Өмірбаяны Ағылшын философы, жаратылыстанушы, тарихшы әрі мемлекетік қайраткер. Ағылшын эмпирикалық философиясының негізін салушы. Френсис Бэкон (1561-1626ж.ж) – 1561 жылы Лондонда белгілі ақсүйек лордтың отбасында дүниеге келген. Жастайынан өзінің алғырлығымен көзге түскен Френсис 12 жасында-ақ Кембридж университетінің саясаттану бөліміне түседі. Университетте оқып жүріп, ол әртүрлі дискуссиялық клубтарда белсенді іс-әрекеттер жасап, өзінің ақыл-ой парасаттығының дамуына үлкен үлес қосады. Төрт жылдың ішінде-ақ бес жылдық оқу курсын аяқтап, Париждегі ағылшын елшілігінде үш жыл хатшылық қызмет атқарады. 1582 жылы Лондонға қайтып келген Френсис үш жылдай құқылық практикамен айналысады. Кейін тәжірибесі мен дәрежесі өсе келе корольдің үлкен мөрін сақтуашысы болып жұмыс істеген. Оның мемлекеттік қызметте жеткен шыңы – ол 1618 жылы ең жоғарғы лорд-канцлерлік әкімшілік орынға ие болып. Англияның билік өкілдерінің ішінде корольден кейінгі дәрежесі жағынан екінші адам болады. Король Яков І оған Верулам деген жердегі үлкен қорғанды сиға тартып, «Верулам лорды» деген атақ береді. Кейбір әдебиеттерде оны Френсис Веруламский деп те атайды. Алайда, саясатта тұрақтылық жоқ, сондықтан, жүре келе, ол бұл саладан кетуге мәжбүр болады. Бұған себеп болған оны парақорлықпен айналысты деп айыптаған. Тіпті оны Корольдік сотта соттап, қырық мың фунт стерлинг төлетуіне мәжбүрлеген. Бұл оқиғадан кейін оның билік сахнасынан мүлдем кетуіне тура келеді. Бірақ Френсис Беконның биліктен кетуі оның философиямен айналысуына жол ашылады. Ендігі қалған өмірін философия мен ғылымға арнаған ол әлемді қамтитын алты кітаптан тұратын еңбек жазуды жоспарлаған. Алайда тек оның екеуін ғана жазып үлгерді. Бірі – «Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы», екіншісі – «Жаңа Органон». Френсис Бекон тәжәрибелік материализмді қолдады. Өзі де тәжірибелер жүргізді. Оның дүние салуы да осы тәжірибе жүргізуден болды. Бұл тәжірибесінде ол тауық етін қарға көміп қойып, оның қанша уақыт бойы бұзылмайтынын тексеру еді. Осы тәжірибені жасау брысында суық тигізіп алған Англия жаңа ғасыр философиясының негізін қалаушысы Френсис Бекон Веруламский 1726 жылы аурудан қайтыс болады.