Жаңа дәуір философиясы



бет4/6
Дата04.10.2023
өлшемі238.5 Kb.
#479716
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Фрэнсис Бэкон

ЖАҢА ОРГАНОН
Табиғатты түсіндіру және адам патшалығы жөнінде афоризмдер


1) Адам табиғаттың қызметшісі және түсіндірушісі, оның реттілігін ісімен және пайымдауымен қаншама ұғынса, соншама атқарады әрі түсіндіреді, одан артық ол білмейді және біле де алмайды.
2) Құр қол да, жалаң зерде де өз өздігінде тек дәрменсіз. Іс құралдармен және қажетті амалдармен бітеді, олар қолға қанша қажет болса, зердеге де сонша қажет. Құралдар қолға қаншалықты айла әрі бағыт беретін болс, ақылдың құралдары да зердеге соншалықты нұсқаулар мен ескертпелер береді.
3) Адамның білімі мен құдіреті тепе-теңдік, өйткені себепті білмеу істі қиындатады. Табиғат оған тек бағынумен жеңіледі, аңдауда себеп болатын нәрсе іс-әрекетте ереже болып табылады.
4) Іс-әрекетте адам «табиғат денелерін» тек біріктіріп және ажыратудан басқа ешнәрсе істей алмайды. Қалғанын табиғат өз ішінде жасайды.
5) Өз істерінде механиктер, математиктер, емшілер, алхимиктер және сиқыршылар да табиғатты біршама аңдайды, бірақ бұл жағдайда табыстар әлсіз және әрекеттер мардымсыз.
8) Осы уақытқа дейін білетіндеріміз үшін адамдар ғылымдардан гөрі кездейсоқтық пен тәжірибеге қарыздар. Біз қазір ие болып отырған ғылымдарымыз жаңа істерді ашудың тәсілдері мен жол көрсеткіштері емес, белгілі нәрселердің қосындысы ғана.
9) Ғылымдардағы барлық тығырықтардың түпкі себебі мен тамыры бір нәрседе: біз адам ақылының күшіне алдамшы түрде таңданамыз, оларды көкке көтереміз және олар үшін нағыз көмекті іздемейміз.
10) Табиғаттың нәзіктігі сезімдер мен зерденің нәзіктігінен әлдеқайда асып түседі, сондықтан барлық керемет аңдаулар, пайымдаулар, түсіндірулер – мағынасыз нәрселер; тек соны көретін ешкім жоқ.


11) Жаңадан жаңалықтар ашу үшін қазіргі барлық мағынасыз ғылымдар сияқты, білімдер ашу үшін қазіргі барлық логика да жарамсыз.
12) Қазіргі кезде қолданып жүрген логика жаппай қолданған ұғымдарда негізделгендіктен ақиқатты іздеуден гөрі адасушылықтарды нығайту және сақтау үшін қызмет етеді. Сондықтан оның пайдасынан гөрі зияны көп.
13) Силлогизм білім ұстанымын қолдануға жарамсыз, ол табиғаттың күрделілігіне тіпті де сәкес болмағандықтан орта аксиомаларға мардымсыз дәрежде ғана қолданылады. Сондықтан ол өзіне заттарды емес, пікірлерді ғана бағындырады.
14) Силлогизмдер сөйлемдерден, сөйлемдер сөздерден тұрады, ал сөздер – ұғымдардың белгілері. Сондықтан егер барлығының негізін құрай отырып, ұғымдардың өздері шатастырылған және заттардан еш ойланбастан ажыратылған болса, онда олардың құрған нәрселерінде ешбір беріктік жоқ. Сондықтан жалғыз үміт артатынымыз нағыз индукция.
15) Логикада да, физикада да ұғымдарда еш дұрыс мағына жоқ. «Субстанция», «сапа», «әрекет», «кемістік» тіпті «болмыс» дегендер жақсы ұғымдар болып табылмайды; одан да жаман ұғымдар: «ауыр», «жеңіл», «қою», «сұйық», «ылғал», «құрғақ», «тудыру», «ыдырау», «жаратылыс», «алшақтау», «элемент», «материя», «форма» және сол сияқты басқалар. Бұлардың барлығы ойдан шығарылған және нашар анықталған.
16) Ұғымдардың төменгі түрлері – «адам», «ит», «көгершін» және тікелей қабылдай сезімдерін көрсететін ұғымдар «ыстық», «суық», «ақ», «қара» - бізді айқын түрде адастырмайды, бірақ та олар да материяның ағымдылығынан және заттардың араласуынан кейде көмескі тартады. Осы уақытқа дейін адамдар қолданып келген ұғымдар заттардан дұрыс тәсілмен бейнеленбеген және олардан дұрыс шығарылмаған, ауытқыған.
18) Осы уақытқа дейін ғылымдардың ашқандары толығымен кәдімгі ұғымдар аумағына жатады дерлік. Табиғаттың тереңіне және қиырына жету үшін ұғымдар мен аксиомаларды заттардан дұрыс және айрықша абайлықпен бейнелеу қажет және зерденің жақсы және сенімдірек жұмысы қажет.
19) Ақиқатты іздеудің және ашудың екі жолы бар және болуы мүмкін. Біреуі сезімдерден және жекеліктерден ең жалпы аксиомаларға қалықтап және бұл негіздерден олардың айнымас ақиқатынан шыға отырып, орта аксиомаларды ашады және талдайды. Қазір де осы жолды қолданып жүр. Басқа жолы: үздіксіз және біртіндеп, соңында жалпырақ аксиомаларға жеткенше, көтеріле отырып, аксиомаларды түйсіктерден және бөліктерден шығарады. Бұл нағыз ақиқат, бірақ әлі сыналмаған жол.
20) Зерде өзінің өздігінде сол, диалектика ережелері апаратын, атап айтқанда, бірінші жолға түседі. Өйткені рух ең жалпылыққа бірден көтерілуге ұмтылады да, сонда тыныштық тауып, тез арада тәжірибеден ескермеуге бой ұрады. Оның үстіне бұл кемістікті диалектика өзінің көпірме айтыстарымен ушықтырып жібереді.
21) Парсатты, төзімді және қажырлы ақыл болса (әсіресе, егер оған бұрын меңгерілген ілімдер кедергі жасамаса) өз өздігіндегі зерде біршама осы екінші, ақиқат жолмен жүруге тырысады, бірақ ол көбіне өнімсіз. Өйткені оны үнемі басқарып отырмаса және оған көмектесіп отырмаса, онда зерде өз өздігінен дәрменсіз және заттардың түнектігін жеңуге мүлдем қабілетсіз.
22) Бұл екі жол түсініктер мен жекеліктерден басталып және жоғарғы жалпылықта аяқталады. Бірақ олардың айырмашылығы өлшеусіз. Өйткені біреуі тәжірибені және жекеліктерді тек астыртын жанап өтеді, екіншісі тиісті тәртіппен оларға тоқталады. Біреуі бірден небір абстрактылы және пайдасыз, жалпылықты орнатады, екіншісі біртіндеп шынымен де табиғатқа не сай болса, соған көтеріледі.
23) Адам ақылының сиынатыны мен құдайлық зерденің идеяларының, яғни бос пікірлер мен бізге өз өздігінен ашылатын табиғат туындыларының шын қасиеттері мен нағыз белгілері арасында айырмашылық аз емес.
24) Ешқашан пайымдау белгілеген аксиомалар жаңа істердің ашылуы үшін маңызды болуы мүмкін емес, өткені табиғаттың күрделілігі пайымдаулардың күрделілігінен бірнеше есе асып түседі. Бірақ тиісті дәрежеде жекеліктерден шығарылған аксиомалар, өз жағынан жаңа жекеліктерді оңай көрсетеді және анықтайды, әрі осындай жолмен ғылымдарды ұтымды етеді.
25) Қазіргі кезде қолданылатын аксиомалар тапшы да жәй тәжірибеден және әдетте кездесетін бұл фактілер мен олардың көлеміне сай дерлік, кейбір жекеліктерден шығарылады. Сондықтан бұл аксиомалар жаңа жекеліктерге әкелмесе, оған таңданудың қажеті жоқ, Егер де, бұрын белгісіз бір мысал ашылса, аксиоманы белгілі бір құйтұртқы дистинкцияның көмегімен құтқарады, ал шындығында аксиоманың өзін жөндеген дұрысырақ болар еді.
26) Біз әдеттегі табиғатты зерттеуде қолданылатын танымды, білім беру мақсатында табиғатты болжау деп атаймыз, өйткені ол асығыс әрі жетілмеген. Заттардан тиісті мөлшерде алатын танымды біз табиғатты талдау деп атаймыз.
27) Алдын ала болжаулар келісім үшін әжептеуір нағыз негізді құрайды. Өйткені егер адамдардың есі шығуының өзі белгілі бір бейнеде және формада өтетін болса, олар өз араларында келісімге әлдеқайда оңай келе алады.
28) Келісімге жету үшін, талдаудан гөрі, алдын ала болжаулар күштірек, өйткені, аз болса да есесіне көбірек кездесетін мысалдардан алынған, сондықтан да олар сол мезетте зердені жаулап алады және қиялды толтырады, ал әртүрлі және әр жерге шашылған заттардан алынған талдаулар, керісінше, бірден біздің зердемізге кедергісіз өте қоймайды. Сондықтан олар жалпы пікір үшін, сенімнің құпиялары сияқты, оғаш және түсініксіз болып көрінуі мүмкін.
29)Алдын ала болжауды және диалектиканы пайдалану пікірлер мен көзқарастарға негізделген ғылымдарға орынды, өйткені олардың мақсаты заттарды танып-білу емес, келісімге жету.
30) Егер тіпті барлық дәуірлердің данышпандары келісіп және күш-жігерін біріктірген күннің өзінде де алдын ала болжаудың көмегімен олар ғылымды алысқа апара алмайды, өйткені ақылдың бірінші күш салуымен жасалған негізгі қателіктер кейінгі іс-әрекеттердің және дәрі-дәрмектің күштілігімен де жазылмайды.
31) Жаңаны ескіге енгізуден және телуден білімде үлкен өзгерісті күту орынсыз. Егер біз ең мардымсыз қозғалыспен мәңгілік шеңберде орала бергіміз келмесе, ең соңғы негізге дейін жаңаруы керек.
32) Бұрынғы өткендердің және тіпті барлық авторлардың абыройы мызғымастан қалады, өйткені ақылдың қабілеттері немесе немесе дарындылықтар емес, таным жолдары салыстырлады. Мен соттың ісін емес, көрсетушінің ісін атқарамын.
33) (Ашық айтайық) алдын ала болжаумен (яғни, әдетте пайдаланылатын негіздерден) біздің жолымыз және ол жолмен не табылғаны жөнінде дұрыс пікір шығаруға болмайды. Өйткені өзі күдік тудыратын нәрсеге жүгінуге болмайды.
34) Біз ұсынып отырғандарды түсіндірудің және жеткізудің тәсілін табу оңай емес. Өйткені, өздігінен жаңа нәрсе тек ескімен салыстыру арқылы ғана түсінікті болады.
35) Адамдардың ақыл-есін жаулап алған төрт түрлі сиынатын елес (идол*) бар. Оларды зерттеу үшін атау берейік. Бірінші түрін рулық сиынатын нәрселер, екіншісін түрін үңгірлік сиынатын нәрселер, үшіншісін – алаңдық сиынатын нәрселер және төртіншісін – театрлық сиынатын нәрселер деп атайық.
36) Нағыз индукция арқылы ұғымдар мен аксиомалар жасау, сөзсіз сиынатын нәрселерді әшкерелеу және аластауға арналған нағыз құрал. Бірақ сынатын нәрселерді көрсетудің өзі де өте-мөте пайдалы. Сиынатын нәрселер туралы білім табиғатты түсіндіру үшін, жалпы қабылданған диалектика үшін софизмдерді терістеу туралы ілім қандай болса, сондай болады.
37) Рулық сиынатын елестер адам табиғатының өзінде, тайпада немесе адамдардың табиғатының өзінде негіз табады, өйткені адамның сезімі заттардың өлшемі болып табылады деген пайым жалған. Керісінше, сезімнің де, ақылдың да қабылдаулары әлемнің аналогиясына сай емес, адамның аналогиясына сай. Адамның зердесі заттардың табиғатына өзінің табиғатын араластыра отырып, заттардың шын бейнесін бұзып және сұрықсыздандырып бейнелейтін қисық айна тәрізденеді.
38) Үңгірлік сиынатын елестер жеке адамдардың адасуы. Өйткені әркімнің, адамзатқа тән қателерінен басқа, табиғаттың жарығын әлсірететін және бүлдіретін, өзінің үңгірі бар. Бұл әркімнің туа біткен ерекше қасиеттерінен, немесе тәжірибесінен және басқалармене әңгімелесуінен, немесе кітап оқуынан және кімге бас иетініне, беделдерден, немес оларды алдын-алаойлана алатын және бейімделген жандар қабылдай ма, соған байланысты әсерлердің айырмашылығы салдарынан, немесе себептерден болады. Сондықтан адамның рухы, әрбір рухы, әрбір адамда қандай орын алуына байланысты өзгермелі, тұрақсыз және кездейсоқ сияқты нәрсе. Міне, осындықтан Гераклит, адамдар білімді үлкен немесе жалпы әлемде емес, кіші әлемде іздейді деп, дұрыс айтқан.
39) Сонымен қатар адамдардың өзара байланысының және бірлестігінің әсерінен болатын сиынатын нәрселер бар. Бұл сиынатын мәселелерді біз оларды адамдардың қатынастары мен қауымдастығын тудыратынын ескере отырып, алаң немесе базар сиынатын елестер деп атаймыз. Адамдар тіл арқылы бірігеді. Сөздер тобырдың түсінігіне сәйкес қалыптасады. Сондықтан сөздердің жаман және қисынсыз қалыптасуы зердені таң қаларлықтай дәрежеде тежейді. Оқымысты адамдырдың өздерін сақтау және қорғау үшін жасаған анықтамалары мен түсініктемелері іске еш жағдайда көмек бермейді. Сөздер тұп-тура зердені зердені шатастырып, бәрін араластырады, зорлайды, адамдарды бос және сансыз даулар мен талқылауларға апарады.
40) Соңында, философияның әртүрлі догматтарынан, сонымен қатар дәлелдемелердің тұрақсыз заңдарынан, адамдардың жандарына сіңіп алған сиынатын нәрселер бар. Оларды біз театрлық сиынатын елестер деп атаймыз, өйткені біз қанша қабылданған және ойлап табылған философиялық жүйелер бар болса, сонша, ойлап табылған және жасанды әлемді көрсететін, комедиялар қойылған және ойланған деп есептейміз. Біз бұны тек қазір немесе бұрын болған философиялық жүйелер туралы ғана айтпаймыз, өйткені мұндай дәрежедегі ертегілер көп мөлшерде ойлап табылуы және құрастырылуы мүмкін еді; өйткені жалпы әртүрлі қателердің әдетте сол бір ғана себебі болады. Сонымен қатар біз бұл жерде тек қана жалпы философиялық ілімдерді ғана ұғынбаймыз, қала берсе, аңыз, сенім және қамсыздықтың әсерінен күш алған көптеген ғалымдардың бастамалары мен аксиомаларын ұғынамыз...




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет