Ж. З. Оразбаев, Т. Е. Ермеков, М. В. Долгов


ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР



бет11/11
Дата09.06.2016
өлшемі10.16 Mb.
#125474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР


  1. Республика Заңына сәйкес негізгі терминдер және анықтамалар




Терминдер атауы

Анықтамалар

Коммуналдық-тұрмыстық қалдықтар

Адамның тіршілігі барысында түзілетін қалдықтар

Қалдықтар түрі

Жалпы белгілерге ие қалдықтардың жинағы

Қалдықтардың қауіптілік сыныбы


Қалдықтардың сыныптамасы - оларды қалдықтардың қоршаған орта мен адамның денсаулығы үшін қауіптілігіне сәйкес оларды қалдықтардың сыныптарға жатқызу тәртібі

Қоршаған ортаны ластау лимиттері

ластағыш заттардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының жалпы түсу көлемінің, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістер мен өзге де зиянды физикалық ықпалдар әсері деңгейлерінің қолайлы қоршаған орта сақталатын шектері

Қалдықтармен айналысу нормативтері

Қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін есепке ала отырып, қалдықтардың түзілуіне, жиналуы, сақталуы мен пайдалануы, кәдеге жарату, тасымалдау және көмуге байланысты сандық және сапалық шектеулер

Қалдықтармен айналысу

Қалдықтардың түзілуіне, жиналуы, сақталуы мен пайдалануы, кәдеге жарату, тасымалдау және көмуге байланысты барлық қызмет түрлері

Қалдықтар орналастырылатын объектілер

Полигондар, қож қоймалары, қалдық қоймалары, ту кендерінің қайырмалары және қалдықтарды сақтау және көмуге арналған басқа да жабдықталған орындар

Қауіпті қалдықтар

Құрамында қауіпті қасиеттерге (уыттылық, жарылысуға қауіпті, радиоактивтілік, өртке қауіпті, реакциялық қабілеті жоғары) ие зиянды заттар бар және дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тікелей немесе әлеуетті қауіп тудыруы мүмкін қалдықтар

Тұтыну қалдықтары

Физикалық немесе моральдық тозу нәтижесінде өзінің тұтынушылық қасиетін толық немесе ішінара жоғалтқан материалдар мен заттар

Өндіріс қалдықтары

Өнім өндірісі кезінде, өзге де технологиялық жұмыстарды орындау кезінде түзілген және өзінің тиісті өндірісте қолдануға қажет техногендік минералдық түзілістер, ауыл шаруашылық өндірісінің қалдықтарын қоса, бастапқы тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан шикізат қалдықтары, материалдар, химиялық қосылыстар

Шағын қалдықты технология

Өнімді өндіру процесі, оның барысында өнім бірлігі өндірісі кезінде осы өнімді алудың қазіргі әдістерімен салыстырғанда қалдықтардың шағын көлемі түзіледі




  1. ҚР ратификациялаған СГНГ мемлекетаралық стандарттарға сәйкес қабылданған терминдер мен анықтамалар (мемлекетаралық стандарт, Ресурс үнемдеу. Қалдықтармен айналысу. МЕМСТ 30772-2001. Терминдер және анықтамалар)




Терминдер атауы

Анықтамалар

Қауіпсіз қалдықтар

Белгілі талаптар мен белгілі уақытта олармен айналысу және (немесе) олардың болуы адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға қауіпсіз деп танылған қалдықтар

Жарылыс қауіпті қалдықтар

Жарылыс тудыратындай жылдамдықта, температура мен қысымда газ бөлетін химиялық реакцияға қабілетті химиялық заттардан тұратын, қалдықтар, қалдық қоспалары

Қалдықтар иесі

Қалдық меншік иелерімен келісім бойынша оларды дайындау, кәдеге жарату, сақтау орнына тасымалдау, көму және/немесе жоюды жүргізетін заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер

Қалдықтарды демеркуризациялау

отходов


Құрамындағы сынап және/немесе оның қосылыстарын алудан тұратын қалдықтарды залалсыздандыру

Сұйық өрт қауіпті қалдықтар

жабық сосудта 60 градустан жоғары немесе ашық сосудта 65,6 градустан жоғары температура кезінде өрт қауіпті бу шығаратын сұйықтық, сұйықтық қоспасы және/немесе қатты заттардан тұратын ерітіндідегі немесе суспензия түріндегі қалдықтар

Қалдықтарды көму

Қалдықтардың қорғалмаған адамдар мен қоршаған табиғи ортаға қауіпті әсерін болдырмайтын шектеусіз мерзім ішінде қауіпсіз сақтау үшін арнайы белгіленген орындарда жинау

Қалдықтарды сәйкестендіру

Аталған объектінің қандай да болмасын қалдыққа тиесілігін анықтауға байланысты қызмет, ол объектінің қауіпті, ресурстық, технологиялық және басқа да сипаттамалары туралы деректермен қамтамасыз етіледі

Қалдықтар сыныптауышы

Қалдық сыныптауышының нәтижелеріне сәйкес кесте, сипаттама түріндегі белгілері бойынша қабылдау және сақтау үшін қолайлылық үшін деректер таратылған және кодталған

қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат




Қалдықтарды кодтау

Сыныпталатын қалдықтарды сыныптау жүйесімен белгіленген қағидалар бойынша белгі (әріп, цифр және т.т.) түрінде барынша толық, қысқа және нақты беруге мүмкіндік беретін техникалық тәсіл

Қалдықтарды орналастыру лимиті

Жеке немесе заңды тұлғаға белгілі мерзімде (аумақ, сыйымдылық және т.т.) белгілі әдіспен орналастыру үшін уәкілетті орган рұқсат берген қалдықтардың нақты түрінің шекті көлемі

Қалдықтарды шектеу

Қалдықтар көзінде немесе технологиялық процесс барысында қалдықтардың түзілуін қысқарту немесе толық тоқтату

Қалдықтарды бейтараптандыру

Қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету немесе толық жою мақсатында оларды физикалық, химиялық немесе биологиялық өңдеу

Қалдықтарды залалсыздандыру

Қалдықтардың қауіптілігін жою немесе оны шекті мағынаға дейін азайту мақсатына ие қалдықтарды өңдеу

Қалдықтарды өңдеу

Қалдықтардың көлемiн немесе зиянды қасиеттерiн азайту үшiн олардың сипатын өзгертетiн, олармен жұмыс iстеудi жеңiлдететiн немесе кәдеге жаратуды жақсартатын сұрыптауды қоса алғанда, физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық процестердің өзгерісіне алып келетін қандай да болмасын технологиялық операцияны орындауға байланысты қызмет

Қалдықтар қауіптілігі

Қауіпті қасиеттердің біріне ие заттың қалдығы құрамында белгілі жағдайда адамдар денсаулығы мен табиғи ортаға дербес, сондай-ақ басқа да заттар мен қалдықтармен байланысу кезінде тікелей немесе ықтимал қауіп төндіру мүмкіндігін шарттайтын қалдықтардың өлшенетін және құжатталатын қасиеті


Қалдықтар

Белгілі қызмет процесінде немесе оның аяқталуында түзілетін және осы қызметпен тікелей байланыста пайдаланылмайтын қалдықтың өнімі немесе қосымша өнім


Қалдықтарды паспорттау

Осы саладағы жұмысты ресурс үнемдеу және қауіпсіз реттеу мақсатында қалдықтар төлқұжаты негізінде жүргізілетін қалдықтардың айналуындағы технологиялық цикл кезеңінде оның қасиетін сәйкестендіру, физикалық-химиялық және технологиялық сипаттау жөніндегі әрекеттердің кезектілігі


Қалдықтарды өңдеу

Халық шаруашылығында алынған шикізатты, энергияны, бұйымдар мен материалдарды қайтара пайдалануды қамтамасыз ету үшін қалдықтармен айналысу бойынша жүргізілетін технологиялық процестердің орындалуына байланысты қызмет


Қалдықтарды көму полигоны

Көмілген қалдықтардың қорғалмаған адамдар мен қоршаған табиғи ортаға әсер етуіне жол бермейтін қалдықтарды көму үшін арнайы жабдықталған орын

Қалдықтар шығару

Қалдық шығаратын кез-келген заңды тұлға, жеке кәсіпкер немесе осы тұлғалар белгілі болса, осы қалдықтарды иеленетін немесе аумағында қалдық орналасқан тұлға


Қалдықтарды орналастыру

Қалдықтарды сақтау немесе көмуді жүзеге асыру операциялары кешенін аяқтауға байланысты қызмет

Қалдықтарды регенерациялау

Қолданыстағы құжаттарға немесе қазіргі қажеттіліктерге сәйкес қалдықтарды қайталама шикізат деңгейіне дейін немесе материалды тікелей немесе өзге де мақсаты бойынша қайталама пайдалану үшін қалпына келтіруге жеткізетін әрекет


Қалдықтарды жинау

Қалдықтармен айналысу жөніндегі кезекті жұмыстарды қамтамасыз ету үшін, белгілі уақыт ішінде олардың түзілу орнынан алуға байланысты қызмет


Қалдықтарды жинау

Қалдықтардан бағалы материалдарды, күл немесе энергия алу үшін, олардың көлемін азайту мақсатындағы тотықтыру термиялық процесі


Қалдықтарды қоймалау

Қалдықтарды белгілі уақыт ішінде сақтауды бақылау мақсатында ол үшін бөлінген орынжайларда, үймереттерде, аумақ учаскелерінде қалдықтардың орналасуын реттеуге байланысты қызмет

Қалдықтардың меншік иесі

Қалдықтарды жоюды қоса, оларды дайындау, өңдеу және қалдықтарға байланысты басқа да жұмыстарды жүзеге асыратын, меншігінде өндірілетін қалдықтары бар заңды тұлға, жеке кәсіпкер


Қатты өрт қауіпті қалдықтар

Жарылыс қауіпті ретінде сыныпталғандардан өзге, тасымалдау кезінде жеңіл жану мүмкін немесе өшіру кезінде өрт тудыруы немесе өртті күшейтуі мүмкін қатты қалдықтар

Қалдықтардың технологиялық циклі

Нақты қалдықтарды жою технологиялық процестерінің кезеңділігі

Уытты қалдықтар

Биологиялық жүйеге биоаккумулирлеу және (немесе) уытты әсер ету нәтижесінде қоршаған ортаға түскен кезде адамға қатер төндіретін немесе қатер төндіруі мүмкін заттардан тұратын қалдықтар


Қалдықтарды тасымалдау

Қалдықтардың түзілу, жинақталу, сақтау, кәдеге жарату, көму немесе жою орындары немесе объектілері арасында қалдықтарды ауыстыруға байланысты қызмет

Қалдықтарды жою

Мақсаты қалдықтардың болуын толық тоқтату болып келетін қалдықтарды өңдеу

Қалдықтарды кәдеге жарату

Қалдықтардың технологиялық циклы немесе шығынға жазылған бұйымдарды қайталама пайдалану немесе өңдеуді қамтамасыз ету кезеңдерінде қалдықтарды пайдалануға байланысты қызмет

Қалдықтарды сақтау

Одан әрі өңдеу, тасымалдау, пайдалану, жою немесе көму мақсатында қалдықтардың белгілі уақыт аралығы ішінде белгілі берілген орында немесе белгілі жағдайда болуынан тұратын болуы тәртібі (түрі)


Қалдықтардың технологиялың циклінің кезеңдері

Қалдықтардың пайда болған уақытынан бастап және оның болуы аяқталғанға дейінгі уақыт кезеңінде нақты қалдықтармен айналысу процестерінің кезеңділігі: өнімнің тіршілігі циклы кезеңдерінде қалдықтарды кәдеге жарату, көму немесе жоюды қоса, одан әрі паспорттау, жинау, сұрыптау, тасымалдау, сақтау (қоймалау)



МАЗМҰНЫ




Кіріспе

3

1


Барлық морфологиялық құрамдағы қатты-тұрмыстық қалдықтарды ұнтақтау мен ұсақтау процестері үшін технологиялық жабдық параметрлерін зерттеу және таңдау

10

1.1

ТМ елдері мен шет мемлекеттерде қатты-тұрмыстық және сұйық өнеркәсіп қалдықтарын өңдеу және кәдеге жаратудың жай-күйін шолу және талдау

10

1.2

Қазақстан Республикасының ауыспалы кезеңдеріндегі экономикалық мәселелер

20

1.3

Қалдықтарды кәдеге жарату технологиялық желісі жабдықтары параметрлерін таңдау және есептеу

24

2

Экологиялық және өндірістік қауіпсіздік талаптарын есепке ала отырып өнеркәсіп қалдықтарын химияландыру параметрлерін зерттеу

36

2.1

Полимер қалдықтарының режимдік параметрлерін және физикалық-механикалық қасиеттерін зертханалық зерттеу


36

2.2

Зертханалық миксердің құрылымы мен жұмыс принципі

39

2.3

Қатты және сұйық өнеркәсіп қалдықтары химиялық процестерін зертханалық зерттеу нәтижелері


46

2.4

Химиялық әдіс кезінде қалдықтарды кәдеге жаратудың экологиялық және өндірістік қауіпсіз технологиясын қамтамасыз ету


47

2.5

ҚТЖСӨҚКЖ (қатты тұрмыстық және сұйық өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жарату) негізгі мақсаттары мен міндеттері

49

2.6

«ҚТЖСӨҚКЖ» зауыты өнеркәсіп қалдықтарын пайдалана отырып шығаратын өнімді өткізу нарығы

68

3

Жаңа ұрпақ зауытының сұрыптау және көмусіз ҚТҚ және сұйық өндірістік қалдықтар технологиясы сызбасын әзірлеу


78

3.1

Қатты тұрмыстық және сұйық өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратудың инновациялық технологиясын әзірлеу


78

3.2

Қатты тұрмыстық және сұйық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі зауыттың техникалық жобасы

85

3.3

«ҚТЖСӨҚКЖ» зауытының шығаратын өнімі

96

3.4

ТМД елдері мен шет елдердегі жалпыға танымал технологиялар алдындағы артықшылығы

103

3.5

Қатты-тұрмыстық қалдықтардың барлық морфологиялық құрамын кесудің жаңа инновациялық әдістерін есепке ала отырып кәдеге жарату технологиясын жетілдіру жөніндегі әзірлеу

105

3.6

Дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыру жолымен әртүрлі салаларда алынған материалдарды пайдалану жөніндегі инновациялық технология

110

4

Бас жоспар. «ТЖСҚКЖ» зауытын орналастыру

121

4.1

Құрылыс алаңының сипаттамасы

121

4.2

Сәулет-жоспарлау шешімі

121

4.3

Инженерлік желілер

122

5

Шикізатпен, материалдар, энергетикалық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету

123

5.1

Шикізат және материалдармен қамтамасыз ету

123

5.2

Электрмен жабдықтау

123

5.3

Жылумен жабдықтау

124

5.4

Сумен жабдықтау

125

5.5

Кәріз

126

5.6

Жылыту және желдету

127

6

Құрылыс шешімі

130

6.1

Сәулет-құрылыс шешімі

130

6.2

Көлемдік-жоспарлау және құрылымдық шешімдер

130

7

Қоршаған ортаны қорғау

132

7.1

Жалпы деректер

132

7.2

Ауа атмосферасын ластау есебі

133

7.3

Тұрмыстық ағындарды тазарту құрылғылары

134

7.4

Тазарту желілерін сипаттау

136




Қорытындылар, ұсыныстар

137




Қолданылған әдебиеттердің тізімі

139




Терминдер және анықтамалар

150




Мазмұны

154




Қосымшалар

156

1-қосымша


2-қосымша




3-қосымша


4-қосымша



Оразбаев Жұматай Зейноллаұлы – техникалық ғылымдар докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҒЗЖ департаментінің жетекші ғылыми қызметкері;

Төлеухан Ермекұлы Ермеков – техникалық ғылымдар докторы, КСРО ЖООМИН премиясының лауреаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жасанды интеллект институты мехатроника және роботты технологиялық жүйлер зертхасының меңгерушісі;

Максим Викторович Долгов – ғылым магистрі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Көлік тасымалы, қозғалысы және пайдалануды ұйымдастыру» кафедрасының оқытушысы.

ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫН КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ПАРАМЕТРЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ
Басуға қол қойылған

Типографияда басып шығарылған



Ж.З. Оразбаев, Т.Е. Ермеков, М.В. Долгов

ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫН КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ПАРАМЕТРЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ
Форматы 60х84/1. Офсеттік қағаз

Таралымы 150 дана. № 420 тапсырыс
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 13







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет