи топырақта көлденеңінен профилденеді.

4.2 Сәулет-жоспарлау шешімі
«ТЖСҚКЖ» зауытының бас жоспары кәсіпорын ішінде технологиялық ағындардың өзара байланысы мен ішкі зауыттық көлік магистральдарының сыртқы көлік байланыстары – өндірістің технологиялық сызбасын есепке ала отырып, ҚТҚ көму полигонының жанында зауытты орналастыру сызбасы шешіміне сәйкес әзірленді.

Сәулет-жоспарлау шешіміне сәйкес «ТЖСҚКЖ» зауытының аумағын нақты зоналау көзделген.

Алаңның ортасында ҚТҚ сұрыптау және ҚТҚ алынған материалдар өңдеу желісінің өндірістік тұрқысы орналастырылған, ол автомобиль көлігімен жеткізілген ҚТҚ қабылдау цехынан және зауыттың технологиялық желісінде сұрыптауға жатпайтын заттардан ҚТҚ тұрпайы сұрыптау қондырғысынан, № 1 цехтан тұратын ҚТҚ алдын ала кептіру учаскесінен тұрады, мұнда ҚТҚ негізгі кептіру және оны жалпы физикалық-химиялық және физикалық-механикалық қасиеттерге ие материалдарға бөлу жүзеге асырылады, мұндағы № 1 цехта:

А) әкімшілік-тұрмыстық бөлім;

Б) кәсіпорын шеберханасы;

В) ҚТҚ материалдарынан алынған кейбір өңдеу учаскелері;

Г) трансформаторлық кәсіпорын орналастырылған.

Өндірістік тұрқыда № 2 цех, ҚТҚ алынған материалдарды өңдеу цехы орнатылған.

№ 1 және № 2 цехтардың қысқа тік жақтарында жабық шелді өту жолы арқылы үйлескен. № 2 цех екінші қысқа тік жағымен өндірістің материалдар қоймасымен тікелей шектеседі.

№ 1 цехқа параллельді зауыт ішілік автожол арқылы ҚТҚ органикалық бөлігінен өндіріс қожы мен қалдықтарын, тазарту құрылғыларының тұндырмалары мен сүзінділерін, компосты сұрыптау учаскесінің ауланған және тұндырылған шаң-тозаңын алу тұрқысы орналасқан.

№ 1 цех компосты алу тұрқысымен байланысады, мұнда таспалы транспортер мен компост тұрқысын жылыту жылу желілері құбыры орналасқан.
4.3 Инженерлік желілер

Инженерлік желілер қысқа қашықтық бойынша құрылысты есепке ала отырып, алаңның ішіндегі жол бойынша жобалануда және орларда, жер асты каналдарында, құбыржолдары үшін көлік галереясында, кәріз арындарында, нөсерлік кәрізде, электрмен жабдықтау желісі үшін тіректерде орналасады.

Санитарлық-гигиеналық жағдай жасау және «СПҚТҚ» жобаланатын зауыты алаңында зауытта жұмыс істейтіндер үшін қауіпсіздік техникасын сақтау үшін жасалады. Зауыт маңы алаңында және зауыт автожолының бойынша жиекжолдар, қысқа демалу орындары (жазғы уақытта орындықтар, қоқыс жәшіктері) көзделуде.

Негізгі көрсеткіштері:



  1. аумақтың ауданы 4,17 га;

  2. құрылыс алаңы – 1,263 га;

  3. автожолдар мен алаңдар ауданы – 0,75 га;

  4. автожолдардың ұзындығы - 0,768 км;

  5. құрылыс коэффициенті – 31%;

  6. аумақты пайдалану коэффициенті 46%;

  7. көгалдандыру.

Барлық осы көрсеткіштер жасыл көшеттерді суаруға жарамды суға төлеу және жеткізу бойынша «ТЖСҚКЖ» зауытының ішкі экономикалық көрсеткіштерімен анықталады.

5 ШИКІЗАТ, МАТЕРИАЛДАР, ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
5.1 Шикізат және материалмен қамтамасыз ету
«СПҚТҚ» зауытының қатты тұрмыстық қалдықтар түріндегі өңделетін шикізаты қаладан көму полигондарға шығарылатын, зауыт аумағына арнайы автокөлікпен, қаланың коммуналдық шаруашылық мекемелерімен жеткізілетін ҚТҚ қамтамасыз етіледі [22,23].

Материалдармен және қосалқы бөлшектермен, құрамдайтын, сатып алынатын бұйымдармен, шеберхана өндірісімен станок паркінде дайындалатын бұйымдармен қамтамасыз етіледі.





    1. Электрмен жабдықтау

ҚТҚ сұрыптау және өңдеу жөніндегі кәсіпорынды электрмен жабдықтау қоса салынған 10/0,4 кв трансформаторлары арқылы жүзеге асырылады.

Электр жүктемесінің есебі жөніндегі деректер нәтижесі 5.1-кестесінде берілген.


5.1-кесте – Электр жүктемелерінің есебі


е/ш


Тұтынушылардың атауы

Белгіленген қуаты, кВт

Есептік қуаты, кВт

Коэффициенті,

Кс



Кернеу,

кВ


Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

1

Шикізатты дайындау учаскесі – жарықтандырудың қуатты жүктемесі

340


25

204


25

0,6


1

0,4


0,23




2

Өндірістік корпус: №1 цех жарықтандырудың қуатты жүктемесі

№2 цех


жарықтандырудың қуатты жүктемесі

324


25
225

25

194

25
135



25

0,6


1
0,6

1

0,4

0,23
0,4



0,23




3

Негізгі өндіріс шеберханасы

150


45

0,3







4

Материалдық қойма

18

11,7

0,65

0,4




5

Компос дайындау учаскесі

26

15,3

0,6

0,4




6

Әкімшілік-тұрмыстық бөлім

20

12

0,6

0,4



7

Тазаруды орнату

100

65

0,65

0,4





8

Аумақты жарықтандыру

20

20

1

0,4

(0,23)








ЖИЫНЫ

1318

797,3




Жану коэффициентін есепке алғанда 677,7 ең жоғ.

Ки=0,8


есеп. Ит= 677,71 кВт



Деректерге сәйкес ток қабылдағыштардың жинақ белгіленген қуаты Ру=1318 кВт, есептік Рр =797,3 кВт. Кәсіпорын бойынша электр энергиясының жылдық шығыны 2829,0 мың кВт/сағатты құрайды.

Кәсіпорын ток қабылдағышының электрмен жабдықтау сенімділігі деңгейі бойынша үшінші санатқа жатады. Кешенді тарату қондырғылары КСО-366 жекелеген орынжайда трансформатор орынжайымен қатар орналасқан.

Қалқан жекелеген орынжайда орналасады және белсенді және реактивті қуатты есептеуіштерді орната отырып, ЩО-70 панелінен жинақталады. 0,98 дейінгі қуат коэффициентін арттыру үшін УК-0, 38-150 КУЗ тұрпатты конденсаторлық қондырғылар көзделген. Қоректендіретін желі 10 кВт жерге төселетін (орда) ААШВУ маркалы кабелде орнатылған. 0,4 кВт қоректендіретін желілері орынжай ішіндегі АВВГ кабелімен орындалған. Кәсіпорынның барлық ғимараттары мен құрылыстарын электрмен жарықтандыру дәстүрлі шешімдерді қолдана отырып қолданыстағы нормаларға сәйкес жеке және тұрпатты жоблар бойынша орындалады.

Электрмен жабдықтау кезінде электр энергиясын үнемдеуді қамтамасыз ететін іс-шаралар қолданылған:

1. қуаттың коэффициентін арттыру;

2. жұмыстан тыс уақытта қуатты трансформаторларды ажырату;

3. жарықтандырудың үнемді көздерін пайдалану және олардың оңтайлы орналастыру.



5.3 Жылумен жабдықтау

«СПҚТҚ» зауытының жанында орналасқан ҚТҚ жағу жөніндегі кешен жылумен жабдықтау көзі болып табылады. Т1-Т2 (180-70)0 С параметрлеріне ие су технология мұқтаждықтарына, жылыту, желдету және ыстық сумен жабдықтауға жылу тасымалдағыш болып табылады.

Ыстық сумен жабдықтау жүйесі құбыржолдың екі тарауы – екі құбырлы тұйықталатын жабық сызба бойынша жылу желісіне қосылған.

Тығын арматурасы мен бақылау-өлшеу аспаптарын орната отырып жылу пункті көзделген.

Бас жоспар талаптары бойынша жылу желілері өтпейтін темір-бетонды каналдар мен тіректердегі жер асты төсемшелерде қабылданды.

Жылу ұзартуларының өтемақысы – жылу құбыры мен П-тәрізді компенсаторлар бұрылыстары есебінен.

Жылу жоғалтуларды төмендету үшін жылу құбыржолдары мен аппаратуралар, сондай-ақ П-тәрізді компенсаторлар оқшауланады.
5.4 Сумен жабдықтау
«СПҚТҚ» жобаланатын зауыты алаңындағы қазіргі су құбыры және кәріз желілері жоқ.

Ас суы мен тұрмыстық қажеттілік үшін су қалалық желілерден алынады.

Ас суы мен тұрмыстық қажеттілік үшін су шығынының нормасы ҚНмЕ 2.04.01 – 85 «Ғимараттың ішкі су құбыры және кәрізі» сәйкес қабылданады.

Технологиялық су шығынының нормасы тазарту құрылыстарынан және су тазарту тұйық жүйесінен және технологиялық суды сақтау және толтыру резервуарына ие «СПҚТҚ» зауытының технологиялық қажеттілігіне сәйкес қабылданды.

Өрт сөндіруге судың болуы біруақыттағы өрт санының 150 Га мөлшері кезінде ҚНмЕ 2.04.02 –84, П.2.22 және П.2.24 сәйкес қабылданады. Өрт сөндіру ұзақтығы 3 сағат.

Сыртқы өрт сөндіруге су шығынын анықтауға жауап беретін ғимарат: көлемі 51530 м3 өндіріс корпусы, өрт қауіпсіздігі бойынша өндіріс санаты «Д», отқа төзімділік дәрежесі ПП. ҚНмЕ 2.04.02 – 84, П.2.14 және П 2.16 сәйкес № 7 кесте сыртқы өрт сөндіруге су шығыны 10л/с.

Кәсіпорын аумағында жалпы көлемі 200 м3 4 темір-бетонды резервуарлар құрамындағы өрт сыйымдылығы көзделген (құрылыс каталогы, 2-бөлім, кәсіпорындардың, ғимараттар мен үймереттердің үлгілік жобалары, ТП.901-4-57.83 үлгілік жобасы).

Сумен жабдықтау жөніндегі шешім судың әкелуін есепке ала отырып ас суына (шаруашылық-тамақтық қажеттілік) мұқтаждық есебінен және басқарушы персоналды шегергенде өндірістің ластанған учаскелеріндегі жұмысшылар құрамының санының есебі кезінде таңдалады.

Тұрмыстық қажеттілікке:


  1. жұмыс ауысымы – 2;

  2. ластануға байланысты учаскелерде айналысатындардың саны – 48 адам;

  3. душ торларының саны 5 дана

1) Q тәул. = 25х48=1,2 (м3/тәул.);

б) Q тәул. /ыстық су = 11х48=0,528 (м3/тәул.);

в) Qсағ.=0,4х48=0,4512 (м3/сағат);

г) Qсағ..ыстық су =4,4х48=0,2112 (м3/сағат);
2) Q тәул..душ = 0,375х5х2=3,75 (м3/тәул.);

б) Q тәул..душ.ыстық су=0,2х5х2=2,0 (м3/тәул.);

в) Q сағат.душ =0,5х5=2,5 (м3/сағат);

г) Q сағат.душ ыстық су = 0,2х5=1 (м3/сағат).


2-3 м3 дейінгі технологиялық мұқтаждыққа су:

а) ҚТҚ ауыр фракцияларын шаюға;

б) макулатураны таратуға;

в) кір мен тоттанудан тазартылған құбырларды жууға.

Пресс форманы салқындату.
Айналымдағы суды қажеттілік көлемі (тазарту құрылғыларында тазартылатын) – айына 50м3. Қажет етілетін әкелу – технологиялық шығынды орындау үшін 15м3.

Технологиялық суды тазарту құрылғылары кезінде 50м3 резервтегі сыйымдылық бар.

Тұндырылған ластауыштармен сұрыпталған су компост алу кезінде қолданылады.

а) Qсағ. =1,2+ 2,5 = 0,075+2,5+2,55 (м3/сағат);

16

б) Q сағат.ыстық су= 0,528 +1=0,033+1=1,033 (м3/сағат);



16

в) Q тәул. .ыстық су= 9,528+2,0=2,528 (м3/сағат);

г) Q тәул. =1,2+3,75=4,95 3/сағат).

Еден жуу: 2,804 (м3/тәул.).


5.5 Кәріз
«СПҚТҚ» зауытында өндіріс және қоршаған ортаны қорғау ортасының талаптарына сәйкес кәріздің келесі жүйелері көзделген:

  1. Тұрмыстық – тұрмыстық ағынды суларды бөлу үшін – 5,53 м3. Тұрмыстық ағынды сулар қалалық кәрізге бөлінеді.

  2. Қар және еріген сулар үшін автожолдарда, алаңдарда, өту жолдары мен еңіс жерлерде, сонымен қатар ғимарат шатырынан, ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған су бұрғыштары бар ғимарат шатырында нөсерлік кәріз жабық желілері орнатылады. Қар және еріген сулар ішінара технологиялық су үшін тазарту құрылғыларына жіберіледі, мұндағы су көлемі 50м3 технологиялық судың кемуін толтыру үшін қолданылатын сыйымдылыққа бөле отырып тазарту құрылыстары секцияларының бірінде тазартылады (ТП.901-4-57.83).




    1. Жылыту және желдету

Жылыту мен желдету қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылады:

– ҚНмЕ 2.04.08-86. «Ауаны жылыту, желдету, баптау».

– ҚНмЕ 2.09.04-87 «Әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар».

– МЕМСТ 12.1.005-76 «Жұмыс аймағының ауасы. Жалпы санитарлық-техникалық талаптар».

– СН–245.71 «Өнеркәсіп кәсіпорындарын жобалаудың санитарлық нормалары.

Жылыту мен желдету жөніндегі есеп үшін есептік параметрлерге мыналар қабылданды:

– ғимараттарда жылыту мен желдетуді жобалау үшін: -320С;

– жылыту кезеңіндегі орташа температура: -7,50 С;

– жазғы кезеңде желдетуді жобалау үшін: +250С;

– жылыту кезеңінің ұзақтығы –212 суток.

Орныжайлар үшін есептік параметрлер:

– өндірістік орынжайлар: +160С;

– қоймалар: +100С;

– тұрмыстық: +180С.

Жылумен жабдықтау объектілері сыртқы жылу желілерінен жүзеге асырылады. Өндірістік орныжайлардың жылыту және желдету жүйелеріне арналған жылу тасымалдағыш ретінде 180-700С параметрлеріне ие ысытылған су қызмет атқарады, әкімшілік-тұрмыстық жылыту үшін су температурасына қатысты элеватор торабында 105-700 С дейін төмендейді.

Жылу энергиясы шығынының есебі тұтынушының әрбір ғимаратында жүзеге асырылады. Объектілер бойынша жылу шығыны 5.2 және 5.3-кестелерінде берілген.
5.2-кесте – Жылу энергиясы шығынын есепке алу


Жылудың сағаттық шығыны

Объектілердің атауы, ккал



жылытуға

желдетуге

қалалық сумен жабдықтауға

технологиялық мұқтажға

1

2

3

4

5

1

Өндірістік тұрқы:

-№ 1 цех


-№ 2 цех

363500


299680

1283740


1460000

23300


-

2

Негізгі өндіріс шеберханасы

37290

182700

-

3

Материалдық қойма

54270

-

-

4

Компосты дайындау учаскесі

10740

52330

-

5

Әкімшілік-тұрмыстық бөлік

58464

87900

-

6

Жиыны:

723944

3066570

23300

5.3-кесте – Жылудың жылдық шығыны, Мкал




жылытуға

желдетуге

қалалық сумен жабдықтауға

технологиялық мұқтажға

жылытуға

1.

Өндірістік тұрқы

№ 1 цех


№ 2 цех

655,8


745,9

2131


2423,5

12,0


-

27100


54200

2

Негізгі өндіріс шеберханасы

92,81

303,3

-

-

3

Материалдық қойма

93,3

-

-

-

4

Компосты дайындау учаскесі

26,73

86,9

-

-

5

Әкімшілік-тұрмыстық бөлік

157,3

157,5

-

-




Жиыны

1771,83

5102,2

12,0

27100

54200


Өндірістік тұрқы.


№1 Цех. Сумен тегіс құбырлық тіркегіштермен жылыту.

Механикалық және табиғи қосылатын құйылу-сору желдеткіші. Бір желдеткіштен өзге жергілікті сорғыштар көзделген. Негізгі зияндылығы шаң, жылу. Жалпы желдету бойынша ауа алмасуының қысқалығы – 1.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет