ТТР теңдеулері күрделірек болғанда мына реттілікті қолдану. - 2 Тотығу дәрежесі өзгерген атомдарды немесе иондарды бөліп
- жазу.
- Mn+7 → Mn+2
- Cl-1 → Cl0
- 3. Атомдар немесе иондар қанша электрон беріп не қосып алатын санмен көрсетіп жазу.
- Mn+7 +5ē = Mn+2
- Cl-1 -ē = Cl0
- Мұнда, Cl атомдарының молекула түзетінің ескеру керек.
- 2Cl-1 -2ē = Cl20
4. Электрондық теңдеудің қасына тік сызық сызып, оның сыртына электрондардың алдында тұрған коэффициенттердің орнын ауыстырып жазу. - 4. Электрондық теңдеудің қасына тік сызық сызып, оның сыртына электрондардың алдында тұрған коэффициенттердің орнын ауыстырып жазу.
- Mn+7 +5e = Mn+2 2 ТТШ
- 2Cl-1 -2ē = Cl20 5 ТСШ
- осы коэффициенттерді формуладағы атомдардың алдына жазу.
- 2KMnO4 +10HCl → KCl +2MnCl2 +5Cl2+H2O
- 5. Атомдар санын санап, коэффициенттерді койып, бағдаршаны теңдік белгісіне ауыстыру.
- 2KMnO4+16HCl = 2KCl+2MnCl2+5Cl2+8H2O
ТТР-ның маңызы: - ТТР-ның маңызы:
- ТТР өндірісте, тұрмыста жүзеге асып жататын процестер: газ пеште газдың жануы, тамақ пісіру, кір жуу, үй заттарын тазарту, аяқ-киім, парфюмериялық заттар дайындау, тоқыма бұйымдарын тазалау т.с.с.
- Сіріңке жақсақ, аспанға фейерверк атсақ – бәрі де тотығу тотықсыздану процестері. Ағартуға, дезинфекциялауға, сатек асқын тотығының, калий перманганатының, хлор немесе хлорлы ағартқыш ізбесттің тотығу қасиеттері қолданылады. Заттың бетін тазартуға сутегі асқын тотығы қолданылады. Ол, сонымен қатар, жібекті, жүнді ағарта алады. Ескі картиналарды қалпына келтіреді. Ағзаға зиянсыз болғандықтан тамақ өнеркәсібінде шоколадты, сосиска дайындайтын етті ағартуға қолданылады. Калий перманганатының дезинфекциялағыш қасиеті де тотықтырғыш қасиетіне негізделген. Хлорды күшті тотықтырғыш ретінде таза суды стерильдеуге және ағын суларды
- залалсыздандыруға қолданады. Хлор көптеген бояуларды түссіздендіріп, ағартады. Сондықтан оны мата мен қағазды ағартуға қолданады. Табиғатта ТТР кеңінен таралған. Ол биохимиялық процестерде: тыныс алу, зат алмасу, жануарлар мен адамдардың жүйке қызметінде маңызды роль атқарады. ТТР нәтижесінде біздің ағзамыз тамақтан алатын энергияны жұмсау арқылы адамның іс-әрекеттері жүзеге асырылып жатады.
- Мәтінмен жұмыс
- Сұрақтар:
- 1. Химиялық реакция типін тап. Қажет жерлеріне коэффициенттер қойындар. Егер тотығу дәрежесі реакцияға дейін және реакциядан кейін өзгерсе, жанына «ия» деп жаз, өзгермесе «жоқ» деп жаз.
- Hg + S→HgS
- H2O + P2O5 → H3PO4
- CuSO4 + NaOH → Na2SO4 + Cu(OH)2
- Fe + HCl → FeCl2 + H2
- Al(OH)3 → Al2O3 + H2O
-
- 2. Барлық жағдайларда тотығу дәрежесі өзгере ме?
- 3. Тотығу дәрежесінің өзгерісі реакция типіне байланысты ма?
- 4. Егер элемент қосылыста жоғары тотығу дәрежесін көрсетсе, онда тек тотықтырғыш болады.
- 5. Егер элемент қосылыста төмен тотығу дәрежесін көрсетсе, онда тек тотықсыздандырғыш болады
- 6. Егер элемент қосылыста аралық тотығу дәрежесін көрсетсе, онда тотықтырғыш та тотықсыздандыпғыш та болады.
Достарыңызбен бөлісу: |