Жаңа дәуір философиясы


Ф. Бэкон – Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкілі



бет3/6
Дата04.10.2023
өлшемі238.5 Kb.
#479716
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Фрэнсис Бэкон

Ф. Бэкон – Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкілі.

Орта ғасырлардағы схолостикалық логиканың тұлдығын жан-жақты сынап, оны бедеулік іс-әрекет екендігін көрсетеді. Оны жаңадан ғылымдардың жаңалықтар ашып, табиғатты жан-жақты тануының алдындағы үлкен тосқауыл деп білді. Логика оның бойынша өз формаларының өзара қатынастарын зерттеуден гөрі табиғатты зерттеудің құралы болуы тиіс. Осы тұрғыдан ол Аристотельдің «Органонын» қатты сынға алды, ол өз міндетін атқара алмады деп ойлады. Бірақ орта ғасырлық схолостикалық формальдық логика мен Аристотель логикасын бір нәрсе деп, соңғысын көбіне тар өрісте көрді. Осындай мақсатпен 1620 өзінің ең атақты еңбегі «Жаңа Органон» деген еңбегін жазды.


Ф.Бэконның қол астынан шыққан еңбектерінің ішінде “Ғылымдардың қадырлығы мен көбейуі жөнінде”, “Жаңа Органон”, “Жаңа Атлантида” деген еңбектерін атап өтуге болады.
Ф. Бэконның шығармаларының ерекшеліктері – ол білімнің өмірге деген қажеттіліктен пайда болатындығын асыра көрсетуі. Ол әсіресе, табиғатты зерттеудің қажеттілігіне көп көңіл бөледі, ал оның негізгі жолы – тәжирибелік зерттеулер. “Не іс-әрекетте пайдалы болса, ғылымда да ақиқаттың, ғылымның жетістіктері мен жемістері – оның ақиқаттығының көрінісі”,- дейді ұлы ойшыл.
Тәжірибені талдай келе, Ф.Бэкон оны екіге бөледі. Олар – жемісті тәжірибе мен сәулелі тәжірибе. Бірінші өмірге пайдалы нәтижелер әкелсе, екінші табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседі. Сәулелі тәжірибелер өмірге дереу пайда әкелмегенімен, жемісті тәжірибелерді жүргізуге көмек береді, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар еді.
Ғылымның дамуына сондай үлкен мән берген ғалым, оны сала-салаға бөлу мәселесіне (классификацияға) көп көңіл бөледі. Оның ойынша, дамның жан дүниесіндегі үш қабілеті ғылымды топтастырудың негізінде жатуы керек. Олар – 1.есте сақтау; 2.қиял; 3.ақыл-ой. Есте сақтау қасиетіне сай ғылым – тарих, қиялға – поэзия, ақыл-ойға – философия.
Тарих ғылымын Ф. Бэкон екіге бөледі. Олар –жаратылыстану тарихы, екіншісі – азаматтық тарих.
Қиялға негізделген поэзия дүниені шынайы бейнелемей, керісінше, адамның жүрегінен, сезімінен шығатын талаптар тұрғысынан көрсетеді.
Ал енді философияға келер болсақ, оның пәні үш мәселені қамтиды. Олар – Құдай, Табиғат және Адам мәселелері. Өз заманындағы түсініктерге сай, Ф.Бэкон Құдай мәселесін “қос ақикат” тұжырымы арқылы қарайды. Философия саласында Құдайды ақыл-оймен танып-білу мүмкін емес. Сондықтан, ол теологияның шеңберінде сенім арқылы қаралуы керек.
Ал табиғат философиясына келер болсақ, Ф. Бэкон оны да екіге бөледі. Олар – теоретикалық және практикалық философия. Теоретикалық философия сәулелі тәжірибелерге негізделсе, практикалық философия- жемісті тәжірибелерге сүйеніп, табиғатта бұрынғы-сонды болмаған жаңа заттар мен құбылыстарды тудырады.
Адам мәселесі де екіге бөлінеді. Табиғат туындысы ретінде оны философиялық антропология, ал қоғамның мүшесі ретінде азматтық философия зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет